Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет87/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

Белок максимумы деп – ағзаның мұқтаждығын толық қамтамасыз ететін, 
жақсы көңіл-күйді, жоғары жұмыс қабілеттілікті сақтайтын, қолайсыз 
әсерлерге жеткілікті қарсыластық көрсете алатын тағам құрамындағы 
белоктың мөлшері (тәулігіне 90 г). 
Организмге келетін ақуыздың мөлшері аз немесе жетіліксіз болса, 
адамның ойлық және физикалық жұмыс қабілеттілігі төмендейді, ағзаның 
қорғаныштық қызметі жетіспейді, бұлшықеттің семуі (атрофия) және ісіктің 
пайда болуы мүмкін. Сондықтан тағамдық рационда ақуыздардың жалпы 
мөлшерінің 55-60%-ы жануарлар белогынан болу керек. 
Тағамның құрамындағы ақуыздардың мөлшері шамадан артық болса, ол 
бүйрек қызметіне ауырпалық түсіреді, себебі ағзадағы мочевинаның түзілуін 
күшейтеді. Ішектегі белоктың толық ыдырамауынан пайда болатын заттар 
ағзаны уландыруы мүмкін. 


Азот тепе-теңдігі (балансы). Тағаммен қабылданған және ағзадан 
шығарылған азоттың мөлшерін салыстыру нәтижесі бойынша белок (азот) 
балансы туралы айтуға болады. Дені сау адамның ағзасында бұл 
көрсеткіштер әрдайым өзара теңдікте болады, яғни азот тепе-теңдігі бар. 
Ағзадан шығарылған азот мөлшері басым болса, оны теріс азот тепе-
теңдігі дейді. Мұндай жағдай тағамдағы құнды белоктың жетіспеуінен, ұзақ 
уақыт аш болғанда, жарақаттануда, күйікке шалдыққанда және кәрілікте
байқалады. Оң азот тепе-теңдігі деп ағзаға тағаммен келген азоттың 
мөлшері, несеппен шығарылған азоттан көп болуын айтады. Бұл жағдай 
организмнің өсуінде, аштықтан кейін, жүктілікте, бұлшықеттің салмағын 
(көлемін) ұлғайтатын дене жаттығуларымен айналысқанда, әлсірететін 
науқастан кейін пайда болады. 
Белок алмасудың реттелуі. Гипоталамуста қандағы амин қышқылының 
мөлшеріне сезімтал рецепторлар бар, солардың көмегімен гипоталамус 
нейро-гормоналдық реттеу механизмдерін іске қосады. Соматотропин (өсу 
гормоны), тироксин (қалқанша безі), инсулин (ұйқы безі), тестостерон, 
эстроген (жыныс безі) гормондары ақуыздың синтезделуін күшейтеді. 
Глюкокортикоидтар көптеген жасушалардағы белок концентрациясын 
азайтады, қан плазмасындағы амин қышқылдардың мөлшерін жоғарылатады, 
бауырдағы ақуыздың синтезін күшейтіп, оны көмірсуға айналдырады 
(глюконеогенез). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет