Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата03.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7247
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42

Выводы  
Таким образом, сравнительный анализ показал, что из выделенных 10 штаммов Rh. 
galegae, 4 штамма  № 3, № 4, № 8, № 10 оказались наиболее эффективными и являются 
конкурентоспособными  среди  местной  популяции  специфичных  ризобий,  способным  к 
формированию  эффективного  симбиоза  с  растением – хозяином.  Несмотря  на  то,  что 
Rhizobium  встречается  повсюду,  однако  для  различных  географических  широт  и  типов 
почв  имеются  преимущества  в  распространении  определенных  специфичных  групп 
ризобий. Изучение их конкурентоспособности имеет важное значение при интродукции в 
почву.
 
Литература  
1. Гареев  Р.Г.  Опыт  возделывания  козлятника  восточного / Р.Г.  Гареев //
Кормопроизводство. 1999 . - №10. - С. 13-14. 
2.Баймиев  А.X,  Губайдуллин  И.И.  Влияние  природных  и  гибридных  лектинов  на
взаимодействие бобовых растений с ризобиями // Прикладная биохимия и микробиология. 
2009. Т. 45, № 1. С. 84-91.  
3. Ванькова,  А.А.  Эффективность  инокуляции  козлятника  восточного  штаммами
клубеньковых  бактерий  рода Rhizobium /А.А.Ванькова,  Ю.А.  Ледовская//  Труды  БГУ 
2010, том 4, выпуск 2 Обзоры 8 Сельскохозяйственная микробиология в XIX–XXI веках: 
тезисы докл. Всер. конф., С.– Петербург, 2001г.: /С.–Петербург, 2001.– С.45–46. 
4. Хидиров  К.  Р.  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  тау  бөктерлік  далалық  аймағы
жағдайында  шығыс  ешкішөбін (Galega orientalis Lam) өсірудің  негізгі  тəсілдері:  ауыл 
шаруашылығы  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дəрежесін  алу  үшін  дайындалған 
диссертацияның авторефераты / - Алматы, 2010. - 24 б. 
5. Аллабердин  И.  Л.,  Шарифянов  Б.  Г.  Зеленая  масса  козлятника  восточного  в
кормлении бычков. //Кормопроизводство, № 8. 2001. - с. 25-27 
Мукушева Г., Сыбанбаева М.А., Ултанбекова Г. 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРІЛГЕН ШЫҒЫС ЕШКІШӨБІНІҢ 
ТҮЙНЕК БАКТЕРИЯЛАРЫНЫҢ БƏСЕКЕГЕ ҚАБЫЛЕТТІ ЖƏНЕ ТИІМДІ ЖЕРГІЛІКТІ 
ШТАМДАРЫН (RHIZOBIUM GALEGAE) БӨЛІП АЛУ 
Бұл  жұмыста  Алматы  облысының    жағдайында  өсіретін  шығыс  ешкішөбінің 
ризосфера аймағынан бактерия түйнектері жиналып, аборигенді түйнек бактерияларының 
белсенді штамдары бөліп алынды.  

118 
 
Mukusheva G., Sybanbaeva M.А., Ultanbekova G. 
 
ISOLATION COMPETITIVE AND EFFICIENT LOCAL STRAIN  
(RHIZOBIUM GALEGAE) GALEGA UNDER THE ALMATY REGION 
 
Stand out from the root nodules galega growing in the soil and climate conditions of 
Almaty region, the active strains of Rhizobium galegae to develop biological product in order to 
use them for pre- inoculation. 
 
 
ƏОЖ 633.2.031/033 
 
Нуралиев С.К., Тоқтарбекова С.Т.,
 
Кенебаев А.Т.
 
 
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті  
 «Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС  
 
ТАБИҒИ ЖАҒДАЙДА ӨСЕТІН БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕРДІҢ ТАБИҒИ 
ТҮРЛЕРІН ЖИНАУ АРҚЫЛЫ ГЕН ҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Аңдатпа  
Қазақстанның  табиғи  ландшафттары  бойынша  жабайы  өсетін  жемдік  шөптерді 
жинау,  жасалынатын  сұрыптардың  ыстыққа,  құрғақшылыққа  төзімділігі,  ауруларға 
төзімділігі,  тұзға  төзімділігі  бойынша  бейімделу  белгілерін  күшейту  үшін  гендік  қорды 
кеңейту жəне рекурентті селекцияда пайдалану көзделеді. 
Кілтті  сөздер:  көпжылдық  бұршақ  тұқымдас  жабайы  шөптердің  үлгілері, 
экотиптері, кариологиялық зерттеу 
Кіріспе  
Егемен  Қазақстанның  өз  алдына  генетикалық  ресурстарын  қалыптастырусаясаты 
азық-түлік  мəселелерін  шешудегі  бірден-бір  маңызы  зор  шаралар  болып  саналады. 
Агробиологиялық  сан  алуандылық  мəселелері  жəне  оларды  пайдалану  жолдары 
агроөнеркəсіп кешенінің жəне ғылымның басым бағыттарына айнала бастады. 
Қазақстан  Республикасы  биологиялық  сан  алуандылықты  сақтау  Конвенциясына 
қосылды[1].  Конвенция  бірқатар  халықаралық  міндеттемелерді,  оның  ішінде,  ұлттық 
генетикалық  ресурстарды  сақтау  жəне  дамыту  үшін  жауапкершілікті  көздейді. 
Өсімдіктердің  генетикалық  ресурстарын  Орталық  Азияда  жəне  Закавказия  елдерінде 
сақтаудың,  толықтырудың  жəне  пайдаланудың  Аймақтық  стратегиясы  мақұлданды [2]. 
Бұл  маңызы  зор  құжатта  аймақтың  мəдени  өсімдіктер  қорының  əр  алуандығын  сақтау 
стратегиясының  маңыздылы  жəне  əлемде  болашақ  ұрпақтар  игілігіне  жарату  аса  ірі 
құндылықтар ретінде мойындалды.  
Қазіргі  жағдайда  ауыл  шаруашылығының  өзекті  мəселелерінің  басымдылық 
бағыттағы  генқорын  қалыптастыру  жəне  аймақтық,  сонымен  қатар  халықаралық 
серіктестік жүргізу көзделіп отыр.  
Қазақстан  флорасы  өте  бай,  қызығушылық  тудыратын  жем-шөптік  дақылдардың 
түрлік  құрамы  жəне  экотиптері  бойынша  бірегей  алуан  түрлілігімен  ерекшеленеді. 
Əртүрлі  дақылдардың  оның  ішінде:  Жоңышқа(MedicagoL):  M.сoerulea, M. difalcata, M. 
falcata, M.sativa, M.varia, M.tianchanic, M. Trautvettei; Түйежоңышқа (Melilotus): М.albus 
Dest ,  М.officinalis Dest. sp.vilgicus; Беде  (Trifolium):  Т.medium,  Т.pretense L ; Эспарцет 
(Onobrychis):  О.arenaria,О.inermis,  О.viciafolia scop, О.antasiatic Khim; Сеңгірлек 
(Astragalus):  А.alopecias , А.anungdalinus, А.chionantus, А.flexus, А.globiceps, А.sieversianus, 

119 
А.turszaninovii,  А.unifolatus,  А.vulpinu,  Сиыржоңышқа(Vicia. L.).: V. sativa L., V.villosa 
Roth.;  Ешкібұршақ  (Galéga officinális) жəне  тағы  басқа  түрлері [2, 3, 4] селекция 
жұмыстарын дамытуда алатын орны зор. 
Материалдар мен əдістер  
Қазір  қолда  бар  гендік  қорды  жабайы  өсетін  үлгілермен  толықтыру  жемшөптік 
дақылдардың топтамалар құрамын одан əрі кеңейтудің аса құнды көзі болып табылады. 
Далалық  экспедиция  барысында  алған  үлгілерді  талдау,  жеміс  элементтерін  жəне 
дəндерді  морфологиялық  белгілері  бойынша  сипаттау  жəне  белгілі  бір  түрге  жатқызу, 
оларды  селекцияда  қолдануға  мүмкіндігін  ашады.  Жекелей  алғанда,  морфологиялық 
сипаттағы  белгілер:  бұршақтың  түсі  мен  пішіні,  дəндердің  өлшемдері  мен  олардың  түсі 
талдауға алынатын жəне селекцияға керекті белгілерге жатады. 
Цитологиялық  зерттеулер  қысым  препараттарын  қолдана  отырып,  Н.И.Вавилов  
Бүкілодақтық  өсімдік  шаруашылығы  институтының  əдістемесі  бойынша [1] митоздық 
хромосомаларды зерттеу арқылы жүргізілді. Қысым препараттары əдісі, жас өскіндерді 8-
гидроксихинолинмен, l-монобромнафталинмен,  порадихлорбексолмен  алдын-ала  өңдеуге 
байланысты оң нəтижелерін береді. 
Зерттеу нəтижелері  
Цитологиялық зерттеулер төмендегі кезеңдер бойынша жүргізілді:  
-  Өсіру.  Дəндерді  Петри  табақшасында  дымқыл  сүзгіш  қағазда  өсірілді.  Дəндер 
салынған  Петри  табақшасында  температурасы 23-25
о
С  болатын  термостатқа 
орналастырылды.  Тамырлары 4-5 тəуліктен  кейін  пайда  болды.  Жасушалардың  қалыпты 
өсуіне қажет белсенді митоз тудыру үшін оптимальды жағдай туғызылды.  
Сурет 1 - Жабайы түрлердің дəндерін өсіру 
-  Материалды  бекіту.  Өскін  тамырлар  алдын  ала  арнайы  реактивтермен: 8-
оксинолинмен,  хлоралгибритпен,  парадихлорбензолмен  жəне  суықпен  өңделді.  Бекіту 
колцихиннің 0,01-0,03% концентрациясы арқылы өлшемі 2-3 мм экспланттарда жүргізілді. 
Сондай-ақ  парадихлор  бензолдың  ерітіндісі  пайдаланылды.  Бұл  үшін 5-10 г    кристалл 
парадихлорбензолды 500 мл.  тазаланған  суда  еріп  жəне  термостаттағы  жабық  ыдыста 
60
о
С  температура  кезінде 10-12 сағатқа  қалдырылды.  Материалды  ерітіндімен 12-16
о
С 
температура 
кезінде 2-3 сағат 
өңдейді. 
Дəнді 
дақылдарды 
зерттеулерде 
монобромнафталиннің  судағы  қаныққан  ерітіндісін  жəне  колхициннің 0,1-0,01%-дық 
ерітіндісін пайдаланады.  
Бекіткішті  бұзылып  кетпеу  үшін  пайдаланар  алдында  ғана  дайындайды.  Карнуа 
бекіткіші (6:3:1) цитологиялық практикада қысым препараттарын дайындау үшін кеңінен 
қолданылады. Бекітудің ұзақтығы 2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылды. 
-  Зерттеудің  келесі  кезеңі – бұл  қималарды  ацетокарминмен  бояу.  Цитологиялық 
практикада  ацетокармин  əдетте  уақытша  препараттарды  бояу  үшін  қолданылады. 
Ацетокарминді  дайындау: 1-2 г  карминді 45 мл  мұзды  сірке  қышқылында  жəне 55 мл 

120 
 
тазаланған суда ерітеді. Ерітуді кері тоңазытқышы бар колбада, одан кейін  30-60 минут 
ішінде  қыздырумен  сулы  булы  ыдыста  жүргізіледі.  Суығаннан    кейін  карминнің  қоңыр-
қызыл  ерітіндісі  сүзіліп,  қақпағы  көтерілген  ыдысқа  орналастырылды,  тамшылатқышқа 
құйылады. 
Зерттеулер  өсімдіктердің  бастапқы  түбірлерінде  жүргізілді:  пинцетпен  тамырларды 
алып  шығып,  əйнекшеге  орналастырады.  Бекітілген  түбірді  ұсақ  етіп  ұсақтайды,  немесе 
пинцеттің  көмегімен  жағынды  дайындалады.  Тамырдың  ішіндегі  бояуды  препаратты 
спирт  шамда  қыздыра  отырып,  ацетокарминмен  жүргізеді.  Түбір  ішіндегі  артық  бояуды 
ығыстыру 45%-дық сірке қышқылының тамшысында жүргізіледі. 
Хромосомалардың  санын  анықтау,  митоздың  бірінші  бөлінуінің  метафазасында 
жүргізіледі. Қышқыл сүзгіш қағазбен созылады.  Одан кейін түбірлерді қышқылдың жаңа 
тамшысына орналастырады, жамылғы əйнекпен жабады жəне қайырылған инемен жеңіл-
желпі  басып  езеді.  Зерттеу  микроскоп  астында  жалғасады  жəне  хромосомалар  санын 
есептеу жүргізіледі. 
Жабайы түрлердің кариотиптерін зерттеудің нəтижесінде соматикалық жасушаларда 
хромосомылардың кең өзгеру құбылысы анықталды. 
Бидайықтың 
(Agropyron temerum) хромосомаларын 
соматикалық 
санын 
цитологиялық талдау арқылы оның 9-дан бастап, 26-ға дейін өзгеруі байқалды. 
 
 
 
Сурет 2 - Бидайықтың жабайы үлгісінің (Agropyron temerum) картотипі 
 
Олардың  барлығы  хромосомалардың  саны  бойынша  химерлі  болды.  Дəнді 
шөптердің  соматикалық  жасушаларындағы  хромосомалардың  саны  бойынша  химерлілік 
жабайы түрлерге тəн əдеттегі құбылыс болып табылады. 
Бұршақ шөптерінің (суыр жоңышқа – Onobrychis arenaria) жəне беденің (Trifolicum 
pretense)  біз  талдап  шыққан  түбірлерін  хромосомалар  саны  бойынша  анықтау  қиынға 
соқты. Хромосомалар зерттеліп отырған үлгілерде жəне түбірлердегі хромосомалар саны 
мозаикалы,  көмескі  болды,  зерттеліп  отырған  өсімдіктердегі  көмескілікке  қарамастан, 
хромосомалардың  саны 11 бастап 29 дейін  өзгерді, 20 – 29 хромосомалы  түбірлер  жиі 
кезікті. 
 

121 
Сурет 3 - Сиыр жоңышқаның жабайы үлгісіндегі (Onobrichisarenaria) картотип 
Бидайықтың  жəне  сиыр  жоңышқаның  жабайы  түрлерінің  цитологиялық 
ерекшеліктерін  зерттеу  олардың 28 жуық  хромосомалар  саны  бар,  хромосомалар  саны 
бойынша  əр  алуандырақ  екендігін  көрсетті.  Зерттеу  жұмыстары  əрі  қарай  жалғасуда. 
Зеттеулер  Алматы,  Жамбыл  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  бойынша  табиғи 
ландшафттарда  өсетін  бұршақ  тектес  шөптердің  жабайы  түрлерін  экотип  деңгейінде 
экспедиция ұйымдастыру арқылы жинау жəне жиналған үлгілердің тұқымы ажыратылып, 
далалық  егістік  жағдайында 2016 жылдан  бастап  күнтүзбелік  жоспарға  жəне  жұмыстың 
жалпы  бағытына  сəйкес  зерттеулер  жүргізу  көзделеді.  Жабайы  үлгілердің  қай  түрге 
жататынын нақтылы анықтау мақсатында кариологиялық зерттеулер атқарыла бастады.  
Қорытынды  
Алматы,  Жамбыл  жəне  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  жер  көлемінде  экспедиция 
жүргізіліп, 100 ден аса жабайы үлгі жиналды, оның ішінде жоңышқа 64, түйе жоңышқа 10, 
сиыр жоңышқа 5, беде 3, мүйізді лотус 1 жəне басқалары. Түрлерді нақтылы анықтау үшін 
кейбір үлгілерге кариологиялық зерттеулер жүргізілді.   
Əдебиеттер   
1. Конвенция  о  биологическом  разнообразии. The Interim Secretariat for the
Convention. - Geneva Exucutive Centere, 1992. – 34 с. 
2. Уразалиев  Р.А.,  Алимгазинова  Б.Ш.,  Кененбаев  С.Б.,  Есимбекова  М.А.,  Мукин
К.Б.  Второй  Национальный  отчет  о  состоянии  Генетических  Ресурсов  Растений  для 
Продовольствия и Сельского Хозяйства в Казахстане. – Алматы: Асыл Кiтап, 2007. –106 с. 
3. Meyrman G.T., Yerzhanova S.T. The formation  and study in the culture of genetic
resources of forage crops by the expeditionary collection of wild forms from natural landscape of 
Kazakhstan//Ekin Journal of Crop Breeding and Genetics. July, 2015, Vol.1, №2. –P. 70-77 
(импакт-фактор). 
4. Meyrman G. Biodiversity of the species of alfalfa in the flora of Kazakhstan and their
usage for breeding  on drought tolerance// The Intrnational Symposium of Forage Breeding. 
2015, 18 – 23 October. -Buenos-Aires. –P.23.  
Нуралиев С.К., Токтарбекова С.Т.,
 
Кенебаев А.Т. 
ФОРМИРОВАНИЯ ГЕНЕТИЧЕСКИХ РЕСУРСОВ ПУТЁМ СБОРА ДИКОРАСТУЩИХ 
ВИДОВ СЕМЕЙСТВА БОБОВЫХ РАСТЕНИЙ ПРОИЗРАСТАЮЩИХ В 
ЕСТЕСТВЕННОЙ СРЕДЕ 
Сбор  дикорастущих  экотипов  кормовых  трав  по  природным  ландшафтам 
Казахстана,  их  изучение  в  культуре  для  расширения  генофонда  и  использования  в 
рекуррентной  селекции  для  усиления  адаптационных  признаков  создаваемых  сортов  по 
жаро-, засухоустойчивости, устойчивости к болезням, солеустойчивости. 

122 
 
Nuraliyev S.K., Toktarbekova S.T., Kenebaev A.T. 
 
FORMATION OF GENETIC RESOURCES BY COLLECTING WILD SPECIES OF THE 
LEGUME FAMILY PLANT GROWS IN A NATURAL ENVIRONMENT 
 
Collection of wild ecotypes of forage grasses on natural landscapes of Kazakhstan, in the 
culture of their study for the expansion of the gene pool and use recurrent selection for 
enhancing adaptive signs of heat-generated varieties, drought resistance, disease resistance, salt 
tolerance. 
 
 
ƏОЖ:  653.526.32 
 
Нұрбаева М.Б., Атақұлов Т.А. 
 
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ СОРТАҢДАЛҒАН ТОПЫРАҚТА 
ЖҮГЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ФОСФОГИПСТІҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Аңдатпа  
Мақалада сортаңданған суғармалы жерлерде фосфогипс пайдаланып, оның оңтайлы 
мөлшерлерінің  жүгері  дақылының  өнімділігіне    жəне  экономикалық  тиімділігіне  əсері 
келтірілген. 
Кілт сөздер: фосфогипс,себу,енгізу,мелиорант,сортаңдалған,технология.   
 
Кіріспе  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
«Жаңа  онжылдық – жаңа  экономикалық  өрлеу – Қазақстанның  жаңа  мүмкіншіліктері» 
атты  Жолдауында  алдымызда  оңжылдықта  республикамыздың  агроөнеркəсіптік  кешенің 
дамыту  үшін  үш  бағыт  бойынша  журу  керектігі  ерекше  атап  көрсетілген.  Ол  біріншіден 
еңбек өнімділігін арттыру, екіншіден елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне 
экспорттық əлументті іске асыру [1].  
Ауыл  шаруашылығында  еңбек  өнімділігін  арттыру  бірінші  кезенде  жерді  тиімді 
пайдалануға  байланысты.  Бұған  топырақ  құнарлылығын  арттыру,  өндіріске  озық 
техналогияны  енгізу,  жерді  химияландыру,  яғни  тынайтқыштарды  кеңінен  пайдалану 
егістік  жерлердің  құрылымын  жақсарту  ауылшаруашылығы  дақылдары  өнімін  молайту 
арқылы қол жеткіземіз. Сортаңдалған топырақтардың кері əсерлерін жою əдістерінің бірі 
фосфогипсті  химиялық  мелиорант  ретінде  енгізу.  Фосфогипсті  суармалы  жерлерде 
химиялық мелиорант ретінде пайдаланудың тиімділігі оның химиялық құрамына тікелей 
байланысты.  Себебі,  оның  құрамында  кальцидің  мөлшері 25,67-27,53% аралығында 
өзгереді.  Сонымен  қатар,  фосфогипстің  құрамында  фосфор,  кальций,  өсімдікке  қажетті 
микроэлементтер  бар  жəне  оның  ортасы  қышқылды  орта  болып  саналады.  Сондықтан 
фосфогипстің  құрамындағы  фосфор  топыраққа  жылдам  ауысып  оның  құнарлылығын 
арттырады [2]. 
 
Зерттеулер материялдары жəне əдістемелері  
Қазақстанда ең тиімді жəне арзан химиялық мелиорант фосфогипс болып саналады. 
Қазіргі  кезде  «Қазфосфат»  ЖШС  фосфор  тыңайтқыштарын  өндіретін  зауыттарының 
маңында 8 млн тоннадай фосфогипс бар. Сондықтан фосфогипсті сортаңдалған жерлерге 
мелиорант  ретінде  пайдалану  үшін  өндірістік  тəжірбие  зерттеулерімізді,  Аса-Талас 
өзендерінің алабында  жүргіздік.  Арнайы  тəжірбиелер  Қазақ  Су  шаруашылығы  ғылыми 

123 
зерттеу  институтының  ғалымдарымен  бірлесе  отырып,  мына  нұсқалар  бойынша 
жүргізілді:  
1. Фосфогипс енгізілмеген  (бақылау нұсқасы);
2. Фосфогипс 3,5 т/га мөлшерде енгізу;
3. Фосфогипс 7 т/га мөлшерде енгізу.
Зерттеулер нəтижелері  
Фосфогипс  енгізу  мөлшері  оның  ылғалдылығына  байланысты  болады.  Сортаң 
топырақты  фосфогипс енгізу  арқылы  мелиорациялау  тиімділігі,  оның  құрамындағы  гипс 
үлесіне  тікелей  байланысты.  Таза  гипс  мөлшерін  фосфогипске  айналдыру,  оның 
ылғалдылығын  ескеріп  есептеуді  қажет  етеді.  Мысалы,  фосфогипс  ылғалдылығы 8% 
болғанда 0,92, 20% - 0,8, ал 25% - 0,75 коэфиценттері қолданылады. Сондықтан топырақ 
қабаты артқан сайын енгізілетін фосфогипс мөлшерінің өсуі керек екені анықталды.  
Фосфогипс  суғармалы  жерде  күзде  енгізіледі.  Ал  көктемде  фосфогипс  енгізілген 
танабына  дəндік  жүгері  егіледі.  Жүгері  суару  кезінде  топыраққа  судың  біркелкі  тарап 
сіңуі  үшін  фосфогипс  енгізілген  жерді,  егін  егер  алдында  тегістеп,  қопсыту  жұмыстары 
жүргізіледі.  Жыртып  болған  соң,  жаппай  жауын-шашын  жауар  алдында  есептелген 
мөлшер бойынша фосфогипс енгізіледі. Оны топырақ бетіне біркелкі енгізу үшін РУМ-5 
немесе 1-РМГ-4  арнайы  сепкіштері  қолданылады.  Жүгері  себер  алдында  фосфогипстің 
топырақтың ылғалдылығына əсері бар екені дəлелдеді. Мысалы, фосфогипс енгізілмеген 
бақылау  нұсқасында  топырақтың 0-20 см  қабатындағы  ылғалдылық  өте  төмен 7,9% 
немесе 201 м³/га  болды.Фосфогипс  енгізілген  нұсқаларда  топырақ  ылғалдылығының 
артқаны анықталды. 
Енгізілген  фосфогипс  мөлшері 3,5 т/га  болған  нұсқада  топырақтың  үстіңгі 0-20 см 
қабатында топырақ ылғалдылығы 12,1% немесе 307 м³/га болды. Фосфогипс мөлшерінің 
7,0 т/га жетуі, топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғал қорын 17,7% дейін өсіріп, 373 м³/га 
жеткізді.  Жүгерінің  өсіп-дамуын  бақылау,  топыраққа  фосфогипс  енгізілген  нұсқаларда 
олардың  тез  дамуының  орын  алатындығын  көрсетті.  Сондықтан 2 жəне 3 нұсқаларда 
жүгері биіктігі 280-300 см аралығында болды. Фосфогипс 3,5 т/га мөлшерде қолданылған 
нұсқада  жүгерінің  өсуі  төмендеп,  оладың  биіктігі 220-250 см  аралығында  болды. 
Топырақтың    сортаңдануы  жүгерінің  өсіп-дамуынан  қатар,  оның  өнімділігіне  де  əсерін 
тигізеді.  Мысалы  бақылау  нұсқасында  жүгері  дəнінің  өнімділігі  гектарына 5,80 тонна 
болса,  фосфогипс  енгізілген  нұсқаларда  өнім 7,70-10,4 т/га  аралығында  болды.  Дəндік 
жүгерінің,  енгізілген  фосфогипс  мөлшерінде  байланысты  өнімділігінің  өзгеруі,  олардан 
түсетін таза пайда мөлшеріне де əсерін тигізді (1-кесте).  
Кесте 1 – Сортаңдалған  топыраққа  фосфогипс  енгізудің  жүгері  дақылының 
өнімділігіне жəне экономикалық тиімділігіне əсері 
Көрсеткіштер 
Нұсқалар 
Фосфогипс 
енгізілмеген,
бақылау 
Фосфогипс, 
3,5т/га 
Фосфогипс,
7т/га 
Топырақты мелиорациялау мен жүгері 
өндіруге кеткен жалпы шығын, тг/га 
42000 45200 53400 
Жүгері дəнінің өнімділігі, т/га
5,80 
7,70 
10,4
Жүгері дəнінің құны, тг/га
134200 
184800 
249600
Жүгері дəнінен түскен таза пайда, тг/га
97200 139600 196200 
Фосфогипс енгізуден түскен қосымша 
таза пайда, тг/га 
           ---- 
42400 
99000 

124 
 
Кестеде  келтірілген  зерттеу    нəтижелеріне  сүйене  отырып,  сортаңдалған  топырақ 
құнарлылығын    арттыру    үшін  фосфогипс  пайдалану,  жүгері  дақылдарының  өнімділігін 
арттырумен қатар, шаруа қожалықтарының суғармалы жерден табатын таза пайдасын да 
арттыратынын  байқауға  болады.  Сонымен  қатар,  фосфогипстің  Тараз  қаласымен  оның 
айналасында орналасқан елді мекендердің экологиясына кері əсерін азайтады. 
Қорытындылар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.  Топыраққа  фосфогипс  енгізу  мөлшері  оның  ылғалдылығына  байланысты.  Оның 
ылғалдылығы артқан сайын енгізу мөлшері көбейеді; 
2.  Топыраққа  фосфогипс  енгізу  мөлшері 7 т/га  дейін  артқанда  жүгері  дақылының 
өнімділігі жоғары – 10,4 т/га болды; 
3.  Фосфогипс  енгізудің  экономикалық  тиімділігін  анықтау  үшін  жүргізілген 
есептеулердің  көрсеткіші  бойынша  ең  тиімді  фосфогипс  енгізу  мөлшері 7 т/га  болды, 
өйкені ең жоғары таза пайда 99900 тг/га осы нұсқада болды. 
 
 Əдебиеттер  
  
 1. Назарбаев Н.Ə. «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазаөстанның жаңа 
мүмкіндіктері». Халыққа жолдауы ,Егемен Қазақстан, 2010 ж. 
2.  Ибатуллин  С.Р.,  Бекбаев  Р.К.  Рекомендации  по  совершенстваванию  технологии 
применения  химмелиорантов  для  повышения  урожайности  сельхозкультур  на  слитных 
почвах (шелочных солонцеватых).–Тараз 2007.-22с. 
  
 
Нурбаева М.Б., Атакулов Т.А 
 
ВЛИЯНИЕ ФОСФОГИПСА НА УРОЖАЙНОСТЬ И ЭФФЕКТИВНОСТЬ 
ВОЗДЕЛЫВАНИЯ КУКУРУЗЫ НА ЗАСОЛЕННЫХ ПОЧВАХ ЮЖНОГО  
РЕГИОНА КАЗАХСТАНА 
                                           
В  статье  рассматриваются  нормы  внесения  фосфогипса  на  засоленных  орошаемых 
почвах,  влияние на урожайность кукурузы на зерно и экономическая эффективность. 
 
Nurbaeva M., Atakulov T., 
                
INFLUENCE OF PHOSPHOGYPSUM ON PRODUCTIVITY AND EFFICIENCY 
CULTIVATION ON CORN ON THE SALINE SOILS OF THE SOUTHERN  
REGION OF KAZAKHSTAN  
 
The article deals with application rates of phosphogypsum on saline irrigated soils, the 
impact on productivity of corn and economic efficiency. 
 
 
 
 

125 
ƏОЖ 633.63(574.51) 
Оңлабекова А.М., Жаңабаев Қ.Ш. 
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АЛҒЫ ЕГІСТЕРДІҢ ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫНЫҢ  
САПАСЫНА ЖƏНЕ ӨНІМІНЕ ƏСЕРІ 
Аңдатпа  
Мақалада Алматы облысы жағдайында əр түрлі алғы егістердің қант қызылшасының 
сапасына, қанттылығына  мен өніміне  əсері зерттелген. 
Кілт сөздер: қант қызылшасы, алғы дақылдар, ауыспалы егіс, дара дақыл. 
Кіріспе  
Қазақстанның   онтүстік  жəне  оңтүстік - шығыс  аймағында      техникалық бағалы 
қант    қызылшасы    өсіріледі.  Аталған  дақылөсірілетін  Алматы      жəне    Жамбыл  
облыстарының    ауа    райы  оны  өсіруге    қолайлы    келеді.  Осы    облыстарда    қант  
қызылшасы  суармалы  жерлерде  орта  есеппен  əр  гектардан  300-350 ц  жəне  одан  да  
жоғары  өнім  береді. 
Қант қызылшасының егілетін сорттарына байланысты түбірінің қанттылығы 13-20% 
шамасында болады [1]. 
Қант  қызылшасы  себілетін  аймақтарда  климат  жағдайларын  ескере  отырып,оны 
жақсы  алғы  егістерден  кейін  себу  арқылы  дақылдың    өнімін  арттыруға  болады.  Ауыл 
шаруашылығы  дақылдарының,  оның  ішінде  қант  қызылшасының,өнімділігін  арттыруға 
бағытталған  агротехникалық  шаралардың  бірі - осыкүнгі  талаптарға  сай  келетін  оның 
алғы егісін таңдай білу.Қант қызылшасы алғы егісті талғағыш, сондықтан ауыспалы егісте 
оған  қолайлы  орын  табу  қажет.Бұрынырақта  қант  қызылшасының  ауыспалы  егісі  ұзақ 
айналымды,  яғни 7-8 танапты  болып  келетін.  Ауыл  шаруышылығында  болған 
өзгерістерге,  яғни  жердің  ұзақ  мерзімге  жалға  берілуі,  кейінгі  кездерде  оның  сатылуына 
байланысты бұл қағида өзгерді [2]. 
Шаруашылықты  ғылыми  негізде  өркендетуде  ауыспалы  егістің  маңызы  өте  зор.  
Агротехника    ережелеріне  сəйкес  дақылдарды  ауыстырып    отырмайынша    егіншілік  
мəдениетін  жақсартып,  қызылшаның  өнімін  арттыру  мүмкін  емес. 
Сондықтан    кейбір    агротехникалық    шараларды    қайта  зерттеп,  экономикалық  
əлеуметтік  өзгерістерге  байланысты шаруа  қожалықтарына    тиімді,  өндірілген  өнім  
сұраныс  пен  қатар  көп  пайда  түсіретін ауыспалы  егіс  түрлері ұсынылуы  керек [3]. 
Зерттеудің  өзектілігіҚазақстан    Республикасында  ауыл    шаруашылық    өндірісін  
одан  əрі  қарқынды  дамыту  көзделіп  отыр.  Соның  ішінде,  техникалық  дақылдардың,  
əсіресе    қант    қызылшасының,  өнімділігін  жəне  қанттылығын  арттыруға  үлкен  мəн 
берілуде.  Қазақстан  Республикасының  Президентінің 2014 жылғы халыққа  жолдауына  
байланысты  қабылданған  шешімдерге  сəйкес,  елімізде  қызылшадан  қант  өндіруді   2 – 
3  есе  арттыру  белгіленіп  отыр.  Бұл  міндеттерді орындау  үшін,   қызылша  өсірілетін  
өңірдің    топырақ – климат    жағдайларын    ескере    отырып,  оның    өнімділігін  жəне 
қанттылығын арттыратын,   аймақтық  өсіру  технологиясын  жетілдіру қажет.Соның бірі - 
қант қызылшасының алғы егістерін дұрыс таңдай білу.     
Соңғы  жылдары  өсімдік  шаруашылығын  əртараптандыру  мақсатында  жаңа 
дақылдарды  өсіру  қолға  алына  бастады.Сондықтан  қант    қызылшасын      жақсы    алғы  
дақылдардан    кейін    орналастырудың    маңызы    зор.  Қант    қызылшасын    өсіру    туралы  
жүргізілген    бұрынғы  көптеген    тəжірибелер    болғанымен,  аталған  дақылдың  алғы  
егісінің    проблемасын    толық    шешті    деп  айту    қиын.  Себебі    бұл    мəселе    жөніндегі  

126 
 
ғылыми    жəне    өндірістік    деректері    толық    тұжырымдандырылмаған,  зерттеушілердің  
пікірлерінде,  көптеген    қайшылықтар    бар.  Кезінде  əрбір    қызылша    өсіруші  ауданына,  
жергілікті    топырақ - климат    жағдайларын    ескере    отырып,  өндіріске  оның  алғы 
дақылдары  ұсынылған  болатын.  Бірақ  ұжымшарлар  мен  кеңшарлардың  тарап  кетуіне 
байланысты  ұсынылған  егіс  көлемдерінің  құрылымдары  мен  ауыспалы  егістердің 
нобайлары  жойылған.  Сондықтан  аталған  дақылдың  алғы  егістерін  зерттеудің  өндірістік 
мəні  бар.  Жаңалығы  өсімдік  шаруашылығының  əртараптаруына  байланысты  қант 
қызылшасының алғы егісін қайтадан зерттеп өндіріске ұсыну. 
Зерттеудің  мақсатықысқа  айналымды  ауыспалы  егістерде  алғы  дақылдарды  дұрыс 
таңдап алу жəнешаруа қожалықтарына экономикалық жағынан тиімді ұсыныстар  жасау.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет