Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет64/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

Айырша без (тимус) – көптеген бөлшектерден тұратын қос без. Ол 
төстің ішкі бетінде, алдыңгы көкірекортада, жүрек ұясының үстіңгі жағында 
орналасқан. Айырша безде екі түрлі жасуша бар – лимфоидтық жасуша (ұсақ 
микроциттер) негізінен қабықты қабатында, торлы жасуша астыңғы милы 
қабатында орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айналады, торда 
лимфоциттер орналасады.
Айырша безде түзілетін гормондардың бәрі полипептидтерге қарайды 
және оған мына гормондар жатады: тимозин, гомеостатикалық тимустық 
гормон, тимопоэтин І, тимопоэтин ІІ және тимустық гуморалдық фактор.
Бұл гормондардың организмнің иммундық қорғаныстық әсерленістердің 
дамуында маңызы зор, антитәндердің қалыптасуын жеделдетеді. Айырша без 
иммундық әсерленістерге қатысатын лимфоциттердің дамып жетілуін 
қадағалайды, соның ішінде жасушалық иммунитетке жауапты Т-
лимфоциттердің 
түзілуіне 
септігін 
тигізеді. 
Қан 
айналымындағы
лимфоциттердің 60-80%-ы Т-лимфоциттерден тұрады. 
Айырша бездің толық дамуы балалық шақта болады. Жыныстық даму 
кезеңі басталғаннан кейін тимустың өсуі тоқталып, семіп қалады (атрофия). 
Сөйтіп, айырша безі организмнің өсіп дамуын жетілдіреді де, жыныстық 
жүйенің дамуын тежейді. 
Клиникалық бақылауда кездесетін ауру – миастения (бұлшықеттің 
әлсіздігі) айырша без шектен тыс үлкейіп кеткенде пайда болады. 
Физиологиялық 
механизмі: 
бұлшықет-жүйке 
түйіспесіндегі 
холинэстеразаның көп бөлініп ацтилхолинді жедел ыдыратуына келтіреді. 
Осының салдарынан түйіспе арқылы қозудың өтуі бұзылады. 
Қалқансерік бездер - онша үлкен емес (салмағы 20-50 мг), қалқанша 
бездің артқы жағында жұптап орналасқан құрылымдар. Олар қанмен жақсы 
жабдықталған және вегетативтік жүйке жүйесімен нервіленген. Қалқансерік 


бездердің гормоны паратгормон (паратирин) деп аталады. Бұл гормон 
организмдегі Са
2+ 
иондарының алмасуын реттеуге қатысады және оның 
қандағы деңгейі тұрақты болуын (тиреокальцитонинмен бірге) қолдайды. 
Қандағы Са
2+
-дің қалыпты мөлшері 2,25-2,75 ммоль/л (9-11 мг%).
Қалқансерік бездерінің қызметі күшейгенде (гиперпаратиреоз) қандағы 
Са
2+ 
концентрациясы 
ұлғаяды, 
ал 
оның 
қызметі 
төмендегенде 
(гипопаратиреоз) – қандағы Са
2+ 
азаяды. Паратгормонның әсерінен 
остеокласттардың белсенділігі күшейіп, сүйектегі Са
2+ 
мен фосфат босап 
(аденилатциклаза ферментінің көмегімен) қанға түседі, яғни бұл гормонның 
шамадан артық бөлінуі гиперкальциемияға әкеледі. Паратгормон бүйрек 
түтікшелерінде Са
2+
иондарының қайта сіңуін (реабсорбция) күшейтіп, оның 
қандағы мөлшерін жоғарылатады. Сонымен қатар паратгормон организмдегі 
фосфор алмасуына да әсерін тигізеді: бүйректегі фосфордың қайта сіңуін 
тежейді, оның салдарынан фосфор несеппен көп шығарылып, қандағы 
мөлшері азаяды. Паратгормон ішектен Са
2+
иондары мен бейорганикалық 
фосфаттың қанға сіңуін күшейтеді. 
Қалқансерік бездің гормон шығаруының реттелуі қандағы Са
2+
-дің 
мөлшеріне тікелей байланысты. Егер қандағы кальцийдің мөлшері 
жоғарыласа, қалқансерік бездің әрекеттік белсенділігі төмендейді, ал оның 
қандағы шамасы азаятын болса, қалқансерік бездің гормон шығару қабілеті 
жоғарылайды, яғни бұл кері теріс байланыс принципіне сәйкес келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет