Жылу реттелуі физикалық (жылу шығару) және химиялық (жылу өндіру)
реттелу болып екіге бөлінеді. Физикалық реттелу - жылу шығару деңгейін
өзгерту арқылы, ал химиялық – жылу өндіру үдерісін күшейту не әлсірету
арқылы, яғни зат алмасу қарқынын өзгерту арқылы іске асырылады.
Жылу өндіру түрлері. Адам организмінде суықтың әсерінен жылудың
өндірілуі 3-5 рет жоғарылайды, ол зат алмасу қарқыны мен жылу өндіретін
реакциялардың күшеюі есебінен болады. Аса қарқынды жылу өндіру
үдерістері бұлшықетте, бауырда, өкпеде және бүйректе жүреді. Дене
салқындағанда бұлшықеттерде 30-50%-ға дейін жылу өндіріледі. Жылу
өндірудің
жиырылғыштық және
жиырылғыштық емес түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: