Мінездегі типтілік пен индивидуалды ерекшелік жайлы мэселені дұрыс шеше білу зор педагогикалық мәнге ие



бет6/10
Дата19.06.2022
өлшемі121 Kb.
#37043
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -adamnyn-basqa-qasietteri

Нышан және қабілет
Психологтар Г.С.Костюк, А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев нышандарды тек анатомиялық-физиологиялық жағынан қарастырмай, мұны бәрінен бұрын жас бала іс-әрекетті алғаш меңгере бастаған кезеңге немесе кей жағдайда, белгілі бір қызметпен жүйелі түрде айналыса қоймаған ересек адамдардан байқалатын психофизиологиялық қасиеттер деп қарайды. Бұл, мәселен, заттардың түстерін жақсы ажырата алу, көру есі, музыкалық есту т.б. нышан әрекет үстінде байқалады. Мәселен, біреуге музыка, енді біреуге сурет өнері күшті әсер етеді. Бірақ бұл әлі де аздау. Жоғары сенсорлық-моторлық сапалар мен бейімділік сәйкес келетін салаларда болған күш сынаудың шешуші мәні бар.
Былайша айтқанда, нышанды әлі дами қоймаған, бірақ іс-әрекетте алғаш сынаудан-ақ көрініс беретін - қабілеттің бастапқы табиғи негізі деп білуіміз керек.
Қабілеттің мидың қүрылымының белгілі бір тума анатомиялық ерекшеліктерімен, ең алдымен, оның микроқұрылымының ерекшеліктерімен байланысты болатыны сөзсіз. Мұндай ерекшеліктер жеке адамның мінез-құлқынан және бейнелендіру үрдісі сипатынан аңғарылады.
Н.С.Преображенская мен С.А.Саркисовтың зерттеулері адамның ми қыртысының үлкен жарты шарындағы жасушалардьщ орналасуында айтарлықтай дара айырмашылықтар болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ ми жасушалары қабаттарының құрылымында дара айырмашылықтар болатындығы бұлардың ми қызметіне, атап айтқанда, қабілеттердің көрініс беруіне қатысы болатындығы аталып өтілді.
Қабілеттер және жүйке қызметінің типтері. Мидың тума ерекшеліктері өмір әрекеті үрдісінде өзгеріске ұшырап отыратын адамның типтік ерекшеліктерінде тікелей көрініс береді.

Балада өте ерте байқалатын типтік ерекшеліктер - нышандар, немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Бұл жерде типтік ерекшеліктердің мэні кеп қырлы екендігін ескерте кеткен жөн. Олар қабілет пен мінездің алғышартын құрайды. Жалпы типтердің ерекшеліктері (белсенділіктің күші немесе тонусы, бірқалыптылық, сезгіштік жэне бейнелендіру үрдісінің шапшаңдық дәрежесі) қабілеттердің қалыптасуына сөзсіз әсер етеді. Мәселен, жүйке үрдісінің күші оның бірқалыптылығы және шапшаңдығымен үйлесіп (ширақ тип) жеке адамның коғамдық белсенділігімен ұйымдастырғыштық қабілеттің қалыптасуы үшін аса маңызды көптеген ерік-жігер жэне коммуникативтік қасиеттерінің құрылуына қолайлы әсер етеді. В.Д.Небылициннің айтуынша, жоғары сезімталдыққа ие жүйке жүйесі - суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай жасайды.


Бүкіл жүйке жүйесінің ерекшеліктерін тұтасынан сипаттайтын типтің жалпы қасиеттерінен басқа жеке талдағыштар жүйелер қызметі ерекшеліктерін сипаттайтын парциальдық типтер де болады. Осы соңғы типтік қасиеттер арнаулы қабілеттерге, бәлкім, тікелей қатысы болар.
Адамның ми қызметінде "төтенше үстеме" - екінші сигналдық жүйе құрылды, ол бірінші сигналдық жүйеге сүйене отырып, әлемде толығырақ, тереңірек, жан-жақты бейнелендіруге мүмкіндік береді. Сол үстеме жэне адамдардың өмір сүру әрекетінің өзіндік ерекшеліктері арқасында адамның бүкіл мінез-құлқына, сондай-ақ таным әрекетіне ізін қалдыратын жоғары жүйке қызметінің арнаулы типтері құрылды. "Екі сигнал жүйесінің арқасында, - деп жазды И.П. Павлов жэне әуелден келе жатқан әр түрлі өмір салтының әсерімен адамдар суреткер, ойшыл жэне орта типтерге бөлінді. Соңғысы екі жүйенің жұмысын тиісті мөлшерде біріктіріп отырады".
И.П.Павлов шындықты образдар арқылы бейнелендіретін бірінші сигнал жүйелері басым келетін адамдарды - суреткер типіне (музыкант, жазушы, суретші) жатқызды. Екінші сигнал жүйесі басым келетіндерден - дерексіз ойлауға бейім ойшыл типтер қалыптасады.
Екі жүйе бір-бірімен тең түскен жағдайда - ортаңғы типті құрайды. Ортаңғы типтің өкілдері суреткер және ойшыл типтердің көптеген бітістерін өздеріне жинақтайды.
Суреткер тип, біріншіден, шындықты тұтас, толыққанды қабылдайтындығымен, ал "ойшылдар бытыратып уатады, сейтіп оны жансыздандыратындығымен" сипатталады. Екіншіден, суреткерде абстрактылы қиял басым болады. Үшіншіден, суретші тип аффект эмоциялық әсерге берілгіш келеді, ойшыл типте керісінше екінші сигналдық жүйе біріншіден басым болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет