Министерство науки и высшего образования республики казахстан



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата19.05.2023
өлшемі0,68 Mb.
#95282
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Аймақтық конференция жинағы

Ключевые слова: труд, трудовые отношения, работодатель, юридическое лицо, 
правоспособность, дееспособность. 
 
Еңбек қатынастары - бұл әлеуметтік қатынастардың бір түрі. Құқықтық 
қатынастардың жалпы белгілеріне ие бола отырып, еңбек қатынастарының өзіндік 
ерекшелігі бар, ол жұмыс берушінің жұмыскерлердің жалдамалы еңбегін пайдалану 
ерекшеліктерін ескереді [1, 39 б.]. 
Еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, 
келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген 


42
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында 
туындайтын қатынастар [2]. 
Еңбек қатынастарының белгілері:
1. Кәсіпорынның өндірісіне немесе басқа қызметіне тек өз еңбегімен қатысуға 
міндетті жұмыскердің құқықтары мен міндеттері жеке сипатта болады.
2. Жұмыскер белгілі бір алдын-ала белгіленген функцияны, яғни белгілі бір 
мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндетті. Азаматтық-
құқықтық шарттар бойынша жұмыскер белгілі бір мерзімге жеке-нақты тапсырманы 
орындайды.
3. Еңбек функциясын орындау Жалпы еңбек жағдайында жүзеге асырылады, бұл 
еңбек қатынастары субъектілерін ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағыну қажеттілігін, 
яғни еңбек шартын жасасқан азаматтарды жұмыс істейтін ұйымдардың (еңбек 
ұжымының) құрамына қосуды талап етеді.
4. Еңбек қатынастарының өтеулі сипаты, бұл жалақы төлеуде көрінеді. Төлем 
жұмыскердің белгіленген уақытта жүйелі түрде жүзеге асыратын тірі еңбегі үшін, нақты 
материалдық еңбек нәтижесі үшін емес. 
5. Еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық қатынастарды санкцияларсыз, 
бірақ еңбек заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатуға құқығы бар [3, 73б.]. 
Еңбек құқығының субъектілері-еңбек құқықтары мен міндеттері және оларды 
жүзеге асыру қабілеті бар еңбек заңнамасымен реттелетін қоғамдық қатынастардың 
қатысушылары. Еңбек құқығы субъектілерін екі санатқа бөлуге болады:
- негізгі субъектілер (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар);
- еңбек қатынастарына тікелей қатысушы болып табылмайтын, бірақ оларға қатысы 
бар өзге де субъектілер. 
Бұл топтардың әрқайсысының әлеуметтік-еңбек саласына қатысты нақты құқықтық 
қатынастарға қатысу мүмкіндігін беретін өзіндік құқықтық мәртебесі бар. 
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі – оның еңбек заңнамасында 
бекітілген белгілі бір құқық субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі. Еңбек құқығы 
субъектісінің құқықтық мәртебесіне мыналар жатады: 
- еңбек құқық субъектілігі (еңбек құқық қабілеттілігі және деликт қабілеттілік); 
- еңбек құқықтары мен міндеттері
- еңбек құқықтарының құқықтық кепілдіктері (жалпы және арнайы); 
- заңнамада көзделген еңбек міндеттерін бұзғаны үшін жауапкершілік. 
Еңбек құқығының субъектілерінің әрқайсысы үшін еңбек заңдылығы еңбек 
заңнамасымен белгіленеді. Еңбек заңнамасы мыналарды қамтиды: 
- еңбек құқық қабілеттілігі, яғни еңбек заңнамасымен танылған еңбек құқықтары 
мен міндеттеріне ие болу мүмкіндігі; 
- еңбекке әрекет қабілеттілік – өзінің іс-әрекетімен еңбек құқықтарын жүзеге асыру 
және тиісті міндеттерді орындау қабілеті; 
- деликт қабілеттілік – өзінің теріс қылықтары үшін еңбек заңнамасына сәйкес 
жауап беру қабілеті. 
Жұмыс беруші – жұмыскермен еңбек қатынастарына түскен кезде оның еңбегін 
өзінің заңды мүдделеріне пайдалану мақсатында еңбек құқығының субъектісі ретінде 
әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға. 


43
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 1-бабының 39-тармағында жұмыс 
беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға деп 
көрсетілген [2]. 
Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесіне мыналар жатады: 
1) жұмыс берушінің құқық қабілеттілігі; 
2) әрбір қызметкерге және бүкіл еңбек ұжымына қатысты негізгі еңбек құқықтары 
мен міндеттері. 
Жұмыс берушінің құқық қабілеттілігі заңда белгіленген тәртіппен тіркелген сәттен 
бастап, ол еңбек шарттарын жасасу мүмкіндігіне ие болған кезде пайда болады. Бұл ретте 
қажетті шарттар: жалақы қорының болуы, қызметкерлердің саны мен штатын айқындау 
және тағы басқалар болады. 
Жұмыс беруші - заңды тұлға құқықтарына және еңбек құқықтық субъектілікке 
(еңбек шарттарың жасасу, жұмыскерлерді қабылдау және жұмыстан шығару) әділет 
органдарында мемлекеттік тіркеу кезеңінен ие болады. 
Айта кететін бір жайт, филиалдар да заңды тұлға мәртебесіне ие болмаса да 
еңбектік құқық субъектілікке ие. Сонымен қатар, заңды тұлға құрусыз кәсіпкерлік 
қызметпен шұғылданатын жеке тұлға да еңбек шарттарын жасасу, жұмыскерлерді 
қабылдау және жұмыстан шығару құқықтарына ие. 
Жұмыс беруші өз жұмыскерлерінің еңбекақы нысаны, жүйесі және мөлшерін, оған 
қоса басқа табыстарды дербес орнатуға құқылы. Ол еңбек жағдайлары бойынша ең төмен 
стандарттарды, соның ішінде еңбекке төлеу, қорғау және нормалау жағдайлары, жұмыс 
тәртібі, мамандықтарды (лауазымдарды) ұштастыру мүмкіндігі және тәртібі, техникалық, 
санитарлық, гигиеналық, өндіріс-тұрмыс жағдайлары, сонымен қатар жеке еңбек және 
ұжымдық шарт тараптарының келісуімен бекіткен жағдайларын орнатқан заңнаманы 
орындауға міндетті. Ол заңмен бекітілгендер нормаларды өз экономикалық жағдайына 
қарай жұмыскердің жағдайын тек қана жақсару (жоғарылау) жағына өзгерте алады [4, 15 
б]. 
Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс 
берушілердің мынадай негізгі құқықтары мен міндеттері көзделген. 
Жұмыс берушінің: 
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 
2) жұмыскерлермен еңбек шартын Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен және 
негіздер бойынша өзгертуге, 
толықтыруға және бұзуға

3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар. 
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында 
бірлестіктер құруға және оларға кіруге; 
5) жұмыскерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек 
тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап 
етуге; 
6) Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді 
көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, жұмыскерлерді материалдық 
жауапкершілікке тартуға; 
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскердің келтірген зиянын өтетуге; 
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 
сотқа жүгінуге; 


44
9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге; 
10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, жұмыскерді 
оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар. 
Жұмыс беруші: 
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық 
шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға; 
2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және 
жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға; 
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға; 
4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге; 
5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен 
өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; 
6) жұмыскерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің 
жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен 
және ұжымдық шартпен таныстыруға; 
7) жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар 
жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат 
беруге; 
8) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге 
және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға; 
9) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, 
ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 
10) 
жұмыскерлерді жабдықпен
, құралдармен, техникалық құжаттамамен және 
еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен 
қамтамасыз етуге; 
11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 
12) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, 
денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға; 
13) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 
14) жұмыскер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан сақтандыруға; 
15) жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 
16) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды 
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы 
деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге; 
17) жұмыскерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары 
мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге; 
18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау 
жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере 
отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 
19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме 
жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, 
ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге; 


45
20) жұмыскерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың 
біліктілігін арттыруды Еңбек кодексіне сәйкес қамтамасыз етуге; 
21) жұмыскердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен 
денсаулығына келтiрiлген зиянды Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының 
заңнамасына сәйкес өтеуге; 
22) еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, жұмыскерлер өкілдерін, 
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, 
еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан Республикасының 
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ 
өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге; 
23) жұмысқа қабылдау кезінде Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес еңбек шартын 
жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге; 
24) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлердің тегі, аты, 
әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні 
көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге 
міндетті [2]. 
Жұмыс берушінің Еңбек кодексінде көзделген өзге де құқықтары болады және ол 
өзге де міндеттерді атқарады. 
Жұмыс берушінің (ұйымның) еңбек құқығының субъектісі ретінде оның таратылу 
кезінде тоқтатылады. Сондай таратылу келесі жағдайларда мүмкін: 
1. Ұйым меншігі иесі шешімімен немесе меншік иесімен уәкіл етілген органмен, 
сонымен қатар құрылтай құжаттар мен уәкіл етілген заңды тұлға органы шешімімен; 
2. Сот шешімімен. 
Жеке жұмыс берушілерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топты «жеке 
кәсіпкерлер» деп атауға болады, оларға олардан басқа нотариустар, адвокаттық 
кеңселерде жұмыс істейтін адвокаттар және қызметі лицензиялануға немесе мемлекеттік 
тіркеуге жататын басқа да өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар кіреді. Өзінің құқықтық 
мәртебесі бойынша жеке кәсіпкерлер жұмыс беруші ретінде негізінен жұмыс беруші – 
заңды тұлғаларға теңестіріледі. 
Екінші топқа үй шаруасына көмектесу немесе жеке қызмет көрсету үшін 
жұмысшыларды жалдайтын кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жатады. Бұл 
жеке жүргізуші, бағбан, аспаз, бала күтуші және т.б. жалдау болуы мүмкін. 
Жұмыс беруші – заңды тұлға – кез келген меншік нысанындағы (мемлекеттік, 
муниципалдық немесе жеке) және кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы (акционерлік 
қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, мекеме және т.б.) ұйым. Жұмыс берушілер 
коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет