15) -шы, -ші: дәйекші, буыншы әріп, баяншы мүше;
16) -м, -ым, -ім: сөйлем, басым жақ;
17) -қарғы, -кергі: тысқарғы жалғау, ішкергі жалғау;
18) -ымды, -імді: болымды сөйлем, толымды сөйлем;
19) -лағыш, -легіш: жалпылағыш қос сөз, жалқылағыш қос сөз;
20) - малы, -мелі: қопармалы тіл, жалғамалы тіл,
21) -р, -ар, -ер: қосар сөз, келер шақ;
22) -кі, -қы: түпкі зат есім;
23) - ымша: қосымша;
24) -ншы, -нші: ортаншы тыныс;
25) -лай, -лей: тікелей жұрнақ;
26) -лау, -леу: тұйықтаулар;
27) - мал: тасымал;
28) -теме: дәйектеме;
29) -усыз, -усіз: жалғаусыз күй;
30) - шік, -шық: түбіршік тіл;
31) -шылы, -шілі: дәйекшілі сөз;
32) -дете: үлкендете санау;
33) -ыш, -іш: сүйеніш таяқ.
Байқап отырғанымыздай, А. Байтұрсынұлы терминжасам барысында қазақ тілінде бар
жұрнақтардың сан алуанын қолданған. Олардың қатарында А. Байтұрсынұлының өзінікі деп
танылып жүрген жұрнақ түрі де бар. Ол атауыш сөздер, үстеуіш, демеуіш, жалғауыш,
еліктеуіш, лептеуіш, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш
сияқты бірнеше лингвистикалық терминдердің жасалуына ұйытқы болған -уыш, -уіш
құранды жұрнақтарының құрамындағы -ыш пен -іш. Ғалымдардың айтуынша, бұл
жұрнақтар қазақ тілінде баяғыдан бар -шы, -ші жұрнақтарының кері қолданылған түрі.
Профессор М.Серғалиев осы жұрнақ арқылы жасалған терминдер туралы: «Мәселен,
бастаушы, баяндаушы, толықтаушы түрлерінде болса, олардың терминдік қасиеттері
танылмас еді, ал олардың терминдік белгісін танытып тұрған – сол - шы -лардың керісінше
жалғануы (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш т.с.с.) терминдік қасиетті танытар. Ұлы
ғалым бір ғана тұлғамен барлық лингвистикалық терминдерді оқыту ісінде де, үйрену
барысында да жалықтырып жіберетінін жақсы сезінген, сондықтан зат есім, сын есім, сан
есім
(заттың есімі емес, сынның есімі емес, санның есімі емес) деп» алғандығын табылған
ұтымды шешім деп санайды. Сонымен қатар құрмалас сөйлем атауының да ерекшелігіне
көңіл аударады. Атап айтқанда, құрмалас сөзі қазақтың құрама сөзінен шыққан болар дей
304
отырып: «олай болғанда, құрамалас сөйлем деп жазылмас па еді?» деген сауалына өзі
«ғалым, мүмкін, оны шұбалаңқы көрген шығар» деген болжам айтады. Бірақ «Қалай
болғанда да А. Байтұрсынұлының термин шығармашылығы саласындағы ізденістер мен
оның ұтымды тұстарын тыңдаушылардың назарынан тыс қалдырмаған мақұл, себебі мұндай
қызықты жайлардың әркімге де ой салары түсінікті» [5, 148] деген ойын ортаға салады. Өз
кезегімізде біз де ғалымның пікірлеріне қосылатындығымызды айтамыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:
1.
Хасанұлы Б. Қазақ тілін дамытудың Ахмет Байтұрсынұлы негіздеген жолдары және
тілдің мемлекеттік мәртебесін жүзеге асыру мәселелері //Мемлекеттік тіл: Бүгіні мен
болашағы. А. Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-
теориялық конференция материалдары.– Астана: Елорда, 1998. –114-133 бб.
2.
Қабдолов З. Ахаң – ана тілін түрлеуші // Мемлекеттік тіл: Бүгіні мен болашағы.
А. Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық
конференция материалдары. – Астана: Елорда, 1998. – 38-41 бб.
3.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 445 б.
4.
Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. – Алматы, 1997. – 239 б.
5.
Серғалиев М. Синтаксистің кейбір мәселелері // Құдайберген Жұбанов және қазақ
совет тіл білімі. – Алматы: Ғылым, 1990. – 360-368 бб.
Резюме
Объектом исследования являются лингвистические термины А. Байтурсынова и
способы их образвания.
Objects of study are linguistic terms A. Baitursynov and how they obrazvaniya.
І. ЖАНСҮГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ
-
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН АҚПАРАТТЫЛЫҚ СИПАТЫ
Қасенов Е.С
.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Алматы қ., Қазақстан
Kasenov_erlan@mail.ru
Көркем шығарма мәтініндегі онамасиологиялық бірліктерді
ақпараттылығы оның
жеке тұрғандағы мағыналық құрылымының байлығына байланысты болады.
Көркем
шығарма мәтінінде
т
опонимдер атауыштық қызмет атқарады. Олар осы мәтінде
кездесетін географиялык нысандарды атай отырып, оларға ерекше ұлттық-тарихи әр
береді. «Көркем сөзде де топонимдер атауыштық қызметін орындайды, бірақ көркем
мәтіннен айырмашылығы, мұнда сәйкестендіретін географиялық нысана ескеріледі,
сонымен бірге олар ерекше ұлттық-тарихи ая түзеді. Көркем мәтінде топонимнің
тілдік және аялық семантикасы косымша семантикалық-стилистикалық белгілермен
және коннотациямен ерекшеленеді, әдеби шығарманың белгілі бір көркемдік сипатын
арттыруға әсер етеді. Топонимдердің негізгі ерекшеліктері көркемдік мәтінде
колданылатын өзінің негізгі номинативтік кызметі мен басқа да эстетикалық қызметін
орындайды, осымен қатар олар (топонимдер) көркемдік, стилистикалық қызмет
аткарады. Топонимдер көркем мәтінде тілдік дерек ретінде де қосымша қызметтер
атқарады» [1, 68 б.]. Сол себепті тіліміздегі жер-су атауларынан ұлттың таным-
түсінігі, дүниені танып-білудегі ұлттық ерекшеліктері жөнінде ақпарат беріледі.
305
Топонимдер сол тілдің иесі болып табылатын халықтың рухани, әлеуметтік және
материалдық мәдениетіне қатысты ақпараттарға толы болады. Сондықтан да
І.Жансүгіров
туындыларындағы
топонимдер
мағыналарындағы
ақпараттарды
анықтаудың маңызы зор.
Топонимдер мағынасына терең үңілу арқылы біз халқымыздың тарихына,
дүниетанымдық ерекшеліктеріне қатысты түрлі мәліметтер алсақ, суреткер
шығармасында қолданыс табуы арқылы қосымша ақпаратқа қанығамыз. Бұған
ақынның
«Жетісу суреттері» өлеңі дәлел. «Жетісу суреттерін» бергенде І.Жансүгіров дәл
бір картограф-энциклопедист, сөздікші тәрізді сөйлеп, топоатауларды өлең сөздің өрнегімен
өріп кестелегендей әсермен жырлайды. Өлеңде соншама топоатаулардың ақындық шабытпен
өріліп, жарастық табуы өте сирек ұшырасатын құбылыс [2,125 б.].
Ақын осы өлеңінің
өзінде-ақ
81
топонимді өлең өрнегіне енгізу арқылы оқырманына масштабты, яғни
кең көлемдегі ақпарат береді. Санамалап көрсетер болсақ, өлеңде мынадай
топонимдер берілген:
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тарбағатай, Алтай, Ақшұнақ,
Жабағылы, Мыңшұқыр, Таз, Жоңғар, Аршалы, Амантекше, Қарасырық, Қараүңгір,
Қалмақасу, Қаражырық, Салқынбел, Сайымбөлек, Бүркітті, Үшбүйен, Күреңбел, Қора,
Тегерез, Шажа, Баянжүрек, Мұзбұлақ, Ақтасты, Бүйен, Көкжамбас, Көпірлі, Шатыртас,
Демікпе, Алатау.
Ақын өлеңіндегі бұл «топонимдер халықтың көне тарихынан мол мәлімет бере
алатын, этностың өткенінен этнографиялық деректер жеткізе алатын, дәуірлік жүк
арқалаған ұлттық лексиканың негізгі саласының бірі»[3, 4 6.].
Демек, а
қын
өлеңдеріндегі ә
рбір топоним лексикалық бірлік ретінде минимум және максимум ақпаратқа
ие. Мысалы:
Туғаны Арқадағы Арғын елі,
Өскені Көкшетаудың шалғын жері. (Құлагер)
Арқада Ерейменді мекен еткен,
Керейде Сағынайдың болыпты асы. (Құлагер)
Ауылы Бақанастың өлкесінде,
Арқадан Алатауға ауған беті.
Өзінің ордасында батыр Кене,
Тарттырып домбыраны отыр Кене. (Күйші)
Іле басы — Қас, Күнес,
Өткел таппай үркін ел.
Кетті суға талай көш;
Тозғындады ел, тозды жұрт.
«Жігіт алған» дейтін жыл. (Дала) – деген жолдардағы Арқа, Ереймен, Бақанас, Алатау,
Іле, Қас, Күнес сынды топонимдердің географиялық объекті атауы ретіндегі қызметі —
минимум ақпарат. Ал максимум ақпаратқа ғалымдар оның диахронологиялық және
функционалдық түрлерін жатқызады. Диахронологиялық ақпарат — тілдік табиғатын
қамтиды, яғни лингвистикалық зерттеу арқылы оның қандай сөзден не атаудан
қалыптасқаны, тілдік өзгерістері анықталады. Ал ақпараттың функционалдық түріне келсек,
ол географиялық атаудың объектімен байланысын, сол объекті туралы кешенді ақпаратты
қамтиды.
Автор тарихи оқиғаны нақтылы шындық етіп көрсету үшін көптеген
географиялық аймақтарды қамтитын атауларды, микротопонимдерді атаумен бірге,
жер бедерін (рельефті) суреттейтін толып жатқан сөз қолданыстарында пайдаланды.
Ақын өлеңдерінде берілген
географиялық атаулар арқылы ұлттың этникалық
шекаралары, осы өлкені мекендеген ру, тайпалардың ертедегі көші-қон бағыттары,
өлкелердің отарлануы тәрізді мәселелердің де мәні толық ашылады.
306
«Жер-су аттарында да дастанда сөз болатын оқиғаның өткен өңірін білдіреді. Мұның
бәрі жырдың географиясын белгілеуге қажет фактілер болып табылады» - деп топонимдердің
қызметі туралы айтқан әдебиетші ғалым Р.Бердібаев пікірін ескерсек, ақын өлеңдеріндегі
әрбір топоним белгілі бір тарихи оқиғамен тығыз байланысты екендігін аңғартады [4, 158 б.].
Мәселен, Іле өзенінің жағалауы үшін талай шайқасулар болғаны жөніндегі ақпарат ақынның
мына жолдарынан байқалады:
Елге де, егінге де қарайласпай,
Жылысып жылжып жатыр бір мінезбен.
Ел шайқап, ердің қанын ішкен Іле,
Естісең ертегіні ескі сөзден. (Жетісу суреттері)
Мұнда «Ел шайқап, ердің қанын ішкен Іле» тармағына кірген тілдік бірліктердің
жиынтығы негізгі ақпарат өзегі болып тұр. Осындағы сөздердің мағыналары арқылы олар
кіретін категорияға, жалпы ұғымдарға қатысты жалпы ақпарат аламыз.
Ономаст ғалым А.В.Суперанскаяның: «әрбір атау - тарихи, ал топономиканы
түгелдей тарихтың айнасы деуге болады. Географиялық атаулар, әсіресе көне атаулар
тарихи ескерткіштер сияқты. Өйткені онда өткен дәуірдің әлеуметтік жағдайы,
тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері, ең негізгісі сол кезеңдегі тілдің жай-күйі
көрінеді» [92, 23-36-6.] – деген пікіріне жүгінсек, І.Жансүгіров поэзиясында орын
алған әрбір топонимнің тарихы бар.
Ақын өлеңдерінде Арқа топонимі — 80 рет, Алатау
— 45 рет, Жетісу топонимі — 20 рет, Гималай – 19 рет, Еділ — 15 рет, Жайық — 9 рет, т.б.
қолданылған.
Топонимнің бағыттық қызметі белгілі бір жердегі бағдар міндетін атқару болса,
көркем туынды мәтінінде топонимдер шығарманың көркемдік уакытында болып
жатқан
іс-әрекеттерді,
географиялық
кеңістіктің
ауқымдылығын,
басты
кейіпкерлердің жүріп-тұру бағытын да көрсетеді. Осылайша, ақын поэзиясындағы
топонимдер авторлық баяндаудың мезгілдік және кеңістіктік бөліктерін біріктіретін
өзіндік мәтіндік тірек ретінде кызмет атқарады.
Мысалы:
Ел қандай, Арқа қандай, дұспан қандай
Ауған ел арт жағымен жауласқандай. (Күйші)
Еділде өткен күндерде,
Сонда да жан жаншылған.
Сонда сорлы сорлыңыз,
Тамды Еділге тамшы қан.
Анау жатқан Ақжайық,
Орал, Балқаш, Аму, Сыр
Астан-кестен өмірі,
Азынаған көкдауыл...
Елдің күні — жел қайық...
Сол Қоңыртау сағасын,
Тарбағатай, Алатау,
Антон, Черкас қаласын
Басты темір көкпеңбек. (Дала)
Су қатып, сүңгі тұрған боқырауда,
Беттеді Кенесары Алатауға. (Күйші)
Міне, бұл мысалдардағы Алатау, Арқа, Жетісу, Еділ, Жайық, Қоңыртау, Тарбағатай,
Антон, Черкас тек жер-су атауы, топоним ғана емес, бұлар — топоним-реалийлер. Ақын
өлеңінде бұл атаулар ел үшін, жер үшін күрестің символы, сол кезде болып өткен ұлт-
азаттық көтерілісінің әр түрлі кезеңдерінен ақпарат беретін аллюзивтер. Осы топоним-
реалийлер арасында аллюзивтер деп аталатын үлкен топ бар. Ол белгілі бір халықтың тарихи
307
жадында сақталған айтулы оқиғаларға, аса танымал жағдаяттарға байланысты сол тілді
тұтынушы санасында бірден (автоматты түрде) жаңғырығатын атаулар. Мысалы:
Сол сапыраң өмірдей
Сапырып та шулатып,
Ебінің сар желіндей
Саулайды екен сол сарын. (Дала, )
Көкке күй өрт жалындай шалқып жатты,
Көк тасы Самарқанның балқып жатты.
Көк дауыл айдын көлді көкке шашып,
Оқ тиген аққу құсты қаңқылдатты. (Күйші, )
«Асанқайғы» бастаған,
Жолшыбай көмір тастаған
«Жиделібайсын» жері бар. (Дала, )
Қобызшы ол – «Көк көбікті» күрілдеткен,
«Дүлділін Ер Әлінің» дүрілдеткен.
«Он сан мен Орманбеттің айырылғанын»,
«Жыласқан ноғай-қазақ» күйін шерткен. (Күй, )
Бұл жолдардағы Самарқан, Ебі, Жиделібайсын топонимдері мен Ер Әлі, Орманбет
антропонимдері аллюзативті (метонимдік) қолданыста тұр, бұл жерде тек географиялық
таным-түсінікпен қатар, қазақ халқының тарихын, оның басынан кешкен тағдырын білу
керек, яғни бір сөзбен айтқанда адресаттың білім аясына тәуелді. Ал
белгілі бір
топонимнің аялық семантикасының дәрежесі жеке оқырман үшін әр түрлі болып
келеді, себебі нақты әр оқырманның білім деңгейі әр алуан. Тіпті
Самарқан, Ебі,
Жиделібайсын
топонимдері туралы аялық білімі нөлге тең оқырмандар кездесуі
мүмкін. Жоғарыдағы мысалдардағы топонимдер поэзиялық шығарма мәтініне
енгізілгенімен де олар мекендік-көрсеткіштік қызметін жоғалтқан. Олар, яғни
мекендік-көрсеткіштік қызмет бар болғанның өзінде образды-метафористік контекст
құра отырып, жоғары образдылық пен метафористікке ие болады.
Қорыта келгенде, ақын поэзиясында көрініс тапқан
топонимдер ең алдымен
географиялық атаудың объектімен байланысын, сол объекті туралы кешенді ақпаратты
қамтып,
белгілі бір аймақта ертеректе кімнің, қандай тайпаның, рудың қоныс
тепкендігі
және жалпы халық тарихынан ақпарат
береді. Екіншіден,
а
қын өлеңдеріндегі
ә
рбір топоним –
сол аймақты мекен еткен халықтың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі,
салт-дәстүрі мен географиялық орта туралы таным-білімі туралы қосымша ақпарат
көзі. Үшіншіден, ақын белгілі бір топонимді қоғамдағы құбылыстардан бірқатар
мәліметтер беру мақсатында және оқырманға өзінің ішкі ойын жеткізудегі қатысым
құралы ретінде қолданылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Арысбаев А. Қазақ топонимдерінің кумулятивтік қызметі. Алматы,
Ф.ғ.к.
диссер. Алматы, 2005. – 111 б.
2.
Пангереев А.Ш. Жер-су атауларының поэтикасы. Ақтөбе: Полиграфия, 1996. – 114 б.
3.
Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі. Алматы: Мектеп, 1985. – 256 б
4.
Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. Алматы: Рауан, 1995. – 350 б.
Резюме
308
В данной статье рассматриваются различное применение топонимов и их
информативность в поэзии И.Жансугурова.
Summaru
In this article are considered different using toponymys and their information in poetries
I.ZHANSUGUROVA.
ХАДИС ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ТЕРМИНДІК МАҒЫНАСЫ
Мансұров Б.Б.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы қ., Қазақстан baturjan@mail.ru
Қандай да бір ғылым болмасын, сол ғылымның өзіне тән тілдік және терминдік
мағыналары болады. Әсіресе, дін саласындағы шариғат мәселелері қамтылған оқулықтар мен
кітаптарда сөздердің тілдік мағынасынан гөрі терминдік мағынасы үлкен рөл ойнайды.
Себебі, терминдік мағына арқылы дін үкімдері мен ереже-қағидаттар бекітіледі. Соған орай
дін үкімдері орындалып, іске асады. Ал осы дін заңы бойынша өзіндік үлкен маңызы бар,
мұсылман өмірінде Құраннан кейінгі ислам дінінің екінші көзі ретінде қарастырылатын
хадис ғылымының да тілдік және терминдік мағыналары бар. Хадис терминдерін білу хадис
кітаптарын оқуда, оны ұғынуда, шариғат үкімдерін үйренгенде, оған зерттеу жүргізгенде өте
маңызды рөл атқарады. Хадис терминдерінің қатарына қандай сөздер жатқызылатынына
жұртшылықтың жалпы мәліметі болғанымен, бұл салада да түсіндірер жайттар көп. Олардың
анықтамасына келгенде, мәнін, құрамын, принципін анықтауда әр алуан түсінік бар.
Сонымен хадистің тілдік және терминдік мағыналарының арасындағы айырмашылықтарына
ойысалық.
Хадистің тілдік мағынасы
Хадис араб тілінде «хадисун» деп айтылады. Көпше түрі «ахадис». Араб тілінің
грамматикасында есім сөздер көбінесе етістіктерден жасалады. Мұндағы «хадисун» сөзі «әл-
фиғлу әс-суләси әл-мүжәррәд» І бап етістігінің түбір формасында тұр. Толығырақ айтқанда
«әл-фиғлу әс-суләси әл-мәзид» бабының «хаддаса юхаддису тахдисан» үш түбірлі туынды
етістік формуласында әңгімелесу, хабарлау, жеткізу, байланыстыру тәрізді мағыналарды
білдіреді. Мұнымен қоса хадис сөзі көп мағыналы сөздер тобына жатады. Хадистің тағы да
бір тілдік мағынасы жаңа, сөз, әңгіме деген мағыналарды да қамтиды. Ал Әбул-Бақа есімді
ғалымның түсіндірмесінде: «Хадис сөзі «тахдис» түбірінен туындаған (өрбіген) есім сөз.
Хабарлау мағынасын білдіреді. Пайғамбарға қатысты сөздер, не іс-әрекеттер, яки болмаса
әлде бір берген үкімдер хадис деп айтылған. Ал хабарлау дегеніміз араб халқында исламнан
бұрынғы уақыттарда мәшһүр күндерін «ахадис» деп айтатындықтан қалып қойған. Сол
кезден бері мәлім болған» дейді [1/4].
Хадис сөзі қандай формулада қолданылса да, «бір нәрсе жайында хабар беру» деген
жалпы мағынаны білдіреді. Бұл жайында Құран аяттарынан байқауға болады. Мәселен,
«Кәһф» сүресінің 6-аятында: «Енді олар бұл сөзге сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя
жаздайсың». Осы аятта келген қазақша мағынасындағы сөз аяттың арабша нұсқасында
«хадис» деп келтірілген. Сол секілді «Зүмар» сүресінің 23-аятында да: «Алла аяттары бір-
біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің (хадистің) ең көркемін Кітап түрінде
түсірді...» ; «Ендеше, егер олар рас айтушы болса, Құранға ұқсас бір сөз келтірсін» («Тұр»
сүресі, 34-аят) ; «Раббыңның нығметінен хабар бер» («Дұха» сүресі, 11-аят). Міне, осы
жоғарыда келтірген аяттардағы «хадис» сөзі, хабар немесе сөз мағынасында қолданыла
отырып, тағы бір мағынасы Құран кәрімнің өз ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар соңғы
аяттағы сөзден «хабар бер», «жеткіз» деген мағыналарды білдіретін етістік туындаған.
309
Кейбір ғұламалардың айтуынша, «хадис» сөзінің «жаңа» деген мағынасы бар екенін
ескере, оны «қадим» (ескі) сөзіне қарама-қарсы антонимдік мәндес сөз ретінде қолданып,
«қадим» дегенде қасиетті Құран кәрімді, ал «хадис» дегенде Пайғамбарымыздың сөздерін
назарда тұтқан. Бұл жайында ислам ғұламасы, шейх ибн Хажар Әсқаләни «Фәтхул бәри»
атты кеңінен танымал еңбегінде: «Шариғат ғұрпындағы хадистен мақсат ардақты Елшіге
қатысты айтылған нәрселер. Хадистің сөздерімен қадим болған Құран кәрімнің жауабы
ретінде екендігі мақсат етілген» дейді [2/4].
Мұндай түсіндірме нәтижесінде ғұламалар бізге Құран кәрімге хадис есімін беруге,
яғни Алла тағаланың сөзі Құран кәрімді «хадис» деп айтудан сақ болуды баян етуде [3/5].
Хадистің терминдік мағынасы
Орта ғасырдан бізге жеткен ең құнды араб жазба еңбектерінің бірі – Мұхаммед (с.а.у.)
пайғамбардың хадистері. Хадис ғылымының негізі сонау Пайғамбар өмір сүрген заманнан
бастау алады. Хадистің араб тілі мен ислам діні бойынша, әсіресе оның шарғи мәселелерде
үлкен өзіндік орны бар. Себебі, Құраннан кейінгі салмақты орынды хадис алады. Сондықтан
ислам ғұламалары хадис ғылымына баса назар аударып, әрбір салаларын жіті зерттеген.
Соның нәтижесінде хадис терминологиясын жеке дара ілім ретінде қалыптастырған. Әрине
терминология мәселесі жөнінде қазақ зиялылары да көп еңбек етті. Атап айтқанда,
А.Байтұрсынұлы, қазақ түрколог тілшілері: Қ.Жұбанов, Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов,
Ә.Т.Қайдаров,
М.Балақаев,
Ш.Ш.Сарыбаев,
А.Әбдірахманов,
Р.Өркенова,
С.Исаев,
Ө.Айтбаев және т.б. ғалымдардың рөлі ерекше болды. Яғни, қазақ тілінің терминдік жүйесі,
терминологиялық лексиканың пайда болу, жасалу қалыптасу тарихы бірнеше кезеңдерден
өтті. Көрнекті тілші-ғалым, қоғам қайраткері, академик Ө.Айтбайұлы «... дамыған, жетілген
тілдің басты көрсеткішінің бірі – оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады»
десе, тағы бір тұжырымында «кім қалай қолданса да, термин сөздердің әлеумет өмірінің
қатынас құралындық қажетін қамтамасыз етіп отырғаны даусыз. Яғни терминсіз сөз
қолданыс болмайды, терминсіз ғылыми ой-пікірді өрбітуге болмайды. Оның қанат жайғаны
соншалық, қоғам өмірінің қандай саласында да қазір терминсіз күн кешу мүмкін емес»
[4/158-159].
Сөйтіп термин ретінде хадис: «Хазірет Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөздері
«ақуал», істеген іс-әрекеттері «әфъал» және бір іске немесе оқиғаға байланысты берген
үкімдері «тақрир», сондай-ақ «хулуқи» (мінез-құлқына қатысты сипаты) және «хилқи»
(бейнелік сипаты) деген анықтаманы білдіреді» [5/20]. Хадис ғылымындағы осы терминдік
анықтаманы ашып айтар болсақ:
1. Араб тілінде сөз дегеніміз «қаулун». Көпше түрі «ақуал». Пайғамбардың түрлі
жағдайларда және әр түрлі мәселелерде айтқан сөздері. Мәселен, «Әрбір амал ниетке
байланысты» деген сөзін алайық. Бұл хадис мәтіндерінде мынадай сөздер арқылы келген:
«Қаала ән-Нәбию» (Пайғамбар былай деді), «Қаала Расулуллаһ» (Аллаһтың елшісі былай
дейді), «Әмәрә ән-Нәбию» (Пайғамбар былай бұйырды). Мұны «қаули» хадис деп атайды.
2. Пайғамбардың істеген іс-әрекеттері мен атқарған амалдары жекеше түрде «фиғл»,
көпше түрде «әфъал» үлгісінде келеді. Мысалы, дәрет алу, намаз оқу, қажылық жасау және
т.б. Пайғамбардың бұл іс-әрекеттері көзімен көріп, маңайында жүрген сахабалар арқылы
жеткен. Мұндай хабарлар «Кәәнә ән-Нәбию» (Пайғамбар осылай істеген болатын), «Ра-әйту
ән-Нәбия» (Пайғамбардың осылай істегенін көрдім) деген секілді сөздермен келеді.
Осылайша іс-қимыл арқылы келген сүннеттерді хадистің термині ретінде «фиғли сүннет»
деп атайды.
3. Бір іске немесе оқиғаға байланысты берген үкімдері «тақрир». Бұл «қарар» сөзінен
шыққан. Яғни Пайғамбардың қарсылық білдірмей мақұлдауы. Бұл екі түрлі жол арқылы
жүзеге асқан:
а) Сөзбен құптауы (сарих тақрири). Мысалы, кейде сахабаларды бір жерге аттандырар
сәтте барған жерлерінде түйткіл мәселелер орын алып жатса, оны қалай шешу керектігін
сұраған. Сонда сахабалар Құраннан яки хадистен таппаса өздерінің ыждаһаттықтарымен
шешетіндігін айтқан. Осындай жауапты естіген кезде Пайғамбар сахабаларына ризашылық
310
білдіріп, сөзі арқылы құптаған. Бұған байланысты хадис мәтіндерінен көптеп кездестіруге
болады.
ә) Үнсіз құптауы (зимни тақрир). Бұл жайында да хадистер баршылық. Айталық, әскер
қолбасшысы болған сахаба Халид ибн Уалид күннің суықтығына байланысты ғұсыл
алмастан таяммуммен намаз оқиды. Пайғамбар мұны естіген кезде үндеместен
мақұлдағанын білдіреді. Жалпы үнсіз құптауы хадис мәтіндерінде мынадай үлгіде келеді:
«Фәтәбәссәмә ән-Нәбию» (Пайғамбар ол жағдайды көріп күлімсіреді) және т.б.
4. Мінез-құлқына қатысты сипаты «хулуқи» және «хилқи» (бейнелік сипаты). Хулуқи
«ахлақ» деген сөзден тарайды. Мұның баламасы әдеп, этика деген сөз. Мысалға, Пайғамбар
адамдардың ішінде ең жомарты еді. Ол өте сабырлы болатын. Сонымен қатар, «хилқи», яғни
Пайғамбардың тұлғалығы жайындағы хадистер. Айталық, «Пайғамбар өте келбетті болатын.
Ол көзге түсетін ұзын бойлы да, қысқа бойлы да емес-ті». Міне осы секілді мәліметтер
хадистанушылар арқылы жеткен. Хадистанушылардың мұны сүннет анықтамасына
қосуының себебі, олар көркем мінез-құлық, мейірімділік, сабырлылық, жомарттық секілді
Пайғамбар сипаттарын әрбір мұсылманның үлгі өнеге алып, ұқсап бағуға тырысатын
сипаттар екендігін дәлел етеді [6/18-21].
Тағы бір айта кететін нәрсе хадис терминологиясында хадис сөзімен қатар сүннет сөзі
қатарласып айтылады. Бұл тұрғыда кей ғұламалардың пікір қайшылықтары да кездесіп
жатады. Мәселен, кейбір ғалымдар, яғни хадистанушылар хадис пен сүннеттің мағынасын
бір деп қабылдап, олар бір-біріне синонимдес сөздер деп келтірсе, енді бір топ ғалымдар
олардың мағынасы бір еместігін, хадистің мағынасы сүннетке қарағанда ауқымдырақ
екендігін алға тартады. Ал хадис әдіснамасының ғалымы Субхи әс-Салих: «Сүннет –
негізінен хадистің синонимі емес. Ол сөздік мағынасы есепке алына отырып, Пайғамбардың
күнделікті тұрмысында жүрген діни жолы мағынасында қолданылған. Себебі, сүннеттің
сөздік мағынасы «жол» дегенді білдіреді» - дейді. Дегенмен мағынасы жағынан хадис жалпы
Пайғамбардың сөздеріне таңылғанымен, осы сөздің мағынасын анықтауда ислам дінінде әр
салаға қарай түрлі көзқарастар қалыптасқан. Ислам мәдениетінде сүннет сөзінің төрт
анықтамасының кең жайылғанын көруге болады [7/15]. Бұл төрт анықтама хадис, фиқһ
(ислам құқығы), фиқһ методикасы, кәләм сияқты салалардағы мұсылман ғұламаларының
берген анықтамасы:
1. Хадис ғалымдары: «Сүннет – шариғат үкімдерін қамтамасыз етсе де, етпесе де
Пайғамбарымыздың айтқан барлық сөздері, іс-әрекеттері, мақұлдағандары, яғни оның
өміріне қатысты мәлімдемелер»;
2.
Фиқһ
ғалымдары:
«Сүннет
–
парыздар
мен
уәжіптердің
тысында
Пайғамбарымыздан келген нәрселердің бәрі»;
3. Фиқһ методикасының ғалымдары: «Сүннет – Құранның тысында Аллаһ Елшісінің
шариғат үкімдерін қамтыған сөздері, іс-әрекеттері мен мақұлдағандары»;
4. Кәләм ғалымдары: «Сүннет – бидғаттың (дінге жат нәрселер) антонимі», – дейді.
Сүннет сөзінің негізгі тілдік мағынасы «жол», «бағыт», «әдет» деген мағыналарды
білдіреді. Сүннет сөзі термин ретінде сахабалар дәуірінде қолданыла бастады. Өйткені
Пайғамбардың жанында жасалған іс-әрекеттер сүннет деп қабылданатын. Бұған байланысты
Қазақ халқының ұғымында да сүннет сөзі айтылған уақытта Пайғамбардың істеген іс-
әрекеттері екендігі түсініліп отырған. Сүннет сөзінің термин ретінде қалыптасу кезеңдері
жайында хадис ғылымының докторы Б.Ерул: «Сүннет ұғымының термин болып қалыптасуы
мен халық арасында кең таралуы Айша ана, Абдуллаһ ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Омар сынды
жас сахабалар кезеңінде солардың қолдауымен дами түскен. Яғни, сүннет сөзінің термин
болып қалыптасуының іргетасы үлкен сахабалар кезеңінде қаланса, кіші сахабалар осы
құрылысты толығымен аяқтаған. Қараңғылық дәуірде (исламнан бұрынғы кезең) «аталар
сүннеті», «қауым сүннеті» деп қолданылған сүннет сөзі – Құранда «Сүннетуллаһ»
(Аллаһтың сүннеті), «сүннәтул әууәлин» (алдыңғылардың сүннеті), ал Пайғамбардың
хадистерінде «сүнән» (сүннеттер), «сүннет» деп қолданылса, үлкен сахабалар кезеңінде
«сүннәту Расулиллаһ» (Расулуллаһ сүннеті), «сүннәтун Нәби» (пайғамбар сүннеті), кіші
311
сахабалар кезеңінде «әс-сунна» (сүннет), «сүннәтун Нәби» деп қолданылып, осы кезде
«сүннет» деген кезде тек қана Пайғамбарымыздың сүннеті меңзелетін еді» - дейді [8/78].
Жалпы алғанда, хадис «айту», «хабар беру», «ақпарат жеткізу» деген мәндегі есім сөз.
Уақыт келе Пайғамбарға телінген әрбір сөз, қимыл-әрекет хадис деп аталғандықтан сүннетті
хадистің синонимі ретінде қабылдаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, хадис – сүннеттің
теориялық негізі деуге болады.
Сонымен хадис ғылымының терминдік мағынасы жайлы азды-көпті сөз қозғадық.
Дегенмен хадис ғылымында термин саналатын көптеген лексикалық атаулар бар. Бұлар
хадис мәтінін дұрыс түсіну үшін, хадистің ақ-қарасын ажырата білу үшін өзіндік үлкен рөлі
бар. Біз бұлардың мағынасын жіті түсінбейінше хадис ғылымына терең бойлай алмаймыз.
Әсіресе, хадистанушы ғалымдар хадис кітаптарын оқу үшін алдымен сол оқулықтарда
кездесетін терминдерге аса мән берген. Алайда бұл терминдерді қазақ тіліне аудару
барысында біршама қиындық туғызатыны да сөзсіз. Араб тілін жетік білмейтіндер, сондай-ақ
өзге тілді хадис ізденушілер терминдердің мағыналарын дәл бере алмауы да мүмкін. Өйткені
кез келген саладағы термин сөзінің өзіндік шегі, шеті болады. Кейде терминдер көптеген
тілдерге ортақ мағынада тұрса, кейде аударуға келмейтін терминдер де кездесіп жатады.
Термин мәселесімен айналысқан қазақ ғалымы профессор Қ.Жұбанов: «Белгілі бір
ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, сөздерді әлгіндей ұғымдарға – ғылым мен
революция жағы қандай сатыда тұрса, міне, осы екеуі теліп отырады; сонымен қатар
термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік
мағынасы басқа болуы да мүмкін». Профессор Қ.Жұбанов терминнің өзіндік өзгешелік
сипатын дұрыс түсінбеушіліктен кеткен қателерге назар аударады. Мысалы, ол аударуға
болмайтын терминдердің аударылуын қате санайды. Мұның негізгі себебі терминдердің
терминдік мағынасы емес, лексикалық мағынасына мән беруден дейді. Яғни әңгіме бұл
жерде бір тілден екінші тілге аударуға немесе қабылдауда, ең алдымен, көңіл қойылуға тиісті
шарт – оның терминдік мәні болу керек екендігінде [9/26].
Сонымен, хадис ғылымында кездесетін терминдік сөздерге тоқталсақ. Бұлар жоғарыда
айтып өткеніміздей кейбірі аударуға келетін сөздер бар, кейбіреуі тіпті тәржімалауға
келмейді. Десекте осы терминдерді қазақ тіліне аударып, шама-шарқымызша олардың
баламаларын табуға тырысып көрелік.
Хадис терминдерін қазақ тіліне аудару кезінде терминдерді төрт топқа бөліп
топтастыруға болады:
1. Қазақ тіліне терминдік мағынасын жоғалтпастан тура (дәлме-дәл) аударылатын
терминдер
2. Қазақ тіліне тілдік мағынасы тура аударылғанмен терминдік мағынасы толық
ашылмайтын сөздер
3. Хадис ғылымындағы терминдік мағынасын бергенмен тілдік аудармасы бола
алмайтын сөздер
4. Қазақ тіліне мүлдем аударуға келмейтін терминдер.
Енді осыларға жеке-жеке тоқтала кетсек.
Достарыңызбен бөлісу: |