Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет27/37
Дата31.03.2017
өлшемі7,24 Mb.
#10893
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37

         
Малды  жайылымда  ұстауға  ауыстырар  кезінде  мал  организмін  азықтандыру 
жағдайының өзгеруіне дайындаудың маңызы зор. Балауса көк шөпті малға бірден тойдыра 
жегізуге болмайды, себебі көп жағдайда диарея, тимпания жəне өнімдліктің төмендеуімен 
сипатталатын ас қорытудың бұзылуы байқалады, ал кейбір жағдайларда ол іш тастаумен, 
жайылымдық  тетаниямен  жəне  басқа  да  асқынулармен  сипатталады.  Мұндай 
жағдайлардың  алдын  алу  үшін 7-10 тəулік  ішінде  азықтық  рационды  өзгертеді,  яғни 
шырынды көк шөптің мөлшерін біртіндеп көтеріп, сəйкесінше құрғақ азықтың мөлшерін 
төмендетеді.  Осы  мақсатта  жайылымға  шығар  алдында  малды  құрғақ  азықпен 
азықтандырады, яғни мал көк шөпке қатты тойып кетпес үшін. 
Жайылымдық ұстаудың басында малды 2-3 сағатқа жаяды жəне 7-10 күн ішінде малды көк 
шөпке толық үйрету үшін біртіндеп жаю уақытын ұзартады. Таулы жайылымға шыққанда 
мал иірілетін түнеме немесе тұрақ жасау үшін алаң таңдалып алынады. Топырағы нығыз, 
қатты су сіңіргіш, тегіс немесе оңтүстікке қарай еңістеу жер өте қолайлы. Əлбетте батпақты 
жерден  қашық,  жолдан  алыс,  бірақ  пішендік,  шабындыққа  жəне  суару  көздеріне 
жақын  орналасуы жөн, сонымен қатар мал айдап өтуге, жем-шөп тасымалдауға қолайлы 
болғаны дұрыс. 
Егер  суару  табиғи  су  көздерінен  (өзен,  көл,  тоған,  құдық,  т.б.)  жүргізілетін  болса,  мына 
талаптарды  орындау  қажет:  судың  гигиеналық  анализі  жəне  экологиялық  тексеріс;  су 
тұтыну  мөлшері,  қажет  болған  жағдайда  су  тазарту;  құдықты  жөндеу  жəне  жағалауды 
бекіту  жəне  ашық  су  жағалауын  қоршау;  суға  түсетін  жол,  соқпақ  салу,  суару  алаңын 
көркейтіп жабдықтау; су ішетін науа орнату жəне түліктің тобына, жасына сəйкес суару 
кезегін ұйымдастырумен қатар суару алаңымен науа тазалығын сақтау, т.б. 
Өріске суаруға мал жүретін жолдар мейлінше кең де еркін жүруге қолайлы (14-25 м) əрі 
жолдан  алыс  болғаны  жөн.  Шаруашылықтар  үшін  ең  дұрысы – табиғи  жайылымдарды 
дұрыс пайдалану, оларды дер кезінде ауыстырып отыру. Ал, істен шыққан жайылымдарға 
жасанды шөптер егу олардың өнімділігін арттырудың ең тиімді жолы. 
Шаруашылықтарда  жайылымды  пайдаланудың  келесі  жүйелерін  қолданады:  айдамалық 
(тұрақты) жəне лагерьлік (алым-жайылымды). 
Жайылым мал фермасына жақын болған жағдайда (1,5-2 км) айдамалы жүйе қолданылады. 
Бұл кезде қойды түнетуге тұрақты мал қораларына айдап алып келеді. Айдамалы жүйе аз 
қолданылады,  себебі  алыстағы  жайылымдарды  қолдануға  мүмкіндік  бермейді.  Лагерьлік 
жүйеде  малды  барлық  жайылымды  уақыт  бойына  қыстық  қора-жайлардан  жайылымға 
ауыстырады, онда уақытша жəне тұрақты орындар ұйымдастырылады. Лагерьде ұстау тек 
малдың  денсаулығын  жақсартып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  ол  мал  фермаларында 
жөндеу жұмстарын жəне санитариялық-гигиеналық шаралар жүргізуге де мүмкіндік береді. 
Шөлді,  жартылай  шөлді  жəне  кейбір  далалы  аймақтарда  малды  уақытша  алыс 
жайылымдарда бағып-ұстау кеңінен қолданылады: көктемгі, жазғы, күзгі жəне қысқы. 
Малды лагерьлік жағдайда ұстауды ұйымдастыру барысында жайылым қондырғыларына 
жəне дайындыққа үлкен көңіл бөлінеді. 
Малды  алыс  жайылымдықтарда  ұстаудың  ерекшелігі – үлкен  табиғи  жайылымдарды 
пайдалануда,  оларда  малды  тек  көктемде  немесе  жазда,  күзде  немесе  қыста  жəне  жыл 
бойына жаяды. Құрғақ аудандарда (шөл, жартылай шөл жəне құрғақ дала) табиғи шөптің 
өсімділігі  тек  көктемде,  яғни  ылғал  мол  кезде  ғана  артады,  сондықтан  бұл  жерлерде 
көктемгі өсімдік – эфемердің көбеюіне байланысты көктемгі жайылым пайдаланылады.  
Бұл əдісте жайылымдағы өнімділігі төмен жəне мал жемейтін шөптердің көбею есебінен 
құнды  азықтық  өсімдіктер  (дəнді-бұршақты)  ығыстырып,  олардың  саны  азаяды. 
Нəтижесінде  жайылымдық  кезеңнің  екінші  жартысында  малда  азықтық  жетіспеушілік 
байқалады жəне олар сапасы төмен шөпті жеуге мəжбүр болады. Жаюдық зиянды салдарын 
жою  үшін,  оны  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Осы  мақсатта  загонды  əдіс    кеңінен 
қолданылады. 

 
254
Загонды  əдісте  жайылым  бөліктерін  загондарға  бөледі,  олардың  шөбін  мал  белгілі  жүйе 
арқылы  жейді.  Алдымен  малды  бірінші  загонда,  содан  кейін  екіншісіне  жаяды.  Малды 
жаюдың екінші циклын 25-30 тəуліктен кейін бастайды, себебі бұл уақытта шөп жеткілікті 
жағдайда  өседі.  Загонды  əдіспен  жаю  барысында  жайылымның  өнімдлігі  жоғарылайды 
жəне  оның  санитариялық  жағдайы  жақсарады.  Загонды  əдісте  жүйесіз  жаюмен 
салыстырғанда қойдың салмағы 25-30 пайызға, шөпті толық пайдалану 20-40 пайызға жəне 
жайылымның  тиімділігі 25-30 пайызға  артады.  Загонды  жаюды  ұйымдастыруда  жаю 
ұзақтығының  маңызы  зор.  Малдың  загонда  болу  ұзақтығы 5-6 тəуліктен  аспауы  керек, 
себебі  ұзақ  жаю  гельминтозды  аурулардың  тарауына  əкеп  соғады.  Тек  шөлді  жəне 
жартылай  шөлді  аймақта  ыстық  кезде,  яғни  ауа  температурасы +40
0
С-қа  жеткенде  ғана, 
малды загонда 6 тəуліктен жоғары ұстауға болады, себебі мұндай жағдайда гельминттердің 
жұмыртқалары мен балаң құрттары өліп қалады. 
Загондарды  дұрыс  пайдаланудың  негізі  бір-екі  күнді  жаю  болып  табылады,  бұл  аз-
порциялы жаюды ұйымдастыру арқылы іске асады. 
      Жайылым шөбінің өнімділігі мен химиялық құрамының климаттық факторларға қарай 
өзгеруі. 
Ал 2015 жылдың қыс жəне көктем жауын-шашынды болып, бұл маусымдарда 68,1 мм-ге 
жетті. Осыған байланысты жайылымның өнімділігі де өзгеріп отырды (1-кесте). 
  
1-кесте. Жауын-шашынның мөлшеріне қарай жайылымның өнімділігінің өзгергіштігі 
(құрғақ затқа, ц/га) 
 Маусым 
Жылдар 
2013 2014 
2015 
Көктем 3,27 
2,06 
4,80 
Жаз 2,10 
1,36 

Күз 1,90 
1,23 

Қыс 1,36 
0,83 
1,01 
Жылдық 2,14 1,37 

 
        2-кестеде көрсетілгендей, 2015 жылы жауын-шашынның аз болып жəне оның өсімдік 
өсудің  мезгілінде  кем  жауғандық  маусымдық  жайылымның  өнімділігі 2014 жылдың 
көрсеткіштерімен  салыстырғанда  анағұрлым  төмен  болды  да,  орташа  жылдық  шығымы 
0,77 ц/га азайды. Бұл жағдай мал азығының химиялық құрамы мен құнарлығына біршама 
əсер етті. 
  
2-кесте. Жайылым шөбінің химиялық құрамы (табиғи ылғалдылық күйіне) 
 Жыл  Мау-
сым 
Жайылым шөбінің химиялық құрамы 
ылғалды
лық, % 
Про-
теин, 

май, 

Клет
чат-
ка, 

АЭЗ, 

күл, 

кальций, 
г/кг 
фос
фор, 
г/кг 
Каро-
тин, 
мг/кг
2013  көктем 72,1  3,8 1,0 8,4 11,5 3,2  2,45 0,62 48 
жаз  43,7  5,4  2,3 18,1 24,0 6,5  6,57  1,66  21 
күз 
47,2  5,2  2,4 18,1 20,8 6,3  6,12  1,27  21 
қыс  46,1  3,2  1,3 19,3 23,3 6,8  6,87  0,81  9 
2014  көктем  64,1  3,0  0,9 12,4 14,0 5,6  2,32  0,67  19 
жаз  37,4  4,5  2,6 24,2 23,8 7,5  4,73  1,18  8 
күз 
41,6  4,6  2,0 21,4 23,6 6,8  5,33  1,22  5 
қыс  42,0  2,2  1,4 23,4 23,0 8,0  6,31  0,86  - 
2015 
қыс  40,5  2,0  1,3 25,0 23,0 8,2  6,08  0,90  - 
көктем 72,8  3,9 1,4 7,9 11,7 3,3  2,28 0,74 49 
  
 

255
        2-кестеде  жайылым  шөбінің  химиялық  құрамы  жауын-шашынның  мөлшеріне  жəне 
маусымға қарай өзгеріп отыратындығы көрсетілген. Мысалы, аса бағалы қоректік заттың 
(протеиннің) мөлшері  2014  жылы көктемде 3,0% болса, ол 2013 жылы 3,8%-ке жетті. Ал 
қиын қорытылатын клетчатка керісінше аталған маусымда 4,0% артты. 
        Жауын-шашынның  мөлшері 2014 жылы 219 мм, 2015 жылы – 198 мм  болғанда 
жайылымның өнімділігі маусым бойынша өзгеріп отырып, екінші жылы жылдық өнімділігі 
0,77 ц/га кем болды. Бұл жағдай мал азығының химиялық құрамы мен құнарлығына кері 
əсер етті.   
        Жайылымды  порциялық  түрде  пайдалану  загонмен  салыстырғанда  жайылымның 
өнімділігі 10-15 пайызға артады.  
Əдебиеттер  
1. Əлімов  Е.  Алматы  облысының  шөл  аймағындағы  жайылымдарды  жақсартудағы
агротехника.Алматы, Қайнар, 1998ж, 56-59б. 
2.
Матвеев  В.И.  Шөл  жəне  шөлейт  жайылымдарда  игеру  жəне  жақсарту
3. Сарбасов Т.И жəне басқалары. Қойға арналған түйіршектелген жем-шөп қоспасы
Алматы, Қайнар, 1998ж, 46-49б. 
4. Зыков А.А. Жем шөп қорының ресурстары.А-Ата 1997ж
5. Төреханов А.Ə. Табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану негіздері М.: Наука, 2000г.
ƏОЖ 639.338,48 
«АЛТЫН ЕМЕЛ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ БАҒЫНДАҒЫ  
АҢШЫЛЫҚ ТУРИЗМ 
Қыдыров Т.Н., Керимбав С.С. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
Аннотация
   
В  статье  представлены  ведение  охотничьего  туризма  в  государственном 
национальном  природном  парке  Алтын – Эмель  и  описание  парка.  Были  проведены 
исследование и описание горного козла являющего основным трофеем. 
Annotation 
Are presented conducting hunting tourism in the state national Three-copecks piece natural 
park in Аltyn – Emel and the description of park. Research and the description of the mountain 
goat showing the main trophy were conducted. 
Кілт  сөздер:
  аңшылық  туризм,  туристік  əрекет,  жануарлар  дүниесі,  жабайы 
жануарлар, сүтқоректілер. 
Кіріспе  
Туризм əлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік 
Ұйымның  деректері  бойынша  ол  əлемдегі  жалпы  ұлттық  өнімнің  оннан  бір  бөлігін, 
халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, əлемдік өндірістің əр бір 9-шы жұмыс 
орнын  қамтамасыз  етеді.  Біз  білетіндей,  аңшылық  туризм  кəзіргі  уақытта  дүние  жүзі 
бойынша кеңінен етек жайып дамып кележатқан жəне экошытырман туризмнің бір саласы.  
Туризм саласындағы халықаралық  қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың 
бірі – Қазақстанның 1993 жылы  толығымен  ДТҰ-ға  толық  мүше  болып    қабылдануы, 

 
256
туризм саласындағы  ынтымақтастық туралы халықаралық келісім жасауы болды. Бір қатар  
келісімдердің    шет  мемлекеттердің  Қазақстанды  туристік  əлеуметі  мол  перспективалы 
серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.  
 «Алтын  Емел»  ұлттық  табиғи  бағы  Қазақстан  Республикасы  бойынша  бірінші 
болып  аңшылық  туризмді  жүргізуді  қолға  алған  мекемелердің  бірі,  дүние  жүзінің  аңшы 
туристерін қызығушылықтарын арттырды. Ол үшін бақтағы аңшылық алқаптардың алуан 
түрлілігімен  жəне  жануарлардың  əр  түрлілігі,  оның    ішінде  трофейлік  нысаны  болатын 
жануарларда  бар. Олардың ішінде келесідей тұяқты жануарлар сібір тау текесі, сібір елігі, 
қабан, сондайақ қасқыр, қырғауыл, кеклік [1].  
  Аңшылық шаруашылық қызметтерінің  дұрыс жұмыс істеуіне жəне  қорықшылық 
күзету жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатуына байланысты,  жабайы жануарлар 
мен құстардың сан мөлшері көбейіп өсуде, сол себепті аңшылық туризмді толық жүргізуге 
мүмкіншілік  бар.  Сонымен  қатар  туризмді    жүргізуге  келесідей  іс  əрекеттер  жүргізуде, 
туристік  инфрақұрлымының  болуы,  аңшылық  шағын  үйлермен  аңшы  туристерді 
қамтамасыз  етеді,  білімді    инспекторлық  қызметкерлердің  болуы  мен,  сондайақ  тиімді 
аңшылық туризм маркетингі мен менджментінің болуы жəне тағы басқа. 
«Алтын  Емел»  ұлттық  табиғи  бағына  келген  аңшыға  халық  аралық  деңгейде 
қызымет  көрсетіліп,  жабайы  табиғатпен  рухани  байланысқа  түсіп  жағымды  əсер  алады 
жəне өз көңілі толатындай эстетикалық олжаға қол жеткізеді.  
Талап мөлшерлік – құқықтық база  
 «Ерекше  қорғалатын  территориялар»  туралы  ҚР  заңында  ұлттық  жəне  табиғи 
қорықша, табиғи бақтарда аңшылық туризм жүргізу рұқсат етілген.  
Ерекше қорғалатын табиғи территорияларға аңшылық туризмді енгізуде Қазақстан 
Республикасының  бір  қатар  заңдылығымен  қарастырылады.  Орман  жəне  аңшылық 
шаруашылық  Комитетінің  бұйрығымен,  Алматы  обылысының  əкімінің  шешімімен,  сол 
сияқты  аңшылық  туризмге  қатысты  ұлттық  бақтың  бұйрықтары  енгізілген  «Туристік 
əрекет»  жөніндегі  Қазақстан  Республикасы  заңның 8 – бабында    туристік  əрекеттің  
мемлекеттік принціпін реттеу жəне туристік əрекеттің бағыттарын қолдану көрсетілген[2]. 
Осы заңның 9 - шы бабында туристердің біздің Республикамызға келуі туралы мəселелердің 
қолдауы қарастырылған.    
 
Қазақстан  республикасының  заңына  сəйкес  «Жануарлар  дүниесін  қорғау,  көбейту 
жəне  тиімді  пайдалану»  жануарлар  қорын  тиімді  пайдалануға  міндет  жүктеледі, 4 – ші 
бапта аңшылық нысан болатын жануарлар түрлері ерекшеленіп жазылады, ал 13 – ші бапта 
ҚР  басқаруындағы  заңдылықпен,  жануарлар  əлемін  қолдануға  лимиттер  мен  квоталар 
берілетіндігі бекітілген. 
 
Қазақстан  териториясында  аңшылық  қаруды  алып  жүру  тəртібі  сақталады, 
«Қарудың  жеке  түрлерін  мемлекеттік  бақылау»  туралы    ҚР  заңында, 12 – бапта  қаруды 
арнайы  аңшылық  жасауға  берілген  құжат  жəне  ҚР    Ішкі  істер  министрлігінің  рұқсаты 
арқылы алып жүруге болады. Елімізге кіргізілген аңшылық қару өз уақытында шығарылуы 
керек, жасалынған келісім шарт бекітіліп берілген уақыт біткенше сақталынады.  
Жоғарыда  келтірілген  заңдылықтар  бойынша  жəне  ҚР  басқаруымен  трофейлік  аң 
аулауға келген шетел азаматтары жəне республика азаматтары жануарлар əлемін қолдануға 
белгілі бір мөлшерде төлем ақы жасауы тиіс. Мысалы: аңшы – турист кекілік ату үшін – 
0,35 мың тенге; сібір елігі үшін – 500 мың тенге; сібір тау текесін ату үшін -116,6 мың тенге 
төлеуі  қажет.  ҚР  өкіметінің  үкімі  жануарлар  əлемін  қолдануға  руқсат  беру  ережелерін 
бекітекен.  Алтын  Емел  мемлекеттік  ұлттық  тибиғи  бағы  осы  бекітілген  лимитке  сəйкес 
аңшылық жүргізу құқығын алған. 
 
Қазақстан  Республикасының  териториясындағы  аңшылық  заңын 2004 ж. 31 
желтоқсанда № 1458 бабымен бекітті (əуесқойлық жəне спорттық аңшылық).  Бұл заңда 
Қазақстан териториясында шетелдіктер аңшылық жасауға қатысуына рұқсат етілген (07.12. 
2005ж.).  Осы  заңда  ұлттық    бақ  арасында  сондайақ  шетелдік  туристтер  мен  заңға 
сəйкестірілген  қарым – қатынас  бекітіледі.  Шетмемлекеттік  аңшысымен  келісім  шартқа 
отыру, аңшылық жүргізілу тəртібі жəне олжаланған (трофей) аңды сыртқа шығару тəртібі 
қарастырылып  қойылған [3]. Ұлтық  бақ,  келісім  шарт  жасалғаннан  кейін.  Орман  жəне 

257
аңшылық  шаруашылық облыстық  аймақтық  (территориялық) басқармасына, жануарлар 
дүниесін  қолдануға  жəне  оларды  шетел  аңшысы  аңшылық  жасауына  сол  сияқты  суық 
қаруды,  қару  жарақтарды  қолдануға  рұқсат  алады.  Трофейлік  аңшылық  біткеннен  соң 
аңшылық  хаттамасы  толтырылады,  хаттамада  нəтижелер,  олжаның  (түрі,  саны  сонымен 
қатар трофейдің сапасы) трофейлік форма, ауланған аңның мүйізі жазылады. Ветеринарлық 
анықтама трофейге міндетті түрде берілуі керек. 
Нормативтік  құжаттардың  соңғысына  Алтын  Емел  мемлекеттік  ұлттық  табиғи 
бағының  бұйрықтары  мен  келісім  шарты  енгізіледі.  Мерзімдік  аңшылықтың  алдында 
трофейлік  аң  аулау  тəртібінде  ұлттық  баққа  турист – аңшыларды  əкелу  үшін  аңшылық 
туризм жүргізуге құқығы бар туристік фирмалар (туроператорлар) лицензия алып келісім 
шартқа отырады. Келісілген тəртіпке байланысты қалған шарттар аңшылық жүргізілгенде 
орындалады. 
Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи бағына сипаттама  
Орта  Азияның  жүрегінде,  Алматыдан 160 шақырым  қашықтықта  Жоңғар 
Алатауының  оңтүстік  аймағында  орналасқан  Қазақстан  Республикасының  ең  ірі  Ұлттық 
мемлекеттік  табиғи  саябағы  бар.  Бұл  қорық  жері  көшпенді  тайпалардың  тарихи  өмірін 
сақтап келеді. Ең əсерлісінің бірі- Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандардың биіктігі 20метр, 
диаметрі 100метр,  б.з.д. VII-IIIғасырлардағы  сақ  тайпасының  ақсүйектері  жерленген. 
Өсімдік əлемінің 634 түрі бар, оның ішінде 41 сирек кездесетін, ал 29 түрі эндемик болып 
табылады. Бұл жерде кезінде Орта Азияны мекендеген тұяқты жануарларды кездестіруге 
болады.  Олар:  құландар,  архарлар,  сібір  тау  ешкілері.  Саябақ  шекарасында  жабайы 
қабандар бар.  
Жоңғар  Алатауының  бөктерінде 520 мың  ауданды  алып  Қазақстандағы  ең  ірі – 
“Алтын  Емел”  ұлттық  табиғи  паркі  орналасқан. “Алтын  Емел”  МҰТП  ҚР  Өкіметінің 
қаулысы  бойынша 1996 жылдың 10 сəкірінде  құрылды.  Парк  оңтүстігінен  Іле  өзені  мен 
Қапшағай  су  қоймасымен,  батыстан  Шолақ,  Матай,  Дегерес  тауларымен,  солтүстіктен 
Алтын Емел, Қоянды тау-тауларымен, ал шығыстан Қатутау тауының шығыс бөктерінен 
Іле  өзеніне  дейін  шектесіп  жатыр.  Парк 520 га  ауданында  Кербұлақ  жəне  Панфилов 
аудандарының территориясын алып жатыр. 
Парк  территориясында  келесі  ланшафт  түрлері  бөліп  көрсетілген:  таулар,  таулы 
плато, жазықтар жəне жоталар. Негізгі бөлігі таулы массив болатын олардың биіктігі теңіз 
деңгейінен 1200 – 2500 м. Терең жыралар да кездеседі, жер беткейінің 26 түрі бар. Флора 
1800 түрге жуық өсімдіктерден тұрады, олардың 21 түрі Қызыл кітабына енген. Сонымен 
қатар  паркте  эндемикалық  жəне  сирек  кездесетін  өсімдіктердің 60 түрі  бар.  Парк 
территориясына өте бай фауна орналасқан. Омыртқалы жануарлардың өзінің 260 түрі бар, 
ал Қазақстандағы барлық омыртқалы жануарлардың 31,2% пайызын құрайды. Құстардың 
400 түрі бар, олардың 40 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енген. Сүтқоректілердің кейбір 
түрлері  Қазақстанның  жəне  Халықаралық  Қызыл  кітапқа  енген:  қарақұйрық,  түркмен 
құланы, қарл барсы, бүркіт, манул, сапсан жəне тағы басқа. 
Парк аумағында экотуризм обьектілері болатын ерекше табиғи орындар мен ежелгі 
мəдениет  ескерткіштері  бар: “ Əн  салайын  бархан”,  бесшатыр  бес  қорғаны  үңгірлерде 
ежелгі адамдардың тауға салынған суреттерін көруге болады. Алтын Емелде адам аяғын 
баспаған өзінің бірінші қалпындағыдай жерлерді көруге болады.  
Алтын Емел мемлекетік ұлттық табиғи бағында аңшылардың қызығушылықтарын 
арттыратын  жабайы  жануарлардың  негізгі  түрлері  келесідей:  сібір  тау  текесі,  сібір  елігі, 
қабан, жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жəне солсияқты ақ қоян, құм қоян, 
құстардан қырғауыл, кекілік, барылдауық үйрек. 
Жабайы  жануарлардың  ішінде  шетелдік  аңшыларды  қызықтыратын  трофейлік 
обекті болып табылатын бірден бір аң ол сібір теу текесі. 
Таутеке.
  Жоңғар  Алатауының  оңтүстік-батыстағы  Шолақ,  Дегерес,  Матай, 
Алтынемел  өзендерін  мекендейтін  қарапайым  түр.  Мекен-жайы  шөлейтті  жəне  шалғын 
далада альпі белдеуіне дейін кездеседі (1-сурет).  

 
258
 
 
Сурет-1. Таутекенің мекендейтін аумағы 
Жоңғар  Алатауының  оңтүстік-батысында  шағын  вертикалды  қоныс  аударулар 
таутекеге тəн. 
Таутекені бақылап, биологиялық деректер жиналды. Таутекені жыныстық жəне жас 
жағынан жасалған талдауда ересек аналықтардың құрамы аталықтарға қарағанда 63,1 % 
жəне 36,9 %-ға артық. Бұндай көрініс бірте-бірте оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа 
қарай өседі. 
Аталық  текелердің  ең  аз  сан-мөлшерін  Шолақ  тауында (35,9 %), бұдан  кішкене 
көбірек Дегерес тауында (36,7 %), ең үлкен көрсеткіші Матай тауында (40,7 %). Аталған 
жыныстық  сəйкессіздік  спорттық-əуесқойлық  аңшылыққа  байланысты,  себебі  шетелдік 
аңшылар  тау  текесінің  тек  ересек  аталықтарын  ғана  атады,  өйткені  оларға  атылған 
аталықтардың тек үлкен мүйіздері ғана қажет.  
Жүргізілген санақ бойынша тау текесінің сан-мөлшері қазіргі кезде Шолақ тауында 
ең көп болған. 
Алдағы  есептік  мəліметтер  бойынша  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  бақ  аңшылық 
туризм бойынша. 2014 жылдың тамыз - желтоқсан айларының аралығында 10 мемлекеттен 
келген 28 шетелдік аңшыларды жəне 8 өз еліміздің аңшыларын  қабылдаған. 
Олжалық аң аулауда аңшылармен 34 таутеке, 2 елік ауланды, соның ішінде шетелдік 
аңшылармен 26 теутекесі  жəне 2 елік  ауланды,  сонымен  қатар 8 таутеке  ҚР  аңшы 
азаматтары  олжа  еткен.  Шетелдік  аңшылармен 50 қырғауыл  жəне 100 кекілік  қосымша 
ауланды[4].  
Саябақ  трофейлі  аң  аулауда  делдал  фирмалармен  қызымет  жасасты «Seladang», 
«Дуплет  КZ», «Euroasia», «Азия  -Тур»  туроператорлармен  жұмыс  жасайды. «Seladang» 
Аңшылық  туризмнің  маркетингі  мен  менежментін  жылжыту  үшін  заманауи  деңгейде 
туристік  өнімді  құрылған.  Олжалы  аң  аулауға  келген  туристер  дала  лагерлерінде 
орналасып,  табиғаттың  əсемдігіне  көз  жүгіртіп  жақсы  əсер  алып  сонымен  қатар  өз 
сұраныстарын қатағаттандыратындай трофейлерді аулап қуанышқа кеңеледі. 
Қортындылай  келе,  Алтын  Емел  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  бағында,  болашақта 
аңшылық туризм қарқынды дамитындығын атап айтуға болады. 
 
 

259
Əдебиеттер 
1. Құлманова Г.А., Беркінбай О., Байтұрсынов Қ., Əбеуов Х. Экологиялық туризм.
Түркістан 2012. 
2. Қазақстан  Республикасының  заңы.Туроператорлардың  жəне  турагенттің
азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы. Алматы «Жеті жарығы» 
2004. 
3. Закон  Республики  Казахстан  «О  защите,  воспройзводстве  и  исползовании
фауны» от 21 октября 1993. 
4. Отчет о деятельности нацпарка за 2014 год.
ƏОЖ 597 
АЛАКӨЛ КӨЛДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ КƏСІПТІК БАЛЫҚТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ 
КƏСІПТІК ҚОРЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР 
Қадыров Б.Р.,  Сансызбаев Е.Т.,  Данько Е.К. 
«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 
Аннотация
  
В  данной  работе  представлена  краткая  информация  о  промысловых  видах  рыб 
Алакольской  системы  озер  и  ряд  рекомендации  по  повышению  рыбопродуктивности 
(промысловых запасов рыб) озер. 
 Annotation 
This article presents a brief summary of commercial fish species of Alakol lakes system and 
a number of recommendations for improving fish capacity (fish stocks) of these lakes  
Кілт сөздер:
 интродуцент, ихтиофауна, ихтиоценоз, акклиматизант, балықтандыру 
Алакөл  көлдер  жүйесі  Қазақстандағы  Алматы  жəне  Шығыс  Қазақстан  облысының 
аумағында  орналасқан  тұйық  көлдер  жүйесі.  Алакөл  көлінің  жанындағы  Сасықкөл, 
Қошқаркөл  жəне  Жаланашкөл  көлдері  бірігіп  Алакөл  көлдер  жүйесін  құрайды.  Кəсіптік 
балық аулау жұмыстары тек Жаланашкөл көлінде ғана жүргізілмейді. 
Алакөл көлдер жүйесінде кəсіптік деңгейдегі екі тұқымдасқа жататын 6 түрлі балық бар.  
Олар  тұқы  тұқымдасына  жататын  сазан,  мөңке,  тыран  жəне  торта  балықтары,  ал  алабұға 
тұқысдасына  жататын  балқаш  алабұғасы  жəне  көксерке  балықтары.  Кəсіптік  түрде  қазіргі 
уақытта 4 түрлі балық ауланады: тыран, торта, мөңке жəне алабұға. Қалған екі түр сазан мен 
көксерке  балықтарына  кəсіптік  қорының  төмендеуіне  байланысты  аулауға  уақытша  тыйым 
салынған [1]. 
Сазан (Cyprinus carpio carpio) Алакөл көлдер жүйесіндегі 1932-1933 жж. сазанды сəтті 
жерсіндірумен байланысты балық шаруашылықтың  маңызы өсе бастады. Жерсіндірілген 
сазанның саны тез өсті. 1939 жылы оның кəсіптік аулануы 19 тонна болса бұл көрсеткіш 
1944  жылы 574 тоннаға  дейін  жетті. 1960 жылдардың  ортасында  сазанның  аулануының 
жоғарғы шегі - 3,8 мың тоннаға жетіп жығылды. Бірақта, 1977 жылдан бастап аулаудағы 
сазанның үлесі азая бастады, 1986 жылы жалпы жүйе бойынша аулау көлемі небары 15 т 
құрады [2]. Сонымен, одан кейінгі жылдар оны аулауға арасында тыйым салынса да мөңке 
мен тыранның қоректік жəне уылдырық шашуға бəсекелестігі ақыр соңында сазан үйірінің 
түпкілікті қысқаруына алып келді. 2007 жылдан бастап Алакөл көлдер жүйесінде сазанды 
кəсіптік игеруге толық тыйым салынды. 
Жеті  жылдық  тыйым  салу  өзінің  жемістерін  беріп  сазанның  үйірі  баяу  болса  да 
қалпына  келуде,  бірақта  тыйым  салынса  да  оны  аулау  сол  жылдары  жалғасуда.  Осыған 

 
260
байланысты 2011 жылы  сазанға  кəсіптік  өлшем  ретінде 43 см  бекітілді.  Алакөл  көлдер 
жүйесіндегі сазанның биологиялық көрсеткіштері кəсіптік өлшемдерің қызметін атқарды. 
Тыран (Abramis brama orientalis) фбалығы Алакөлге 1987-1988 жж. мамыр айында, ең 
пайдалы кəсіптік түр– сазан қорының азаюына байланысты Бұхтырма су қоймасынан əр 
жастағы дарақтардан алынып жерсіндірілген (ауланған сазан қоры 1976 ж. 1985 ж. дейін 
1752 т. 111 т. кеміген). Жалпы жерсіндіру мөлшері 4000 данаға жуық болды. Ескерте кететін 
жағдай,  тыран    балығының  биологиялық  негіздеріне  сəйкес  жерсіндіру  жұмысы  су 
тапшылығы  кезеңінде  жəне  Алакөлге  ғана  жорамалданды.  Бұл  түрдің  Сасықкөл  мен 
Қошқаркөлге жерсіндірілуін қарастырылмаған. 1988-1989 жж. су мол болғандықтан тыран 
өздігінен Алакөл жүйесі акваториясында таралды [2]. (Жалаңашкөл көлінен басқасына). 
Мөңке (Carassius auratus auratus) – кəсіптік  кездейсоқ  жерсіндірілген  түр.  Алакөл 
көлдеріне  күміс  мөңке 1973 жылы  Бұқтырма  суқоймасынан  енген.  Сонымен  қатар,  осы 
уақыттарда  Алакөл  көліне  Алматы  жəне  Шелек  тоған  шаруашылығынан  шөппен 
қоректенетін  балықтармен  қатар  қытай  мөңкесі  əкелінген.  Су  деңгейінің  төмен  болуына 
байланысты 80 жылдардың аяғына дейін көлдер бір-бірінен жекеленген жəне бұл түрлер əр 
түрлі су айдындарында болды. Бірақ су деңгейінің көтерілуімен көлдердің арасындағы су 
ағыны  көбейді  жəне  де  мөңкенің  екі  түрі  де  барлық  негізгі  су  айдындарының  жүйесіне 
енген. Яғни күміс мөңке қос жынысты формада келтірілген, 39 жылдың ішінде екі түрдің 
де көлде мекендеуі кезінде қытай мөңкесі толығымен күміс мөңкенің жойылуына əкеп соқ-
ты жəне қазіргі кезде көлдерде гибридті формалары да кездеспейді, тек қытай мөңкесі [2]. 
Торта (Rutilus rutilus lacustris) – Алакөл жүйесінде кездейсоқ жерсіндірілген түр болып 
табылады.  Оның  пайда  болуына 1987-1988 жылдары  Алакөл  көлдер  жұүйесінде  тыран 
балығын  алып  келуімен  байланысты [2]. Жерсіндірілгеннен  бастап (27 жыл)  көптеген 
бəсекенің көлеңкесінде санының өсуіне кедергі келтіруде.  Қазіргі кезде торта Қошқаркөл мен 
Сасықкөлдің барлық аудандарын мекендейді, Алакөлде (солтүстік бөлігінде) соңғы екі жылда 
аулауда жекелеп кездесе бастады.  
Балқаш алабұғасы (Perca schrenki) – абориген түр болып табылады. Алакөл көлінде 
алабұға  екі  экологиялық  формаға  бөлінеді – көлдің  ашық  терең  бөлігінде  мекендейтін 
пелагикалық («ақ» алабұға) жəне қамыстық (жағалаулық, немесе қара алабұға). Негізінен 
бұл екі түрді біз түсі бойынша ажырата аламыз. Алакөл көлінде камыстық түрі денесінің 
түсі қара болып келеді, ақ алабұғамен салыстырғанда жоғары қоңдылыққа ие, бірақ өсуі 
қарқыны бойынша төмен. Көп жағдайда өзен жүйесінде жəне көлдің жағалаулық шөптесін 
өскен аймақтарында мекендейді.   
Көксерке (Sander lucioperca) - Алакөл колдер жүйесінің кəсіптік балықтарының бірі. 
Алакөлге 1963 жылы Жайық өзенінен, ал Тентек өзеніне 1968 жылы Жамбыл облысындағы 
Билікөл көлінен алыпкеліп жерсіндірілген. 1970 жылы жүйедігі барлық көлднрге таралып 
кəсіптік  балықтар  тізімінің  қатарына  енді.  Алакөл  көліндегі  көксеркені  аулаудағы 
салыстырмалы  мəндері  бір  қалыпты  емес,  ол  тұщы  сулы  бөлігі  шығыс  жəне  солтүстік 
кəсіптік балық шаруашылық ауданда көп, батыс аймақта саны аз жəне терең жəне сорланған 
оңтүстік аймақта көп кездеспейді.  Көксеркенің қазіргі жағдайдағы қоры көлдер жүйесінде 
төменгі  бағытта  тұр.  Кəсіптік  саны  нолге  тең.  Аулаудағы  көксеркенің 99% жыныстық 
жетілмеген жəне кəсіптік өлшемге жетпеген дарақтар құраған. [1,2] 
Алакөл  көлдер  жүйесіндегі  балық  қорының  қазіргі  жағдайын  өте  төмен  күйде  деп 
бағалауға  болады.  Егер, 80-90 жылдары  Алакөл  көлдер  жүйесіндегі  жалпы  балық  аулау 
көлемі 3 мың тоннадан асса, бүгінде лимит көлемі 820,0 тоннаны құрап отыр. 
Алакөл  көлдер  жүйесіндегі  балықтардың  түрлі  учаскілеріне  бөліп  есептеу  балық 
аулау үшін бөлінген учаскелер орналасқан тұрғылықты пункттерде тұратын отбасы санына 
сəйкес орындалады. Əуесқойлық балық аулау үшін бөлінген арнайы учаскілерде бақылау 
мен  тəртіпті  сақтау  бойынша  жұмыстарын  күшейту  жəне    ихтиоценозға  бөгде  түрлердің 
əсерін  бағалайтын  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  қажет.  Балық  шаруашылығына 
мелиоративті жұмыстар өткізу туралы сұрақты қарастыру керек [3]. 

261
Бұл жүйеде бірден бір кəсіптік бағалы түр болып саналатын сазанның санын көбейту 
үшін көлдер жүйесін жасанды жолмен балықтандыру керек. Балықтандыруды өсіп қалған 
шабақпен жүргізу керек, өйткені ол жүргізілген жұмыстың нəтижесін көтереді. Санитарлық 
қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда да жəне Алакөл көлдерінен 1000 шақырымда орналасқан 
балық  өсіру  орындарынан  шабақ  тасыған  тиімді  болмасы  белгілі.  Осыған  байланысты, 
санитарлық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда да қаржылай тиімділігі жағынанда алсақ (ол 
негізінен  сазанға  қатысты)  одан  жергілікті  сазанның  шабағын  өндіруге  болатын  толық 
жүйелі  емес  балық  өсіру  шаруашылығын  ұйымдастыру  керек.  Бір  жылдық  отырғызу 
материалын көлден жақын жерде «Рыбпром» ЖШС жəне «Алакөл табиғаты» АҚ цехына 
жақын жерде ұйымдастыру керек. 
Бұл  аймақтағы  балықты  қолдан  көбейту  орындарын  ұйымдастырған  күнде  де  күш-
қуаты  жүйедегі  барлық  көлдерді  балықтандыруға  жетпейді.  Сондықтан,  бірінші  ретте 
Қошқаркөлді,  өте  ірі  емес  өлшемдегі  сазанмен  балықтандыру  керек.  Бұл  сазан 
популяциясының  көбеюге  қабілетті,  яғни  ересек  бөлігінің  санының  өсу  процесін 
жылдамдатады . 
Сонымен, көксеркенің əлі ұрпақ бермеген дарақтары кəсіпшілікпен игерілуде, соның 
салдарынан көксеркенің өсіп-өнуші үйірі азаюына алып келді. Жоғарыда айтылғандарды 
ескере  келе,  көксерке  үшін  кəсіптік  өлшем – 37 см-ді  өзгеріссіз  қалдырып  жəне  нөлдік 
лимитті 2016 жылға ұзарту керек. 
Балық  қорын  тиімді  пайдалану  жəне  балық  аулау  режимін  оңтайландыруға 
ұсыныстардың ең бастысы: 
- Сасықкөл көліндегі Ерту шатқалына қарай жыра арқылы сумен бірге кетіп жатқан 
балықты жəне суды тоқтату қажет; 
-  Алакөл  көлдер  жүйесіндегі  сазанның  шабақтарымен  балықтандыруды  жыл  сайын 
жүргізу популяциядағы сазанның көлемін қалпына келтіру үшін 0,617 млн. дана, орташа 
салмағы 20 г;  
- Қошқаркөлдің төрт кəсіптік балық учаскелерін 2016 жылдан бір учаскеге біріктіру жəне 
бесінші ауданды кəсіптік аулауға жабу; 
- Сазанның қоректік бəсекелестерінің потенциальды санының азаюына (тыран, торта, 
мөңке) Қошқаркөл көлінде мелиоративті жылыммен аулауды жүргізу;   
- Қазіргі таңда қолданылып жүрген «Шектеулер мен тыйымдарға…» (Балқаш-Алакөл 
бассейні бойынша) өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек Мекеме немесе аймақтық 
бөлім  ғылыми  ұйымның  келісімімен  балықтардың  уылдырық  шашуына  əсер  ететін 
климаттық немесе ау-райының өзгеруіне байланысты тыйым салу мерзімін алдыға немесе 
кейін қарай, жалпы тыйым салыну мерзімінің көлемінде 15 күнтізбелік күнге жылжыту 
керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет