Информатика кабинеті – бұл Қазақстан Республикасы Президентінің
орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру құралы болып табылатын, оқушылардың әлемдік ақпараттық
қоғам жағдайларындағы өмірге дайындығын, Республикадағы білім беру
деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін мектептің оқу-тәрбиелік құрылымы.
Информатика кабинетін жабдықтау өз құрамына келесілерді енгізеді:
есептеу техникасының сыныбын, оқу-көрнекі құралдарын, оқу жабдықтарын,
ұйымдастыру техникасын, ДЭЕМ пайдалана отырып «Информатика» курсы
және басқа да жалпы білім беретін пәндер бойынша теориялық және
практикалық сынып, сыныптан тыс және факультативтік сабақтарды өткізу
үшін ыңғайластырған жиһаздардан тұрады.
Информатика кабинетінде өткізілетіндері:
•
информатика бойынша сабақтар (базалық және бейінді курстар);
•
есептеу техникасын пайдалана отырып, жалпы білім беретін базалық оқу
пәндері бойынша сабақтар;
•
эксперименталдық және практикалық сабақтар;
•
сыныптан тыс және факультативтік сабақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |