Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет2/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

 

ОРГАНИЗАЦИОННЫЙ КОМИТЕТ

 

 

ORGANIZING COMMITTEE 

 

Төраға:

 

Ж.М. Әділов   

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры, э.ғ.д., профессор,  

ХИА академигі 



Төраға орынбасарлары:

 

 

І.Н. Дүйсембаев 



 

Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі 

проректор, т.ғ.д, профессор   

С.С. Жүсіпбеков 

Оқу жұмысы жөніндегі  проректор, т.ғ.к, профессор  

Р.Ш. Бердібаев  

Базалық білім беру институтының директоры, 

саяси.ғыл.канд.  



Жауапты хатшы:

 

К.Б. Жақсылықова 

 

Қазақ тілі кафедрасының профессоры, п. ғ. д. 



Ұйымдастыру  комитетінің

 

 мүшелері:

 

 

А.Е.Елибаева 



 

Ғылым және халықаралық байланыстар департаментінің 

директоры, PhD доктор 

Г.Ж.Жүнісова 

Ғылым және инновациялар  

департаментінің директоры, т.ғ.к. 

 

Г.Т. Тұрсынова  



Қазақ тілі каф. меңгерушісі, п.ғ.к., профессор 

 

Ұ.Р.  Шүленбаева  



Қазақ тілі кафедрасының профессоры, ф.ғ.к 

 

Р.Ш. Әбдісүлейменова  



Қазақ тілі кафедрасының доценті, п.ғ.к  

 

С.С.  Айтжанова  



Қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к 

 

Т.Т. Садақбаев  



Қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к  

 

Г. Заурбекова  



Қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к  

 

Г. Рыскелдиева  



Қазақ тілі кафедрасының доценті  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 


БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КОМИТЕТ

 

 

ПРОГРАММНЫЙ КОМИТЕТ

 

 

PROGRAM COMMITTEE 

 

І.Н. Дүйсембаев – төраға 

Р.Ш. Бердібаев – төраға 

К.Б. Жақсылықова – хатшы 



 

Бағдарламалық  комитет мүшелері:

 

Г.Т. Тұрсынова – Қазақстан 

Н.В. Кулибина – Ресей 

О.В. Авраменко – Ресей 

Г. Сафиолла – Қытай 

Ю.О. Охорзина – Қытай 

Е. Капаган – Туркия 

Ұ.Р.  Шүленбаева – Қазақстан 

Б.М. Өтегенова – Қазақстан 

С.А. Нұржанова – Қазақстан 

А.Б. Салқынбай – Қазақстан 

Ы.Б. Шакаман – Қазақстан 



 

Секретариат

 

М. Бердиллаева  

Г. Рыскелдиева  

Қ. Аязбекова 

А. Өмірзақова 

Г. Заурбекова 

М. Қарамендина 

В. Сағымбаева 

 

 

Конференция тілі: қазақша, орысша, ағылшынша 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 


Алғыс хат

 

 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  жоспарланған  

университеттің  іс-шараларына  сәйкес  Қазақ  тілі  кафедрасының  20  жылдығына  арналған 

«Кәсіби  тілді  оқытудың  өзекті  мәселелері:  қазіргі  жағдайы  және  болашағы»  атты 

халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  Ұйымдастыру  комитеті  –  Қ.И.Сәтбаев 

атындағы  ҚазҰТУ–    конференцияны  ұйымдастыру  жұмысына  ынтымақтаса  атсалысып, 

айтарлықтай үлестерін қосқан Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама 

басқармасының  бастығы  М.Қ.Ахет  мырза  бастаған  Алматы  қалалық  Тілдерді  дамыту, 

мұрағаттар  және  құжаттама  басқармасының  қызметкерлеріне,  Алматы  қалалық  «Тіл» 

Орталығы  қызметкерлеріне  шығармашылық  табыс  тілей  отырып,    шынайы  алғыстарын 

білдіреді. 

 

 



 

Благодарственное письмо

 

 

КазНТУ имени К.И. Сатпаева с искренней благодарностью  желает творческих успехов 

начальнику 

Алматинского 

городского 

управления 

развития 

языков, 


архива 

и 

документоведения  господину  М.К.Ахету,  коллективу  данного  управления,  а  также 



сотрудникам  Алматинского  городского  Центра  «Тіл»  за  внесенный  вклад  и  плодотворное 

сотрудничество  в  организации  Международной  научно-практической  конференции  на  тему 

«Актуальные  проблемы  обучения  профессиональному  языку:  нынешнее  состояние  и 

перспективы»,  посвященной  20-летию    Кафедры  казахского  языка,  в  рамках  реализации 

университетом  мероприятий,  запланированных  к  20-летию    Независимости  Республики 

Казахстан. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 


ПЛЕНАРЛЫҚ БАЯНДАМАЛАР

 

 

ПЛЕНАРНЫЕ ДОКЛАДЫ

 

 

THE PLENARY REPORTS 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ СӨЗ

 

 

Ж.М.

 Әділов 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, 

Халықаралық және Қазақстан ұлттық инженерлік Академияларының академигі 

 

Құрметті әріптестер және конференцияға қатысушы қонақтар!



 

 

       «Кәсіби  тілді  оқытудың  өзекті  мәселелері:  қазіргі  жағдайы  және  болашағы»  атты 

халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция  ашылуымен  сіздерді  құттықтауға  рұқсат 

етіңіздер! 

      Қ.И.  Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  техникалық  бағыттағы  инженер  мамандарды 

дайындайтын  еліміздегі  техникалық  оқу  орындарының  көшбасшысы  болып  табылады. 

Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына сәйкес мемлекеттік тілде мамандар даярлау 

еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда ең маңызды шаралар қатарына жатады.  

       Қазақ ұлттық техникалық  университетінің жаңа мыңжылдықтағы стратегиялық бағдары 

техникалық  және  ғылыми  озық  ойлы,  мемлекеттік  тілді  жетік  меңгерген    кәсіби  біліктілігі 

жоғары    маманды  дайындап  шығару.  Сондықтан  университетте  өнеркәсіп  салаларының 

келешегін  айқындайтын  ұлттық  инженер  мамандар  дайындауды  сапалы  ұйымдастыру  ісіне 

ерекше  көңіл  бөлініп,  бұл  бағытта  біраз  жұмыстар  атқарылуда.  Атап  айтқанда,  Қазақстан 

Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  университеттің  ұлттық  инженер 

кадрларды    даярлаудағы  оқу  және  ұлттық  тәрбие  жұмысына  қомақты  үлес  қосып  отырған 

Қазақ  тілі  кафедрасының  20  жылдық  мерейтойына  арналған  конференцияны  ұйымдастыру 

мен  өткізудің  мақсаты  –  ҚазҰТУ-дың  еліміздің  мемлекеттік  Тіл  саясатын,  оның  ішінде 

салалық терминология жүйесін бірізге түсіру  бағытындағы маңызы зор  шараларын  жүзеге  

асырудағы  жетекші орны мен рөлін дәлелдеу.  

       Құрметті  әріптестер,  аталмыш  конференция  жұмысының  нәтижесінде  ұлттық 

құндылықтарды  бойына  сіңірген  мамандарды  оқытып,  тәрбиелеу,  оларға  мемлекеттік  тілді 

кәсіби  тіл  ретінде  оқыту,  салалық  терминология  жайындағы  шешімін  таба  алмай  жүрген 

өзекті  мәселелер  жөнінде  сіздердің  тараптарыңыздан  бағалы  пікірлер  мен  ұсыныстар 

айтылады деп үміттенемін.  

        Конференцияға қатысушы қонақтар мен тілші -ғалымдар, мемлекеттік тілдің  қоғамның 

барлық  саласындағы  қолданыс  аясын  кеңіту,  одан  әрі  дамыту  жолындағы  күрделі  де 

жауапты мәселелерді шешу барысында алдыңғы қатарда болуларыңызға тілектеспін. 

      Қазақстан  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  сіздердің  ғылыми  жұмыстарыңызға 

нәтижелі табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін! 

 

 



 

 

15 


 

Қ.И. СӘТБАЕВ атындағы ҚазҰТУ: 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ  мен ДАМЫТУ 

 

БАҒЫТЫНДАҒЫ ІСТЕР ЖАЙЫНДА

 

 

Ұ.Е.Сыдықов

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, философия 

ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары 

Академиясының академигі,  

«Мемлекеттік тіл» бірлестігінің тең төрағасы 

 

Р.Ш.Бердібаев

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ақжан Машани атындағы Базалық білім  

беру институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты 

 

Өркениетті  қоғам  орнату,  ғылым  мен  білімнің  жетістіктерін  игеру  жолында  жаңаша 

бетбұрыс  жасалуына  байланысты  мамандардың  білім  деңгейіне,  біліктілігіне  қойылатын 

талап  тым  жоғары.  Қазір  жоғары  оқу  орындарында,  әсіресе  өзіндік  ерекшелігі  бар 

техникалық  оқу  орындарында  мемлекеттік  тілді  оқыту  сапасының  деңгейін  көтеру,  кәсіби 

тілді үйрету жұмыстарына қатысты алғышарттар жасау, кезек күттірмейтін мәселе. 

Қазақстанда  инженер  кадрларын  дайындайтын  киелі  қара  шаңырақ    Қ.И.  Сәтбаев 

атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  унинверситетінің  бұл  бағытта  атқарып  отырған 

жұмыстары  ерекше.  Қазақстан  республикасында  білім  беруді  дамытудың  2010-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  жолында  көптеген  шаралар 

атқарылып  жатыр.  Бағдарламада  көзделгендей  сапалы  білімге  қол  жеткізу,  білім  беруді 

басқаруды  одан  әрі  демократияландыру  негізінде  білім  берудің  ұлттық  жүйесінің  жұмыс 

істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, жастарды Қазақстандық ұлтжандылыққа 

тәрбиелеу,  көп  мәдениетті,  рухани  дүниесі  жан-жақты  жетілген  адами  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударып отыр. 

Қ.И. Сәтбаев  атындағы Қазақ  ұлттық  техникалық  университетінде мемлекеттік  тілді  

дамытуға, оқытуға, оны  техникалық  мамандықтар  саласына  енгізуге  үлкен  қамқорлықтар  

жасалынуда.  Атап  айтқанда, республикамыздағы  техникалық  жоғары  оқу  орындарының  

ішінде    алғашқылардың    бірі    болып,  университетте    Қазақ    тілі    кафедрасы    ашылды.  

Университетте 1989 жылдан бастап қазақ бөлімдері ашылып, мемлекеттік  тілде  оқулықтар, 

оқу  құралдары, әдістемелік   нұсқаулар  университет  баспасынан   жарыққа  шыға  бастады.  

Сол жылы «Қазақ тілі» қоғамы құрылған болатын.   

Содан  бергі  уақытта    1997  жылы  11  шілдедегі  №151  «Қазақстан  Республикасындағы 

тілдер  туралы»  Заңы  мен  Қазақстан    Республикасы  Президентінің  2001  ж.  №550 

Жарлығымен  бекітілген  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік  бағдарламасын»  жүзеге  асыру  мақсатында  Университетте  әр  жылдарға 

арналған  бірнеше  бағдарламалар  қабылданып,  олардың  орындалу  барысы  туралы  Ғылыми 

Кеңес, Ректорат отырыстарында талқыланып отырылады.  

2003  жылдың  19  қараша  күні  мемлекеттің  тілдің  қолданылу  аясын  өрістету  және  бұл 

үшін  әкімшілік  және  қоғамдық  күштерді  біріктіру  мақсатында,  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

негізінде «Мемлекеттік тіл бірлестігі» құрылды.  

2007  жылғы  12  маусымдағы  Ғылыми  Кеңес  мәжілісінің  шешімімен  «Қ.И.  Сәтбаев 

атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университетінде  мемлекеттік  тілді  қолдану  мен 

дамытудың  2007-2010  жылдарға  арналған  бағдарлама»  қабылданып,  осы  бағдарламаға 

сәйкес  ректорымыз  Жексенбек  Мәкейұлының  бастамасымен  2008  жылы  Әкімшілік 

департаменті жанынан Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі құрылып,  3 штаттық бірлік бөлінді.  

Аталмыш    бірлестікке    университеттің  бірінші  проректоры    Ш.Байысбеков  пен  оқу-

тәрбие   ісі  жөніндегі  проректоры  профессор     Ұ.Сыдықов тең төраға ретінде сайланған. 



 

16 


Бұл  университет  басшылығының  мемлекеттік  тілдің  оқу-тәрбие  процесіндегі  әлеуметтік- 

саяси рөлі мен тәрбиелік мәніне  ерекше назар  аударып отырғанын дәлелдейді.   

Жыл    өткен    сайын    бірінші    кезекте    мемлекеттік    тілде    инженер    кадрларды    әр  

мамандық  саласы  бойынша  дайындау  өрісі  кеңейді .  Соған  сәйкес  университеттегі  қазақ 

тілінде  дәріс  оқитын  профессорлық  –  оқытушылар    құрамы  да,  сапалық    жағынан    жаңа  

кадрлармен толықтырылуда.  

2011 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша күндізгі бөлімде 10884 студент оқыса, оның 

7502  (69%)  қазақ  бөлімінде,  ал  3382  (31%)  орыс  бөлімінде  оқиды.  Штаттағы  профессор-

оқытушы  құрамының  70%-дан  астамы  мемлекеттік  тілде  сабақ  жүргізеді.  Оның  үстіне 

болашақта  магистратура  мен  аспирантураны  үздік  бітірген,  мемлекеттік  тілді  жетік 

меңгерген түлектерді оқытушылық қызметке тарту мақсатында, университетте қалып жұмыс 

істеуге  келісім  білдірген  магистранттармен  келісім-шарт  жасалып,  2009  жылы  16 

магистрантқа,  2010  жылы  19  магистрантқа  оқу  ақысына  25-50%  жеңілдік  берілетін  болып 

шешілген.  Яғни  қазақ  бөлімдерінде  мемлекеттік  тілде  сабақ  өткізу  мәселесін  толығымен 

шешуге мүмкіндік бар деп есептеуге болады.  

Университеттің  профессорлары  мен  доцент  оқытушылары  қазақ  тілінде  дәріс  оқып, 

мемлекеттік  тілдің  аясын  кеңейтуге  үлкен  мүмкіндік  алды.  Орыс  топтарының  азаюы  қазақ 

тілі  пәнінің  оқытылуына  ешбір  нұқсан  келтіріп  отырған  жоқ.  Университеттің  барлық 

мамандықтарымен  бірге  типтік  оқу  жоспарының  міндетті  пәндер  циклы  құрамындағы  жеті 

пәннің  негізгісі-  қазақ  тілі  пәні  бойынша  «Оқу-әдістемелік  кешені»,  оқу  бағдарламасы 

(силлабус)  жасалынып,  студенттер  дер  кезінде  оқу-әдістемелік  құралдарымен  толық 

қамтамасыз етілген.     

Мемлекеттік тілдің оқу процесімен бірге басқа салаларда кеңінен қолданылуына  Қазақ 

тілі  кафедрасының  рөлі  үлкен.  Кафедра  мемлекеттік  стандартқа  сай  1  курстың  орыс 

бөлімдерінде  1-2  семестрлерде  «Қазақ  тілі»  міндетті  пәні  3  кредит,    «Кәсіби  қазақ  тілі»  3 

кредит  мөлшерінде  оқытылады.  Сонымен  қатар  аталмыш  пәннен  тысқары    университет 

әкімшілігінің  тікелей  нұсқауымен  2-3  курстың  қазақ  және  орыс  бөлімдері  студенттеріне 

мемлекеттік тілде «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді үйрету» курсы міндетті түрде 

жүргізіледі және оған 2 кредит бөлінген.        

Бакалавриаттың  оқу  жоспарында  таңдауы  бойынша  пәндер  тізімі  бар.  Қазақ  тілі 

кафедрасы  тарапынан  студенттердің  таңдауы  бойынша  пәндер  циклына  «Техникалық  қазақ 

тілі»  пәні  ұсынылған  болатын.  Биылғы  оқу  жылында  университеттегі  2-3  курстың  қазақ-

орыс  бөлімдері студенттеріне осы аталған пәндердің барлығы жүргізіліп отыр. Университет 

басшылығы техникалық сала мамандарын  іскери құжаттарды стильдік нормаға сай сауатты 

жазуға  үйрету    және  олдардың  сыртқы  байланыстарға  қатысты  ресми  шараларды 

ұйымдастыруда  мемлекеттік  тілді  ұтымды  қолдана  білу  дағдысын  қалыптастырудың  

қажеттілігіне  жіті  көңіл  бөліп  отыр.    Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығымен 

бекітілген  «Тілдерді  қолдану  және  дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы» негізінде Қазақ тілі кафедрасы жанынан мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту 

курсы ашылған.  

Жеделдетіп  оқыту  курсының  негізгі  мақсаты  –  университет  оқытушылары  мен 

қызметкерлеріне мемлекеттік тілді  әлеуметтік-тұрмыстық ортада қарым-қатынас жасауға, іс 

қағаздарын қазақша жүргізуге, сонымен қатар кәсіби салада қолдана білуге үйрету.     

Осы  жеделдетіп  үйрету  курсының  барлық  деңгейлерінде  мемлекеттік  тілді  үйретуде 

оқытудың  жаңа  технологиялары,    аудио-видео  материалдар  мен  мультимедиялық  және 

видеокурстар кеңінен қолданылады.    

Жоғарыда аталған жұмыстардың  барлығы  университетте  мемлекеттік  тілді  техника  

саласына  енгізуге  бағытталған, жүйелі, қомақты  жұмыстар  жүргізіліп  жатқанының айғағы .  

Университетте 

оқу-тәрбие, 

ғылыми-зерттеу, 

ұйымдастыру 

және 


басқару 

жұмыстарының  сапасын  қазіргі  мемлекеттік  талаптарға  сәйкес  жетілдіруде  мемлекеттік  тіл 

рөлі жоғары.  


 

17 


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік 

саясаттың  басты  мақсаты»  атты  Жолдауын  біздің  техникалық  университет  оқытушылары, 

студенттері мен тыңдаушылары үлкен ықыласпен қабылдады. Жылдың бұл басты құжатына 

елдің  әл-ауқатын жақсартудың басты бағыттарын, демократиялық дамудың жалпыға бірдей 

танылған  заңдылықтары  мен  қоғамымыздың  дәстүрлерін  үйлестірген    саяси  және 

мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіру жолдары нақтыланған. 

Жолдауда  белгіленген  «Тілдердің  үш  тұғырлылығы»  мәдени  жобасының  іске 

асырылуы,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  халықаралық  тәжірибеге  сүйене  дамуы  қазіргі 

ғаламдық  жаңғырулар  айдынында  өмір  сүре  бастаған  еліміз  үшін  аса  қажет  бастамаларға 

негіз  болары  ақиқат.  Біздің  мемлекеттік  органдарымызда  қызмет  жасайтын  әрбір  азамат 

мемлекеттік  тілді  –  қазақ  тілін  білуге  тиіс.  Бүкіл  Қазақстан  қоғамын  топтастыратын  қазақ 

тілін  үйреніп,  білуге  жан-жақты  жағдай  жасалу  керектігін  ескерткен  Елбасы  мемлекеттік 

тілді  тиімді  меңгерудің  ең  үздік,  инновациялық  әдістемелік,  тәжірибелік  оқу-құралдарын 

әзірлеу қажеттігін де назардан тыс қалдырмайды. Бізді бұл мәселе де қатты қуантады.  

ҚазҰТУ әкімшілігі мен ұжымы  «ҚР  тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  мемлекеттік  

бағдарламасын» іске  асыруда  барлық  мүмкіндіктерді  толық  пайдалануда. Университетте  

мемлекетттік  тілді  техникалық  сала  мамандарына  кәсіби  бағдарлы  үйретудің  осындай 

жинақталған көп жылғы тәжірибесі болғандықтан, университеттің Қазақ тілі кафедрасы мен 

Ақпараттық-коммуникациялық орталық бірлесе отырып Қазақстанның мемлекеттік тілі мен 

халықтарының басқа да тілдерін дамытуы бойынша ақпараттық жүйелерді жасау саласында 

үлкен  жұмыс  атқарды.  Соның  нәтижесінде  заманауи  ақпараттық  және  білім  беру 

технологиялары  негізінде  техникалық  мамандарға  арналған  мемлекеттік  тілді  қашықтан 

оқытудың «Техникалық қазақ тілі» мультимедиалық жүйесі әзірленді. Бұл жүйе  мемлекеттік 

тілді техникалық сала мамандарына қашықтан кәсіби бағытта өндірістен қол үзбей үйренуге 

мүмкіндік беріп отыр. 

Университетте  тәрбие  жұмысы,  оның  ішінде  мәдени-бұқаралық,  қоғамдық-саяси 

шаралар негізінен (90%-дан астамы) мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жыл сайын Мемлекеттік 

рәміздер  мен  қатар  мемлекеттік  тілді,  ұлттық  салт-дәстүрді,  Отанға,  Университетке  деген 

сүйіспеншілікті  қалыптастыруға  бағытталған    іс-шаралар  тұрақты,  жүйелі  түрде 

ұйымдастырылып  тұрады.  Мемлекеттік  тіл  бірлестігі,  тіл  кафедралары,  Ғылыми  кітапхана 

бірлесіп  өткізетін  «Тілдер  апталығы»,  «Жаныңда  жүр  жақсы  адам»  кештері,  дөңгелек 

үстелдер,  белгілі  ақын-жазушылармен,  өнер  қайраткерлерімен,  әйгілі  университет 

түлектерімен кездесіп отыру дәстүрге айналды. Соңғы жылдары қалалық «Мемлекеттік тіл – 

менің  тілім»    конкурсының  қорытынды  кештері  ҚазҰТУ  базасында  ұйымдастыру  дәстүрге 

айналды.  Сонымен  бірге  Университеттегі  дәстүрлі  «ҚазҰТУ  аруы  мен  Жайсаң  жігіті», 

«Қылықты  қыз-келіншектер-ай»,  «Жайна,  жастық»  эстрадалық  ән  байқауы,  «Інжу  маржан» 

дәстүрлі  әндер  байқауы  сынды  кештер  таза  қазақ  тілінде  өтеді.  Ал  биыл  46-ші  рет  өткен 

дәстүрлі  «ҚазҰТУ  көктемі»  фестивалінің  жастарды  ұлттық  рухта,  отансүйгіштікке 

тәрбиелеуде ерекше орын алатынын атап өткен жөн.   Университеттегі  Драма  үйірмесінің  

«Екі жүрек», «Еңлік - Кебек», «Қыз Жібек» қойылымдары көптің көңілінен шығып жүр. Ал 

ҚР  Еңбек  сіңірген  қайраткері  Жанас  Бекентұров  жетекшілік  ететін  университеттің  ұлт-

аспаптар оркестрінің құрамы да, репертуары да жылдан-жылға көбейіп келеді. 

Қорыта  айтқанда,  Университет  ұжымы  мемлекеттік  тілді  қолдану  және  оны  дамыту 

саласында  біраз  жетістіктерге  жетті.  Қазақ  тілінің  Университеттің  тыныс-тіршілігінде 

қолданылу аясының ұлғаюына қол жеткізу бағытында атқарылған іс те,  алда атқарар жұмыс 

та  көп.  Қазақстандықтар  кем  дегенде  үш  тіл  білуі  тиіс.  Бірақ  қазақ  тілі  өзге  тілдерге 

қарағанда  басымдылықты  талап  етеді,  мемлекеттік  тіл  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  рәміздерімен  қатар  ұлттық  қауіпсіздік  факторларының  бірі  ретінде      қаралуы 

тиіс. Бұл біздің еліміздің патриоттары есебінде қасиетті борышымыз! 

Бұл  жөнінде  Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаев  «Рухы  биік  болмай,  мықты  тәуелсіз  ел 

болмайды. Рухы биік  елді ешкім жеңе алмайды. Рух деген –  елдің тарихы, елдің тілі, елдің 

дәстүрі»  деген  болатын.  Сонымен  бірге  Елбасы  «Ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігінің  аса 



 

18 


маңызды  шарты  –  бұл  әлемдік  бәсекелестік  үдерісінде  табысқа  жетуге  мүмкіндік  беретін 

күшті  рух  пен  білім,  яғни  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру»  деп  атап  көрсеткен 

болатын. 

Ендеше, біз жалпы ұлттық өрлеудің бел ортасында болатын патриот жастарды оқытып, 

тәрбиелеп,  бәсекеге  қабілетті  етіп  шығаруымыз  керек.  Ұлттық  рухтың  беріктігі  Ұжымдық 

мәдениеттің бір көрінісі ретінде қалыптасуы керек. Қазақ халқы, Қазақ тілі Қазақстандағы 

барлық  этностарды  біріктіруші  фактор  екені  әрдайым    басты  назарда  болуы  шарт  деп 

есептейміз. 



Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет