Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет90/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

13.3. Организмдегі энергияның алмасуы. 
Адам (жануар) ағзасындағы зат алмасуы мен энергия алмасуы бір-
бірімен тығыз байланыстағы үдерістер. Зат алмасуы нәтижесінде тағам 
құрамындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар тотығудан және ыдыраудан өтеді 
де, олардың энергиясы (химиялық, механикалық, электрлік, жылулық) 
ағзаның қажеттілігіне пайдаланылады. Мысалы, тағам құрамындағы белок


май, көмірсулардың химиялық энергиясы АҮФ түзілуіне немесе басқа ірі 
молекулалық заттардың пайда болуына жұмсалады. АҮФ жасушаның бос 
энергиясының көзі болып саналады, сондықтан ол пайда болған соң бір 
минут ішінде іске қосылады. АҮФ-тың айналыстағы жылдамдығы өте 
жоғары: пайда болатын (түзілетін) және ыдырауға түсетін АҮФ-тың 
мөлшері дене салмағынан 2-3 есе асып түседі!. Тыныштық жағдайда 
тағамның энергиясының 25%-ы ағза мүшелері мен тіндердің жұмыстарына 
жұмсалады (тасымалдау, синтездеу, сөл бөлу, бірыңғай салалы және қаңқа 
еттерінің жиырылуына, т.б.). 
Энергия шығынының түрлері: пластикалық, негізгі алмасу және жалпы 
алмасу. 
Пластикалық алмасу – ұзақ ашығуда болған немесе ауыр науқастан 
кейін ағзаның құрылымдық бөлшектерін қайта қалпына келтіру үшін және 
өсіп келе жатқан ағзаның дамуына жұмсалатын энергия шығыны. 
Негізгі алмасу (НА) – үйреншікті (стандартты) жағдайдағы ішкі ортаның 
тұрақтылығын (гомеостазды) қамтамасыз етуге шығындалатын энергияның 
аз (минималды) мөлшері. Оны анықтау сергек адамда тәңертең төсектен 
тұрмай, толық қимылсыз жатқанда, аш қарында, яғни соңғы рет ас ішкеннен 
кейін 12-16 сағат өткен соң, температуралық комфортты (18-22ºС) жағдайда 
жасалады. НА-ды осы көрсетілген стандартты жағдайда зерттеу керек, себебі 
физикалық және эмоциялық жүктеме, тағам қабылдау және қоршаған орта 
температурасының өзгерістері организмдегі зат алмасу қарқындылығын 
күшейтеді, яғни энергия шығыны да күшейеді. НА-дың энергиясы 
организмдегі барлық тіндер мен ағзалардың қалыпты қызметтерінің 
атқарылуына, дене температурасының тұрақтылығын сақтауға жұмсалады. 
НА деңгейі адамның салмағына, бой ұзындығына, жасына, жынысына 
байланысты. Ересек адам 1 кг салмағына 1 сағат ішінде 1 ккал (4,19 кДж) 
энергия жұмсайды. Сонда, салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 
ккал (7117 кДж) энергия бөліп шығарады. Бұл нормалық энергия мөлшері 
адамның тіршілігін сақтауға қажет ағзалар қызметіне жұмсалады. Осындай 
салмақтағы әйелдерде бұл көрсеткіш 10%-ға төмен. НА-дың ең жоғары 
деңгейі 6 айға дейінгі балаларда болады, сосын ол біртіндеп төмендейді де, 
жыныстық дамудан кейін ересек адамдармен теңеседі. Жас ұлғайған сайын 
НА-дың шамасы төмендей береді. Негізгі алмасудың жартысынан көбі бауыр 
мен қаңқа еттерінің қызметінде шығындалады. 
Адамның НА-ның тиісті шамасын арнаулы кестелер (таблицалар), 
формулалар және номограммалар бойынша анықтайды. Сонымен қатар, Крог 
әдісімен де (толық емес газ анализі) анықтауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет