53
қаруымен, оқ-дәрілермен және жеке қауіпсіздік пен белсенді қорғаныс құралдарымен
жабдықталған 40 офицер тартылды.Дәл осындай іс әрекеттер республика бойынша
болатыны жасырын емес.
Азаматтарды қылмыстық әділет саласына
тартуды барынша азайту, қылмыстық
қуғын-сүргін шараларын үнемдеу мақсатында қоғамнан оқшаулауға байланысты емес,
оның ішінде құрылған пробация қызметінің қызметін жетілдіру жолымен қылмыстық-
құқықтық шараларды неғұрлым кеңінен қолдану үшін жағдай жасау қажет болып
табылады. Бұл жерде пробация ұғымын ашып кетсек. Пробация дегеніміз - санаттары
заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу
үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық
сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі.
Өз кезегінде пробация бірнеше мақсатты көздейді. Олар:
1) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу;
2) сотталған адамды әлеуметке қосу;
3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамды
әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге
жәрдемдесу болып табылады. Ал осы мақсатқа жеті үшін аға қойған мінддеттер болады.
Оларға:
1) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық
көмек көрсету;
2) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған
түрлерін орындау;
3) өздеріне қатысты сот пробациялық бақылау белгілеген сотталғандарға
пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
4) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан
сотталған адамды босатуға дайындау болып табылады.
Түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртіпсіздікті алдын алу мақсатында ағымдағы
жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі
Комитетінің түзеу мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын бекіткен.
Ерекше жағдайлар режимі түзеу мекемесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару
кодексінің 80-бабына сәйкес енгізілетін уақытша шара болып табылады, мемлекеттік
органдар, мекемелер қызметінің заңдарда белгіленген азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын, заңды тұлғалардың
құқықтарын шектеуге, сондай-ақ оларға қосымша
міндеттер жүктеуге жол беретін ерекше құқықтық режимін білдіреді. Бұл заңның тағы бір
ерекшелігі - түзеу мекемелеріне іргелес аумақта, елді мекендерде тұратын адамдардың,
оларда жұмыс істейтін персоналдың және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мүддесінде ғана енгізіледі. Ерекше жағдайлар режимі түзеу мекемесінің қалыпты
жұмысын ұйымдастырудың нақты қатері, онда жұмыс істейтін персоналдың,
сотталғандардың
және іргелес аумақта тұратын, төтенше шараларды қолданбай белгілеу
мүмкін емес адамдардың қауіпсіздігі болған кезде ғана енгізіледі[3].
Қорыта келсек Қазақстан Республикасы қылмыстық - атқару заңнамасының
мақсаттарының бірі сотталғандарды түзету, сондай-ақ олардың жаңа қылмыстар
жасауының алдын алу болып табылады. Конструкциясы бойынша бас бостандығынан
айыру түріндегі қылмыстық жазаны орындайтын түзеу мекемелерінде жаппай
54
тәртіпсіздіктер ұйымдастыру түріндегі қылмыс ресми құрамы бар қылмыс болып
табылады.
Осылайша, қылмыс түзеу мекемелері үшін де, жалпы қоғам үшін де өте өзекті және
маңызды
проблема болып табылады деген қорытындыға келуге болады, өйткені
сотталғандардың пенитенциарлық мекемеде жазасын өтеу кезінде қылмыс жасауы жазаны
орындау кезінде туындайтын елеулі қайшылықтар мен кемшіліктердің болуын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: