Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет68/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76

479

аларға көлемі 40x40x5 см болатын күйдірілген кірпіш төселген биік сәкілер 

орнатылған.  Құрылысқа  жапсарлас  көлемі  6  шаршы  метр  қойма  орнала- 

сқан, одан екі кеспек табылды.

Отырардың  екінші  моншасы  оңтүстік  рабад  аумағында,  кіре  берістен 

200 м жерде,  бөген жағасына орналасқан және ішінара казып тазартылды. 

Оттықжәне ыстық суға арналған бөшкелер жүйесі аршылды. Қыздыратын 

ьщыс тікбүрышты етіп жоспарланған бөшке болып табылады, оның қабы- 

рғалары мен  түбі  күйдірілген  кірпіштен  қаланып,  су  өткізбейтін  бірнеше 

қабат алебастр-сырмен сыланған. Оның ортасына темір қазан орнатылған, 

оның  аузы  бөшкенің  түбімен  деңгейлес,  ал  түбі  мен  бүйірлері  оттыққа 

түсірілген.  Монша Х І-Х ІІ ғасырларда салынған деп саналады.

Таразда екі монша қазылды. Көлемі  13,4x12,4 м болатын біріншісінің әр 

түрлі максатта пайдаланылатын жеті бөлмесі болған. Монша ыстык өткізетін 

каналдар  жүйесімен  жылытылған.  Ішкі  көрінісінің  калдыктары:  сәкілер, 

орындыктар, астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер — Та­

раз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді.  Ол XI ғасырда салы- 

нған деп саналады".  Екінші  моншаның  орны  бірінішісіне  жақын  жерден 

ашылды.  Оның  жоспарлануы  анықталған  жок,  —  шағын  жері  ғана  тазар­

тылды. Монша біріншісі сияқты ыстык өткізетін каналдар жүйесімен жы- 

лытылған.

Ш ығыс  қалалары нда  м онш аны ң  қоғам ды қ  құры лы стар  қатарында 

көрнекті орын алғаны мәлім. Қала тұрғындары өмірінде ол бірінші кезек- 

тегі рөлдердің бірін атқарды. М онша мешіттен кейінгі адам ең кәп баратын 

орын болды.  Белгілі шығыстанушы И. А.  Орбели «Монша және XII ғасы- 

рдың  сайқымазағы»  деген  мақаласында  моншаны  былай  сипаттайды:  «... 

бүкіл  Шығыстағы сияқты,  Кавказда да монша — қала бастығы да,  цехтық 

ұйымдар да, өзі үшін ж әне өз достары үшін монша салған жеке бай кісілер 

де ерекше қамқорлыққа лайық. Өйткені монша жуыну үшін ғана емес, со­

нымен  қатар  күш-қуатты  толыстыру,  бұзылған  кеңіл  күйің көтеру  үшін, 

демалу  үшін, достармен  кездесіп,  достық әңгіме-дүкен  қүру  үшін,  сатып 

алу мен сату туралы, сауда мәмілесі туралы кездесіп, әңгімелесу үшін және 

шахматтан немесе нардтан  шеберлік  көрсету үшін қызмет  етеді»100.  Мон- 

шалар өзінше бір емдеу орындары да болған.  IX—X ғасырлардағы дәрігер 

Закария  ар-Рази  моншаның ағзаға  ықпалын  суреттей  келіп,  моншаларды 

жақсы кескіндемелермен  безендіруді  үсынды,  ол  уайымнан  арылтып,  қа- 

умалаған  калың ойдан  сергітеді,  өйткені  жуыну хайуандык,  рухани  және 

табиғи залалды қуаттарды әлсіретеді деген101.  Моншалар,  зерттеушілердің 

топшылауынша, Орта Азияға Жерорта теңізі аудандарынан келіп, сірә, ерте 

дегенде VIII ғасырда пайда болса керек. М оншалардың басқа ортадан, атап 

айтқанда,  ертедегі шығыстан шыққаны туралы да ойлар айтылады.



Сәндік-қолданбалы өнер 

орта ғасырлар кезінде көбінесе ьщысты өрнек- 

теу ісінде, металда, әсіресе, құрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безенді- 

РУ кұрылыс материалдарымен ж әне оның құрылымымен етене байланыс­

ты  болған.  Ол көбінесе  қүрылыс тұрғызылған  материалдың езімен  орын- 

далды.  Сары топырақты балшық пен  ганч сондай құрылыс материалы бо­

лтан. Шеберлер тегіс қабырғаны көбінесе кірпішті «қырынан» қалау арқы- 

лы  жандандырып,  белгілі  бір  суреттер  жасаған.  Бейнелі  қалау  осылайша 

туып,  ол  кейіннен  күйдірілген  кірпіш ке  кешірілді.  Кірпіштерді  тігінен, 

жалпағынан орналастыру немесе жалпы қатардан жылжытып қалау арқы-



480

лы суретшілер алуан түрлі өрнекті  және жарық әсемдігіне қол жеткізген. 

Сонымен  бірге  кірпішті  «кырынан»  қалау  жер  сілкінісіне  қарсы  тәсіл де 

болған. XI ғасырдан бастап оюлы және жылтыратылған кірпіштер кеңінен 

енгізілді, ол XI—XII ғасырлар шебінде кеңінен қолданылған сәулетгік тер- 

ракотаның бастапқы үлгісі болатын.

Сәулеттік декордың басқа ешбір саласы ганчка ойып, әшекейлеу сияк­

ты  халықтық  колөнерге  мейлінше  жақын  болған  емес.  Орындалуы  көп 

еңбекті  кажет етпейтін  ол  фактурасының  ақ түсі  мен  әшекейлеп  ойылуы 

жөнінен  эсер  қалдыратын.  Әр түрлі тұрғыдан орындалған ойып-өрнектеу 

күн  сәулесі  түскенде  жарық пен көлеңкенің көркем  құбылуын туғызған. 

Бірақ  ганч  жаңбыр  мен  желден  тез  бұзылған,  сондықтан  сыртқы  жақты 

қаптауға  декорды ң  ж аңа  түрі  -   оюлы  терракота  қолданыла  бастады. 

Құрғатылған балшықка ою-өрнек  салып, оны кейіннен күйдіретін  ежелгі 

заманнан  белгілі  оймыштау  тәсілдері  сәндік-қолданбалы  өнердің  осы 

түрінің дамуына негіз болды.

Қолданбалы өнерде керамикаға, терракотаға, оймыштау мен әшекейле- 

уге жануарлардың әсем бейнелерін салу жалғастырыла берді. Сүйір арка- 

лармен қоршалып,  артқы  аяктарымен тұрған жануарлардың схемалық бей- 

несі бар оюлы ганч тақгайшалар, аузына бүтақша тістеп, оң жаққа карай адым- 

дап бара жатқан арыстан бедерлеп басылған терракоталык такталар102 ерекше 

эсер қалдырады, олар Х -Х ІІ ғасырлардағы Қызылезен үйлерінен табылды.

Жетісудың христиан (сириялық, несториандық) қауымдарының ен көп 

таралған  ескерткіштері  X II-X IV   ғасырлардағы  қабір  үстіне  орнатылған 

қайрақтар болып табылады, олардын кейбіреулері — каллиграфияның және 

тас қашау өнерінің үлгілері. Олардан Таяу Шығыстың христиандық дәстүрі 

және сириялык христиандар, түріктер,  ортаазиялық иран тілдес тайпалар 

мен халықтар мәдениеттерінің өзара байланыстары айқын көрінеді.

Орта  ғасырлардағы  Қазақстан  халқының  материалдық  мәдениетінің, 

көркем шығармашылығының ескерткіштерін қарастырған кезде қазақ ха- 

лқы  ата-бабаларының  қолданбалы  өнерде,  құрылыс  пен  сәулет  өнерінде 

айқын  к ө р ін е тін   м атериалды қ  ж ән е  рухани  м әд ен и етін ің   құрам дас 

бөліктерін байқауга болады.



6

. Д Ш  Ж Ә Н Е М ӘДЕНИЕТ.  ИСЛАМ НЬЩ  ТАРАЛУЫ

Зерттеушілер М уканна көтерілісі (776—780 жж.) талқандалғаннан кейін 

Мауараннахрда ислам біржола орныққан деп санайды. Мамун  наместник 

болған кезде Орта Азия ол үшін мемлекеттің тірегіне айналды. Орта А зия- 

ның қы зм ет атқаруш ы  ш онжарлары халифтер  сарайы нда барған  сайын 

зор рөл атқарды.  Орта Азия мен Таяу Ш ығыс жедел ж ақы ндаса бастай­

ды. О сы ны ң бәрі халифатқа қараған түрлі халықтар м әдениетінің елеулі 

бірлігінің орнауына себепші болмай тұра алмады.  Зерттеуш ілердің атап 

өткеніндей,  Хорасан мен М ауараннахр м әдениеттерінің қосы луы  ерек­

ше жедел ж үріп ж атты 103.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бұл үрдістерден шет қалмады.  Сырда- 

рияның орталығы да, Жетісу да халифаттың құрамына кірмегенімен, араб 

халифатының,  ал содан  соң  Саманилер  мен  Қарахандар  мемлекеттерінің

16 - Қазақстан тарихы, т.1

481


саяси, эконом икалы қж әне мәдени қатынастары аясына тартылуы сияқты, 

Орта Азиядан біршама кейіндеп қалса да, олардың мұсылмандануы едәуір 

жедел жүріп жаггы. Тарихшылар мен археологтардың зертгеулерінде мұсыл- 

мандар дүниесі өркениетінің ұлан-байтақ жүйесін қүрушылардың бірі бо­

лып табылатын орта ғасырлардағы Орта Азия мен  Кдзакстанның калалық 

өркениетінің едәуір ішкі бірлігі атап көрсетіледі104.

Сол  кезде  қала  жағдайы  өзгерді.  Бірінші  кезекте VI—VIII  ғасырларда 

болғанындай, қала феодалдың ордасынан әкімшілік орталыққа, мемлекет 

өкілі болып табылатын билік ордасына айналды. IX ғасырдың басына қарай 

қаланың елеулі өзгерістерсіз бүкіл орта ғасырлар бойы тіршілік еткен үлгісі 

қалыптасты105.

Қала мәдениетінің дамуында жаңа дін -  ислам манызды рөл аткара бас­

тады.

X ғасырдың басында  Қарахандар  әулетінің негізін қалаушы Сатук ис­



лам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра-хан Харуб б. Мұса 960 жылы ис- 

ламды  мемлекеттік дін деп жариялады106.  Мұсылман діні  бірінші  кезекте 

қалаларда таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кедердегі мұсыл- 

ман  топтары  туралы  айтады107.  Ибн  Хаукаль  Фараб,  Кеңжиде  мен  Ш аш 

аралығында кошіп жүрген мұсылман түріктер туралы хабарлайды. Әл-Мак- 

диси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың X ғасырдың аяғындағы калаларын 

атай  келіп,  мешітгерді  қалалардағы  міндетті  құрылыстардың  бірі  ретінде 

атайды108.

Археологиялық зерттеулер  нарративтік  деректемелердің мәліметтерін 

растайды.  Құйрықтебе қаласының жұртын казған кезде X—XIII ғасырдың 

басында салынған деп санайтын ғибадатханалы мешіт табылды. Баласағұн- 

дағы мешіт пен мұнараның қалдықтары109, Томенгі  Сырдариядағы110 және 

Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары111 неғұрлым кейінгі 

кезеңге жатады.  Мешіт пен мүнара әкімшілік биліктің ж әне билік басын- 

дағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген.

ғасырдан бастап мұсылмандық жерлеу ғұрпы таралады.  X—XI ғасы- 



рларға жататын ең ертедегі мұсылман қабірлері Құйрықтөбеге жақын жер­

ден табылды112. XI—XIII ғасырдың басында мұсылмандардың жерлеу ғұрпы 

Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда кеңінен тарай бастады113. Исламның 

таралуымен қатар қала халқы арасында пүтка табынушылық әлі де сақта- 

лады. Зерттеушілер Орта Азия халықтары үшін ислам олардың рухани-діни 

түсініктерін толық ығыстырып шықпағанын атап өтеді. Мұны археология- 

лык материалдар дәлелдейді.

Оңтүстік Қазақстан қалаларының жүрттарынан табылған IX—XII ғасы- 

рлардағы жылтыр жағылмаған керамика тобында қой мен қүс бейнеленген 

ыдыстар  жиынтығы  ұшырасты114.  Ыдыстың  қақпағындағы  қошқар  мүйіз 

түріндегі тұткзсы реалистікпен орындалып, қошқарды әсірелеп үлкейтілген 

мүйіздері бойынша ғана анықтауға болатындай етіп стильдендірілген.

Қақпақтардағы бейнелер арасында құстар да кездеседі, олардың ішінен 

айдарының сипаты бойынша қоразды  едәуір сеніммен анықтауға болады. 

И т  мүсіншелері  де  табылды.  М ұндай  қақпақтар  тобы  әсіресе  Отырар, 

Құйрықтөбе және Оқсұс керамикасында көп кездеседі.

Сырдария аймағында ертедегі уақыттан бері қойға табыну аңғарылаты- 

ны туралы бұрын да жазылған. Бұл бейне зороастралык фарнға байланыс­

ты.  Түрлі халықтарда фарн таяу  кезге дейін асқан  береке-байлық,  бақыт,

482


денсаулык,  каскөй  күштерден  корғанысы  ж әне  үй  ішінің  гүлденуі  рөлін 

атқарып  келгені  мәлім.  Қойға  табыну  оғыздар  мен  түрікменде  кең тара- 

лған. Оғыз тайпаларының шығу тегін «қоймен» байланыстығын зерттеуші- 

лер  рудың  немесе  тайпаның  қамқоршысы  ретінде  қойды  қүрметтеуімен 

түсіндіреді115. Қой шаман ғүрыптарында құрбанға шалынатын жануар ретін- 

де пайдаланылған. Бауыздалған койдың қанымен шамандар науқасты ырым- 

даған116.  Қой  қазақтардың  діни  көзкарастарында  маңызды  рел  атқарды, 

оларда кой кұрбандыққа шалынатын жануар әрі киелі ырыс ретінде баға- 

ланған117. Сонымен, IX—XIII ғасырдың басында тотемизм жұрнақтары мен 

жануарлар  дүниесін  қадір  тұтуға  байланысты күрделі  түсініктердің  ж әне 

зороастризм элементтерінін косылу үрдісі орнығады.

Авестада  қораз  — адамдарды  жын-шайтанның  қастығынан  қорғайтын 

рақымды құдай Сраошидің ең жақын көмекшісі.  Балалары бар үйде олар­

ды зүлым күштерден корғау үшін қораз ұстау қаж ет118. Қой мен қораз түрік 

тайпаларының рухани түсініктерінде маңызды рөл атқарған, олар қалалық 

ортаға белсендітүрде енгізілген. Ескі әдет-ғұрып жоралғыларындағы қораз 

бен тауық түрік халықтарында шамандық ғұрыптар мен үйлену рәсімдері- 

нде жемістілікті білдіріп пайдаланылған.

Қүйрықтөбе қаласының жүртында XI ғасырдың қабатынан қабан мүсіні 

табылды. Бұл хайуанның неғұрлым ерте кезде жасалған деп саналатын бей- 

несін зерттеушілер авеста пантеонының түрлі қырынан, соның ішінде қабан 

түрінде де көрінетін ең жауынгер қүдайы Веретрагнамен байланыстырады. 

Қабандар бейнелерінің табылуы -  Сырдарияда едәуір кең таралған құбы- 

лы с119.  Қ ұйры ктөбе  қабаны ны ң  осы  аймақтағы  ертедегі  нанымдардың 

жұрнақтарымен байланысты екені анық.

Отырықшы  ортада  да  бұрынғысынша  ертедегі  орта  ғасырларда  атап 

өтілген  отқа табыну таралды.  Бұған  Құйрыктөбе  мен  Отырардың  Х І-Х ІІ 

ғасырлардағы  үйлерінде  бірнеше  үлгідегі  бай  безендірілген  ошактардың 

болуы  мейлінше  айқын дәлел  болады.  Бұлар,  біріншіден,  археологиялық 

әдебиетге жақсы белгілі ж әне зертгеушілердің назарын талай рет аударған120, 

еденге орнатылған, өсімдік, геометриялық ж әне сәулеттік сипаттағы ойып 

және  қалыптап  жасалған  өрнекпен  безендірілген,  ошақтар  деп  аталатын 

тұтқалы табалар; төменгі жағында кең дөңес тіреуіші бар цилиндр түріндегі 

ошақтар.


Зерттеушілердің  көпшілігі  бай безендірілген  ошактарды  отқа табыну- 

мен  байланыстырады.  Ошақтарда  бейнеленген  нышандарға  талдау  жасай 

келіп,  зерттеушілер  маздеизмнің  үлы  идеяларының  шүғылалары  туралы 

бейнелеп  жазады,  ол  шүғылалар  «соғдылардың,  тіпті  сол  кезде-ақ ислам 

нығайып, араб жазуын қабылдағандардың да үйлеріндегі ерекше ошақтар- 

да жылу беруін жалғастырды»121.

Ошақтардың бай безендірілуінде Сырдария аймағының ертедегі халқы- 

ның отқа табынуы мен діни-мифологиялық тұжырымдамасының сарқын- 

шақгары көрініс  тапқан.  Отқа  табыну  түрік  халықтарында  кең  таралған. 

Мәселен,  ертедегі  түріктерде  отқа тығыз  байланысты  полисемантикалық 

кұдай Үмайға табыну орын алған.  Қырғыздарда  отқа табыну  «Үмайға та- 

бынумен  араласып,  ал кейде  жай  ғана  үштасып  кетеді»122.  Қазақтар отты 

әулие (қасиетті), сондай-ақ ана деп атайды123.

Ертедегі діни нанымдар дәстүрлері Жетісуда ерекше күшті бодды, онда 

исламның  таралуына  қарамастан,  бұрынғысынша  зороастризм,  нестори-

483


андыктүсініктегі христиан діні, буддизм сақталып калды. Халык арасында 

шаманизмнің және басқа да ертедегі түріктер діндерінің дәстүрлері күшті 

болды.  Мысалы,  XII  ғасырдың  соңғы  ширегінде  Баласағұнда  несториан- 

дық митрополия қүрылғаны мәлім.  Амра каталогында Қашғар мен  Нева- 

кеттің митроголиті аталған124. Несториандықтың таралғанын несториандык 

жазулары  бар,  монғолдарға дейінгі уақытқа жатқызылатын қайрақтардың 

табылуы дәлелдейді. Ақтөбе каласының жұртынан қазып аршылған шарап 

ашытатын орын несториандардікі болуы мүмкін, оны салуға крестер бей- 

неленіп  күйдірілген  кірпіш  пайдаланылған.  X  ғасырда  Жетісуда  манихей 

дінінің  көзқарасы  күшейді.  Ән-Нединнін  айтуынша,  манихейлер  Сама- 

рқандта және көбінесе Нукатта (Невакетте) тұрған125.

Эпиграфиялық ж әне  археологиялық  олжалар  рухани  және  материал- 

дык мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері болғанын, алайда оның дамуының 

басты бағыты этникалық-мәдени интеграция болғанын растайды. Мұсыл- 

ман қаласы мәдениетінің қалыптасуына із калдырған ертедегі дәстүрлердің 

сақталуын айта келіп,  зерттеліп отырған аймақтың IX—XIII ғасырлардағы 

қалалық және  көшпелі  мәдениеті  Ш ығыс  мәдениетінің біртұтас тізбегін- 

дегі буындардың бірі болғанын тағы бір атап көрсеткен жөн.

Тіл, ғылым және әдебиет. IX—XII ғасырларда исламның таралуына бай­

ланысты араб тілі кең өріс алды. Әдеби және ғылыми шығармалар сол тілде 

жазылады.  Ш ығыстың аса көрнекті ғалымы  Әбу Насыр  әл-Фараби  (870— 

950 жж.) шығармаларын араб тілінде жазған. Ол Фараб (Отырар) өлкесіне 

қараған  Весидж  қаласында  туып,  Бұхара  мен  Бағдатга  оқып  білім  алған. 

Әл-Фараби езінің ғылыми көзқарастарында өз заманынан әлдекайда озып 

кеткен философ әрі энциклопедист ғалым болды.

Әл-Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) 

және практикалық (этика, саясат) деп бөлді. Ол өз еңбектерінде адам дүни- 

ені,  оның  мәнін  өзінің  сезім  мүшелері  мен  парасаты  арқылы  тани  алады 

деп дәлелдейді. Әл-Фарабидің мәдениет пен ғылымға коскан үлесі мейлін- 

ше жан-жақты ж әне жемісті болды. Логика мен медицина, ғарышнама мен 

анатомия, философия мен заң гылымы, математика мен акустика -  ол ден 

қойған  аукымды  шеңбер,  ұлы ойшыл өзінің көрегендік ақыл-ойымен  ка- 

'  мтыған  білім салалары,  міне,  осындай126.  Қазір  ғылымға  Фарабтан,  Тара- 

здан  т.  б.  қазақ жері  калаларынан  шыққан  көптеген  ғалымдардың,  әдеб- 

иетшілердің есімдері белгілі болып отыр. Тіпті ондаған Фарабилердің еңбек- 

тері мен есімдері анықталды.

XI 

ғасырда Жүсіп Баласағұни сол кездегі аса маңызды тарихи және әдеби 



шығармаларының бірі «Құтадғу білікті» жазды. Бұл — Қазақстан мен Орта 

Азиядағы түрік  халықтарының  зайырлы  әдебиетінің  бізге  дейін  жеткен 

тұңғыш ескерткіші.  Бұл шығармада ақынның е з заманындағы өмір  шын- 

дығы,  коғамдық сана ж әне  белгілі  бір әлеуметтік топтардың саяси тұжы- 

рымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген.

Өсиеттер мен тағылымдар жинағы болып табылатын дастанда қоленер- 

шілер  мен кепестердің  мемлекеттегі  релі  жоғары  бағаланады.  Шығарма- 

дан  автордың  әл-Фараби,  Ибн  Сина,  Бируни көзкдрастарымен және  фи- 

лософиясымен жақсы таныс болғаны көрінеді127.

Махмұд  Қашғари  шығармаларының  құны  зор.  Оның  әкесі  Ыстықкөл 

жағасындағы қала  -   Барсханнан шыққан.  Махмұд  Қашғари ұзақ жылдар 

саяхат жасағаннан кейін, 1074 жылы «Диуан лұғат ат-түркті» («Түрік тілінің



484

сөздігі») жазды.  Бұл еңбекпен автор тіл білімі тарихына үлкен үлес қосты. 

Бұл  шығарма түркі  тілдес  халыктардың тұрмысы тарихын,  мінез-құлкын, 

сондай-ак  сол  заманның табиғи-ғылыми  түсініктерін  зерттегенде  де  баға 

жеткісіз ескерткіш болып табылады128.

XII 

ғасырда Иассы (Түркістан) қаласында тұрған Қожа Ахмет Иассауи 



өз заманының  үздік ойшылы  жэне  акыны  болды.  Ол Қазақстанда мұсыл- 

ман  дінін  таратты  ж әне  кейіннен  оның  қабірі  үстіне  ғажайып  кесене  са- 

лынды.  Ахмет  Иассауидің  «Диуан-и  Хикмет»  (Данышпандық кітабы)  де­

ген өлендер жинағы бар. Онда түрік тілінде жаратканға деген сүйіспеншілік, 

мойындаушылық пен сопылық уағыздалады.  Ж инақта мәдени ж әне этно- 

логиялық  сипаттағы  мәліметтер  кеп.  Ахмет  Иассауи  тәңірегіне  ақындар 

жиналған, оның көптеген  шәкірттері  болды, солардың ішінде ең белгілісі 

Бақырғани (1186 жылы өлген), ол да өсиеттер жинағын қалдырған129.

Ахмет  Иассауидің  шығармашылығы  туралы  айтқанда,  оның  ұстазы 

Арыстанбаб  есімін  атап  өту  керек,  оның  ез  шәкіртіне  мейлінше  тікелей 

ықпал жасағаны созсіз. Бүл жонінде  Қожа  Ахметтің олендерінде айтыла- 

ды. Ақын озін исламмен Арыстанбабтың таныстырғанын, өзіне оның «мың- 

даған зікір» үйреткенін атап өтеді. Сопылык. білімдердің алғашқы негіздерін 

Ахметке  оның  үстазы  берген.  «Арыстанбабтың  сөздері  киелі  —  соларды 

тындандар, — деп уағыздайды Ахмет Иассауи, -  оларда екіжүзділік, өтірік, 

пайдакүнемдік  айыпталады  және  адамгершілік  кемелденуге,  сопылыққа, 

азбен  қанағат  етуге  шақыру  бар».  Мүнда  «Арыстанбаб  сәздерінің»  Кожа 

Ахмет өсиеттерімен тура байланысы, сабактастығы керінеді.

Арыстанбаб  туралы деректемелердің  басқа  бір  тобын  казақ  фолькло- 

рының үлгілері  әсіресе бақсылардың,  шамандардың иелерін шакырулары 

құрайды.  Қазақтардың көзқарастарына сәйкес,  Орта  Азия  мен  Қазақста- 

нның  мұсылман  әулиелері  иерархиясында  Арыстанбаб  жоғарғы  сатыда 

түрады. Тауап етудің казіргі дәстүрі де осы көзкарасты растайды, ол бойы­

нша әуелі  Арыстанбабтың  мазарына,  сонан  соң  Қ ож а  Ахметтің  қабіріне 

бару қажет: «Арыстанбабқа түне, Қож а Ахметтен тіле» деген сөз бар130.

1

Горячева  В.  Д.

 

Городские  центры  и  монументальная  архитектура  ср е­



д н евековой  К и р ги зи и .  А в тор еф .  дис.  канд.  ист.  наук.  -   Ф р ун зе,  1976,  1 0 -  

14-6.



Кожемяко  П.  Н.

 

Раннесредневековые  города  и  поселения  Чуйской  доли­

ны.  Ф р ун зе,  1959,  1 3 1 -1 8 4 -6 .



Бернштам  А.  Н.

 

Древний  Отрар.  Изв.  А Н   К азС С Р ,  1951,  №   107,  сер. 

ар хеол.,  вып.  3,  1 0 0 -1 0 3 -6 .



Винник  Д.  Ф.

 

К  

исторической  топографии  средневековых  поселений 

Иссык-Кульской  котловины. 



/ /   Д р евн яя 

и  раннесредневековая  культура 

Киргизстана. 

Ф р у н зе ,  1967,  101—110-6.

5

 

Толстое  С.

 

77.  П о древним  дельтам  Окса  и  Яксарта.  М.,  1962,  267-282-6.

6

 

Маргулан  А. 



X.  Остатки  оседлых  поселений  в  Центральном  Казахстане.  /  

/   А р хеол оги ч еск и е  памятники  К азахстана.  А .,  1978,  3 - 3 7 - 6 .

7

  История 



народов   У збекистана:  с  древнейш их  времен  д о   начала 

XV 


в. 

Ташкент, 



1950, 

т.  I. 


245-6.

8

 

Большаков 

О . 

Г.

 

Город  в  конце 

VIII 

-   начале 

XIII 


вв.  / /   Средневековый 

город  Средней  А зии.  М.,  1973,  2 9 9 -3 0 0 -6 .

485



Массон  М.  Е.,  Пугаченкова  Г.  А.

 

Ш ахрисябз  при  Тимуре  и  Улугбеке.  / /  



Тр.  САГУ. Нов.  сер.,  вып.  49,  ЗЗ-б.; 

Стужина  Э.  П.

 

Китайский  город IX—XIII вв. 



М .,  1979,  1 6 -22-6.

10

 

Волин  С.  Л.

 

Сведения  арабских  и  персидских  источников  I X -X V I  вв.  о 

долине  реки  Талас  и  смежных  районов.  / /   Тр.  И И А Э   А Н   КазСС Р,  1960,  т.  8. 

8 0 - 8 1 -6 .

11 

Байпаков  К.  М.

 

Работы первого отряда Ю К К А Э. / / А О   1971. М.,  1972,506-6.



12

 

Шалекенов  У.  X.,  Елеуов  М.  Е.,  Алдабергенов  Н.  О.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет