орындар, ашық қол жеткізетін қорлар, жабық сақтау қорлары, ТОҚ-мен және
басылымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2001 жылғы 3 шілдедегі № 522 бұйрығымен бекітілген.
Министрліктің ұсынуымен, мектеп кітапханасындағы мерзімдік басылымдар
40-
тан бастап 100-ге дейін атауынан құрылуы керек.
Мектеп кітапханаларының қоры кітаптарды қорғау шарттарын сақтағанда,
барынша пайдаланыла алады. Бұл құжаттарға жылдам қол жеткізу, санитарлық-
гигиеналық нормаларды сақтау, кітапханашылар мен оқырмандарға жайлы
жағдай жасау.
Абонемент пен оқу залының алаңы бір оқырманға қажетті норманы
басшылыққа алумен есептеледі: абонемент – 1,5м². Қордың өртке қарсы
қауіпсіздігі мен тазалық талаптары сөрелерді келесідей орналасуын көздейді:
сөрелер арасынан өтетін жол – 25 см, стеллаждар арасынан өтетін басты жол –
120 см; үстелдерді: үстелдер арасында – 75 см, үстелдердің қасында – 60 см.
Жалпы білім беретін мекеменің медициналық пункті сорып шығаратын
шкафы бар, алаңы 18 шаршы метрден, ұзындығы 7 метрден кем болмайтын
(оқушының есту және көру қабілеттерін анықтау үшін) емшара кабинетінен
тұруы тиіс. Медициналық пункт жанында дербес санитарлық торабы болуы
тиіс. Медициналық қызметкер болмаған жағдайда, мектеп әкімшілігі аумақтық
емханамен (ОДА-мен, ФАБ-мен) балаларға медициналық қызмет көрсету
туралы келісім жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: