Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст


§ 4 -  М. К. Хабдулина, § 6 — Р. Б. Исмагилов, § 7 -  3. С. Самашев пен В. С



Pdf көрінісі
бет2/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
§ 4 -  М. К. Хабдулина, § 6 — Р. Б. Исмагилов, § 7 -  3. С. Самашев пен В. С. 

Ольховский;  2-тарау  — К.  А.  Ақышев,  §  1  Ю.  А.  Зуевпен  бірге;  3-тарау  — 

К.  М.  Байпақов  пен  Е.  А.  Смағұлов  (§§  1, 2, 3);  § 4 -  А.  О.  Исмағұлова.  3- 

бөлім,  1-тарау -  Б. Е.  Кемеков  (§§  2 -6 );  §  1  -   Ю.  А.  Зуев, 3,5-параграфта 

С. Г. Агаджановтын материалдары пайдаланылды; 2-тарау — К. М. Байпақ- 

ов, 7-параграфта С. Г. Кляшторныйдын материалдары пайдаланылды; 3 та- 

рау  -   Б.  Е.  Кемеков  (§§  1,  4),  А.  Ш.  Қадырбаев  (§§  2,  6),  Ю.  А.  Зуев 

(§  3), А. О. Исмағұлова (§ 5), 4 жэне 5-тараулар — К. М. Байпақов.

Томдағы  иллюстрациялар  мен  картографиялық  материалдарды  К.  А. 

Ақышев, А. Е. Астафьев, К. М. Байпақов, А. О. Исмағұлова, Б. Е. Кемеков, 

Ш.  Қ.  Кұрманқұлов,  В.  С.  Ольховский,  3.  С.  Самашев,  Е.  А.  Смағұлов, 

Ж.  К. Таймағамбетовтер  әзірледі.

Үлы Жібек  жолының картасын  К.  М.  Байпақов дайындады.

Этнонимдер керсеткішін -  С. К. Өтениязов, хронологиялықкерсеткішті 

Ю.  И.  Романов,  тарихи-географиялық  ж ән е  топографиялық  атаулар 

көрсеткішін -  Қ. С. Алдажұманов, 3. X. Наурызбаева, есімдер керсеткішін

-   А.  Т.  Қапаева әзірледі.

Құрастыру жүмысын жүргізген Ю. И. Романов. Томды басуға дайындау 

женіндегі  техникалық жүмысты  жүргізгендер:  Ж.  А.  Аханов,  Қ.  Е.  Ерға- 

зиева, А. И. Нарманбетова,  Г. Ж. Өскенбаева, Ю. И. Романов,  А. Т. Тұрыс- 

беков,  фотограф О.  Г.  Медведев, чертежін сызған Г. Б. Демченко, суретші 

К.  А. Власов.

Томды казак тіліне аударған Ж.  Ә.  Әбішев.

Қазақша  басылымның  редакциясын  қарағандар:  М.  Қ.  Козыбаев, 

Қ.  С.  Алдажұманов.

15


ЕРТЕДЕП ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ 

ҚАЗАҚСТАН  ТАРИХНАМАСЫ

I .ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ  ЕСКЕРТКІШТЕРДІ  ЗЕРТТЕУ 

ТАРИХЬШАН.  АРХЕОЛОГИЯ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ 

ЖӘНЕ  ОЛАРДЫ  ТАЛДАП  ЗЕРТТЕУ

Қазақстанның  археологиялық ескерткіштері  туралы алғашқы мәлімет- 

тер  орта ғасырлардағы ғалымдар  мен тарихшылар,  географтар мен  саяхат- 

шылардың  еңбектерінде  кездеседі.  Олар  өз  еңбектерінде  өздері  тікелей 

көзімен  көрген  немесе  өздеріне  айту  бойынша  мәлім  болған  әдеттен  тыс 

заттар, бейнелер,  өз замандарынан  көп  бүрын  болған қалалар мен қоныс- 

тардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткең.

j  Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде I Петрдіқ көне мүраларға 

ұқыпты  қарауға,  оларды  суреттеу  мен  жинауға  әмір  берген  жарлықтары, 

сондай-ақ  оның  бастамасы  бойынша  Сібірді  және  Ресейге  жапсарлас 

жатқан Қазақстан жерін зертгеу максатымен қолданылған шаралар маңыз- 

ды  рөл атқарды.  Осы әрекеттердің  иәтижесінде  1707  жылы Тобыл  бояры- 

ның ұлы С. Ремезов жазған «Сібірдін сызба кітабы» жарық көрді. Онда гео- 

графиялық деректермен  қатар,  казақ  даласының  археологиялық  ескерт- 

кіштері туралы мәліметгер де келтірілген1Д

Келесі археологиялыққызықты мәліметтер 1733 жылы Сібірге академик 

Г.  Ф. Миллердің басқаруымен жасалған бірінші академиялық экспедиция- 

ның есептерінде айтылған. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Де- 

лаклоер,  И.  Фишер,  геодезистер  А.  Красильников,  А.  Иванов, М.  Ушаков 

жұмыс істеген еді.

1768—1774  жылдары Еділ  бойының  Оралдың,  Сібір  мен  Қазақстанның 

тарихын, географиясын және олардағы халықтардың этнографиясын зерт- 

теу мақсатымен ұйымдастырылған екінші академиялық экспедиция Қазак- 

станда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедицияға сол кездегі 

аса көрнекті ғалымдар П.  С. Паллас, И. П.  Фальк, И.  Г. Георги, П.  И. Рыч­

ков, X.  Барданес қатысты2.

XIX 

ғасырдың бірінші жартысында Ресейде Орталық және Шығыс Қазак,- 

станның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейе түсті. Геологтар, кен 

инженерлері жол-женекей көненің көздеріне де назар аударып, оларды си-

*  Сілгемелер әр  белімнің соңында беріледі.

16


паттап,  жазып  отырды,  сөйтіп  бұл  аудандардың  ескерткіштері  туралы 

мәдіметтер қорын молайта берді.

'XIX  ғасырдың  орта  шеніне  қарай  негізінен  Орталык,  Солтүстік  және 

Шығыс Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды3.

Әрине,  сол кезеңге  қарағанда,  археологиялық ескерткіштердің шын 

мәніндегі  ғылыми  зерттелуі  жөнінде  айтуға  болмайды.  Көбіне  кездей- 

соқ,  мақсатты  зерттеулер  нәтиж есінде  емес,  ж ол-ж өнекей  алынған 

мәліметтердің  бастапқы  жинақталу  фактісін  ғана  атап  өтуге  болады. 

Қазба  жұмыстары  жайында  да  байсалды  сөз  етуге  болмайды.  Кейбір 

ғалымдар  қорғанды қазып көруге әрекет жасады,  бірақ казба жұмыста- 

рын  жүргізудің  әдістемесі  болмағандықтан,  алдарына  қойған  мақсат- 

міндеттері  болмады да,  сондықтан  олар  заттарды  жинаумен  ғана  айна- 

лысты.  Алайда ескерткіштерді  тіркеу,  олардың  картасын  жасау,  белгі- 

леу фактілерінің жасалғаны рас, олар  істеген  жұмыстың құндылығы да 

міне  осында.  Бұл  салада  сол  кезде  атқарылған  жүмыстың  кәбі  бүгінгі 

танда да өз маңызын  жоғалтқан  жок^

'л .ІХ

  ғасырдың  екінші  жартысында қазақ даласындағы  көненің көздері 

Археологиялық комиссияның,  Тарих  мұражайының,  Мәскеу  археология- 

лык қоғамы мен Ресейдің басқа да орталық ғылыми мекемелерінің назарын 

аудара бастады. Сырдария (Түркістан) және Жетісу облыстары құрамында 

Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты жаңа өлке- 

ге, соның ішінде оның өткендегісіне ден кою күшейе түседі.

Талғар  қаласының  орнын,  Шеңгелдінің  кираған  үйіндісін  суреттеп, 

Ш. Ш. Уәлиханов Жетісу тарихының археологиялық ескерткіштері туралы 

мшщзды_жазбалар қалдырды4/

(  1862 жылы Қазақстанда В. В. Радлов археологиялык жұмыстар жүргізе 

бастады, қола ғасыр  көмбелерін алғаш рет ғылыми  негізде қазу жүмыста- 

рын жүргізу ісі соның есімімен байланысть^, В. В. Радлов солтүстік-шығыс 

Қазақстан  мен  Сібірдің ертедегі  ескерткіштерін  топтауды  және  кезең-ке- 

зеңге бөлуді үсынды. Бүл аудандар мәдениетінің тарихын ол мыс және қола 

ғасыры, ертедегі темір ғасыры, жаңа темір ғасырь: және ертедегі орта ғасы- 

рлар кезендеріне бөлді. Бұл ғалымның еңбектері Қазақстан археологиясы- 

ның ілгері басқан үлкен қадамы болып, оны дамыта түсті5.

1867 жылы Археологиялықкомиссияныңтапсыруымен орыстың белгілі 

шығыстанушысы П. И. Jlepx Түркістан өлкесін зертгеді. Ол Сырдария бойы- 

ндағы Сауран, Сығанаққалаларының орындарын қарап шықты' Талас алқа- 

бының  бірқатар  қалаларының  орындарында  болып,  Жанкент  қаласының 

орнын қазды. Ол өзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен, мүқият сипат- 

таумен қоса, олар туралы жазбаша хабарларды іріктеп, осы үзіндірлерге тал­

дау жасады және түсініктеме берді. Жазбаша деректемелердің мәліметгерін 

өзінің археологиялық олжаларымен салыстыра келіп, ол қираған орындар- 

ды накты тарихи калалармен баламалады6.

1893-1894 жылдарда  В.  В.  Бартольдтың  осы  аймакка  іссапармен  келуі 

археология мен шығыстану ісін дамытуда зор рөл атқарған оқиға болды. Ол 

ІІІу  және  Талас  алқабының,  Ыстықкөл  ойпаты  мен  Іле  өзені  алқабының 

ескерткіштерін көріп шыкты^Ол жазған  «Ғылыми мақсатпен Орта Азияға 

сапар туралы есеп» осы кезге дейін тарихи ақпараттың үлгісі болып қалып 

оты^/Көптеген жазбаша деректемелерге сүйене келіп, В. В. Бартолвдзерт- 

теген ауданыныңтопографиялық көрінісін суретгеп. апхеологияпык жағы-

нан  болашағы зор  ескерткіштерді  анықтады  және  оларды  орта ғасырдағы 

белгілі қалалармен салыстырды. Атап айтканда, ол Таразды Әулиеата (Жам- 

был) орнында деп белгіледі. В. В. Бартольдтың материалдары Қазақстанның 

онтүстігі мен Қырғызстан халыктарының өткен тарихының пердесін ашып 

берді.  1895  жылы  Ташкентте  күрылып,  жергілікті  зиялылардың  өлкенің 

өткеніне,  онын  тарихына,  сәулет  және  өнер  ескерткіштеріне  ден  қоятын 

өкілдерін, әскери адамдарды, чиновниктерді біріктірген археология әуесқ- 

ойларының Түркістан  үйірмесінің  ұйымдастырылуы  соның  есімімен  бай- 

ланысты7.

XX 

ғасырдың басында кұрылған Орыс географиялық қоғамының Батыс 

Сібір, Семей және Орынбор бөлімдері, Орынбор ғылыми архив комиссия- 

сы Орталық, Солтүстік-Шығыс Қазақстанды археологиялык зерттеу ісінде 

елеулі рел  атқарды.  Соның нәтижесінде^ХІХ—XX ғасырдың  басында нак- 

тылы,  мол  материал  жинақталып,  ол  кейбір  дәрежеде  жүйеге  келтірілді. 

Көненің көздерін қорғау жөнінде де шаралар қолданылды.  Сол кездегі ес- 

керткіштердің көбісі қазір жойылып, қиратылып жіберілген, алғашқы зерт- 

теушілердің ынта-жігері арқасында ғана бүгінгі танда ғылымда олар туралы 

мәліметтер бар.

1917  жылғы  революциядан  кейін  археологиялық зертгеулер  жалғасты- 

рылды, бірақ олар енді мемлекеттік негізде жүргізілді.Л919 жылы Матери- 

адцықмәдениет тарихы академиясы, ал 1920 жылы Мұражайлар және енер, 

табиғат,  көне  ескерткіштерді  корғау  істері  жөніндегі  Түркістан  комитеті 

күрылды,  В.  В.  Бартольдтың  ұсынысы  бойынша,  комитеттің  ең таяудағы 

міндеті  археологиялық карта  жасау  болды.  Сөйтіп  ежелгі  ескерткіштерді 

есепке алудың, зерттеудің, сақтаудың негізі каланды^

Революциядан кейінгі  алғашқы жылдардағы еңбектер ішінде археолог- 

тар П. П. Ивановтың Сайрамда және В. Д. Городецкийдің Жетісуда, Қазақ- 

станның оңтүстігінде жүргізген  зерттеулері,  Орта Азияның ертедегі  тари- 

хын ең ірі зертгеуші М. Е. Массонның Сайрам қала жүртына және Түркістан- 

дағы Ахмет Иассауи кесенесіне арналған мақалалары бар8. Батыс Қазақста- 

нда  1926 жылы М.  П.  Грязновтың I  Киргильд пен  II  Киргильд қабірлерін, 

Орал сайды, Құнанбай сайды ашып, қазба жұмыстарын жүргізуі бай мате­

риал берді және андронов мәдениеті тек Батыс Сібірге ғана тән деп орныққан 

пікірді өзгертті9. 

,

^  30-жылдары бірқатар ірі экспедициялардың зерттеулері республиканың 

көптеген  аудандарын  қамтыды.  Археологияны  тарих  ғылымының  дербес 

бөліміне біржола айналдыру ісі жүргізілді.

Олардың ішінде П.  С.  Рыков, О.  А.  Кривцова-Гракова,  С.  С.  Черников 

басшылық еткен экспедициялар бар10.

Сарыарқаның ежелгі ескерткіштерін  және  әсіресе  ертедегі  кен  ісі  мен 

мыс балқыту өндірісін зерттеуде Қ. И. Сәтбаев маңызды рөл атқарды11.

Осы жылдарда Қазақстан ғылыми мекемелерінің қызметі жандана түседі. 

Казақстанның Орталық музейі ескерткіштерді тіркеу, кездейсоқ табылған 

олжалардың есебін алу ісін жөне шағын қазба жұмыстарын жүзеге асыра- 

ды.  Баспасөзде  Көксу  езеніндегі  қаланың  орны туралы  және  Жетісудағы 

ескерткіштер туралы  мақалалар  шығады12.  30-жылдардағы  археологиялық 

жұмыстарда Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялық зерт- 

теулер жетекші орьшдардың бірін алады, оларды А. Н.  Бернштамның бас- 

шылығымен  Ғылым  академиясының  Қазақ филиалымен  бірлесе  отырып,

18


КСРО  ҒА-ның  Материалдық мәдениет тарихы  институты  ұйымдастырған 

еді.  Соғыс  алдында далада  өткізілген  терт  жылдық зерттеу  маусымы  ара- 

лығында  (1936—1940  жж.)  Жетісу  археологиялық  экспедициясы  бірқатар 

қалалардың орнына кең көлемде барлау және тұракты қазба  жұмыстарын 

жүргізді.  Ортағасырлық Тараз  каласы  орнында  жүргізілген  кең  ауқымды 

қазба  жұмыстарының  және  оның  округіндегі  ескерткіштерді  зерттеудің 

нәтижелері бойынша осы ауданның археологиялық материалдарын кезең- 

дерге  бөлу  ұсынылып,  кала  дамуының  негізгі  сатылары  белгіленді,  оның 

округінің қалыптасу жолдары аныкталды. Қазақстан археологиясы үшін бұл 

ортағасырлық  каланы  кешенді  түрде  тарихи-археологиялық  зерттеудің 

тұңғыш тәжірибесі болатын.

А. 

И. Бернштамның мақалаларында жаңа материалдар жарияланып қана 

қоймай,  сонымен  бірге  ортағасырлык  кала  тарихының,  Қазакстанның 

оңтүстігі  мен  Жетісудың  отырыкшы  және  көшпелі  халықтарының  өзара 

әрекетінің аса маңызды проблемалары, каланың калыптасу мәселелері мен 

оның мәдени-тарихи байланыстары, сондай-ақ тарихи топографиясы белгі- 

леніп, ішінара шешілді.

I  1946 жылы  Қазақстанда Ғылым  академиясының құрылуына байланыс- 

ты  археологиялық  жұмыстардың  көпшілігін  Ш.  Ш.  Уәлиханов  атындағы 

Тарих,  археология  және  этнография  институтының  археология  бөлімі 

жүргізді.  Сол  кезден  бастап  археологиялық  зерттеулер  ауыртпалығының 

орталығы Алматыға ауысады, Қазақ археология мектебі калыптасады. Жал- 

пы  1946 жыл Қазақстан археологиясының дамуындағы жаңа кезеңнің басы 

болды.

Күрылған бөлімнің алғаш ұйымдастырған  археологиялык экспедиция­

сы Орталық Қазақстан экспедициясы (ОҚАЭ) болды, оны сол кезде акаде­

мик Ә. X.  Марғұлан басқарды.  Бүл  экспедиция осы кезге дейін Сарыарка- 

дағы кененің көздерін үнемі іздестіріп, зертгеп келеді.

Ә.  X.  Марғүлан  экспедициясының  жүмысы  жер  аумағымен  ғана  емес, 

сонымен катар зерттелетін ескерткіштерцің хронологиялықдиапазонының 

кендігімен де ерекшеленді.  Экспедиция неолит және энеолит дәуірлерінің 

тұрактарын,  андронов  және  дәндібай-бегазы  мәдениеттерінің  коныстары 

мен  зираттарын,  б.  з.  б.  VII—I  ғасырлардағы  жерлеу  ғимараттарын,  түрік 

заманы қорғандарын, ортағасырлық қалалар  мен қоныстарды тауып,  зерт- 

теді және казу жұмыстарын жүргізді.  Ә.  X.  Марғұлан орта ғасырларда Ор- 

талық Қазақстанның көшпелілер елі ғана емес,  сонымен  катар отырықшы 

және  қала  мәдениеті  орталықтарының  да  бірі  болғанын  дәлелдеп  берді. 

Мұнда Нұра және Сарысу алкаптарында, Үлытау етегінен колөнерінің, сауда 

мен егіншіліктің орталықтары болған ортағасырлық қоныстар мен қалала- 

рдың қадцықгары табыдды. Олар түсті металдар — мыс, қалайы, күміс өндіріп, 

балқыту орындары ретінде ерекше маңызды болды.

Соғыстан кейінгі екінші ірі экспедиция — А. Н. Бернштам мен Е. И. Агее­

ва басқарған Оңтүстік Қазақстан экспедициясы.  Оның жұмысының коры- 

тындысы  Отырар  оазисіндегі,  Шу-Талас  өзендерінің  аралығындағы,  Қар- 

атаудың солтүстік беткейіндегі, Сырдария алқабындағы қалалар мен қоны- 

стар орындарының үлкен тобын зерттеу, картаға түсіру болды.  Қала орын- 

дарын зерттеу мен керамиканы топтау түйінді мәдени-тарихи кезеңдер ту­

ралы,  қолөнер  мен  сауданың даму  деңгейі  туралы  пікір  айтуға мүмкіндік 

берді.

19


1945 жылдан бастап, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы- 

мен және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясымен қатар дерлік 

КСРО Ғылым академиясының С. П. Толстов басшылық еткен Хорезм архе- 

ологиялық-этнографиялық экспедициясы Қызылорда облысында археоло- 

гиялық зерттеу ісін жүргізді.

1947 жылдан С. С. Черниковтың басшылығымен Шығыс Қазакстан ар- 

хеологиялық экспедициясы жұмыс істей бастайды.  Экспедицияның негізгі 

міндеті  Өскемен  және  Бұқтырма  су  электр  станцияларының  салынуына 

байланысты су астында қалатын аймақта орналасқан ескерткіштерді анық- 

тап, зертгеу болатын. Мүнда неолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі көпте- 

ген  ескерткіштер  анықталып,  Шығыс  Қазакстанның  тарихи  өткендегісін 

сидаттайтын материал алынды.

г  1954  жылы  Тарих,  археология  және  этнография  институты  болашақта 

Қапшағай су  электр станциясының суы астында қалатын аймақгы зерггеу 

мақсатымен К. А. Ақышев бастаған Іле археологиялық экспедициясын ұйы- 

мдастырды. Алғашқы бір маусымның өзінде-ақ экспедиция сақгар мен усун- 

дер дәуірінің қорған обаларының үлкен тобын тапты14.

'   Қазақстан археологиясының 50-жылдардың орта шеніндегі аса жаркын 

жаңалықгарының бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ежелгі палеолитгік 

тұрғын жайдың табылуы болды. Оларды геолог Г. Я. Ярмак пен археолог X.

А. Алпысбаев тапқан еді. Бұл жаңалық Қазақстан археологиясындағы жаңа 

бағыттың -  палеолитті зерггеудің негізін қалады15.

Жалпы алғанда, 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдар археологиялық зерт- 

теулердің кең өрістеуімен есте қалды.  Олар Қазақстанның негізгі аймақта- 

рының бәрін дерлік қамтып, жұмыс аясына мейлінше әр іҮрлі хронология- 

лык ауқымдағы ескертеіштерді енгізді. Бүл жылдардағы маңызды жаңалық- 

тар арасында Қазақстанның оңтүстігіндегі палеолит ескерткіштері Дле өзені 

аңғарындағы сақтар мен усундердің қорғандары, Таңбалытас шатқалындағы 

жартастағы  суреттер  бар.  Іле  өзеніндегі  Бесшатыр  обасын,  Сырдарияда 

Шардара шатқалындағы үңгір көмбелерін казу жұмыстары сол кезде баста- 

лып, Баба-Ата қамалындағы қазу жұмыстары аяқталды.^ 

-

Ескерткіштерді  зерттеумен  Қазақстан  ғалымдарымен  бірге .Мәскеудің 

және Ленинградтың белгілі археологтары  С  П.  Толстов, А.  Н.  Бернштам, 

С. С. Черников, В. С. Сорокин айналысты16. 1960 жылы Қазақстан археоло- 

гиялық картасының шығарылуы Қазакстан археологиясының дамуындағы 

1946 жылы басталған маңызды кезеңнің өзінше бір корытындысын шығар- 

ды, ол көп жылдарға созылған кең ауқымды археологиялық жұмысты қоры- 

тЩ0л,оныҢ ең перспективалы бағыгтарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Г Қазакстан археологиясы дамуының келесі кезеңі  60—70-жылдарды  қа- 

мтиды. Жаңа ескерткіштерді анықтап, оларды алғаш суреттеуге байланыс­

ты  зертгеулерді  кеңейтіп  қана қоймай,  көп  жылдар  бойы  тұрақгы қазуды 

ұйымдастыру  жолымен  терендете  зерттей  түсу  үрдісі  жүріп  жаггы.  Ә.  X. 

Марғұлан, ал одан соң М. Қ. Қадырбаев, С. М. Ақынжанов бастаған Орта- 

лық Қазакстан археологиялық экспедициясы бүрынғысынша қола және ерте 

темір дәуірлерінің ескерткіштерін зертгеуді өзінің басты міндеті деп білді.

Тасмола мәдениетінің обалары, Тасмола және Нүрманбай шатқадцарында 

андронов ескерткіштері және қола дәуірінің 30 қонысы зертгелді. Олардың 

қатарында  Атасу,  Ортау,  Бұғылы,  Ақсу-Аюлы,  Байбала,  Жамантас,  Тағы- 

бай-Бұлак қоныстарына жан-жақгы археологиялық сипаттама жасалынды.

20


Солтүстік Бетпакдалада — Ақсай, Сартабан обалары, Атасу алқабында — 

Қараөзек обасы, сондай-ақ кен орындары зерттеліп жатты. Қарқаралы ау- 

даны мен Баянауыл тауларында көптеген андронов ескерткіштері табылып, 

зерттелді. Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеттері туралы монографи- 

ялар Шағалалы қонысын көп жыл бойы қазу жұмыстарының нәтижесі бол- 

ды.  Ә.  X.  Марғұланның  бегазы-дәндібай  мәдениетіне  арналған  жұмысы 

іргелілігімен  ерекшеленеді,  ал  ол  мәдениетті  ғалым  андрон  мәдениетінің 

жалғасы деп санаған едіі7.

Кең  көлемді  қазу  жұмыстары,  Солтүстік  Қазақстанда  қазып  алынған 

материалдарға мүқият талдау  жасау Г.  Б.  Здановичтің оларды жаңа кезең- 

дерге  бөліп,  хронология  жасауды  ұсынуына  мүмкіндік  берді.  Мол  дерек 

жинап алған В. В. Евдокимов қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның эко- 

номикасы мен халқыныңдемографиясы проблемаларын зерттеді.

X.  А.  Алпысбаев  Қазақстанның оңтүстігінде,  Қаратау  шаткалдарында, 

Сырдария алқабында тас ғасыр ескерткіштеріне жеделдете зерттеу жүргізді. 

1979  жылы  жарыққа  шыққан  монография  сол  жұмыстың  нәтижесі  бола- 

тын, онда палеолиттік Беріқазған,  Кемер,  Қызылрысбек, Тоқалы, Дарбаза 

тұрақтары мен басқаларының материалдары жарияланды. Солтүстік Балқаш 

өңірінің орталық бөлігіндегі  палеолиттік тұрақтарды А.  Г.  Медоев басшы- 

лық еткен топ зерттедУ

Бұл жылдарда Батыс  Қазақстаннан,  Маңғыстаудан тас дәуірінің тұрак- 

тары табылып,  зерттелді18.  Ертіс  өңірінде,  Павлодар  облысында  неолиттік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет