Бейімділік. Бейімділік - туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі, симптомы. Бейімділік баланың (не ересек адамның) іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан, ынтықтығынан керінеді.
Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады.
Шынайы бейімділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге үстірт жай таңдана қараудан немесе беріле эрекет еткенмен, орташа ғана нәтижеге қол жететіндіктен байқалады. Көбінде бейімділіктің мұндай түрі - иланудан, не адамның өзін-өзі иландыруынан, кейде осы екеуінің дамудың потенциалды мүмкіндігінсіз бірігіп келуінен болады.
Сөйтіп қабілет - адамның табиғи және жүре пайда болтын қасиеттерінің сомдалып құйылуы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында өңделіп, дамып жетіледі. Іс-әрекет үстінде табысты қызмет үшін қажетті жаңа қасиеттер де жэне жетіспей жатқан табиғи қасиеттерді ауыстырғыштар да (компенсаторлық механизмдер) құрылады.
Педагогтық қабілет және оның құрылымы Педагогтық қызметте табысқа жету бірқатар себептермен: мұғалім білімінің тереңдігі және кеңдігімен, оның жалпы мәдениет деңгейімен, әдістемелік қарулануымен, ақырында оныц жеке басының ерекшеліктерімен анықталады. Осы айтылғандармен қатар табысқа жетуде, ең бастысы, қызметтің шығармашылық сипатта болуында педагогтық кабілеттің елеулі мәні бар.
Дәл болмағанмен кісідегі кейбір елеулі белілер бойынша педагогтық кабілеттің бар-жоғын топшылауға болады. Ол белгілер: тұрақты педагогтық байқағыштыққа бейімділік, педагогтық қиялдау.
Педагогтық қызметке бейімділік. Мұғалімдік қызметке деген бейімділік ұстаздық жұмысқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға қажетті ішкі жағдайдан тұрады. Егер адамда мұғалімдік жұмысқа деген бейімділік болса, онда ол педагогтық қызметтен ләззат алады да бар күш-жігерін өзі сүйген іске жұмсауға талпынады. Осындай бейімділіктің, ал кейінен істі жан-тәнімен сүюдің негізінде бастапқы кезде саналы түрде болмаса да балага деген үйір сезімі, ал содан соң оларға деген айқындалған саналы сүйіспеншіліктің жатуы мүмкін.
Педагогтық жұмысқа бейімділік мектепте оқып жүрген жылдардың өзінде көрініс беруі мүмкін. Ол тек мұғалім боламын деген талаптан ғана емес, сондай-ақ жас шәкіртермен жүргізілетін қоғамдық жұмысқа ынтадан да білінеді.
Педагогтық қызметке бейімділіктің тұрақтылығы мен күшіне қарай сол адамдағы педагогтық қабілеттің қандай дэрежеде екендігін анықтауга болады. Іс-әрекет үстінде педагогтық қабілеттің негізгі қасиеттері жай көрініп қана қоймайды, одан әрі дамиды.