Резюме
В этой статье рассматриваются этапы подготовки студентов к тестированию.
Мақалада студенттердің тестке дайындалу кезеңдері қарастырылады.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫН ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аужанова Г.А.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Алматы қ., Қазақстан
Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның
тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен өлшенеді.
Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі ол тіл
сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы
мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болу шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз,
радио, теледидар, дипломатиялық, қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс-қағаздар, т.б.
салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы керек. Есеп-қисап,
қаржылық және техникалық құжаттамаларда осы тілде жүргізілүі тиіс. Сондай-ақ бұқаралық
ақпарат құралдары, қарулы Күштер, ғылым жане білім беру салалары , халықаралық қызмет
те осы талаптарға толық жауап берүге міндетті. Тілдерді дамыту –еліміздегі мемлекеттік
367
саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық,
қатынастар үйлесімділігін, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың
алғышарты. Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы жанартау болған жұрт
жүрегінің жалыны бүгінде де бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы
ұдайы ұрандаудан тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы жағдай мен қазіргі күйді
салыстыра қарасақ, көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып отырған мәселе аз емес, алайда
ауызды қу шөппен сүртугеде болмайды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсінстік орныға
бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-cолды жағдайды жете бағамдай
отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. 1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы
заң, алғашқы Конституция қабылданар тұстардағы талас-тартыс, қазақ тілінің мемлекетттік
мәртебесінің бекітілуі, мұны нығайта түсү үшін 1997 жылы тіл туралы жаңа заң қабылдау
қандай жағдайларда жүзеге асты?
“Ауру
батпандап
кіріп,мысқалдап
шығады”
деген
мәтелді
халық
тіршілік
заңдылықтарына сөйене отырып айтқан. Тілдің даму процесінің өзі табиғи құбылыс. Оған
жанды дуниенің өсуіне қажет жағдайдың ешқайсысы жат емес. Меніңше, мәселе осында. Тіл
тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымыз бен немқұрайлылығымыз өз ықпалын
қатты тигізіп отыр.
Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі міндет – мемлекеттік тіл саясатын
қоғамымызда жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде одан әрі жалғастыру.
Бүгінгі күні тілдерді дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде. Еліміздегі
тілдердің дамуы мен қолданылуына қатысты нормативтік құқықтық негіздер нығайтылуда.
Мемлекеттік тіл саясатының тірегі – тіл туралы заң, заңды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші
қаулы-қарарлар, бекітілген бағдарлама бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 ақпандағы N550 Жарлығымен
бекітілген тілдерді қолданумен дамытудың 2011-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында проблеманың бүгінгі таңдағы жай-күйіне талдау жасай, сараптай отырып,
соның негізінде жағын болашақтың басым бағыттары айқындалып, қазақ тілінің әлеуметтік-
коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету,
жалпы мәдени қызметін сақтау, этностық топтардың тілдерін дамыту міндеттері алға
қойылған. Тіл саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы барлық ұлттардың дамуын
көздеген ұстанымына негізделген.
Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық мүдделерін ескере отырып жүргізіліп келе
жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл
саясатының жарқын болашақтағы бағыт-бағдарын берік бағамдауға және ең бастысы, тіл
болашағына деген халыққа сенімін нығайта отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға
қызмет етуі тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына
сай және тіл саясатына қатысты қамтылуы тиіс мәселелерді толық қарастырады. Әр
тараудың мақсатына сай атқарылуы қажет міндеттер мейлінше нақтыланып көрсетілді.
Жоғарыда айтылған нормативтік құқықтық қамтамасыз ету тұрғысында Үкіметтің
«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы», «Тілдер
туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже», «Тауарлардың
заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат еңгізу жөніндегі
талаптар туралы», «Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік
қызметшілерді көтермелеу туралы» қаулылары қабылданды. Тіл заңын бұзғаны үшін
жауапкершілікке тарту «Қазақстан Республикасы Әкімшілік «1999 жылдың 23 шілдесінде
қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 3-бабы 2 тармағына «...
мемлекеттік тілдегі берілімдердің көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі берілімдердің
жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс» деген толықтыру енгізілді. Осыған сәйкес қазіргі
кезде аталған заң талаптарын 92 %-дан астам телерадиокомпаниялар орындап отыр.
Мемлекеттік тілді қолдау туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар мен көрермендер де,
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп келеді. Атап айтқанда
Мәжіліс депутаттары Амангелді Айталы, Мұхтар Шахан, Бекболат Тілеухан т.б. мемлекеттік
368
тіл мәселесін үзбей алға тартуд. Аталмыш мәселе бойынша Мәжілісте арнайы депутаттық
топтың құрылып жатқаны да белгілі. Осы орайда, депутаттардың бастамасымен еліміздің
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң топтамасы қаралған тұста біздің
министрлік оны толықтай қолдап шыққаның айтқан жөн.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту
бағытында барынша мүдделілік танытылып отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени
орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа мемлекеттік тілдің қолдану аясын
кеңейту қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты.
Біздің министрлік 2003 жылдан бастап мемлекеттік саясатын электронды БАҚ
арқылы жүргізу мақсатында ақпарат саясатын жүргізу мәселесі бойынша мемлекеттік
тапсырыс аясында арнайы конкурстар өткізіп келеді. Аталған бағдарлама бойынша биылғы
жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде хабар шығарудың көлемі 3308 сағат деңгейінде
көзделіп отыр. Оған республикалық телерадиокомпаниялармен қатар, өңірлік БАҚ-тар да
кеңінен тартылып келеді.
Жалпы, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі
жағдайы көлемі жағынан да, сапалық тұрғыдан да төмен екендігі жасырын емес.
Мемлекеттік емес телерадиокомпаниялардың басым көпшілігінде, әсіресе республикалық
телерадиокомпанияларда, қазақ тіліндегі мазмұны мен шығармашылық деңгейі көңілге
қонатын тұшымды бағдарламалар мен хабарлар тек мемлекеттік тапсырыс аясында ғана,
мемлекеттік қаржысы есебінен шығарылады.
Ал компаниялар болса өз қаражатын мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға
шығындауға мүдделі емес, яғни қазақ тілін өркендету тек мемлекеттің құзырындағы мәселе
деген көзқарас қалыптасқан. Мұның өзі мемлекеттік тіл үшін де, мемлекеттің қауіпсіздігі
үшін де алаңдатарлық жағдай. Қоғамдық пікірді, жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда
айрықша орын алатын бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдің тағдырына
немқұрайлы қарауы қалың көпшілікті де алаңдатып отырғаны сөзсіз. Ата Заңда атап
көрсетілгендей, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қоғам тұтастығының бірден бір факторына
айналуы тиіс және оған барлық қазақстандықтар азамат ретінде атсалысуы керек.
Сондықтан, заң тұрғысынан БАҚ-тардың жауапкершілігін арттыратын шаралар қарастыру
өте орынды болар еді. Атап өтерлік бір жәйт, 2010 жылғы 18 сәуірде өткен Қазақстан
журналистері конгрессінде Бұқаралық ақпарат туралы жаңа заң жобасының тұсаукесері
жасалды. Онда қазақ тілін қолдау бағытында «мемлекеттік тілде дайындалған хабарлардың
эфирдегі таралу уақыты тәулік бойында біркелкі болуы шарт» деген арнайы қағидат
қарастырылған. Аталмыш заң жобасын бір топ депутат арқылы Мәжілістің қарауына енгізу
көзделіп отыр.
Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық, іске
айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады деп есептеймін. Бұл ретте бұқаралық
ақпарат құралдарының ықпалы орасан зор болмақшы. Олар тіл мүддесін қорғап, тіл
зәрулегін қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға талап қоюшылықпен ғана
шектелмей, оларға тиісті қолғабыс жасауға үйренулері керек. «Тіліміз құрып кетті, құрдымға
батып бара жатыр», деп көздің жасын төге бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-
жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау
мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге
асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс. Қазіргі
жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттаға сай кеңейте
отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір-нысаны ретінде жетілдіруді
және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет
ететін кәсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесін заңдық тұрғыдан бекіту орайында
мемлекеттік қызметшілірге қатысты мәселелер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және басқада тиісті органдар
тарапынан ойластырылып , көп кешікпей бір шешімін табары анық. Мемлекеттік тіл мәселесі
369
ешқашан назардан тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру, нығайту
бағытындағы жұмыстар үнемі жалғасын табуда. Соның көрінісі ретінде 2010 жылдың 18
ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономиқалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауында қазір еліміздің
әлеуметтік, мәдени саланы өркендету мақсатында жаңа белеске қадам басқандығын атап
көрсетті. Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі болып отырған
мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға күш жігерін салу әрбір азаматтың парызы екендігі тағы
бір рет қайталанып , халқына ой салды. Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпы ұлттық, жоспарының 21-тармақшасына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді дамыту
бөлігіне өзгерістер енгізу қолға алынды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатын жүзегі асыру мемлекеттік тілді
инновациялыық технологиялар арқылы дамыту үшін әлеуметтік, экономиқалық, құқықтық
және ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар Қазақстан
Республиқасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарына сәйкес біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде
тұратын қазақ диаспорасын әлеуметтік-экономиқалық, құқытық қорғау, қолдау жүйесін
жасау мақсатында «Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасын қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасының» жобасы әзірленуде. Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің басқада
көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың ұлттық тілі екенін ұмытпауымыз қажет.
Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге көмектесетін компьютерлік оқулыктар шығару ,
интернет жүйесі арқылы мемлекеттік тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту, шетелге тұратын
отандастарға арналған арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті мәселе екені дауыссыз.
Әлемнің әр түкпірінде қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен электрондық жүйе арқылы
хат-хабар алмасуына олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік бермейді. Сонымен
бірге құзыретті органның алдында шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін танытып,
мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында мәдени орталықтар ашу, Еуропа елдерінде
тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалін халықаралық деңгейде
ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттерін
жүзеге асыруға қол жеткізді.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу қажеттігі қазақстандық қоғамдастық
мүшелері арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта белсенді әрекет ету мақсатынан
туындайды.
Тілі мықтының - елі мықты. Тіл халықтың қазынасы, ұлттың жаны. Осы орайда
2011 ж. қыркүйек айында жер жаннаты Көкшетауда өткен халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамының бесінші құрылтайының өтуі, оның көтерген мәселелері мен қабылдаған
шешімдері тіліміздің тағдырына, келешегіне тікелей байланысты мәселерді батыл көтерді де,
шешімдер қабылдады. Атап айтқанда:
-
Мемлекеттік тіл туралы «Заң жобасын әзірлеп, Парламентке ұсыну»;
-
Тәулік бойы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын ұлттық телеарна ашу;
-
Алдағы уақытта елімізге шетелден келетін компьютерлік бағдарлама өнімдерінің
қазақша нұсқасының болуын міндеттеу;
-
Тілмен бірге қоғамымыздағы тағы бір түйітқілді мәселе- діннің жайы. Ата-
бабамыздан мирас болып келе жатқан ислам діні, оның өнегелі жолын өркендету. Ұлттың
тұтастығы – тілдің тұтастығы.
Біз алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, құрметтеу жолында ауыз-
біршілігімізден айырылмауымыз керек.
-
Мемлекеттік тілді қағамдағы толықанды қарым – қатынас құралына айналдырудың
бірден – бір жолы – осы бала – бақшадан университетке дейінгі аралықта дұрыс оқытуда
жолға қою;
370
-
Қазақстанның құзыретті органдарына мемлекеттік тілдің қолданысын ораптыруға
бағыталған нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа заңдар қабылау туралы
ұсыныс енгізу.
-
Кез келген тілдегі білім сияқты қазақ тіліндегі білімнің көзі де оқулықта. Мемлекеттік
тілдегі жоғары оқу орындарындағы оқулықтар не бәрі 7 пайызды құрайды екен. Тілді
насихаттауда қазақ тілінен кітаптарды оқырманға жеткізу мәселесін жолға қою. Өйткені
кітап – қоғамдық сананың қозғаушы күші
-
Президенттің қазақ халқына арналған биылғы Жолдауында мемлекеттік тілді
дамытуға айырықша мән берілген. «Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек
тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.
Біздің міндеттіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80
пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он
жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады» -
деді Президент Н.Ә. Назарбаев.
-
Қазақ тілін білу – Қазақстан мемлекетінің заңамалық және моральдік – адамгершілік,
азаматтық, саяси – экономикалық, тұмыстық – әлеуметтік тұрғысындағы тең құқылы
азаматына айналу. Сонымен бірге, тұтас бір халықтың болмыс табиғатын, салт санасын,
дәстүр – жоралғысын, діні мен тілін тани отырып құрметтеу.Құрметтей отырып, сол
халықтың рухани ұстаздарын түпнұсқада оқып - білу. Бұл – сол ұлттың жанына тікелей
барар жол. Тіл білу – қашанан да білімділіктің, сауаттылықтың көрсеткіші болып саналған.
Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек, Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты
мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Біздегі
мемлекеттік тіл саясаты шын мәнінде саяси тұрақтылыққа, этносаралық жарастыққа және
қоғамдық келісімге алғышарт бола алады.
Алайда, біз қандай жағдайда да, қай кезде де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан
келтірмей, оларға деген мемлекеттік қолдау-қамқорлық аясын тіпті де тарылтпай отырып,
қалай дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ
халқының ұлттық тілі – қазақ тілінің, мемлекеттік тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге
маңыз береріміз белгілі. Бұл бір-бірімізден бөліп-жарып міндет бөлісетін шаруа емес, ол
Отаным деген барлық қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай
толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін жан-тәнімізбен түсіне
отырып, бүгінде тіл заңының жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл
тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі
ретінде тек қазақ топырағында ғана ойдағыдай дами алады, кемелденіп жетілуге тиісті
мемлекеттік маңыз бен нақты қамқорлықты тек қазақ топырағында ғана талап ете алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Ана тілін анамыздай ардақтайық «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2009 . қыркүйек
2.
«Ана тілі» газеті 29 қыркүйек 2011 ж. Тіл-халықтың қазынасы, ұлттың жаны
3.
«Жас алаш» газеті 13 қыркүйек 2011 ж,22 қыркүйек 2011 ж Қазақ тілі мен рухының
көрқазушылары
4.
«Түркстан» газеті 22 қыркүйек 2011 ж Тіл мәселесі ақшамен шешілмейді.
5.
«Қазақстан- Заман» газеті тамыз 2011 ж Ата Заңыныз Алашты ұшпаққа шығарса игі
Резюме
В этой статье говорится о повышении применения государственного языка, а также о
повышении его значения.
This article refers to the raising of the State language, as well as on enhancing its value
371
МӘТІНДІК МАТЕРИАЛ
– ТІЛ ҮЙРЕНУШІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК- МӘДЕНИ
ҚҰЗІРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ЭЛЕМЕНТ
Әзімжанова Г.,
ф.ғ.д., проф.
ҚР ҰҚК Академиясы, мемлекеттік тіл кафедрасы
Жаңа ғасыр басында тіл үйренушілердің әлеуметтік – мәдени мәнмәтіні мейлінше
өзгерді. Қазіргі кезде тілді меңгеріп қана қоймай, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін
жетік, терең білу керек.
Жаңа мақсат-міндеттер тақырыптық материалдың мазмұндық таңдалуы мен
әдістемелік ұйымдасуына жаңаша ыңғай, бап болуын талап етеді. Тілдік білім алу мазмұны
мәдениетті адамды тәрбиелеуге, өз елінің және әлемнің азаматы болуға, әлемдік
қауымдастыққа табысты үлес қосуға және оған жемісті қызмет етуге ықпал етуі қажет.
Профессор Н.Д. Гальскова қазіргі қоғамның көпжақты мәдени бағыт ұстанғанын, басқа
ұлттық-мәдени социумдармен қарым-қатынаста әр субъектің шыдамды болуын, бірін-бірі
түсінуге тырысу керектігін баса айтады, ал ең жақын ортаның көпқырлы екенін назардан
шығармауды қадап айтады. Осыған орай білім алудың көпжақты мәдени мазмұны мен
ұйымдасуына қатысты мәселелер ерекше өзектілік мазмұнмен оқшауланады [2]. Қазіргі
тілдік білім беру аясы тіл үйренушілердің дүниені қабылдау және қоршаған ортаны түйсіну
көзқарасын кеңейту, өзінің ана тілі арқылы басқа мәдениеттің танымдық шекарасын ұлғайту
мәселелері күн тәртібінен түспеуі керек.
Тілдерді меңгерту тек қана олардың коммуникативтік құзыретін қалыптастыруға
бағытталмай, сонымен қатар тілдік қолданыстағы аутентикалық жағдаятта үйреніп жатқан
тілін қолдана білуге дағдыландыру болып табылады. Сол тілде сөйлейтін халықтың тұрмыс-
тіршілігін белгілі бір деңгейде түсіндіре алу және меңгеру, кейбір әдет-ғұрыптарында бар,
қалыптасқан стереотиптерді пайдалана отырып басқа елдің лингвомәдениетін тану және
өзінің жеке дүниетанымын кеңейту тіл үйренушіге қажет қағидалар болып есептеледі, басты
мақсаттар қатарына жатады [4].
Л.М. Андрюхина білім ошақтарында мәдениет туралы жиі айтылатындар артықтық
етпейді, керісінше мәдениетке деген ашықтық « өндірістік қажеттілікке» айналуы керек
дегенді алға тартады. Жаңа педагогика бағыты оқыту үдерісінің өте қомақты спектрін
ашады, ол бойынша тура, бақыланатын педагогикалық әсер етуге емес, жанама, фондық,
туындамаған әсерлерге мейлінше көңіл бөлінеді. Білім беру баспалдағы – мектеп десек,
оның басты мақсаты біліммен барынша « қаруландыру» ғана емес, білім алушылардың
ойлауының жеке дара қабілеттерін ашу мен жетілдіруге жағдай жасау болып табылады.
Л.М. Андрюхина, И.М.Коростельдердің пайымдауынша, білім, оның ішінде барлық
білім беру үдерісі өзін-өзі танудың ашық, динамикалық әлеуметтік-мәдени кеңістігіне
айналуы тиіс, ол өз кезегінде дамыған және әлеуметтік тұлғааралық қарым-қатынас
жиынтығын айналасына тартады, соның нәтижесінде іс-әрекеттің мәнмәтіндік қорының
көпжақтылығы туындайды [2].
Е.Н. Соловова және Е.А.Кривцова бір тілді коммуникативтік мақсатта меңгеру тілдік,
сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құыіретттілікті қажет етеді, осы орайда басқа бір тілді
меңгеру сол елдің қоғамдық және мәдени өмірін де өз еліндей бөлінбейтін бірлікте қатар
түсініп, қарастыруды талап етеді. Сондықтан да басқа тілге үйретуде басты назар
коммуникативтік дағдыларды дамытудан мәдениет жайында сұхбат жүргізуге баулу
дағдыларын қалыптастыруға ауысады [3].
Жоғарыдағы жаңа тұжырымдама авторлары атап өткендей, әлеуметтік-мәдени
құзыреттілік тіл үйренушілердің назарын басқа елдің мәдениетіне, салт-дәстүріне және
реалийлеріне бағыттауды көздейді [4].
Э.И. Соловцова және И.В.Анурова тілдік педагогика шеңберінде бейімділіктің бір
компоненті ретінде әлеуметтік-мәдени біліктілікті ерекше қарастыруды баса көрсетулері
372
күмән туғызбайды, бұл қағида, ең алдымен, тіл үйренушілердің әлеуметтік-мәдени
құзыреттілігін
қалыптастырады.
Сондай-ақ,
авторлар
адамзат
тіршілігіне
қажет
дүниетанымдық құралдар арқылы қалыптасатын функционалды әлеуметтік-мәдени
сауаттылық туралы да ой бөліседі.
Осы үдерістердің нәтижесі мәдениаралық қарым-қатынас аясында (қоғамдық, мәдени
дем алу, отбасылық-тұрмыстық т.б.) қалыпты міндеттерді шешуде, ақпарат қабылдауда
ережелерді білу, қағидаларды қабылдау, жалпы ұғымдар мен дағдыларды қалыптастыруда,
білім алу мен коммуникативтік әрекетте көрінеді.
Мәдени-әлеуметтік ақпараттың басты көзі – оқылым әрекеті арқылы іске асады.
Е.Н. Соловова кітап оқу өнері ақпараттық-академиялық біліктілікті қалыптастырудың жүйелі
негізі болып табылатынын ерекше атайды. Тек қана осы дағдылар адамның үдемелі дамыған
ақпараттық желіде жан-жағын шолып бағыт табуына тиімді көмектеседі, сонымен қатар
қазіргі үздіксіз білім алу жүйесінде өзінің жеке талаптарын іске асыруда дистантты және
жалпы оқытудың көптеген модельдері мен түрлерін ескеруі керек [7].
Сонымен, оқытушының ұсынатын елтанымдық материалы мұқият таңдалып,
сұрыпталуы қажет. Мәтіндер тіл үйренушінің тілдік қабілетіне сәйкес жеңілдетілген,
түсінікті болғаны жөн. Сабақта пайдаланылатын мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған,
өңделген болуы керек. Мәтіндерді сұрыптауға зерттеушілер әр қырынан келіп,көптеген
талаптар қояды: « Мәтін шартты түрде екі қырынан : мазмұндық-әдістемелік және лексика-
синтаксистік, стильдік жағынан тексеріліп, бағаланады [4,43].
Мазмұндық-әдістемелік сипатына: ғылыми мазмұны, оның қажеттілігі, қайталаусыз,
жүйелі
баяндалуы,
теориялық
абстракциялық
деңгейі,
өткен
материалдармен
сабақтастығы,күрделілік деңгейі тіл үйренушінің білімі мен логикалық ойлау деңгейіне
сәйкестілігі, терминологияның бірізді қолданылуы, түрлі ақпараттық және фактілік
материалдың мөлшері т.б. мәселелер жатады. Ал лингвистикалық-стильдік сипатына: тіл
үйренушінің лингвистикалық әзірлік деңгейінің ескерілуі, сөйлемдердің тым ұзын,
шұбалаңқы немесе кілең қысқа да болмауы, оқылуы мен жазылуы қиын көп буынды
сөздердің сирек қолданылуы, абстракт мағыналы және бейтаныс сөздердің қажетті мөлшерде
әрі мағынасы мәтін ішінде түсінікті болатындай етіп жұмсалуы, сөздердің бір мәтінде
екіұшты мағына беретіндей қолданылмауы жатады.
Сабақта қолданылатын мәтін студенттің психофизикалық ерекшелігіне бейімделіп
немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда мынадай факторлардың
кешенді жүйесін ескерген дұрыс: кәсіби мамандығына сай актив сөздер мен түсіндірме
терминдердің көлемі; лексика грамматикалдық материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету;
мәтіннің қиындық деңгейін анықтау критерийі; мәтіннің семантикалық моделін құру
мүмкіндігі; мәтінде ойлау- танымдық мәннің болуы; мәнмәтіндік көркемдік пен жанрлық
шектеулік; тақырыптық қағида; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі.
Негізгі стереотиптермен қатар жас ерекшеліктері мен тілдік аудиторияға
қызығушылық туғызатын тақырып енгізілуі тиіс. Сөйтіп, оқытушы тіл үйренушілердің
қызығушылығын арттыратын тетіктерді іске қосуы талап етіледі. Бұларға таңдалған
материал ерекше әсер етеді, олардың аутентивті, заманауи, динамикалы, топтың білім
деңгейіне сай болғаны жөн. Тіл үйренуші оқытушыны тыңдап қана қоймайды, оқу үдерісіне
белсенді қатынасуы керек. Осы қағидалар тіл үйренуші мәтіндерді түпнұсқадан оқығанда,
сөздікпен жұмыс істегенде, өзі хабарлама дайындағанда қажет элементтер болады.
Елтанымдық сипаттағы мәтіндерді алғандағы негізгі мақсат – шолып шығу, танысу
және зерделей оқу дағдыларын қалыптастыру, яғни нақты тілдік міндеттерді шешу үшін
белгілі көлемде ақпарат сұрыптап алу. Сондай-ақ мәтін сипаты мен оған сай әдістемелік
аппарат тіл үйренушілердің оқытушының басшылығымен де, жеке өздік жұмысында да ,
шағын топта, жеке зерттеу жұмысында да шығармашылық танытуларына мүмкіндік
тудыруы керек.
Егер мәтін оқылым дағдыларын қалыптастыру құралы болмай ауызша және жазбаша
тілдік дағдыларын дамыту мақсатын көздесе, тапсырма тек мәтін толық оқылғаннан кейін
373
беріледі. Соған қарамастан мәтінге дейінгі және мәтіннен кейінгі атқарылатын жұмыстар өз
мәнін жоймайды, керісінше сол сәтте орындалғаны маңызды. Мәтінмен жұмысқа арналған
жаттығулар ішінен нақты ақпарат іздеуге ықпал ететіндерін ғана таңдау керек.
Е.Н.Соловованың ұсынысы бойынша, сұрақтар мәтін алдында беріледі, оларда ақпарат
мазмұны жүйелі сақталмаса да болады. Тапсырманы тез және дұрыс орындау үшін тіл
үйренуші сәйкес келетін ақпарат алғанша алдындағы мәтінге қарап бақылауына болады.
Н.В. Барышников оқылым әрекетін дамытуда оқыған мәтіндерінен ақпаратты бөліп,
сұрыптау дағдыларын қалыптастыруға әсер ететін өзекті коммуникативтік тапсырмаларды
қолданудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Тіл үйренуші өзі оқып отырған материалға тереңдеп бойлаған сайын оқылым
әрекетінің нәтижелілігі осы әдістерді орнымен пайдаланғанда қажетті деңгейде артады.
Оның алдына қойылған проблемалы сипаттағы тапсырмаларға сәйкес анықтағышқа, әртүрлі
әдебиеттерге жүгінуі өзінен-өзі пайдалы екені күмән туғызбайды, сондай-ақ олар сөздік
қорын байытуға, мәтінмен өзбетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді [3].
Н.Д. Гальскованың осы орайда айтқан пайымдауымен келіспеуге болмайды, әрбір тіл
үйренуші ең алдымен, оқу үдерісі тек қана өзінің тілге деген ерік-жігеріне, жұмыс істеу
қабілетіне ғана байланысты әрекет екенін түсінуіне саятынына назар аудартады.
Қазіргі лингвистикалық білім берудің көлемді жекелік-дамыған әлеуетін іске асыру –
тіл үйренушінің интенсивті танымдық әрекет етуіне және оның мейлінше шығармашылық
белсенді өзбетімен жұмыс істеуіне байланысты шараларды меңгеру болып табылады.
Оқыту әрекетін ұйымдастыруда тек осындай жағдаяттар, шарттармен әртүрлі жанрдағы
мәтіндік материалдар пайдаланғанда ғана және соларға проблемалық-коммуникативтік
сипаттағы дағдыларды қалыптастыруға болады. Ұсынылатын мәтіндер ел өмірінен алынады,
оларға берілетін тапсырмалар коммуникативтік бағыт ұстанады. Олардың оқу үдерісінде
қолданысқа енуінің басты мақсаты – тіл үйренушінің тілдік, қолданыстағы тілдік және
әлеуметтік-мәдени құзыреттілік деңгейін көтеру. Одан туындайтын міндеттер: оқып жатқан
тілдегі елдің мәдени өмірімен жан-жақты тереңдеп танысу; жеке және ұлтаралық қарым-
қатынасқа дайын болуын қалыптастыру; шет тілі құралдары арқылы өзбетінше тіл
байлығына үңілуге үйрету; басқа тілдерде оқығандарын өз елінің қоғамдық және мәдени
өмірімен үздіксіз бірлікте зерделей оқу үрдісін дамыту. Төмендегідей тапсырма түрлерін
ұсынуға болады:
-
ізденіп оқу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған (оқыған мәтін мазмұнына сұрақ қою);
-мәтінде кездесетін жаңа лексикалық бірліктерді түсінуге көмектесетін тапсырмалар;
әртүрлі вариантты жауабы берілген альтернативтік сипаттағы сұрақтар;
-
мәтінде кездесетін реалийлерге байланысты қосымша ақпараттарды меңгеру
мақсатында қазіргі техникалық құралдарды пайдаланып, іздену тапсырмалары;
-
Интернет сайттарына, сөздік, анықтағыш материалдарына қатысты шығармашылық
тапсырмалар;
-
Оқылған материалға сәйкес өз ойын, көзқарасын дәлелдеу мақсатында берілетін
тапсырмалар;
-
Кейбір материалдарға қосымша берілетін мәтінге дейінгі тапсырмалар варианттары т.б.
Тілдік әрекет түрлерін қалыптастыруда когнитивтік бағыт деп аталатын форма кең
таралуда. Кейбір зерттеушілер осындай ыңғай, бағытты «коммуникативтік-когнитивтік» деп,
басқа әдіскерлер когнитивтік-коммуникативтік деп атап жүр.
Лексиканы меңгертуде осы бағыттың маңыздылығы мен өзектілігі «тіл – ойдың
құралы» деген қағиданың басшылыққа алынуымен түсіндіріледі. Сөз тілдік және сөйлеу
тәжірибесін ұйымдастырудың маңызды құралы болып табылады, ол білім, дағды мен
біліктілікте іске асады. Коммуникативтік ыңғай мен танымдық (когнитивтік) арасындағы
байланыс қазіргі кезде ерекше мағынаға ие болып отыр. Осындай бағыттар арасындағы
байланысты И.Л.Бим «методологиялық мән» деп ажыратады [6]. А.В.Щепилова
коммуникативтік-когнитивтік түрін қандай тілді меңгеруде болсын «шартты қажеттілік» деп
есептейді. Осындай бағыт тіл үйренушінің тіл жүйесі туралы (мақалаға қатысты лексика
374
саласы) көзқарасын қалыптастыруға ерекше назар аудартады, осы материалды пайдалану
арқылы әртүрлі бағытта тілдік әрекетке деген қабілет дамиды.
Лексиканы меңгертуде кездесетін кемшілік – тіл үйренушінің өз ойын жеткізуде,
сөйлем құрауда немесе басқаның айтқанын қабылдауда лексикалық материалды алдын-ала
болжай алмауы, ондағы есте сақтауға қажет «семалық конкретизаторлар» деп аталатындарды
ажыратпауы, сөздік жұптар, яғни тақырыптық байланысқан сөздерді ассоциациялап, сөздік
материалды дұрыс кодтай білмеуі. Осындай себеп-салдардан айтылымның тілдік сипаты
жоғалады, сапасы төмендейді. Тіл үйренушінің төмендегідей дағдылары жетілмейді:
а) қажет фактілерді берілген лексикалық бірліктермен көрсете алмауы; ә) логикалық және
сауатты сөйлесімнің болмауы; б) өзіне таныс лексика-грамматикалық бірліктер арқылы
айтылымды күрделендіре алмауы; в) берілген тақырыпқа сай айтылымды лексикалық
бірліктермен толықтыра алмауы; г) лексикалық коррекция жасауы төмен болуы;
д) оқытушыдан немесе серіктесінен түсірілген қажет лексиканы сұрай білмеуі.
Когнитивтік бағыт талаптарына қатысты лексиканы меңгерту мақсаты мен
міндеттеріне қол жеткізу үшін арнайы жаттығулар ұсынуға болады: 1) сөздің когнитивтік
бейнесін түзу; 2) тіл үйренушінің лексикалық материалды болжай білу дағдыларын дамыту;
3) әртүрлі жолдармен лексикалық аппаратты кодтау дағдыларын қалыптастыру;
4) лексикалық креативтілікті жетілдіру; 5) ұлттық мәдениетке қатысты семаны сөз мағынасы
құрылысынан ажыратып, бөле білу және оны сәтті қолдана алу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Андрюхина Л.М. Коростель И.М. Учение как социо-культурный контекст
индивидуального развития и самоопределения учащегося. Школа как открытое
образовательное сообщество. Материалы научно-практической конференции/ Екатеринбург,
2003. – 67 с.
2.
Гальскова Н.Д. Образование в области иностранных языков: Новые вызовы и
приоритеты // Ин. Яз в шк. 2008.-№5.
3.
Соловова Е.Н. Методика отбора и работы с текстами для чтения на старшем этапе
обучения// Ин. Яз. В шк. 2007.№2.
4.
Анурова И.В. Понятие функциональной социокультурной грамотности в курсе
обучения ин. Языкам//Ин.яз.в шк. 2007.№2.
5.
Бим И.Л. Теория и практика обучения нем. Языку. – М.: Просвещение, 1998.
6.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1991.
7.
Шаханова Р.А. Қазақ тілін оқытуда мәтіндердің жалпы сипаттамасы// әл-Фараби
атынд. ҚҰУ-нің Хабаршысы. Филология сериясы №8.-2004.
Достарыңызбен бөлісу: |