Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет32/54
Дата21.02.2017
өлшемі7,26 Mb.
#4640
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54

Қорытынды 

Қорытындылай келе, сиыр жатырынан дайындалған ұлпалы препараттың химиялық 

жəне  биохимиялық  құрамы  анықталды.  Ал  сонымен  қатар,  олардың  организмге  тигізер 

əсері зерттелуде.   



Əдебиеттер 

1. Фроке  Ю.,  Тжаарт  Т.В.  Животноводство  Казахстана – поддержка  возрождение

отрасли. – Программа  совместных    экономических  исследований  Правительства 

Республики Казахстан и Всемирного Банка. – Вашингтон, – 2004. – 57 с.  

2. Студенцов А.П., Шипилов B.C., Субботина Л.Г., Преображенский О.Н. Под ред.

В.С. Шипилова. Ветеринарное акушерство и гинекология (учебник). - М.: Колос, 1980. – 

446 с. 

3. Абдрахманов Т.Ж. //Дисс. … докт. вет. наук. Саратов. 2002. С.51-52.



4. Иноземцев  В.П., Балковой И.И., Сочнев В.В., Самоделкин А.Г. Электромагнитное

поле УВЧ для лечения коров при эндометрите // Ветеринария. –1996.-№11.-С.29-31 

5. Aniulis

E.

Karriuendometritogydymasantimicrobinialispreparatisproteolizinalisfermentatis // Vet.-Vilnus -



1991. №20.- p. 3-7 

6. Панков Б.Г. Технология профилактики патологических родов и послеродовых

заболеваний у коров на молочных фермах. //Московская вет. академия. –М., 1994. -28 с. 

Ж.Ө.  


7. КемешовСиырлардыңіріңдікатаралдыэндометритінемдеуүшінұлпалыпрепараттық

олдануДисс. Жұмыс авторефераты, Астана,2007. 

8. И.Т. Жақыпов, Т.Ж. Əбдірахманов, А.Н. Ахметов Акушерлік гинекология

жінежануарлардыкөбейтубиотехникасы практикумы: Астана: 2012ж., б.178-188 

9. Əбдірахманов Т.Ж. Ветеринариялықакушерлікжəне гинекология, Астана 2011ж.

246 -248б.б. 

В  статье приведены  данные  по  исследованию тканевого препарата при акушерско 

– гинекологических  болезнях    коров.  В  приготовленный  тканевом  препарате  изучены

2- кесте. Ұлпалы препарат құрамындағы биохимиялық  көрсеткіштер 


246

 

 



физико – химические показатели  методами хроматографии и электрофореза. Установлено, 

что  в  составе  тканевого  препарата  выявленыаминокислоты  и  белки,  которые  оказывают 

благоприятныевоздействия  на  организм  больного  животного,  что  позволяет  получить 

определенных терапевтических эффектов. 

 

This article presents data on tissue specimen research at obstetric - gynecological diseases 



of cows. It is studied the physical - chemical parameters in the prepared tissue specimen, by 

chromatography and elektrofarez it is found that amino acids and proteins are in the composition 

of tissue specimen, which have a beneficial impact on a sick animal organism to provide a 

therapeutic effect. 

 

 

ƏОЖ 619.614.31.637.636    



  

Қасымов Е., Жумагелдиев А.А., Ромашев К.М., Буркетбаева А.Н., Сапарбаева А.Е. 

 

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті 

 

ҮЙРЕК ЖҰМЫРТҚАСЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ 



 

Андатпа 

Мақалада  үйрек  жұмыртқасының  химиялық  құрамы  мен  суда  жəне  майда  еритін 

дəрумендерінің  мөлшері  тауық  жұмыртқасындағы  мөлшермен  салыстырыла  отырып 

көрсетілген.  



Кілт  сөздер

:  үйрек  жұмыртқасы,  жұмыртқаның  химиялық  құрамы,  майда  жəне 

суда еритін дəрумендер. 

Кіріспе  

Құс шаруашылығының өнімдері үлкен сұранысқа ие. Елімізде құс жұмыртқасы мен 

етін өндіру жəне олардан алынған құнарлы өнімдермен тұтынушыларды қамтамасыз ету 

толығымен құс шаруашылықтары арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда еліміздегі құс 

шаруашылығы  өнеркəсіптік  негізде  қарқынды  дамып,  жұмыртқа,  ет  өндіру 

бағыттарындағы  құс  фабрикалары  мен  асылтұқымды  зауыттар  ашылып,  репродукторлы 

шаруашылықтар мен инкубатор станциялары ұйымдастырылды. Тиімді технологияларды 

қолдану  мен  білікті  мамандардың  еңбегінің  нəтижесінде  бұл  сала  көп  жылдар  бойы 

еліміздегі мал шаруашылығының алдыңғы қатарында болды. 

Қазақстан қазір жылына 2,8 миллиард дана жұмыртқа өндіреді. Ол ішкі нарықты 

қамтамасыз етуге артығымен жетеді. Ал тауық етінен  105 мың тонна бролер шығаруда. 

Ол  сұраныстың 46-47 пайызын құрайды. Ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін  220-

230 мың тонна тауық еті  керек.  

Медициналық  мөлшер  есебі  бойынша  еліміздегі  əр  жанға  шаққанда  жылына 14 

килограмм  құс  еті, 290 дана  жұмыртқа  өндірілуі  қажет  екен.  Республика  халқын  бұл 

өнімдермен  осы  мөлшерге  сай  толықтай  қамтамасыз  ету  үшін  жылына 180 мың  тоннаға 

жуық құс еті жəне 3,5 миллиард дана шамасында жұмыртқа өндіру мүмкіндігіне жету керек. 

Статистикалық  мəліметтер  бойынша  халқымыздың  жан  басына  шаққандағы  жұмыртқа 

тұтыну көлемі 172 дана болса, құс етін тұтынуы 12,2 килограмм деңгейінде болды. 

  Қазіргі  уақытта  азық-түлік  қауіпсіздігі  мемлекетіміздің  ұстанып  отырған 

саясатының  негізгі  мəселесі  болып  табылады.  Отандық  құс  өнімдеріне  сұраныстың 

артуымен қатар, оған қойылатын талаптар да жоғарылауда. Дегенмен, тауық жұмыртқасы 

сапалы, ақзатқа бай болғанымен, суда жүзетін үйрек жұмыртқасын пайдалану деңгейі аз 

мөлшерде  болуда.  Сатуға  тек  қана  тауықтың  жұмыртқасы  шығарылады.  Суда  жүзетiн 



247

 

құстардың  жұмыртқаларын  өндiрiстiк  өңдеу  үшiн  дайындайды.  Ал,  оның  сапасын, 



қауіпсіздігін анықтау уақыт талабы болып табылады. Сондықтан, үйрек жұмыртқасының 

сапасын  анықтау  жəне  оны  тауық  жұмыртқасы  көрсеткіштерімен  салыстыра  отырып 

зерттеулер  жүргізу  қолға  алына  бастады.  Үйрек  жұмыртқасының  химиялық  құрамын, 

дəрумендерін, микро -макроэлементтерін тексеру өзекті мəселе болып табылуда.  



Материалдар мен əдістер  

Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Ветсансараптау жəне гигиена» кафедрасының 

«өнім  сапасы,  қауіпсіздігі  жəне  ветеринариялық  санитариялық  сараптау»  зертханасында 

жəне  Қазақ  тағамтану  академиясының  «Нутритест»  зертханасында  үйрек  жəне  тауық 

жұмыртқаларынан  сынамалар  алынып,  ветеринариялық  санитариялық  сараптауда 

жалпылама қолданылатын тəсілдермен химиялық құрамы, яғни ақзат, май, ылғал жəне күл 

мөлшері  анықталды.  Жұмыртқа  құрамындағы  дəрумендердің  суда  еритіндері  В

1

,  В



2

,  РР, 


«Сұйықтық  хромотографы» (Хитачи),  ал  майда  еритін  дəрумендер А,  Е,  С  (Миллихром) 

«Спектрометрінде» анықталды. Бұл жұмыстар «Руководство по методам анализа качества 

и  безопасности  пищевых  продуктов»  əдістемелік  ұсынысы  бойынша  жүргізілді  (Москва 

1998г).  



Зерттеу нəтижелері  

Мемлекет  басшысының 2014 жылғы  Қазақстан  халқына  «Қазақстан-2050 

Стратегиясы»: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған ауыл 

шаруашылығын кең ауқымды жаңғырту тапсырмасы, соның ішінде мал шаруашылығының 

жемшөп  базасын  арттыру  мен  өнімнің  экологиялық  сапасын  көтеру  бойынша  ауқымды 

шаралар атқарылуда. 

Ақзат – жұмыртқаның  негiзгi  қоректiк  бөлiгi.  Оның  маңызы  адам  организмi  үшiн 

ерекше  екенi  белгiлi.  Ақзат  торша  мен  ұлпалардың  өсуiне,  жаңаруына,  тузiлуiне  қажет. 

Тағамның  сіңімділігі,  қорытылуы,  тағамдық  құндылығы – құрамындағы  ақзаттың, 

ылғалдың,  майдың  жəне  күлдің  мөлшеріне  байланысты.  Зерттеу  үшін  алынған 

сынамалардағы  үйрек  жұмыртқасындағы  ақзат  мөлшері 12,9±0,5 г/100г  болса, 

салыстырмалы  түрде  алынған  тауық  жұмыртқасы  құрамындағы  ақзат  мөлшері 12,4±0,6 

г/100г көрсетті. 

Органикалық  заттардың  жəне  дəрумендердің  негізгі  еріткіштері  болып  табылатын 

жұмыртқа  құрамындағы  май  метаболизмдік  жəне  құрылымдық  қызметтер  атқарады. 

Зерттеу нəтижесі бойынша үйрек жұмыртқасы құрамындағы май мөлшері 14,7±0,3 г/100г 

болса, тауық жұмыртқасындағы бұл мөлшер 11,9±0,4 г/100г болды, 1-кесте. 

Жұмыртқаның  тағамдық,  тауарлық  құндылығы,  сонымен  қатар  олардың  сақтау 

кезіндегі  тұрақтылығы,  микробиологиялық  үдерістер,  оның  құрамындағы  биохимиялық 

үрдістердің жүруі ылғалдың əсеріне байланысты. Ол үйрек жұмыртқасында 69,6±0,5 г/100г 

болса, тауық жұмыртқасында бұл мөлшер 73,8±0,7 г/100г көрсетті.  

       Кесте-1.  Жұмыртқаның химиялық құрамы, г/100г есебімен (n═10) 

Көрсеткіштер 

Ақзат 


Май 

Көмірсу 


Ылғал 

Күл 


Энергетикалы

қ құндылығы 

ккал/100г 

Үйрек   


жұмыртқасы 

12,9±0,5 14,7±0,3 1,5±0,03 69,6±0,5 1,3±0,06 189,9 

Тауық 

жұмыртқасы 



12,4±0,6 11,9±0,4 0,9±0,03 73,8±0,7 1,0±0,02 160,3 

Үйрек  жұмыртқасының  энергетикалық  құндылығы 189,9 ккал/100г  болса,  тауық 

жұмыртқасындағы бұл мөлшер 160,3 болды (1-кесте).  


248

 

 



Витаминдер төмен молекулалы органикалық қосылыстар, ол өсімдіктен түзілетін, адам мен 

жануар  тіршілігі  үшін  аса  қажетті  зат.  Азық  құрамында  витаминдердің  болмауы  немесе 

тапшылығы  зат  алмасу  процесін  бұзып,  түрлі  ауруларға  (рахит,  полиневрит,  тауық 

соқырлығы  т.б)  шалдықтырады.  Көптеген  витаминдер  белокпен  қосылып  ферменттер 

түзеді.   

Дəрумендер  басқа  заттармен  алмастырылмайтын  болғандықтан,  ауыспайтын 

бағалы,  организмге  тамақпен  бірге  түсуі  тиіс  заттардың  қатарына  жатады.  Организмдегі 

дəрумендер қорының азаюы жəне зат алмасуы кезіндегі шығындар тағаммен бірге үнемі 

түсіп  отыруын  қажет  етеді.  Егер  тағаммен  бірге  түспесе  зат  алмасу  үдерісі  бұзылып, 

биохимиялық  реакциялардың  жүруі  нашарлайды.  Адам  организмі  торша  биосинтезіне 

қажетті дəрумендерді, биологиялық заттарды азықтан алады. Дəрумендер ферменттердің 

құрамына  еніп  белоктың,  майдың,  көмірсудың  ыдырау  құбылысын  қамтамасыз  етеді. 

Осыған  байланысты  тағамдық  өнімдердегі  дəрумендер  мөлшерін  анықтау  аса  қажетті 

зерттеулер қатарына жатады, 2-кесте. 

 

Кесте-2.  Жұмыртқаның  дəрумендерінің  салыстырмалы  көрсеткіші,  г/100г  есебімен 



(n═10) 

 

Дəрумендер 



А, мг 

β-каротин, 

мкг 

Е, мг 


В

1,  


мг 

В

2, 



мг 

РР, мг 


Үйрек 

жұмыртқасы 

0,29±0,05 84±1,7 1,34±0,5 0,16±0,05 0,56±0,03 

0,27±0,03

Тауық 

жұмыртқасы 



0,24±0,03 63±1,6 0,62±0,4 0,07±0,04 0,44±0,05 

0,21±0,04

 

Зерттеу  нəтижесі  көрсеткендей,  А  дəруменінің  жетіспеуінен  организмнің  өсіп-



жетілуі бұзылады, тері мен кілегей қабықтың қызметі бұзылып, ауруға шалдығуы ықтимал. 

Біздің зертеуіміздегі үйрек жұмыртқасындағы А дəрумені 0,29±0,05 мг/100г болса, тауық 

жұмыртқасында оның мөлшері 0,24±0,03 мг/100г құрады. β-каротин үйрек жұмыртқасында 

84 мкг/100г болса, бұл мөлшер тауық жұмыртқасында 63 мкг/100г юолды. 

       

В

1



  витамині  (тиамин)  жетіспеуінен  атаксия,  тепе-теңдіктің  сақталмауы,  ұйқышыл 

болу  т.с.с.  ауытқушылықтарға  ұшырайды.  Біздің  зерттеулерімізде,  үйрек  жұмыртқасы 

құрамында  В

1

  дəруменінің  мөлшері 0,16±0,05 мг/100г  болса,  бұл  көрсеткіш  тауық 



жұмыртқасында 0,07±0,04 мг/100г екендігі анықталды. Сол сияқты гемоглобинді синтездеу 

үрдісін  реттеуге  қатысатын  В

2  

дəрумені  (рибофлавин)  үйрек  жұмыртқасында 0,56±0,03



 

мг/100г көрсетсе, бұл мөлшер тауық жұмыртқасында 0,440,56±0,05 мг/100 г болды.   

Организмде  жеткіліксіз  болса  өсу  тежеліп,  əлсіздіктің  болуымен  сипатталатын           

РР дəрумені (никотин қышқылы) мөлшері үйрек жұмыртқасында 0,27±0,03 мг/100г болса, 

тауық жұмыртқасында бұл мөлшер тиісінше 0,21±0,04 мг/100 г болғандығы анықталды.  

Зерттеу нəтижелерін талдау

  

Үйрек  жұмыртқасының  химиялық  құрамын  анықтауда  төмендегідей  нəтижелер 



алынды.  Үйрек  жұмыртқасы  құрамында  ақзат  мөлшері 0,5 г/100г  жоғары  болса,  май 2,8 

г/100г, ал көмірсу екі еседей көп, ылғал 4,2 г/100г кем, күл мөлшері 0,3 г/100г көп болды. 

Ал энергетикалық құндылығы 19,6 ккал/100г көп. Сонымен қатар,  

Е жəне В


дəрумендері 50-55 пайыздай көп болса, басқа тексерілген дəрумендердің барлығы 

дерлік мөлшері 15-20 пайызға жоғары болып шықты. 

Қорытынды  

Үйрек  жұмыртқасын  тауық  жұмыртқасымен  салыстырғанда  тексерілген  барлық 

көрсеткіштері  бойынша  сапасы  жоғары,  құнарлы  екендігі  анықталды.  Яғни,  үйрек 

жұмыртқасы биологиялық бағасы жоғары, тез қорытылатын тағамдық өнiм. 



249

 

1. Химиялық құрамы бойынша: ақзат, май, көмірсу күл мөлшері жоғары, ылғалдылы



төмен болды; 

2. Үйрек  жұмыртқасының  энергетикалық  құндылығы 189,9 ккал/100г  болса,  тауық

жұмыртқасында 160,3 ккал/100г екендігі анықталды, яғни 19,6 ккал/100г жоғары болды;  

3. Үйрек  жұмыртқасында  Е  жəне  В

дəрумендері  тауық  жұмыртқасындағы



мөлшерден екі еседей көп болса, тексерілген басқа дəрумендер 1,5 еседей жоғары болды. 

Əдебиеттер 

1. С.Қырықбайұлы. Т.Телеуғали,  А.Ə.Жұмагелдиев. Ветеринариялық санитариялық

сараптау практикум. Алматы 2013 ж.  

2. Шуклин

Н.Ф., 

С.Қырықбайұлы, 



А.А.Жумагелдиев. 

Экспертиза 

доброкачественности  и  радиационной  безопасности  продуктов.  Их  стандартизация  и 

сертификация. Алматы 2011г. 

3. Жұмагелдиев А.Ə. Ромашев Қ.М.,Төлепова Г.К. Сойыс малдарын тасымалдау жəне

жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін санитариялық бағалау. Алматы 2012 ж.  

4. Ромашев  Қ.М.,  Жұмагелдиев  А.Ə.  Кəсіби  ауланатын  жануарлар  өнімдерін

ветеринариялық санитариялық сараптау жəне санитариялық бағалау. Алматы 2012ж. 

5. Ромашев  Қ.М.,  Жұмагелдиев  А.Ə.,  Сарсембаева  Н.Б.  Шағын  кəсіпорын

жағдайында мал өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау. Алматы 2013ж.  



ƏОЖ 619:614.31. 

Құдайбергенова Ж.Н., Тоқаева М.О., Малдыбаева А.А., Базарбаев Р.К. 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

СИЫРЛАРДЫ ҰСТАУ ƏДІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СҮТТЕ БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕР 



Андатпа 

 Мақалада  жылдың  төрт  мезгілінде,  сиырларды  əр  түрлі  ұстау  жүйесіндегі  сүттің 

физико-  химиялық  жəне  миробиолоиялық  көрсеткіштерінің  өзгеруі  жайында  мəліметтер 

келтірілген. 



Кілт сөздер:

 сиырларды ұстау əдістері, санитариялық көрсеткіш микроорганизмдер, 

соматикалық торшалар  

Кіріспе 

 Сүтті  мал  шаруашылығы  халықты  малдан  алынатын  өнімдерге  деген  сұранысын 

қамтамасыз  етіп  отырған  ауылшаруашылық  өндірістің  басты  салаларының  бірі.  Осыған 

байланысты  өндірілетін  сүт  сапасына  ерекше  талап  қойылады.  Сүт  құрамында  адам 

ағзасына қажетті əрі жеңіл сіңімді заттары бар толыққұнды өнім болып табылады. 

Ірі қара шаруашылығында сиырларды ұстаудың негізгі екі əдісі қолданылады. Сүтті 

мал шаруашылығында малды байлап ұстау басты орынды алады, оның басымдылығы əр 

мал басына жеке - жеке қаралуында. Малды байлаулы ұстау əдісі малдың сүт беру кезеңін  

3 %  созады жəне 20 % жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.  

Сиырларды  байлаусыз  ұстау  өндірістік  процестер  барысында  механикалық 

құралдарды қолдану тиімділігімен жəне еңбек шығынының төмендегімен сипатталады.  

Байлаусыз  ұстау  жүйесінің  кең  тараған  түрі  ол  малды  серуен  алаңы  бар  бокстарда 

ұстау болып табылады [1]. 


250

 

 



Сүт  өндіріс  орындарының  микроорганизмдермен  ластану  дəрежесі  жоғары  болады, 

оған  себеп  сол  өндіріс  орнының  санитариясы  мен  қоршаған  орта  жағдайлары. 

Микроорганизмдердің шоғырлану көздері мал қора ауасы, желдету жүйелері, сиырлардың 

денесі, қора-жай жабдықтарын, еден, сауын қондырғыларын болып табылады [2]. 

Сауын қондырғылары мен сүт ыдыстарын дұрыс күту сапалылығы жоғары сүт алуға 

мүмкіндік береді. Тазалық сақтау жəне сауу қондырғылары мен ыдыстарын стерильдеу тек 

ұқыпты жүргізілген санитариялық өңдеу жағдайында ғана іске асады [3].  

Сүт  өндірілген  шаруашылықтан  бастап  тұтынушыларға  жеткенге  дейінгі  жолда 

микробтармен  айтарлықтай  ластанады.  Жоғары  сапалы  сүт  алудағы  басты  мəселе,  сүтке 

микроорганизмдер  мен  механикалық  ластаушыларды  түсірмеудің  алдын  алу.  Негізінен 

технологиялық  операциялардың  дұрыс  орындалуын  қадағалау  қажет,  сауын 

қондырғыларын  тазалау,  дезинфекциялау,  сауын  алдында  желінді  өңдеу,  сүтті  алғашқы 

өңдеуден өткізу сияқты кезеңдерде санитариялық- гигиеналық талаптарды қатаң қадағалау 

қажет [4,5].  



Материалдар мен əдістер

 

Зерттеу жұмыстары ЖШС «Байсерке Агро» жəне СХПЗ ПК «Алматы». Зерттеуге екі 



түрлі  əдіспен  ұсталатын  сиырлар  алынды.  Бірінші  топқа  байлаусыз  ұсталған  сиырлар, 

екінші  топқа  байлаулы  ұсталған  топтағы  сиырлар  алдынды.  Осы  топтағы  сиыр  сүтінен 

сынама алынып, жылдың төрт мезгіліндегі сүттің сапалық көрсеткіштері зерттелді. Сүттен 

сынама  алу  жəне  оны  зерттеуге  дайындау  Мемст 13928-84 бойынша,  сүттің 

қышқылдылығы  Мемст 3624-92, сүттің  тығыздығын  анықтау  Мемст 25228-82, сүттің 

құрамындағы  лактозаны  анықтау  Мемст 29248-91, сүттегі  ылғалдылық  пен  құрғақ  затты 

анықтау  Мемст 3626-73, сүттің  құрамындағы  майды  анықтау  Мемст 5867-90,  сүттің 

құрамындағы ақуыз Мемст 23327-98 талаптарына сəйкес жүргізілді. 

Сүттің санитариялық жəне гигиеналық көрсеткіштері жылдың төрт мезілігінде (қыс, 

көктем, жаз, күз) анықталды. Сүттің санитариялық сапасын Мемст 9225-84 «Сүт жəне сүт 

өнімдері. Микробиологиялық зерттеу əдістері» талаптарына сəйкес жүргізілді. 

Зерттеу нəтижелері жəне талдау

  

Əр  түрлі  ұстау  əдістерімен  ұсталған  сиырлардан  алынған  сүт  сынамаларының 



сапалық көрсеткіштеріне талдау жасалды. Талдау қорытындысы 1- кестеде көрсетілген. Бұл 

кезде алынған сүт сынамаларының май, ақуыз, лактоза, құрғақ зат сияқты көрсеткіштері 

анықталды. 

 

1-



 

кесте – Жыл мезгіліне байланысты əртүрлі ұстау əдісіндегі сиыр сүттің сапалық 

көрсеткіштері 

 

Жыл мезгілі  Ұстау əдісі 



Май, % 

Ақуыз, % 

Лактоза, % 

Құрғақ 


заты, % 

Қыс 


Байлаусыз 

ұстау 


4,50±0,20 3,27±0,06 4,59±0,07 13,42±0,56 

Байлаулы 

ұстау 

4,45±0,3 3,29±0,05 4,45±0,17 12,40±0,07 



Көктем 

Байлаусыз 

ұстау 

4,53±0,09 3,36±0,03 4,71±0,13 13,53±0,13 



Байлаулы 

ұстау 


4,48±0,11 3,31±0,15 4,54±0,05 13,18±0,17 

Жаз 


Байлаусыз 

ұстау 


4,51±0,20 3,24±0,09 4,53±0,04 13,40±0,34 

Байлаулы 

ұстау 

4,46±0,15 3,23±0,06 4,49±0,12 12,38±0,07 



251

 

 



Күз 

Байлаусыз 

ұстау 

4,57±0,42 3,32±0,19 5,56±0,41 13,55±0,51 



Байлаулы 

ұстау 


4,52±0,15 3,30±0,03 4,53±0,11 13,19±0,07 

Орташа көрсеткіші 4,5±0,20 

3,29±0,10 

4,6±0,12 

13,13±0,30 

 

Кесте мəліметтеріне сүйенсек, Бірінші топтағы, яғни, байлаусыз ұстау əдісіндегі сиыр 



сүтіндегі  май,  ақуыз,  лактоза  байлаулы  топтағы  сиыр  сүтімен  салыстырғанда  жоғары 

екендігі  анықталды.  Бірақ,  осы  көрсеткіштер  нəтижелері  бойынша  қорытынды  жасау 

дəлелсіз  болды.  Сол  себепті,  əр  түрлі  ұстау  əдісі  кезінде,  жылдың  он  екі  айдағы  сүттің 

тығыздығы, жылуға төзімділігі, қышқылдылығы, соматикалық клеткалар саны анықталды. 

Зерттеу нəтижелері 2- кестеде көрсетілген. 

 

2-



 

кесте – Əртүрлі  ұстау  əдісіндегі  сиыр  сүтінің  физико-химиялық  жəне 

технологиялық қасиеттерінің бағасы, n= 12 

 

Көрсет-



кіштер 

Ұстау 


əдісі 

Айлар 


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 

Тығызды


ғы,

0

А 



Байлаулы

 

ұстау



 

28,80± 0,09 

28,78

±

0,02



28,76±0,07 

28,74± 0,04 

28,74±0,08 

28,67±0,08 

28,70±0,32 

28,79±0,09 

28,8±0,01 

28,8±0,06 

28,88±0,05 

28,93±0,05 

Байлаусыз

 

ұстау



 

28,83±0,01 

28,82

±0,06


28,79±0,01 

28,76±0,32 

28,74±0,09 

28,74±0,09 

28,76±0,08 

28,80±0,11 

28,83 ± 0,04 

28,91±0,09 

28,94±0,05 

28,97±0,02 

Жылуға 

төзімділі-



гі,% 

Байлаул


ы

 ұстау


 

70±0,04 


72

±0,06


74±0,07 

75±0,08 


75±0,01 

74±0,32 


74±0,05 

75±0,06 


75±0,11 

74±0,15 


72±0,11 

72±0,08 


Байлаус

ыз

 ұстау



 

70±0,08 


73

±0,06


74±0,11 

75±0,02 


75±0,32 

74±0,15 


74±0,01 

75±0,11 


75±0,04 

75±0,08 


74±0,05 

72±0,07 


Қышқыл-

дығы, 


0

Т 

Байлаулы



 

ұстау


 

16,67±0,06 

16,61

±0,09


16,61±0,08 

16,60±0,01 

16,57±0,05 

15,55±0,11 

16,58±0,04 

16,60±0,15 

16,61±0,32 

16,65±0,07 

16,64±0,11 

16,65±0,05 

Байлаусы

з 

ұстау



 

16,74±0,0

5

16,78


±90

16,74±0,1

1

16,73±0,0



2

16,69±0,0

9

16,65±0,1



5

16,67±0,0

6

16,70±0,0



4

16,71±0,0

8

16,74±0,3



2

16,78±0,1

1

16,80±0,0



7

Дене 


жасуша-

лар саны, 

мың 

Байлаулы


 

ұстау


 

210±0,07 

240

±0,32


245±0,04 

250±0,08 

260±0,05 

265±0,11 

270±0,01 

260±0,15 

250±0,06 

255±0,15 

230±160 

225±0,11 



252

 

 



Байлаусыз

 

ұстау



 

180±0,06 

180

±0,07


160±0,32 

150±0,01 

170±0,11 

210±0,11 

180±0,04 

170±0,15 

170±0,09 

170±0,08 

165±0,05 

180±0,02 

 

Кесте мəліметтеріне қарасақ, жыл мезгілі бойынша байлаулы ұстау жүйесіндегі сиыр 



сүттері байлаусыз ұстау жүйесіндегі сиыр сүтімен салыстырғанда (қазан- қараша) сүттің 

тығыздығы  төмендігі  байқалып  тұр.  Сонымен  қоса,  екі  топтағы  сиырлардың  сүтінің 

тығыздығы  жаз  мезгілінде  төмендеп,  қыс  мезгілінде  жоғарлаған.  Осыған  байланысты 

сиырды ұстау əдістері сүттің физико- химиялық көрсеткіштеріне əсер етпейді. Ал олардың 

жылуға төзімділігі бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалған жоқ.  

Қышқылдылық  сүттің  негізгі  химиялық  қасиеттерінің  бірі.  Біздің  зерттеуіміз 

бойынша  сүттің  титрометрикалық  қышқылдығы  жыл  мезгілдеріне  байланысты  болды, 

яғни,  жаз  мезгіліне  қарағанда  қыста  сүттің  қышқылдығы  жоғары.  Ал,  техникалық 

талаптарға сай сүттің қышқылдығы 16-18

0

Т аспау қажет. Сүттегі соматикалық клеткалар 



саны байлаулы үстау жүйесінде тұрған сиыр сүтінде жоғары екендігі анықталды. Сонымен 

қатар,  сүттің  микробпен  ластануы  жылдың  төрт  мезгілі  бойынша  анықталды.  Зерттеу 

нəтижелері 3-кестеде берілген.  

 

3-



 

Кесте- Көктем, жаз, күз мезгіліндегі сүттегі микроорганизмдер саны жəне құрамы, 

n= 5 

 

№ 



Көрсеткіштер  

Ұстау əдісі 

Жыл мезгілі 

көктем 


жаз 

күз 


қыс 

Жалпы микроор-

ганизмдер  саны, 

КТБ /мл 


Байлаулы 

ұстау 


88 137±0,04 

386 282±0,06 73 531±90±0,01  31 095±0,07

Байлаусыз 

ұстау 


43 587±90±0,01 107 167±0,06

32 350±0,04 

19 000± 

Ішек  таяқшала-

ры КТБ /мл 

Байлаулы 

ұстау 

3 343±0,07 



5 389± 

2 950±90±0,01  1 156±0,02 

Байлаусыз 

ұстау 


631±90±0,01 1 

090±0,04  903±0,06  185±0,07 

 

Сальмонеллалар/



мл 

Байлаулы 

ұстау 

- - - - 


Байлаусыз 

ұстау 


- - - - 

Ашытқы  


cаңырауқұлақтар 

КТБ /мл 


Байлаулы 

ұстау 


302±0,09 1 

020±0,07 498±0,04 204±90±0,01

Байлаусыз 

ұстау 


270±90±0,01 692±0,07  290±0,04  120±0,04 

Зең  саңырауқұ-

лақтар КТБ /мл 

Байлаулы 

ұстау 

170±0,02 200±0,04 121±0,06  90±0,01 



Байлаусыз 

ұстау 


20±0,07 131±90±0,01

76±0,04  78±0,09 

 

3- кестеде сүттегі санитариялық- көрсеткіш мироорганизмдердің сапалық құрамының 



жыл  мезгіліне  жəне  ұстау  əдісіне  байланысты  өзгеруі  көрсетілген.  Кестеден  сиырларды 

байлаусыз  ұстау  əдісінде  байлаулы  ұстау  əдісімен  салыстырған  кезде  жалпы 

мироорганизмдер  саны  қыс  мезгілінде  төмен  екендігін  көреміз.  Сиырлардың  бірінші 

тобында ішек таяқшалар тобына жататын микроорганизмдер саны аз болды.  Тəжірибелік 

топтағы  сиыр  сүтінің  сынамаларында  сальмонеллалар  табылған  жоқ.  Ашытқы  жəне  зең 


253

 

 



саңырауқұлақтар барлық  сүт сынамаларында байқалды.  Зең саңырауқұлақтар байлаусыз 

ұстау əдісінде- 131 КТБ; ал байлаулы ұстау əдісінде- 200  КТБ сəйкес болды. 

Көктемде  байлаулы  ұстау  жүйесіндегі  сиырлармен  салыстырғанда  байлаусыз  ұстау 

жүйесіндегі 

сиырлардың 

сүт 


сынамаларында 

негзгі 


санитарлық 

көрсеткіш 

микроорганизмдер  саны  төмен  болды.  Мысалы,  сальмонеллалар  екі  зерттеу  тобында  да 

табылмады.  Сонымен  қатар,  жыл  мезгіліне  байланысты  сүттегі  кейбір  микроорганизм 

түрлері өзгерген. Қыстағы көрсеткіштермен салыстырғанда көктем кезінде олардың саны 

артқан.  Екі  топтада  микроорганизмдердің  санының  жоғарлауы    жаз  кезінде  байқалған. 

Сүттің  микроорганизмдермен  ластануы  байлаулы  ұстау  əдісінде  зең  жəне  ашытқы 

саңырауқұлақтар саны артқан.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет