498
бойында Созақ, Үрысоған, Құмкент, Сөгілкент калалары орналасқан. Жол
Таластың төменгі ағысына шығарып, одан жоғары өрлеп, Таразға котеріл-
ген, Биліколдің батыс жағасын бойлап, Берукет-Паркет, Құтықшын кал-
асы арқылы тағы да сол Таразға шыққан.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аркылы өтетін Ж ібек жолының негізгі
торабынан солтүстік пен шығыска карай жолдар шығып, олар Орталық және
Шығыс Қазақстан аудандарына, кейін Сарыарқа ретінде белгілі болған
Дешті Кыпш ақдаласына, Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға бетте-
ген. Мұнда дала жолы өтеді, онымен аттылы көшпелілердің тайпалары
жүріп-тұрған. Б ірақ Қазақстанның далалык аудандарында көшпелілер ғана
мекендеген деп ойлау дұрыс болмас еді. Мүнда егіншілікке қолайлы жер-
лерде — Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендерінің аңғарларында, Ертіс жағалауы-
нда орта ғасырлар кезеңінде егіншілік алкаптар мен кала өмірі пайда бо
лып, дамыды. Сонымен бірге сонау қола дәуірінде-ақ мыска, калайыға,
қорғасынға, күміске бай кеніштер ұксатылып, неғұрлым кейінгі кезде нак
сол жерлерде кен қазушылардың, металл балқытушылардын, мысшылар
мен күміс ісі шеберлерінін, қоныстары өсіп шыкты. Орталық Қазақстанның
шикізат ресурстарына — малға, жүнге, теріге, металға бай аудандары сауда
байланыстары жүйесіне, соның ішінде халыкаралық жүйеге тартылып,
кәптеген керуен жолдарымен Ж ібек жолы жүйесіне косылды.
Отырардан Арсубаникет арқылы Арыстанды, Ш аян алкаптарымен Қар-
атаудың аласа тауларынан асып; Шауғар мен Иассыдан Т ұрлан асуы аркы
лы; Сауран мен Сығанақтан; Жанкенттен Орталык Қазақстан даласына
жолдар шығып, Сарысу мен Кеңгірдін, Торғай мен Есілдің жағалауларына
жеткен. Бүл жерлерден дуалдары күлаған төрт бұрышты қалалар жүрты
түріндегі: Болғанана, Жаманқорған, Ногербек-дарасы Домбауыл, Милықү-
дык, Ормамбет коныстары ашылды. Олардың теңірегіндегі келемді зират
тар аршылды, оларда Ж ош ы-хан мен Алаш кесенелері сияқты сәулет
өнерінің үлгісі сақталған. Сірә, орта ғасырлардағы деректемелерде атала-
тын Ж убин, Конгликет қалаларын, Ортау жәие Қойтау жайлауларын, әл-
Идрисидегі Гарбин ж әне Махмүд Қашғаридегі Бақырлытау кен орында-
рын нақ осында шоғырландырған жөн болар.
Жанкентген солтүстік-батысқа карай шыккан жол Білеуіт озенінің жаға-
лауына жетіп, Қоңырат пен Қарсақпай ауданына апарған. Орталык Қазақ-
станға Отырардан Ш ауғар мен Ақсүмбедегі Тұрлан асуы аркылы Сарысу-
дың төм енгі ағы сы на ж ә н е өзенді бойлай ж оғары өрлеп, Ү лы тауға
(Кендірлік тауына), ал одан Есіл мен Ертістің бойымен кететін Сарысу жолы
деп аталатын жол да шыққан. Неғұрлым қыска жол — Созак аркылы Шудың
томенгі ағысына, ал одан Бетпакдала арқылы Ж езқазған оңіріне апаратын
жол саналды. Тағы бір жол — «Хан жолы» жаңа заманға дейін пайдаланы-
лып келді ж әне Тараздан Таластың бойымен томен карай Мойынкұм мен
Бетпакдала арқылы Атасудың жағалауына қарай кетеді.
Ибн-Бахр мен әл-Идрисидің мәліметтеріне сәйкес, Тараздан Адахкет
және Дех-Нуджикет калалары арқылы Ертіске — кимектер хақанының ор-
дасына қарай ж әне одан әрі Енисейдегі қырғыздар еліне карай сауда жолы
барған. Қырғыздарға әрбір үш жыдда жібек артылған керуен жіберіліпоты-
рған.
Іле алқабын Орталық Қазақстанмен, Ш у-Іле тауларының солтүстік бет-
кейлерімен содан соң Шуды жағалап, оның төменгі ағысына, одан кейін
499
Сарысудын жағасына карай өтетін жол жалғастырып жатқан. Шеңгелді
маңында солтүстік-Іле жолынан тағы бір маңызды жол бөлініп, ол Көктал
мен Бояулы керуендері арқылы Балқаш өңіріне, ал сонан соң Іле өзенінің
Актам және Ағашаяк қалаларының жүрты жатқан Ортасу атырауын жаға-
лап, Балқаш жағасына карай, ал содан кейін ені 8 шакырымнан сәл асатын
бұғаз калдырып, келдің оңтүстік ж әне солтүстік жағаларын жалғастырып
жатыр деуге болатын Үзынарал түбегі аркылы өтеді. Осы арадағы мүйістен
көпшілік бөлігін су басып кеткен қала жұрты табылды. Керуендер бұғазды
кешіп, ал кыста мұз үстімен отіп, Тоқырауын озенінің сағасына шыққан,
сонан соң оны жағалап, Үлытау етегімен, одан әрі солтүстікке қарай жүрген
деп шамалауға болады.
Жоңғар қақпасына беттеген солтүстік-Іле жолынан Алакөлді батыс
жағынан айналып ететін жол белініп, ол Тарбағатай арқылы Ертіске, ки
мектер елінің жеріне барған. Тарбағатайда ж әне Ертіс жағалауында кимек
калалары — Банжар, Қанауыш, Астұр, Сисан қалалары мен «хакан астана
сы» — темір қақпалы дуалмен бекітіліп қоршалған үлкен қала орналасқан.
Кимектердің калалары Енисейдегі қырғыздардың, Монғолиядағы үйғырла-
рдың қалаларымен ж әне Ш ығыс Түркістанның жазираларымен сауда жол-
дары арқылы байланысып жатты. Оңтүстік Арал еңірі арқылы Кама ала-
бына Жібек жолын солтүстікпен жалғастырған жол етті. Осы жерде дайы-
ндалған қымбат бағалы аң терілері Орта Азияға, Ш ығыс Түркістанға,
Кытайға, Үндістан мен Иранға апарылған12.
2. САУДА ЖӘНЕ ТОВАР АЛМАСУ
Бұрын атап өтілгеніндей, Ж ібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс
елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византия-
дан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Европа мен
Г’усьтен осы елдерде өндірілетін товарлар тасылды. Бұл ғажайып, таңсык
товарлардың тізімі таусылмайды. Бүлар - мирро мен ладан, жасмин суы
мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (ж еньш ень) мен
айдаһардың (питон) өті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдык
шикізат, алмасщен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, күйма күміс пен
сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садактар мен жебелер, семсерлер мен
найзалар және басқа да кептеген заттар. Ж ібек жолымен сату үшін Ферға-
наның асыл тұқымды аттары, араб ж әне нисиа арғымақтары, түйелер мен
шлдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршығалар
мен сүңқарлар, тоты құстар м ен тү й еқұстар алып ж ү ріл ді. М әдени
есімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті тағамдар мен қант, жемістер мен
кекеністер Жібек жолы арқылы тарады13.
Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді. Алтынмен
бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге
сыиға тартылды, жаддамалы әскерге ақы ж әне мемлекеттік қарыз ретінде
теленді. Иранның шахиншахы Хосроу I Ануширван кытай императорынан
басқа тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі» — «ушари» алған, онын
кекш іл еңіріне тәж киген ж әне әш екейлер тағынған патша бейнеленген.
Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларының фреска-
ларында шонжарлар киген ж ібек киімдерде оларға тән барлық қымбат
500
бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай
салынатыны кездейсоқ емес. Ж ібек жолымен тасылатын жібектің де, то-
варлардың бір бөлігінің де оның Қазакстан бөлігінде тұрған калаларда қалып
отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлел-
дейді.
Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біре-
уінен қытайдың біздің заманымыздағы I—IV ғасырларға жататын жеті «У-
шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Ба-
тысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналаскан Сырда-
рияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына
дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген: «...жуы-
рдағы кездің өзінде шетелдік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен
ж әне бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу даңқын қымбат
тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».
Батыспен байланысты қымбат тұратын заттар арасынан Жетісудан та-
былған күміс қүмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге елік-
теп крестер түрінде калыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасаған ше-
бер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсетуге тырыскан. Бір саптыаяқ
тұтқасының иілген жерінде «көне заман сипатындағы» бас бейнеленген.
Зерттеушілердің пікірінше, Византия үлгілеріне бұлайша еліктеуге тыры-
сушылықты «империя халқы түр-тұрпатының әсерлі әсемдігі» туғызған14.
Ж амбыл қаласында Тараздың орнынан I Ю стинианның византиялық ал
тын солиді табылды, оның бір бетінде дулыға киіп, найза мен қалкан ұстаған
император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнелен
ген15. Византияның алтын солидінің кең таралғанын ж әне халықаралық
валюта ретінде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Кімнің билеушісі күшті
екені жөнінде Византия ж эне парсы көпестерінің айтысуы туралы Кузьма
Индикоплавтың VI ғасырдың орта шеніне жататын әңгімесі мәлім. Персия
саудагері тек күміс көрсете алған кезде, византиялық бүкіл әлемге тара-
лған алтын теңге көрсетіп жеңіп ш ы ққан16.
Талғар каласыньщ жүртынан шетелдік бүйымдардың қызықты олжала-
ры табылды. Бұл — көмбе, оның құрамына ішкі жағы ұзақ жасау нышаны-
— саңырауқұлақ түріндегі медальондармен кемкерілген бала мүсіндерінің
оймышталып жасалған бейнелерімен безендірілген қытайдың терт фарфор
тостағаны кіреді. Ыдыстардағы нышандар ер баланың дүниеге келуін (төрт
бала) ж ә н е бірлікті — «и туань хоци» (бір толы қ бала) тілеу деп те
түсіндіріледі. Көмбеде фаянс тостағанның сынықтары да болды. Ішкі жағы-
нда, қызыл түске люстрмен жасалған тау және теңіз пейзажы көрінісінде,
отырған он бір ер кісі мен бір әйел бейнеленген. Барлық кейіпкерлер ал-
тындатылған әсем киім киінген, алты мүсіннің киімі қызыл, алтауында —
алтынмен әдіптелген қара киім. Адамдардың басынан алтын нұр шашы-
лып тұр. Еркектердің бет-әлпеттері мұрындарының етті ж әне қастарының
қою болуымен ерекш еленеді. Он еркектің шашы қырылып тасталған,
сегізінің мүрты бар. Ортада отырған еркек басқаларынан тұлғалы, ұзын
шашы, салбыраған мұрты мен сақалы бар. Ол басына алтын т әж киген, он
қолына ұшы иығы деңгейінде тұрған семсер ұстаған. А қ жүзді әйелдің
көздері қиық, қастары доғадай иілген, мұрны түзу, аузы оймақтай. Ол ба
сына биік бас киім киген, оның астынан ұзын шаштары иығына түсіп түр.
Мүсіндердің арасында аж даһаны ң қабыршақты денесі иретіліп жатыр. Тос-
501
тағанның сыртқы жағында нак сол адамдардың мүсіндері екі қатарға бей
неленген, оларды кара түс арасындағы аж даһаны ң кабыршақты ак денесі
бөліп жатыр. Тостағанның сыртқы түбінде иероглифтер жазылған сопак-
ша таңба бар17. Фарфор тостағандар мен фаянс тостағанның сынықтары
Талхизге қытайдан XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында әкелінген.
Көмбе кұрамына кіретін үш мыс табақтың фрагментері де сол кездегі
деп саналады. Олардың басқаларынан жақсырак сакталған біреуінің диа-
метрі 49,5 см. Ыдыстың ішкі беті бірнеше шеңберлерге бөлінген. Ортасын-
дағы медальонда арыстан денелі, әйел бетті, канаты бар екі жанды нәрсе
бейнеленген, олардың басына тәж кигізілген. Сфинкстер артқы аяқтары-
мен, бір-біріне аркасын беріп геральдикалык кейіпте тұр, мүшелі құйрык-
тары айқасып жатыр, беттері тура қаратылған. Доға тәрізді жіңішке қана-
ттары жоғары котерілген. Медальонный, бос жерлері өсімдік тәрізді өрнек-
термен толтырылған. Медальонның сыртындағы шеңберге жүгіріп бара
жатқан иттер мен түлкілердің бейнелері — «аң куу» көрінісі салынған. Тағы
бір жолақты лира тәрізді мүсіндердің бейнелері алып жатыр, олар өсімдік
өркендерінен өрілген. Табақшаға ұқсайтындар коп, оларда сфинкс және
аң куу көріністері бейнеленген. Бұлар — Орта Азиядан, Еділ бойынан, К ав
каз өңірінен, Таяу және Орта Шығыстан табылған шыныаяқтар, айналар,
табакшалар. Тегінде, мұндай бұйымдарды шығаратын орталықтар бастапкы-
да Иранда болып, сол жактан олардың өздері де, сюжеттері де Жібек ж о-
лымен таралса керек18.
Сырдарияның орта ғасырлардйғы калаларын, атап айтқанда, жиырма
жылдай уақыт бойы кең көлемді зерттеулер жүргізіліп жаткан Отырарды
қазу жүмыстары кезінде шетелдік заттар табылды. Бүл - шиыршык атып
жаткан жолбарыс немесе барыс бедерленіп бейнеленген нефрит қапсырма.
Қапсырманың көлемі диаметрінде 3,2-3,5 см, оның бүйірлерінде бекітуге
арналған кұлакшалар бар. Бейненің иконографиясы оның Қытайда шыға-
рылғанын дәлелдейді. Ж ыртқыш мүсінін көрсету дәстүрлі аспан аж даһа-
лары «лун» және аж даһа сиякты касиетті «ак жолбарыстар — байху» бей-
нелеріне өте үқсас. Мұндай «жолбарысты қапсырма-регалиялардың» ерте-
дегі үлгілері Чжоу дәуіріғіің Чжанго кезеңіне жатады. Қапсырмалардың
жасалган уақыты - Тан немесе Сун дәуірі. Қапсырманың пайцзе немесе
иеленуші адамның рулық эмблемасы болуы мүмкін19.
Отырардан табылған күміс көмбе мәні жөнінен сирек кездесетін, ха-
лыкаралық сауданы зерттеу үшін маңызды олжалар санатына жатады. Ол
өз күрамы жагынан ақшалай-заттай болып келеді. Көмбедегі теңгелер жиы-
нтыгының құрамы бірегей: онда ІПыгыс Түркістан қалалары - Алмалық-
тын, Пулад пен Эмильдің (Омыддын), Орду әл-Заманың; Европадагы Қыры-
мның; Кіші Азиядагы Сивастың, Конияның, Тебриоздың; Қазақстандағы
Ж енттің теңге сарайларында соғылгандары бар. Теңгелердің жиналган
уақыты XIII ғасырдағы 60-жылдардың екінші жартысына жатады, ал олар
XIII ғасырдың 40—60-жылдарында согылган. Көмбедегі күміс бұйымдар
әсерлі, олардын арасында күрама белдіктің ұйгырша жазулары бар күміс
капсырмалары; Орта Азияда оратылып жасалган білезіктер мен Еділ бойы
нда өріліп жасалган білезіктер; Кіші Азиядагы бір қаланың қолөнер ше-
берханасынан шыққан белдіктің тогасы бар. Көмбе монгол империясы
дәуірінде Ж ібек жолының бойында тұрган қалалардың өзінше бір «визит
карточкалары» тәрізді20.
502
Көмбеде линзалар ж әне сопақша күміс кесектері де болды. Олар ақша
ретінде қолданылған болуы мүмкін, бұл ж азбаш а деректемелерде тура
көрсетіледі. М әселен, Ф лоренция кепесі Ф ранцеско Бадуччи П еголот-
ти Европадан Ш ығы сқа баратын көпестер өзімен бірге маталар әкетуге,
оларды Үргеніш те сатып, сол жерде ондағы елдерде қолданылатын со-
мдар (күміс кесектерін) ж инап алуға тиіс деп ж азған21.
Отырарды қазған кезде табылған бұйымдар арасынан X III-X IV ғасы-
рлардағы қола айналарды атап еткен жөн. Олардың бір бөлігі сырттан
әкелінген ж әне қалаға Қытай мен Персиядан Ж ібек жолы арқылы келіп
түскен айналардан алынған көш ірмелер бойынша Отырарда қүйылған.
М ысалы, бұл — сырт жағында «аң куу» бейнеленген айна мен он екі
жылдық хайуанаттар циклыны ң жануарлары мен аңдары бейнеленген
ж әне циклды иероглиф тік белгілері бар қытай айнасы22.
Отырардағы қазба жұмыстарының бірінде диаметрі 4,3 см болатын,
беттерінде бедерлі бейнелер бар қола медальон табылды. Бір бетінде
қолында атқалы түрған садағы ж әне белінде үштары жоғары қаратылып
жебелер толтырылған қорамсағы бар салт атты көрсетілген. Оның қасы-
нда ит немесе сілеусін жүгіріп бара жатыр. Басқа бетінде жатқан аж-
д а һ а бейнеленген, оны ң денесі ш еңбер сияқты ширатылған. Қытай ны-
ш андарына сәйкес, «аспан аж даһасы — лун» бейнеленген. Бұған ұқсас
медальондар Ж етісудан, Орта Азиядан, Еділ бойынан табылғаны мәлім.
Бір ғажабы, сілеусін ерткен, қолында садағы бар салт атты бейнеленген
медальондармен XIII ғасырдың аяғы - XIV ғасырдың басында Мысыр-
да ш ығарылған қола ыдыстың бүйірлері безендірілген23.
Оймышталып әдемі сәнделген қола сиясауыт табылды. Сиясауыттың
бүйірлерінде ж ә н е алы нбалы қақпағы нда м едальондардағы есім дік
тәрізді өрнек салы нған көріністе үйрек бейнелері бар, ал түбінде қана-
тты сф инкс бейнеленген. Қақпагында ізгі ниет тілеген жазбалар айқын
көрінеді24. Сиясауыттар XII ғасырдың аягы — XIII гасырда Орта Азия
мен Хорасанда ж асалған. Сиясауыттар көп табылган ж ән е көптеген
м ү р а ж а й л а р д а ғ ы к ө р к е м д ік м ет а л д а р ж и ы н т ы ғ ы н ы ң ж и н а ғ ы н
керіктендіріп тұр. М әселен, Өзбекстан Ғылым академ иясы ны ң тарихи
мүражайында бүйірлеріндегі медальондарда хатшылар бейнеленген си я
сауыт сақтаулы, ал А Қ Ш -тағы М етрополитен М узейіндегі сиясауытта
тақта отырған билеуші бейнеленген. Отырардан табылган әдемі шыны
ыдыс, графин н ақ сол кезге жатады. Ол мөлдір ақ шыныдан жасалып,
көк, қы зыл ж әне жасыл түсті әр түрлі эмальдармен суреттер, геомет-
риялы қ өрнектер салынған. Ыдыстың иіндері алтынмен апталган. Бұл
шыны ыдыс Отырарға шыны ісінің дәстүрлі орталыгы С ириядан кел
ген, ал багалы шыны бұйымдар бүкіл әлемге сол жерден апарылатын.
XII—XIII ғасырларда түрлі-түсті эмальдармен әсемделіп, алтын жалаты-
лған шыны бұйымдар дайындау нақ Сирияда жолға қойылган еді. Мұндай
бұйымдар Батыс Европада, К авказда, Еділ бойында, Орта Азияда табыл
ды. Бір қызығы, XIV ғасырда саяхатшы И бн-Б аттута Хорезмде бір жоға-
ры ш енді ч и н о в н и к т ің үй ін ен С и р и я ш ы н ы сы н ы ң бай жиынтығын
көрген. Енді міне Сирия бұйымдары Сырдарияда табылып отыр.
Ж іб е к ж о л ы н ы ң б ой ы м ен бұйы м дар ған а ем ес, соны м ен қатар
көркем дік стиль сәні де таралды, олардың әлеум еттік тапсырыс болуы
ж әне дайындығы бар негізге, белгілі бір этникалы қ-м әдени ортаға түсіп,
503
кең таралуы мүмкін. Әмір Темір заманының ақ көрініске көк түспен
салынған, толып жатқан әш екейлерімен ерекш еленетін керамикадағы
стилі н ақ Ж ібек жолымен таралды деген пікір бар. Ол Ю ань әулеті кезін-
де (1279-1368) Қытайдың императорлық шеберханаларында пайда бо
лып, Иранда, Түркияда, Орта Азияда кең таралды25. Кобальтпен әш ек-
ейленген керамика тостағандардың, вазаларды ң таң ғаж ай ы п үл гіл ер і
дүние жүзінің көптеген мұражайларының мұрағаттарына көрік беріп тұр.
3. МӘДЕНИЕТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘСЕРІ
Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақта-
ры мен елдерді бейнелеген төрт патш алық түжырымдамасы кеңінен та
ралды. Бұл «дүние патш алықтары ның» әрқайсы сы замандастарынын
көзіне тек өзіне ғана тән артыкшылықтарымен көрінді. Суй (589—618),
ал содан соң Тан (618—907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, ор-
талығы Гангадағы Канауджа қаласы нда болған үнді билеуш ілерінің пат-
шалығы, Тынық мұхиттан Қ ара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі, П ер
сия мен Византия сиякты кұдіретті мемлекеттердің кұрылуы әлемнің
төрт жағында орналасқан д үниеж үзілік терт монархия: оңтүстіктегі
пілдер патш асының (Ү ндістан), батыстағы асыл заттар патш асы ны ң
(Иран мен Византия), солтүстіктегі сәйгүліктер патшасының (түрік қағ-
анаттары), шығыстағы адамдар патшасының (Қытай) империялары идея-
сының негізі болды. Н ақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты:
пілдер патшасы сонымен бірге үнді ф илософ иясы мен ғылымының да-
муымен даналық патшасы, адамдар патшасы - мемлекетгік баскару ж эне
атақты кытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталды;
сәйгүліктер патшасы ж ы ртқы ш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі пат-
шалыққа бөлінді: олардын, біреуі (андар патшасы) Персияның, содан соң
арабтардың патшасы, екінш ісі (ерлер патшасы) халқыны ң көріктілігі
себепті Византикнын, патш асы болды26.
Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқандқа жақын жердегі Куша
ния қонысындағы үйдің қабы рғалары на салынған әш екей суреттер бо
лып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екінш ісінде —
түрік хандарымен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен
рим императорлары бейнеленген27.
Әрбір халықтың бір нәрсесім ен атақты да даңқты екенін ақындар бы-
лайш а суреттейді:
Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды,
Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең,
Ем-домымен жан-дүниеңді қозғайды.
Сауык-сайран үнділердің мекені,
Есеп-кисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді,
Сурет салса Қытай озар өрнегімен, әрімен,
Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың
Қашан да артық бәрінен.
(Носир Хисроу)28 '
504
Талас аңғарындағы Ж ам укат деп саналатын Қостөбе кала жүртынан
арш ылған V III—IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалы ң
сы лақ қабатыны ң оймыштап безендірілуін н ақ осымен түсіндіруге бо
лады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы салбырап түрған жүзім
сабақтары , қы зғалдақтар, ж апырақтар, пальметталар, ромб белдеулері,
меандрлардың көм кермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыш-
тау сарындарында, орнектердің ж еке элементтерінде, стильде Афраси-
аб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғ-
алары сәнделген оймыштарға мейлінш е ж ақын ұқсасты қ бар29. М ұның
озі Бағдат шеберлері талғамдары м ен халифат астанасының астаналық
стиль сән ін ің қалалы қ мұсылман ой кум ен ін ің шетін қамтып, Ж ібек
жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді.
Сол бір алыста қалған оқиғаларды ң замандастары болған түрлі ел-
дердің авторлары белгілі бір мемлекеттердің неден табысқа ж еткені ту
ралы ғана емес, кайта өз халқыны ң өзгелер мәдениеттерінің қазы нал-
арын қалай м еңгерғені туралы ж азған, бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің
нақты бір түрінің негізгі мазмұны да міне осында болған еді30. Езілген-
дер мен кедейлерге жанаш ырлық білдіруді уағыздап, рақымсыздықты,
дүниекоңы зды к пен екіжүзділікті әш керелеген, парсының атақты сопы-
ақыны Ж алалиддин Румидің (1207-1273) сөздері мәдениеттердің өзара
әсері, өзара ұстамдылық пафосына толы31. Руми былай деп жазған: «Түрік
пен үндінің ортақ тіл табысуы кандай жиі кездеседі. Екі түріктің жат
жандар сияқты болуы да сондай жиі кездеседі. Демек, ынтымақтылық
тілі — мүлде басқа мәселе: тіл ортақтығынан, ынтымак ортақтығы қы-
мбат»32. Сондықтан Конье қаласында қайтыс болған «жүрек дінін» ж ы р-
лаушыны соңғы сапарға мұсылмандардың, христиандардың, иудейлердің,
будцистердің шығарып салғаны тегін емес.
Қ олданбалы өнерде, сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндемеде
товарлардың, мәдени үлгілер мен өлш емдердің Ш ығыс ж ән е Батыс ел-
деріне таралуымен қатар музыка мен би өнері, қызықты ойы н-сауы к-
тар, орта ғасырлардағы өзінш е бір «эстрада» өріс алды. Қы зықты ойын-
сау ы қтар , м у зы кан ттар мен б и ш іл ер д ің , ж абай ы аңдарды ү й р е ту -
ш ілердің, акробаттар мен сайқымазақтарды ң, ф окусш ы -сиқы рш ы лар-
дың өнер көрсетуі ерекше таралды. Бұл өнерге тілмаш керек болмады,
кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған ж о қ — «дене қимылдарымен
түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұғады», — деп жазды Эразм Рот
тердамский33. Грек василевсіне де, Киев князіне де, түрік қағаны на да,
кытай императорына да ұқсас нем ірлер көрсетілген34.
Сарай маңындағы қы зметкерлер күрамы ш етелдік оркестрлермен то-
лықтыры лы п отырған. Олар «сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, са-
райдағы ресми емес салтанаттарда да» ойнаған. М ысалы, патш аның әнді
құрмет тұтатын ақсүйектерінің бірі С ю ань-цзуньны ң 30 мың музыкант
ұстағаны белгілі35. Түрік қағаныны ң Суябқа ж ақы н жердегі өз ордасын-
да елш ілер қабылдауының суреттелуі сақталған. «Қаған, — деп жазады
осы рәсім ді көзім ен көрген буддалық тауап етуші С уань-Ц зян, - шарап
қойы п, м узы ка бастауға әмір берді... Осы уақыттың бәрінде жаңғырыққ-
ан металл әуені сүйемелдеген ж атж ерлік м узы ка қалықтап тұрды. Бұл
тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды
қу ан ы ш қ а бөледі»36. Тан Қ ы тайы нда ең кө п таралған ы Батыстың —
505
|