Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет85/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

Анаболизм – ассимиляцияның қорытынды бөлігі, яғни жасушалар 
құрамы мен оның ішкі заттарының синтезделуін қамтамасыз ететін 
жасушаішілік үдерістер жиынтығы. Анаболизмнің бастапқы өнімдері – 
мономерлер (аминқышқылдары, моносахаридтер, май қышқылдары, 
моноглицеридтер, нуклеотидтер) және су, минералдық тұздар мен 
дәрумендер (витаминдер); соңғы өнімдері – полимерлер: организм үшін 
арнайы ақуыздар, майлар, көмірсулар, нуклеинді қышқылдар. Анаболизм
диссимиляция кезінде бұзылған жасуша құрылымдарын қайта жаңартып, 
қайтадан калыптасуын, организмнің өсіп дамуын, энергиялық потенциалдың 
артуын қамтамасыз етеді. 
Диссимиляция 
– 
ағза 
жасушаларының 
құрамы 
мен 
басқа 
қосындыларының энергия бөлмей мономерлерге дейін ыдырау процесі. 
Диссимиляцияның бастапқы өнімдеріне ағза жасушаларындағы ақуыздар, 
майлар және көмірсулар жатады; соңғы өнімдері – аминқышқылдар, 
моносахарлар, май қышқылдары, нуклеотидтер және энергиясы бар басқа да 
қосындылар. Бұл косындылар диссимиляция кезінде қанға түседі де, 
асқорыту жүйесінен келетін мономерлермен араласып қоректік заттардың 
жалпы қорын құрады. Бұл – жалпы зат алмасуы. Диссимиляция үдерісінде 
жасуша құрылымдарының ыдырауынан пайда болатын мономерлер мен 
басқа да қоспалар энергия бөлінбей жүреді. 
Катаболизм - бұл қаннан жасушаға түскен мономерлер мен басқа да 
қоспалардың энергия бөлу арқылы ең соңғы өнімдерге дейін (Н
2
О, СО
2
және 
NH
3
) ыдырауы. Сөйтіп, катаболизм үдерісі кезінде жасуша асқазаннан қанға 
сіңген және өзінде диссимилизация нәтижесінде түзілетін мономерлерді 
пайдаланады. 
Дені сау ересек адамдар ағзасында анаболизм мен диссимиляция 
арасында әрдайым тепе-теңдік байқалады. Организмнің өсуінде, жүктілікте, 
қарқынды денелік жүктемеде, ұзақ науқастан кейін сауығу кезінде және 
ашықтықтан шығу жағдайында анаболизм диссимиляциядан басым болады. 
Ал кәрілікте, әлсірететін ұзақ науқаста, аштық және күйзелісте (стресс) 
дисимиляция анаболизмнен жоғары болады. 
Қорыта келгенде, анаболизм мен диссимиляция үдерістері, өзара 
байланысты биохимиялық өзгерістер барысында, организм жасушаларының 
өздігінен жаңартылуын толық қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет