Резюме
Статья посвящена системе работы с профессионально направленными текстами для
обучения государственному языку студентов технических вузов.
Summary
Article is devoted system of work with professionally directed texts for training to a state
language of students of technical colleges.
СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ДАМУЫ
Өмірбеков Аспандияр Әденұлы
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы
Ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еліміздің жер асты байлығын ашып, оны ел
игілігіне пайдалануда орасан зор еңбек сіңіргені көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматқа белгілі
Сонымен қатар Қ.Сәтбаевтің басқа ғылым салаларына да оның ішінде гуманитарлық
ғылымдар саласына да қол ұшын созып, тікелей араласуы бұл ғылымдардың қалыптасып
дамуына өсіп өркендеуіне айтарлықтай ықпал етті.
1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылған тұста Академия құрамында
әдебиет және өнер, Тарих-Археология, Тіл білімі институттары ашылды. Бір таңқаларлығы
Академияның негізгі бас корпустары осы институттардың иелігіне берілді.
Ұлт көсемі, Ұлы лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінде жасап
кеткен Ұлы реформасынан кейін қазақ тілі қазақ ұлтымен бірдей азамат соғысы, аштық пен
қуғын-сүргін, латын әрпіне көшу, кирилица жазуына ауысу, ең соңында екінші дүниежүзілік
649
соғыстың лаңына тап келіп, тоқырау кезеңін бастан кешірді. Жаппай орыстандыру
саясатының бел алуы да қазақ тілін қыспаққа ала түсті.
Қ.Сәтбаев бастаған Ұлт зиялылыары бұл мәселені жақсы түсінді. Қалай да қазақ тілін
дамытып, тіл біліміне жігерлі жас мамандарды тарту идеясы қолға алынды. XX ғасыр
басында егжей-тегжейлі зерттеліп, грамматика, лексика бір жүйеге түсірілген қазақ тіл
білімін әрі қарай өрістету үшін әрбір жас тілші ғалым А.Байтұсыновқа сүйенуіне тура келді.
Бірақ Алаш-Орда партиясының көшбасшысы болған, халық жауы деген жалған жала
тағылған Ұлт көсемінің еңбектеріне сүйену түгіл, атын атаудың өзі қауіпті болып тұрған
кезде қандай амал айла қарастыру керек еді.
Қ.Сәтбаев Тіл білімі институтының ғалымдарымен оңаша кеңесіп отырып, ең алдымен
институту құрамынан тіл білімінің салалары бойынша бөлімдер ашуды жоспарлады. Онда
грамматика, лексика, терминология, диалектология, тіл тарихы, жер-су атаулары т.б.
бөлімдер ашгылып, іске кірісіп кетті. А.Байтұрсынов еңбектері, ол жасап кеткен тіл білімі
терминдері өзгеріссіз сол күйінде қабылданып жатты. Бірақ еш жерде А.Байтұрсыновқа
сілтеме жасалмай, оның аты-жөнін жазбай тек еңбектері ғана ел игілігіне жұмсала берді.
Тіпті тергеп, тексеру болған жағдайда А.Байтұрсынов еңбектерін жалған авторға бұра салу,
не топтың еңбегі ретінде сілтей салу тәсілдері дұрыс пайдаланылды. Оның бәрін тіл білімі
институтының қызметкерлері де, оқыған қазақ зиялылары да, ел ішіндегі қазақ тілі мен
әдебиеті ұстаздары да жақсы біліп жүрді.
Ұлы ғалымның есімі уақытша бүркемеленсе де, Тіл біліміндегі баға жеткісіз ұлы
еңбектері бір сәт өзінен ажыраған жоқ. Баланың фамилиясы қалай өзгерсе де оның әкесінің
кім екені елге аян еді.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев Тіл білімі институтының
ғалымдарына А.Байтұрсынов еңбектерін пайдалануға, одан үйренуге, соның әдіс-тәсілдерін
пайдалануға тиым салған жоқ, керісінше емін-еркін жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызды.
Көп ұзамай-ақ Тіл білімі институтының қажырлы еңбегінің арқасында қазақ тіл білімінің
зерттелуі қарқынды жүргізіле бастады, Тіл білімінің сала-салалары бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізіліп қаншама кандидаттық, докторлық жұмыстар қорғалып жатты. Аймақ-
аймақтарға шыққан тілші-ғалымдар, жер-су атаулары бойынша, жергілікті тіл ерекшеліктерін
жинау барысында қыруар жұмыстар жүргізді. Мектептерге арналған қазақ тілінің оқулықтары мен
оқу құралдары, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған құнды дүниелер үздіксіз басылып,
аймақ-аймаққа таралып кетті. Қ.Сәтбаев кезеңіндегі қазақ тіл білімінің дамуы, зерттелуі және
оның оқытылуы өзінің шарықтау деңгейіне жетті.
А.Жұбанов, Қ.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев т.б. Тіл
білімінің ғалымдары Ұлт тілін дамыту жолында аянбай тер төкті.
Бүгінгі таңда өз ұлтымен де, өз еңбектерімен де қайта қауышқан А.Байтұрсынов есімі
осы Тіл білімі институтына берілді.
650
ТРУДЫ
МЕЖДУНАРОДНОЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ КОНФЕРЕНЦИИ
«АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБУЧЕНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОМУ ЯЗЫКУ:
НЫНЕШНЕЕ СОСТОЯНИЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ»,
посвященной 20-летию Независимости Республики Казахстан и 20-летию
кафедры казахского языка
Компьютерная верстка
Л.Т. Касжанова
А.Н. Оразалиева
Сверстано и отпечатано с авторских оригиналов. Ответственность за научное содержание,
стилистические, грамматические и пунктуационные ошибки несут авторы.
Подписано в печать 31.10. 2011 г.
Бумага офсетная. Формат 60x84 1/16.
Объем 38,2 уч.-изд. л. Усл.п.л. 22,3. Тираж 95 экз.
Заказ № . Цена договорная
Издание Казахского национального технического университета
имени К.И. Сатпаева
Информационно-издательский центр
г. Алматы, ул. Сатпаева 22