Оюланған сүйек бүйымдары. Мыржық қонысы. Қола дәуірі. Орталық Кдзакстан.
118
нда қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне карай осылай ата-
лған)40.
Алдыңғы қола мәдениеті. Мәдениеттің алдыңғы, Нұра кезеңі әзірше то-
лык зерттелмеген, бейіт құрылыстарының материалдары бойынша ғана
мәлім.
Нұра кезеңінің тайпаларына өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Өлік қазы-
лып қойған молаға жақын жерде өртеліп, одан соң күлі молаға қойылған, ал
өртелген жерге тас тақталар үйілген.
Бұл замандағы тайпалардың өлікті жерлеуінде оны өртеу негізгі ғұрып
болғанымен, бірден-бір ғұрып болған жок. Өлікті молаға салу ғұрпы да болды,
ол әсіресе Қазақстан қоласының Атасу кезеңінде ерекше кеңінен тарады.
Нүра кезеңіндегі қорымдардың аумағы онша үлкен емес, әдетте ол аласа
төмпешік болды, оны айнала тігінен орнатылған немесе жалпағынан салы-
нған тақта тастардан дөңгелетіп немесе тік бұрышты етіп қоршайтын бол
ды. Қабір коршаудың ішінен казылды. Өлік кабырғалары жалпағынан са-
лынған такта тастармен шегенделген лақытка, тас жәшіктерге салынып, тік
бүрышты етіп казылған қабірлерге көмілді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін
лақыттар тас тақталармен жабылды.
Нұра кезеңіндегі тайпалардың мәдениетін кыш ыдыстар ерекше айкын
сипаттайды. Ыдыстардың дені ернеуінің жиегі сыртка карай иіліп, мойны
мен бүйірі иіліп барып жалғасатын кұмыралар болып келеді. Түбі жайпак,
кейде шығыңқы, сүйір болады. Бұл ыдыстар вазаға ұксас. Ыдыстардың
көбінің колемі мен сыйымдылығы бірдей. Олар үш бұрыштардың, меанд-
рлардың, катарлас каннелюрлердің қиюласуы түрінде ернеуінен орта белі-
не дейін сальшады, кейде ыдыстың түп жағы да сәнделеді. Өрнек тарак тәрізді
және тегіс қалыппен түсірілген. Нүра заманындағы бейіттерде қола бүйым-
дар біршама аз табылған.
Қорымдардың дені Бүғылы-1, Аксу-Аюлы-1 корымдары секілді болып
келеді. Оның бірнеше коршаудан түратын біріншісі Шерубай-Нүра өзені
алқабының батыс жағында, Бүғылы гауының етегінде орналасқан. Бүғылы-
1 қорымында казылып ашылған дөңгелек және тік бұрышты коршауларда
тік бұрышты қабірлер болды; кейде олар жалпағынан салынған такта тас
тармен шегенделген (цисталар). Бейіттегілердің көпшілігі елікті өртеу ғұрпы
бойынша жерленген. Лақыттарда мол өрнектелген бір-екі кыш ыдыс табыл
ды, олардың кейбіреуінің түбі вазаның түбіндей әсем, бұлармен бірге бал-
шық ұршықбас, дөңгелек қола айна, кола моншактар мен тізбектер шыкты.
Молалардан және олардың жанынан үй жануарларынын (жылкынын,
қойдың) - батаға сойылған малдың сүйектері табылды.
Ақсу-Аюлы-1 корымы езі аттас өзеннің оң жақтағы биік жағалауына
орналасқан. Қорымның орта шенінде жағаны бойлай катарласкан сегіз оба
тобы ерекше көзге түседі. Үйілген топырак астынан жалпағынан салынған
тақта тастардан дөңгелете қаланған қоршаулар шықты. Қоршаулардын
ішіндегі шұңқырларғатік бүрышты цисталар каланған, олардың бұрышын-
да әдетте адамның кураған сүйектері мен екі-үш қыш ыдыс жатады.
Нұра кезеңінің соңына таман өлікті жерлеу ғүрпы оны өртеу ғұрпын
бірте-бірте ығыстыра бастайды. Бүл бірсыпыра ескерткіштерден, мәсе-
лен, Орталық Қазакстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы ескерткі-
штерден керінеді; бүларда жерлеу ғұрпы аралас: өлік ертеу де, өлікті
жерлеу де кездеседі, оның үстіне өлікті кәміп жерлеу басымырақ.
119
Тік бұрышты шұңқырлардан нүралык тұрпатты кыш ыдыстар табылды.
Бітімі жаңа ыдыстар — Солтүстік және Батыс Қазакстандағы көрші тайпа-
лардың ыдыстарына ұқсас иіні ойық ыдыстар шығады. Кейін мұндай үлгідегі
ыдыстар Орталық Қазақстанда да басым бола бастайды.
Атасу кезеңівдегі андронов турғындарының мәдениеті -
а.+ыңғы
қола
мәдениетінің жалғасы мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл — қоғамның,
оның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа, неғұрлым жоғары
кезең; бұл кезең қола дәуірінің дамыған ортаңғы кезеңіне жатады41.
Шаруашылық жағынан алғанда бүл кезең мал өсірудің бүрынғыдан гөрі
кеңірек таралуымен және кетпенмен өндейтін егіншілік көлемінің өсуімен
сипатталады. Қорымдар мен коныстардағы мал сүйектерінің қалдыктары
Атасу заманындағы түрғындардың өсірген мал түліктері туралы түсінік бе-
реді. Мүнда сиыр мен қой-ешкі, жылқы үлкен рөл атқарды. Бүл кезенде
жылқы мен қойдың шаруашылык маңызы артады.
Малдың көбеюі және халықтың өсуі шөлейт жерлерді шаруашылык
жағынан игеруге итермеледі. Тайпалардың бір бөлігі өзен алқаптарын тас-
тап, шөлдер мен шөлейггердің оазистеріне ауысты; онда сумен жабдықта-
лудың бірден-бір көзі қүдықтар болды.
Кен жүмыстарының көлемі өсті, мыс пен калайы габу, демек, өндіру
артты.Мыс пен қоладан еңбек қүралдарын, түрмыстық және сәндік заттар
жасау едәуір ұлғайды.
Мыс пен қола металлургиясының, бақташылық мал шаруашылығының
дамуы шаруашылықтың мамандануына және біркатар әлеуметтік езгеріс-
терге жеткізді.
Атасулық андроновтық тайпаларда жерлеу ғұрпы тұрақты сипат адды.
Өлгендер жерленгенде бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жаткызылды, ко-
лдары кусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстікке неме-
се оңтүстікке бейімдеңкірей жатқызылды. Оның үстіне, Нүра кезеңінің мұра-
сы ретінде әлі қолданылып келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталар-
мен қатар, тік бүрыш бітімді тас жәшік-1 >р тарады; ол жәшіктер шомбал,
жалпақ төрт тақга тастан құралып, қабір шүңкырының төрт жағынан қойы-
лды.
Атасу кезеңінде иіні дәңестеліп иілген ыдыстар сакталды, бірақ мойыны
мен бүйірінің арасы ойык құмыралар, карапайым қүты сияқты ыдыстар,
аралық түрлер басым болды.
Иіні дөңестеліп иілетін көзелер бұрынғы әсем көрнекілігінен айрылады,
олардың биікше, жіңішке түбі жоғалады, өрнектер үш қатарға - ыдыстың
мойнына, бүйірінің жоғарғы бөлігіне және түбіне салынады. Әрбір қатарда
өрнекті орналастыру дәстүрі қалыптасады. Мойнына көбірек салынатын
сурет тік бүрышты немесе тең кабырғалы үш бүрыштардан үшы жоғары
қаратылып тізілген тізбектер болып келеді. Кейде үш бүрыштардың орны-
на ромбылар, сынык сызықтар және басқалар салынады. Өрнектердің екінші
қатары үш бүрышты фестондардан, меандрлардан, қатарлас каннелюрлер-
ден құралады. Бұл өрнектер қиюласып, кілемнің ою-өрнегіндей болып шыға-
ды. Түпкі қатар ұшы жоғары қаратылған үш бүрыштар немесе беддеулей
сызылған қатар сызықтармен әсемделеді. Иіні дөңестеліп немесе ойыкта-
лып жасалатын ьщыстарда ғана өрнек көп кездеседі. Қарапайым құты тәрізді
ыдыста күрделі меандрлы немесе фестонды сурет болмайды және онда
өрнекті белдеулер салынуы кеп кездеспейді. Ондай ыдыстың ернеуі мен
121
мойны ғана ірі үш бұрыштармен, катарлас сызықтармен, кейде шырша
өрнекпен сәнделеді. Солтүстік және Батыс Казакстаннан - Орталык Қазак-
стандағы ыдыстардың мойнында меандрлы фигуралардан жасалған өздерінің
дәстүрлі айырмашылығы өрнегі болады.
Атасу заманында кола күю онері жоғары дәрежеде кемеліне жеткен.
Табылған бүйымдардың бәрі соғу, күю, ою және қақтау аркылы жасалған.
Коне замандағы шеберлер калак түріндегі канжарларды, жебелердің кос
канатты, жалпакша ұштарын, екі ұшы сүйір моншақтарды, дөңгелек және
тік бұрышты айналарды кұйды. Соғу, кысып өрнектеу мен кактау төрт кы-
рлы біздерді, инелерді, білезіктерді, алуан түрлі алқаларды, мүсінді тоғалар-
ды және баскаларды жасағанда колданылды.
Ол замандағы корымдардың көбі Атасу өзенінің алкабындағы корымдар
тобына ұқсас. Бұлардың ең ірілері - Дарат, Саңғыру, Мыржык, Аксай, Тел-
жан, Косағал және әсіресе Үйгас (Караозек) корымдары.
Мейлінше алуан түрлі бейіт кұрылыстары жер бетінен 20—50 см сыртка
шығып түратын колемді такта тастармен белгіленген. Оларда косарлы және
екі кабатты жәшіктерге қойылған коп лакытты әулеттік-патриархаттық
үлкен кабірлердің саны кобейген. Коршаулардың бәрінде дерлік лакыт
жәшіктері екі-торт гранит тактамен жабылған. Негізгі ғүрып — олікті орте-
мей жерлеу. Дегенмен, Атасу заманындағы баска ескерткіштердегі сиякты,
мұнда да елікті ортеу кездеседі.
Корымдардан коптеген кыш ыдыстар, бүрачды бұрамалары түйісіп ке-
летін кола білезіктер, самайға тағылатын алтын жалагылған сырғалар, кола
тізбектер, алкалар және палеометалдан жасалған басқа да бұйымдар,
ұнтақтан катырылған, меруерттен, тастан жасалған моншақтары бар алка
лар, тесіп ілінетін жырткыш азулары мен кабыршактар жиналды.
Орталык Казакстанда Атасу кезеңінің ескерткіштері коп, олар: Қоны-
рат ауданындағы Былқылдак, Карасай, Темірастау, Қарабие қорымдары,
Шерубай-Нұра озені алкабындағы Басбалдак. Ақсу-Аюлы-1 корымдары,
Бетпакдаланың солтүстік шетіндегі Елшібек, Б 'ласар қорымдары және ба-
сқалар.
Құрбан шалынатын орындар да Орталык Қазакстандағы (Атасу өзені
алкабынынтаулы жерлеріндегі, Нүра, Карасу, Жарлы, Акбілек озендерінің
алқаптарындағы) дамыған коланың озінше бір үлгідегі ескерткіштері бо
лып табылады. Олар әр уақытта жазық жерде, маңайына карағанда деңес-
теу, қоныстар мен корымдардан оңашалау жерде орналасады. Көбінесе бүл
құрылыстар сопақ немесе онша деңгелек емес түрдегі жалпағынан салы-
нған сегіз-тоғыз шомбал тастан құралады.
Қүрбан шалу аландарында табылған заттар кұрбан шалудың тек діни
ұғыммен ғана емес, сонымен қатар ондірістік үрдіспен де едәуір байланыс
ты болғанын көрсетеді. Оларды казғанда еңбек кұралдары — тас кетпендер,
кол диірмендер, астық түйгіштер табылды. Боқсайдағы (Атасу озені) ғұрып
орындарында ағаш көмірі мен күлдің қалың қабаты, сондай-ақ қалындығы
40 сантиметрдей органикалык қалдықтар табылды (сірә, сүттен жасалған
тамактың қалдықтары болар).
Нүра өзеніндегі (Бесоба ауылы, Жамантас қойнауы) кұрбан шалу алаңы-
нда кварцты құм қосып, алебастрдан жасалған екі мүсін табылды; бірі —
добал орақ сияқты, екіншісі — параболалық үш бұрыш тәрізді. Бүлардың
екеуі де, тегінде, еңбек кұралдарын бейнелесе керек. Мұнда сонымен катар
122
ұзыншалау тас келсап, түбі жайпақ ыдыстар керамикасының фрагменттері
болды.
Дамыған кола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тұрғындарының шаруа-
шылығы мен тұрмысын қоныстардан табылған археологиялық заттарға қарап
топшылауға әбден болады; мүндай коныстар әдетте тау қойнауларында не
месе даладағы өзендер мен көлдердің үскірік пен аңызақ соқпайтын жаға-
ларында орналаскан.
Тұрғын үйлер мен қора-қопсылар тобы (10 жэне одан кебірек, кейде 80-
ге дейін, Бұғылы-1) ортада ашық ішкі алаң калдырылып айнала салынған;
ол алаң мал камауға арналған. Кейініректегі үй-жайлар ішкі аланды айнала
салынған орталық құрылыстар тобынан тысқары тұрғызылған.
Әдетте, құрылыстың негізі казылған шүңқыр болды. Оның кабырғалары
көлденең қаланған таспен бекітілді немесе қырынан қойылған тақта тас-
тармен қапталды.
Қоныстардың қалай орналасканын, түрғын үйлердің безендірілуін Ата-
суға кұятын тау езені Мыңбасайдың алқабындағы қоныстың қазылған ор-
нына қарап білуге болады. Атасу конысы дөңес алаңға орналаскан және ол
шет-шеттерінен тақта тастар көрініп тұрған бірнеше тайыз апандар болып
табылады. Ауданы 15 мың шаршы метрге жететін бүл жерге 35 тұрғын үй
мен қора-қопсы орналаскан. Жеке үйлер жіңішке ұзын жолдар аркылы
жалғаскан, әркайсысында үлкен күлшұңкыр болған, онда күл мен қой-ешкі
сүйектері жиналған. Әр үйдегі үлкен күлшүнкырлар коныстың үзак уақыт
болғанын дәлелдейді.
Қоныс орнын қазғанда бір тұрғын үй, мыс рудасын корытатын бір ше-
берхана, екі күлшұңкыр шыкты. Адам тұратын жартылай жертөле тік бүрыш-
ты, аумағы 13x12 м. Онда екі мәдени қабат олардың ортасындағы ерт ізі бар
кабат сақталыпты. Үйдің солтүстік бұрышымен іргелес кішкене үш жерте-
ле бар; олар дәліз аркылы жалғаскан. Жаппаның тіреуіші ретінде агаш бағ-
андар пайдаланылған; бұлар әрі үйді екі бөлмеге бөлетін кабырға болған:
белмелердің біреуінде адамдартүрған, екіншісінде ма і үсталған. Адам тура-
тын бөлменің жер едені тегіс, құмды-балшықпен тапталған және беті бал-
шықпен сыланған. Кора-жайдың жер едені едәуір төмен, онда шіріген көн
қадықтарының кабаты сақталған.
Тұрғын үйдің солтүстік-шығыс бүрышында гранит тақгалардан каланған
үзындығы 4 метр, көлденеңі 1 метр ошак табылды; оның арнайы белінген
үш бөлімшесі бар. Ошақтың бір тармағы, ең үлкені, үйді жылыткан;
екіншісінде тамак пісірілген, үшіншісі корыту пешінің релін атқарған. Ошак-
та 5 килограмдай мыс кұймасы, мыс шлагы, тас және кыш ожаулар мен
шөміштердің сынықтары, кұю калыбы жатыр. Мұнда руда ұсактайтын тас
кұралдар, балғалар, келсаптар, токпакшалар. дәнүккіштер, керамикалык
бүйымдарды тегістейтін қалактар, тас кетпендер табылды.
Атасу қонысыныңтүрғындары ьщыстыңтүрлі үлгілерін — тамақ пісіретін
өрнексіз долбарлы керамиканы және тамақ ішетін, геометриялық өрнек-
термен сәнделген ыдыстарды жасай білген. Өрнектер көбіне тегіс калыппен
түсірілген, бірак тарақ тәрізді калыппен түсірілген ернектер де аз емес.
Шаруашылық пен тұрмыста кола кұралдармен катар сүйектен жасалған
тескіш, біз, теріні ендеу үшін жылқының жағынан жасалған лөкет пышак
сияқты қүралдар да колданылған. Ірі малдың жілігінен жасалған шүйке
орағыштың табылуы жүнді ұксатып, дерекі мата гоқи білгендікті көрсетеді.
123
Жүгеннің мүйіз сулыктары жылкынын көлік ретінде пайдаланылғандығын
дәлелдейді.
Руда корытатын шеберхана жерді казып салынған канкалы үй болды;
гөбесі, сірә, шошак болсакерек; ортада көрігі бар пештүрған. Үйдің ішіндегі
және маңындағы отыннын, шлактың, таттанған руда түйірлерінің калдыкт-
арынан тұтаскан калың кабат шеберхананын үзак уакыт жүмыс істегенін
көрсетеді.
Жамбай-Карасу, Бұғылы-1, 2 және баска қоныстар андронов мәдени-
етінің атасулык дәуіріндегі сонғы кезенге жатады.
Бүғылы (Шопа езенінің алкабы) тұрғын үйлері мен кора-копсыларының
орналасуы, салыну әдістері, сондай-ак материалдык мәдениеттің бүкіл бей-
несі Атасу коныстарындағыға үксас. Тұрғын үйлер тік бұрышты, бірак Ата
су коныстарындағыдан ерекшелігі — олардан көлемі анағүрлым кіші. Үйлер
жердің бетіне салынған, кабырғалары — жалпағынан каланған тас блоктар;
бұлардың сырткы жағынан да, ішкі жағынан да тігінен койылған такта тас-
тармен капталған. Калаудың ішкі жағынан ағаш жактау салынған; бөрене-
лерден кұрастырылған күрке тәрізді шатыр осыған тіреледі. Шатырдын биік
қыры тік қазылып орнатылған біркатар бағандармен тірелген. Бүкіл күры-
лыс буылған камыспен және бүтамен жабылған. Мүндай үйдегі тас блок-
тар дан жасалған аласа кабырғалар катты желден, жаңбырдан, кардан пана
болды. Тұрғын үйлердің сырткы түрі көбіне көшпелі малшьшардың жылы
киіз үйлеріне үксас.
Дәндібай-Бегазы мәдениеті. Дәндібай-Бегазы заманындағы (б. з. б. X -
VIII ғасырлар) тайпалар мәдениетінің дамуы бірінен кейін бірі келетін үш
кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы кезендерге бөлінеді.
Атасу заманынан Дәндібай-Бегазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу
өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған кәптеген ескерткіштермен
сипатталады. Олардың катарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесо-
ба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бүл ескерткіштерге, бір жағынан, андро-
новтык дәстүрлердің сакталуы, екінші жағынан, мәдениет
і
'
ң
жаңа элемент-
терінің: түрпаты ерекше бейіт тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың
пайда болуы тән. Жерлеу ғұрпы да андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі
бүктетілген каңқалармен катар аяктарын созып, шалқасынан жатқызылған
қаңқалар да кездеседі. Мүндай жерлеу ғүрпы кейінгі, ерте темір дәуірінде
Казақстан аумағында тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Соңғы қола дәуірінің өтпелі кезеңін, яғни алдыңғы Бегазы дәуірін Аксу-
Аюлы-2 (Қарағанды каласының оңтүстігіне таман) жерлеу кешені бәрінен
де гөрі толык сипаттайды. Бұл кешен біріне-бірі ұксас төбешік обалардан
кҮРалған;
обалардың етегі қырынан казылып орнатылған ірі гранит тақта-
лармен айнала белдеуленген. Бұлар патриархатгық-әлеуметтік қауымдардын
рулық бейіттері емес, патриархаттык-рулык қоғамның неғұрлым көрнекті
мүшелерінің қабірлері. Ішкі құрылыстары аукымды мұндай бейіттер түрпа-
тының пайда болуы соңғы андронов дәуірінде (б. з. б. XIII—XI ғасырлар)
мүлік теңсіздігінің шығуы нәтижесінде Орталық Қазақстан тайпаларында
байкалған өндірістерді кәрсетеді.
Аксу-Аюлы-2 кешеніндегі ең үлкен обаның биіктігі 2 метр, диаметрі 30
мегр. Үйіндінің астынан бір-біріне жалғасқан терт тас құрылыс : үш ко-
ршау және үлкен-үлкен төрт тақга тастан жасалған шомбал тас жәшік шық-
ты. Бірінші, сыртқы қоршау кырынан қазылып орнатылған ірі гранит так-
124
талардан құралыпты. Екінші қоршау әдейі іріктелген тік бұрышты тақта-
лардан көлденең қалау техникасы арқылы салынған. Қалау сол кездегі
жердің бетінен басталыпты. Дуалдардың төменгі жағы тіп-тік, ал жоғарғы
жағы аздап ішке қарай иілген. Бұл - соңғы қола дәуіріндегі күрылыс техни-
касына гән әдіс; мүнда артылта калау арқылы жалған күмбез жасау
шешімінің бастамасы көрінеді. Үшінші кіші қоршау екіншісіне жалғасты-
рылған. Ол тік бұрышты түрде салыныпты, бүрыштары иілген. Екінші ко-
ршау сияқты, бүл қоршау да эллипс бітімдес. Оның батыс және шығыс ду-
алдарының мандайшасына қосымша бір-бір үлкен такта орнатылған. Құры-
лыс төбесінің негізгі салмағы осы такталарға түсірілген.
Сонымен, ішкі қоршау бейне бір екі дуалмен және айналма галереямен
қоршалған үй сияқты. Бейіт тамның ортасында, келемі 4 шаршы метрдей,
гереңдігі 1,5 метрден астам шұңқырдан шомбал тас жәшік шықты; оның
үстіне екі үлкен такта тас жабылыпты. Бір кезде тігінен орнатылған және
там төбесінің орталықтірегі болған нақ осындай ірі такталар жәшіктің айна-
ласында жатыр.
Бүкіл құрылыс алаңы тығыздалып тапталған және калындығы жарты
метрдей балшык, кұм, киыршық, түйір тас араласқан кабатпен жабылған.
Бүл қабат дуал тіректеріне дейін жеткізіліпті; мүның өзі дуалдар мен басқа
тіректердің орнықтылығын камтамасыз етіп, бүкіл кұрьшыстың негізін
бекітіп түрған. Қиыршық, түйір тас, саз балшық кабірдің астына да кұйылған.
Өтпелі кезендегі біркатар басқа бейіттік құрылыстардың қурылымы да осын
дай немесе осыған жақын.
Дәндібай-Бегазы мәдениетінің отпелі және дамыған кезендеріндегі кұры-
лыстардың көбінің ішкі қоршауларында ағаш тобесінің калдыктары сақта-
лыпты; бұл төбе пирамидалы-сатылы жактау түрінде боренелермен жабы-
лған. Боренелерден калған квмір мен күлдің кейде 30 сантиметрдей бола-
тын қалың қабаты төбеге жабылған ағаштарды әртеу рәсімі жасалғанын
корсетеді. Ағаш күрылыстарды өртеп бата кылудың мұндай ғұрпы Казак-
стан аумағында соңғы кола дәуірі тайпаларында кеңінен тараған Мәселен,
Оңтүстік Қазақстандағы Түгіскен кесенесін калдырған тайпаларда осын
дай немесе осыған ұксас ғұрып болған.
Ақсу-Аюлы-2 кешеніндегі үлкен обаның тас жәшігінен кол-аяғы созы-
лып жатқан адамның каңқасы шықты. Дәндібай-Бегазы мәдениетінің ба
ска ескерткіштерінде созылып жаткан қаңкалармен катар әдеттегідей
бүктетіліп жаткан қаңкалар да кездесті.
Бұл обадан табылған кыш козе отпелі кезендегі керамикалык ьщыстың
үлгісі бола алады. Түрі мен орнектелуі жағынан ол андронов ыдыстарына
жақын. Оның ернеуі үзік сызықты үш бұрыштармен және сопакша ойық-
тармен сәнделіпті. Бүйіріне жоғарғы жағын белдеулей әсем меандр мен
бүршақ көлеміндей доңгелек ойықтармен белдеу жүргізілген. Мұндағы
өрнек түсіру техникасы көлденең сызыктары бар ірі тарақ тәрізді қалып;
мүндай қалып Орталық Қазакстандағы соңғы қола дәуіріне тән. Жалпы
алғанда, керамикалық ыдыстын бітімі түбірінен өзгеріске ұшырап, көшіп-
қонымы көп тұрмыс салтына барған сайын бейімделе түседі.
Соңғы кола дәуірі тайпаларының шаруашылықта ілгері басуы және,
бәрінен бұрын, жайлаулы, кейін көшпелі мал шаруашылығына көшуге бай
ланысты мал санының үдайы көбеюі жерлеу ғүрпынан да аңғарылады; бұл
ғұрып бойынша өлікпен коса ол жейді деп ет салынатын болған. Қабірле-
125
рде үй жануарларының сүйектері көп. Құрбанға шалынған малдар үшін тіпті
арнаулы тас жәшіктер қойылған.
£ Дәндібай-Бегазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар — Бегазы,
Айбас-Дарасы, Аккойтас, Дәндібай, Ортау-3, Саңғыру-1, -3 зиратгары, Үлы-
тау, Шортанды бұлак, Каркаралы-1—3 коныстары және басқалары. Бұл
қорымдар мен коныстар тұрғын үйлері мен ғұрыптық-табыну үйлерінің сәу-
лет-кұрылыс жағынан жетілгендігімен, шар тәрізді керамиканын жаңа
түрлерінің әр алуандағымен сипатталады. Әсіресе Бегазы тауының сілем-
дерінде орналаскан Бегазы такта тас коршаулары айта қаларлык.
Бегазыдағы ескерткіштер тобында біртектес алты қоршау бар, көлемі
жағынан бұлардың екеуі көзге түседі. Бегазы кұрылыстарының негізі —
кіретін дәлізі, айналма галереясы мен тіреуіш тас бағандары бар аралас
түрпатты құрылым. Барлық ескерткіштердің іргелері 0,8—1,2 метрдей те-
рендікте жерге көмілген. Бегазы монументтері бір немесе екі бөлікті төрт
бүрышты кұрылыстардан түрады; ал төрт бүрыштың төрт жағы әлемнің төрт
жағына карай бағдарланған, тігінен койылған жалпақ гранит тақталармен
капталған немесе кырлы тастардан көлденең қаланған. Соңғы жағдайда қал-
анған тас арасы күрылымы ете тығыз ерітіндімен бекітілген. Құрылыстың
көмілген бөлігінің жиегінен жоғары, жер бетінде, биіктігі бір метрдей дуал
бар. Ол сыртынан тігінен қатарластырып жерге қазып орнатылған, бір-біріне
тығыз қиюластырылған үлкен-үлкен гранит тақталармен түгелдей қапталған.
Бегазы ескерткііитерін салу үшін сүр түсті граниттің өте үлкен кесектері
іріктеліп алыныпты; мұндай гранит құрылыстарға жакын жерден шыккан.
Құрылыстың кейбір тік бұрышты тақталарының салмағы үш тоннаға дейін
жетеді. Дуалдар берік, әрі орнықты болуы үшін бұл тақталардың биіктігінің
үштен бірі жерге көмілген, соның өзінде олардың жазық жерден биіктігі 2—
2,5 метрдей.
Жақсылап кырланған, терт бүрышты ұзын тас бағандар тік тіреулер мен
қосымша тіреулер етіп орнатылған. Тігінен қойылған қаптама тақталардын
түйіскен жерлері, ішкі және сырткы қоршаулардың бүрыштарының жалға-
сқан жерлері солармен нығайтылған. Оның үстіне, дуалдармен бірге олар
бейіттік күрылыстың ауыр тас тобесін тіреп тұр. Үлкен қоршаулардағы
мұндай бағандардың саны 14-ке жетеді. Құрылымы мен орнатылу максаты
жағынан олар қола дәуіріндегі тұрғын үй кұрылыстарының тіреуіш ағаш
бағандарына ұксайды. 7
Бегазы кешеніндегі ең ірі құрылыстардың бірі — шаршы түріндегі тақта
тас қоршау; оның сыртқы орамасы 9,6x9,6 м, ішкі орамасы 6x6 м. Қорша-
удың ішкі дуалдары қапталып 0,7 метрдей қазылып орнатылған. Дуалдын
жалпы биіктігі 2,1 м, ал жер бетіндегі белігінің биіктігі 1,3 м. Екінші, сырт-
тағы дуалдын, да биіктігі сондай — 1,3 м. Қаланған қаптамамен екі арадағы
куыс тастың сынықтарымен толтырылған, лай қүйылып, әбден тығыздаты-
лған. Осы екі метрдей дуалдың мұқият тегістелген үстіңгі беті кыш ыдыс-
тарды және баскд заттарды қоятын сөре болған. Сынықгардың тым көптігіне
Караганда, сөреде ондаған жұқа керамикалық ыдыс түрса керек. Құрылы-
стың сыртқы дуалдарьш қаптаған үлкен гранит тақталар сөрені жауып тұрған.
Солардың және ішкі қоршаудың төбесі есебінен үйдің бүкіл айналасы бойы
нша айналма галерея жасалған. Құрылыстың барлық дуалдарын терт кы
рлы катар-қатар тірек бағандар ұстап тұр. Ішкі үйдің төбесі бірнеше катар
тақта тастармен жабылған. Тебені жабу үшін қолданылған тақта тастар
Достарыңызбен бөлісу: |