Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст


қашты.  Ал  ұйғырлардың  негізг? кепш ілігі



Pdf көрінісі
бет43/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76

қашты. 

Ал  ұйғырлардың 



негізг? кепш ілігі 

Шығыс 


Түркістанға

308

және  Ганьсудің  батыс  жағына  қоныстанды,  онда  орталығы Турфан  алка- 

бында  (847-1369 жылдар)  және  Ганьсуда  (847-1036 жылдар)  болған тәу- 

елсіз мемлекет құрды.

Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде күшейіп алған қарлұк 

жабғуы пайдаланды. Қарлұқтардың көсемі Білге Күл Қадыр-хан -  Испид- 

жаб билеушісі (Гардизи мәліметтері бойынша Илмалмасын — жабғу)  өзінің 

бұрынғы атағы -   жабғуды тастап, қаған атағын алып,  билікті өзінің алуға 

хақылы  екенін  ашықтан-ашык  жариялады.  Алайда  карлұқтардың  билігі 

берік болмады,  ейткені ол Орталық Азияның түрік тайпаларына таралған 

жоқ.


Бұл  кезде Саманилер әулеті де өз билігін нығайтуға,  мемлекет пен ис­

лам шекарасын кеңейтуге ұмтылды.  840 жылы Саманилердің Самарқанд- 

тағы билеушісі Нұх ибн Асад «қасиетті соғыс» жариялап, Испиджабты ба­

сып  алды,  оның  айналасына  түрғындарының  жүзімдіктері  мен  егістерін 

сыртқы шапқыншылықтардан  қорғайтын дуал  соқтырды.  Алайда  Испид- 

жаб Саманилерге сөз жүзінде ғана бағынышты болды.  Солтүстік-батыста 

Сауранға  дейінгі  жерді,  ал  шығыста Талас  аңғарын  қамтып  жататын  Ис- 

пиджаб аймағын бүрынғысынша түрік әулеті баскарды, оның маңызды ар- 

тықшылықтары болды. Испиджабтың билеушісі өзінің Саманилерге бағы- 

натындығын  С ам анилер  сарайы на  алы м -салы қты ң  орны на  сыйлык 

жөнелтіп,  оған  коса  4  данек  пен  сыпырғыш  жіберіп  тұруымен  білдірді43. 

Бағыныштылық сырттай сипатга ғана болды. Өз тарапынан Исгшджаб өзіне 

бағынатын Жетісу қарлұқтарына ықпал жасады.  Қарлүқтардың Талас пен 

Шу езендері арасында орналаскан Орду қаласының билеушісі Испиджаб- 

тың билеушісіне бұрынғысынша сыйлық жіберіп тұрды44.

Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айнал- 

ды.  Макдисидің  (X ғ.)  мәліметтері  бойынша,  мұнда «дін  жолында»  соғыс 

жүргізу үшін 1700 рабат (керуен-сарай) салынған. Бұл цифр, әрине, көрінеу 

көзге асыра айтылған, бірақ ол көп жайды аңғартады. Саманилер өздерінің 

ықпалын бүкіл Испиджаб аймағына жүргізіп, оның халқы арасында мұсыл- 

ман дінін  орнықтыруға күш салды.  893 жылы Исмаил ибн  Ахмад Таразға 

үлкен жорық жасады, мұның нәтижесінде Тараздың билеушісі өзінің диқ- 

андарымен бірге ислам дінін қабылдауға мәжбүр болды, ал қаланың басты 

шіркеуі мешітке айналдырылды45. Тараздың билеушісі Саманилердің әуле- 

тіне жартылай вассалдық тәуелділікте болды.

Мұнымен қатар Жетісу түріктері Саманилердің тегеурініне тетеп беріп 

қана қойған жок, сонымен қатар өздері де олардың мемлекетіне жорықтар 

жасап тұрды.  М әселен,  904 жылы түріктің көп әскері Мауараннахрға ба­

сып кірді, бірақ көп үзамай онан ығыстырылып шығарылды.

Қалалық орталықтарда отырған  билеуші  қарлүқ шонжарларында  еле- 

улі әскери күш болды.  Мәселен, тегін атағы бар Барсхан билеушісі 6 мың 

жауынгер  жинай  алатын  еді,  Пенджикент билеушісінің  -   8  мың,  Беклиг 

қаласында Инал-тегіннің 7 мың жауынгері болды, Суябтың ялан-шахы 20 

мыңға дейін әскер шығара алды және т. т. Қарлүқ қағанатындағы үлестік- 

тайпалық басқару жүйесі орталық билікті мойындамай,  билік жодындағы 

күрестің күшеюіне себепші  болды.  Соның салдарынан қарлүқтардьщ 



би- 

леуші әулетін жойған күштер олардың ез ортасынан өсіп шықты.



Этникалық және тайпалық кұрамы. Қарлұқ тайпаларының қүрылуы мен 

ертедегі қарлұқ этникалықтоптары кдлыптасуының алғашқы кезендері Ішкі



309

Азия  аумағында түрік  және  теле  (оғыз) тайпаларының  коршауында  өтті. 

Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезені үш тайпалы қарлүк конфеде- 

рациясының кұрылуымен  байланысты  болды,  ол  кейіннен  сан  және сапа 

жағынан  Жетісу  шегінде  карлұк  халкының  калыптасу  сатысына  үласты. 

Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс  аяқталған жок.

Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашкы хабарлар қытайдын 

Суй әулетінің (581-618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шені- 

не  жатады.  Онда  карлұқтар  ездерінің  басты  руынын  атымен  Алтайдың 

(Ақтағ)  баурайларын  мекендеушілер  ретінде  бұлак  деп  аталған.  «Таншу» 

әулеттік (618—907) хроникасынасәйкес,кдрлұктар (гэлолу, гэлу) түріктер- 

ден  шықкан және олардың бір тармағы  болған46.  Карлұктардың түріктер- 

мен  генетикалық байланысы туралы деректер  орта  ғасырлардағы  мұсыл- 

ман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұктар) -  ежелгі түріктер»,

— дейді Ибн  әл-Факих (X ғ.)47.  Қарлұқтар  ежелгі  түріктердің руналык ес- 

керткіштерінде де  «үш қарлүқ» деп айтылған.  Ол Монғол Алтайы мен Ба- 

лкаш келі аралығындағы аумақты алып жаткан көшпелі тайпалардың күшті 

одағы болды. Қарлүқтар туралы уакыты жағынан алғашкы хабар араб-пар­

сы  тілдес  тарихи-географиялық  әдебиетте  —  Табариде  (737  ж.)  кездеседі. 

Ол Тоқарстанда орналаскан қарлұқтар туралы айтады.

«Таншу» деректері бойынша, VII ғасырдың ортасында карлұқтар құрамы- 

на үш ірі рулык бірлестіктер: моулалар, чжисилер және ташилдер кірген48. 

Бүл тайпалардың атаулары тиісінше бүлақ, жікіл және ташлық деп қалпы- 

на  келтіріледі49.  Бастапкыда  бүлақ тайпасы  Тянь-Ш ань  жүйесіне  кіретін 

Борохоро жотасы ауданындағы аумакты мекендеген. Ташлықтардың көшіп 

жүретін орталығы Сайрам  көлінің төңірегінде болған.  Жікілдер бұлақтар 

мен  ташлықтар  арасындағы  аумақты  иеленіп,  оңтүстігінде  Жоңғариянын 

шөлді  аудандарына  дейін  жеткен.  Кейіннен  үш  тайпаның  бәрі  бірігіп, 

Шығыс  және  Батыс  түрік  кағанаттары  аралығында  аралық  жағдайда  бо­

лтан.

Араб-папсы  деректемелері  бойынша,  Жетісудағы  қарлұк  бірлестігі 



көптеген  ру-тайпа  топтарынан  құралған.  «Худуд  әл-алам» 

а н о н и м ін д е  

Құлан  мен  Мирки  арасында  қарлұқтардың  үш  тайпасы  (бистан,  хим,  би- 

риш) орналаскан50, Керминкентте лабан (дүрысырақ айтқанда, албан) тай­

пасы тұрған, Ганкасир қонысында — қарлұқтардың бірнеше руы, ал Тұзкөл 

келінде — жеті қарлұқ тайпасы түрған51.

Әл-Марвазидің деректері бойынша, қарлүқтардың тайпалық құрамына 

тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлак, көкеркін және тухси кірген52. Сон- 

дай-ақ екі ру: лазана мен фаракия рулары да аталған53. Сірә, 

д е р е к т е м е л е р ­

де жекелеген топтардың атауы бұрмаланған болса керек.

Қарлұқ тайпалары конфедерациясының қүрамы қарлұқ тайпаларыньЖ 

топтасып, саяси бірлестігінің қалыптасуы Жетісуда болғанын айқын дәлел- 

дейді.  Қарлұқтардың  алғашқы  үш  рулы  үйытқысына,  сірә,  Жетісу  мен 

Оңтүстік Қазақстанның этникалық субстраты кірген болуы керек.

Қарлұқконфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай кәшпелі 

әр  түрлі  тайпалар:  жікілдер,  бұлақтар,  халаждар,  түргештер,  азкишилер, 

тухсилер,  шарұқтар,  аргулар,  барсхандар  кірген.  Бұлардан  басқа  онын 

кұрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және теменгі 

ағысына көшкеннен кейін Жетісу аумағында қалған  кейбір топтары, сон- 

дай-ак  түрік  болып  кеткен  Жетісу  соғдылары  болды.  Махмүд 

Қ а ш ғ а р и



310

көптеген соғдылар түріктердің әдет-ғүрыптарын кабылдаған деп хабарлай- 

ды54. Кейінірек карлұктардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың оты- 

рықшы халықтарымен сіңісіп,  ислам дінін кабылдаған бір  бөлегі,  сондай- 

ак оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті55.

Қарлұк конфедерациясының калыптасуы Жетісу мен Қашғариядан бас­

тап  Сырдарияның  орта  ағысы  мен  Ферғанаға  дейінгі  ұлан-ғайыр  еңірде 

жүзеге асты.  Бұл байтак аймақтың көптеген тайпалары қарлүқтардың жа- 

бғу деген атағы бар көсемінің, сонан соң қағанның карауында болды.

Қарлүқтар түрік тілінің әр түрлі диалектілерінде сөйлеген. Араб-парсы 

жазбаша деректемелерінің мәліметтеріне карағанда, олардың бір тобы «ж» 

дыбысты, екінші бір тобы «й» дыбысты диалектіде сөйлейтін болған.

Қарлүқтар монғолоидтік белгілердің болмашы қоспасы бар европеоидтік 

антропологиялық тұрпатқа жаткан.

Әл-Масуди түріктердің ішінен карлұқтарды бөліп көрсетіп, олар «неғұ- 

рлым  әдемі,  бойшаң,  өнді  келеді»56  дейді.  Қарлұқ  тайпаларының  бірі  — 

жікілдер туралы олардың ішінде болған араб саяхатшысы Әбу Дулаф (X ғ.) 

былай деп  жазады:  «Олар  (жікілдер)  әдемі  келеді.  Айналасындағы  тайпа- 

лардың бәрі оларды үрлап әкетіп түрады»57.

Қарлүқтардьщ қоныстануы. Қарлұк тайпалары VIII—X ғасырларда Жоңғ- 

ар  Алатауынан  Сырдарияның  орта  ағысына  дейінгі  кең-байтак  аумақта 

қоныстанды.

Қарлұқ  топтарының  бірі  IX  ғасырдың  бас  кезінде  Отырар  (Фараб) 

төңірегіне  келіп  коныстанды.  Ибн  Хордадбех  Фараб  каласында  қарлүк- 

түріктердің отрядтары бар деп атап етеді. Баска авторлар да Фараб аймағы- 

ндағы Сүткент каласында карлұктардың болғандығын айтады.  Кдрлүктар 

Фараб,  Кеңжиде  және  Шаш  арасындағы  жайылымдарда  кешіп  жүрген. 

«Олардың бәрі мұсылмандар, бірақ ешкімге бағынбайды», — деп атап көрсе- 

теді әл-Истахри (X ғ.)58.

Қарлұқтардың  кейбір  топтары  Шаш  және  Испиджаб  аймақтарын  ме- 

кендеді. Ибн Хаукальдің айтуына карағанда, Шаш аймағына исламды кабы- 

лдаған оғыз және қарлұк тайпалары топтасқан. Испиджаб өнірі карлұктар 

мен  оғыздардың арасындағы  шекара болды.  Мүнда қарлұктар  Саманилер 

мемлекетімен  шектесіп  жатты.  «Мауараннахр  шекарасының өн  бойында,

-  деп хабарлайды әл-Истахри, — соғыс шайқастары болып жатады: Хорезм- 

нен Испиджаб төңірегіне дейін оғыз-түріктермен, Испиджабтан  Ферғана- 

ның ең шалғай жерлеріне дейін карлүк-түріктермен шайкастар болып түра- 

ды»59.

Қарлұқ тайпалары Талас анғарында түрды. Тараздың оңтүстігіне карай



5  фарсах  (30  шакырым)  жерде  Қасрибас  деген  жердегі  жайылымда  кар- 

лүқтар қыстап жүрген. Тау койнауындағы бүл жылы жерге таяу халаждар- 

дың қыстауы болды60. Ал Тараз VIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ «даңқ- 

ты да инабатты шарұк-түріктер» қаласы деп аталған еді61.

Тарихи-географиялықдеректер карлүктар мен оғыздар Тараз-Испиджаб- 

Фараб аралығын бірдесіп мекендеген деп шамалауға мүмкіндік береді. Та- 

разға  жақын  жерде,  Мақдисидің  айтуынша,  жікілдер  мекендеген,  мұнда 

олардың  осы  аттас  қаласы  болған.  Махмұд  Қашғариға  жікіл-түріктердің 

үш  тобы  мәлім  болды.  Бұлардың  біреуі  Таразға  жакын  жердегі  — Жікіл 

қаласын, ад басқа екеуі -  Барсханнан әрі Қүясты және ҚашғариядағыЖікіл 

қонысын мекендеген62.

311


Қарлұқтар Тараздын шығыс жағында да мекендеді. Мұнда олардың қара- 

уында Құлан, Мирки қалалары болды. Миркидің шығыс жағында Орду деген 

«шағындау бір қаланың» болғаны айтылады, онда түрікмен патшасы тұрады, 

ол Испиджаб билеушісіне үнемі сый-сияпат жіберіп тұрады» делінген61.

Ордудын,  қарлүктар орналасқан  негізгі  аумакта коныстануы оның би- 

леушісі қарлұқ болған деп топшылауға мүмкіндік береді.

«Худуд  әл-аламның»  мәліметтеріне  қарағанда,  Суяб  ауданында  тұхси 

тайпалары мекендеген64. Тұхсилердің үлкен бір тобы X ғасырға дейін кар- 

лұқтардан солтүстікке таман қоныстанған.  X ғасырдың орта шенінде олар 

оңтүстікке қарай  едәуір  жылжып,  қарлұқтармен  бірге  Тянь-Ш анның ба­

тыс сілемдерін бойлай орналасады.  Испиджаб, Тараз және Баласағұн кал- 

алары  өңірінде  түргештердің  аргу  тайпасы  тұрды.  Шу  аңғарында  қарлүқ 

қоныстарының орталығы — Баласағұн қаласы болған.

Әл-Идрисидің картасында  қарлұктардың екі тобынын аумақтық орна- 

ласуы  көрсетілген.  Қарлұқ  этнонимін  әл-И дриси  жазудың  белгілі  екі 

түрінде  —  арабша  және  парсыша:  харлух  және  халлух деп  береді.  Хақан 

басқаратын карлұқтар мекендейтін негізгі аудандар төртінші және бесінші 

климаттардың тоғызыншы  бөлігіне  орналастырған.  Әл-Идрисидің карта- 

сына қарағанда, қарлұқгар елінің оңтүстігінде Бухайрат ат-түрік (Түрік көлі 

немесе  Самджан көлі) деген үлкен  кәл орналасқан.  Әл-Идриси еңбегінің 

тексінде бұл  көл  туралы  ешқандай  мәлімет жок,  ол мүлдем  ауызға алын- 

байды.  Түрік  көлінің  оңтүстік  жағында,  карлұқтар  мекендеген  аймақта 

Жоғарғы  Барсхан  каласы  кәрсетілген,  кептеген  деректемелер  бойынша 

қазір  ол  Ы стықкелдің  оңтүстік  жағасына  сеніммен  орналастырылуда, 

мұның өзі Түрік келін Ы стықкел деп санауға берік негіз береді. Сол арқы- 

лы, К.  Миллер  ұсынғандай,  Гаган келін  Ыстықкел деп есептеуге  болмай- 

ды65, оның үстіне, «Нузхат әл-муштактың» тексі және картаның деректері 

бойынша,  қарастырылып  отырған  кезде  Гаган  келінің теңірегінде кимек- 

тер қоныстанған. Ал Ыстықкөл мен оның солтүстік-шығыс жағында жікіл 

тайпалары  мекендеген.  «Ыстықкелдің  бүкіл теңірегін  жікілдер  алып  жа­

тыр», -  деп керсетеді Гардизи66.

Оңтүстігінде  ж әне  оңтүстік-шьігысында  қарлүқтар 

Т и б е т п е н  

және 


тоғыз-ғүздармен  (ұйғырлармен)  шектесіп  жатты.  Қарлұқтар  иеліктерінің 

Тибетке жақындығы  «Худуд әл-алам»  анонимінің қолжазбасында да атап 

өтілген. Тегінде, Памирдің оңтүстік-шығыс жағындағы таулы аймақтар мен 

Шығыс Түркістан аймағы (Ж аркент, Хотан)  Тибет делініп  отырса керек. 

Қарлұқтар мен үйғырлар (тоғыз-ғұздар) арасындағы шекараға келетің бол- 

сак, ол Шершен, Тарым және ішінара Ақсу езендерінің бойымен өткен67.

Шығыс  жағында  қарлүқтардың  иеліктері  кимектердің  жеріне  тікелей 

жакын орналасты. «Қарлұқтардың Атракан каласынан кимектердін бірінші 

қаласы  -   Карантия  қаласына  дейін  түріктерден  шыққан  кешпелі  халык 

тұратын шел арқылы он түнеп жетуге болады», — деп жазады әл-Идриси68. 

Карантия  қаласы  Алакел  келінің  ойпатына  сәйкес  келетін  үлкен  Гаган 

кәлінің  оңтүстік-шығысына  орналасқан69.  Әл-Идриси суреттеген  геогра- 

фиялық жағдайды ескергенде, «Сурат әл-ардтың» деректері қарлұқтар мен 

қимақтар  арасындағы шекаралық өңірді  Алакел  көлдері жүйесінің баты- 

сына  карай жатқан деп анықтауға мүмкіндік береді. И. Маркварт Балкаш 

келін Гаган келі деп санады70. Алайда ұсынылған ұқсастыруды сәтті шыкк- 

ан деп санауға болмайды, ейткені, «Нұзхат әл-мұштақ» тексіне сәйкес, Га-

312


ган  көлінің оңтүстігіне таман тоғыз-ғұздар  мекендеген, ал сонымен бірге 

ортағасырлык; жазбаша деректемелердің және казіргі ғылыми зерттеулердің 

деректемелерін жинактау негізінде Балкаштың оңтүстік жағында VIII ғасы- 

рдың орта кезінен бастап қарлұктардың қоныстанғаны туралы қағида ор- 

нықты.  Әл-Идрисидің  «Сурат-әл-ард»  деген  картасында  қарлүқтардың 

едәуір тобы Іле аңғарында, Түріктер көлі (Ыстықкөл) мен Тахама кәлі (Ба- 

лқаш көлі) арасында орналастырылған. Тахама көлін Балқаш көлі деп сенім- 

мен айтуымызға болады, Балқаш көлі қарлұктар мен кимектердің арасын- 

дағы табиғи шекара болды71.

Әл-Идрисидің  картасында  неғұрлым  ертедегі  деректемелер  бойынша 

кеңінен  белгілі  Тараз  (Жамбыл)  ж әне  Испиджаб  (Сайрам)  қалалары 

керсетілген.  «Нұзхат  әл-мүштақ»  тексінде  Тараздың  солтүстік  жағында 

қарлұқ-түріктер  мекендейтіні  атап  өтіледі;  Тараздың  оңтүстігіне  таман  5 

фарсах болатын Касрибас деген жердегі жайылымдарда қарлүктардың кы- 

стаулары  бар  екені  де  айтылады72.  Қарлүқтардың  Тараз  аймағы  шегінде 

мекендегенін басқа авторлардың мәліметтері де куаттайды.

«Сурат әл-ардта» Испиджабтың солтүстік-батыс және Төменгі Барсхан- 

ның солтүстік жағында Кандждех жері бар деп көрсетілген. Әл-Истахридің, 

Ибн  Хаукальдің  ж әне  әл-Макдисидің деректеріне  карағанда,  Кандждех 

округінің  астанасы  Субаникет  Испиджабтан  екі  күндік  жерде73.  Картаға 

түсіріп  көрсеткенде  Кандждехтің  (Кангдез)  орналасуының  өзі  маңызды, 

оның атауында Тұран елі туралы ертедегі Иран эпосымен байланысты көне 

топономикалықжәне этномикалық номенклатура сақталған. Әл-Идрисидің 

мәліметтерін  Тұранның,  К анганы н  байырғы  жерлері  Испиджабтың 

солтүстік жағында, оның шекарасында деп анықтайтын жағдай растайды74.

Қарлұктар елінің шегінде Тараздың солтүстік-шығыс және Тахамэның 

(Балқаш келінің) оңтүстік-батыс жағында шағын Жанаф таулары көрсетіл- 

ген,  оньщ етегінде  Демиртағ қаласы  орналаскан.  Картаға түсірілген  жағ- 

дайын  негізге  ала отырып,  Жанаф тауын  Шу-Іле тауларымен теңестіруге 

болады. Жанаф тауының солтүстігіндегі аты жоқ «бәдәуилер сияқты жүннек 

жасалған шатырлардатүратын көшпелі карлұктар тайпалары мекендейтін шел» 

бары айтылады75. Сірә, бұл шөлдер дегенде Шу-Іле тауларының шығыс жағы- 

нда жатқан Тауқұм жәнг Сарыішік атырау шөдцері айтыльш отырса керек.

Әл-Идрисидің картасында Тараз бен Испиджабтан оңтүстігіректе Жаб- 

рагун  (немесе  Жаграгуз, Чаграогуз) деген  үлкен таулар жүйесі  бейнелен­

ген, ол Каспий теңізінің (Хазар теңізі) жағалауындағы Сияхкух тау жүйесі- 

нен тура  шығысқа қарай,  Арал  теңізінің  (Хорезм  көлі)  оңтүстік  жағында 

орналасқан. Мүнда Сырдария (Нахр Шаш) және Әмудария (Нахр Жайхун) 

Кердері  қаласының маңында  бір  салаға  косылып  және  аталған  тауларды 

кесіп өтіп, Арал теңізіне күяды. Әл-Идриси еңбегі мен картасының тексі- 

не басқа да ортағасырлық географиялық еңбектердің мәліметгерімен косып 

мұқият талдау  жасау  С.  Г.  Агаджановтың  Арал  өңіріндегі  Чаграогуз тау 

жотасын Сұлтан-Уиз-Дагпен зор негізде үксатуға мүмкіндік берді76.

Одан әрі Жабрагун таулары шығысында Теменгі Барсханға дейін созы­

лып,  оңтүстікте  Ыстықкел  (Турік  көлі)  ауданына дейін  жетеді  де,  содан 

кейін оңтүстік-шығыс бағытында Хорасан шегімен жалғасады. «Сурат әл- 

ард» картасында Жабрагун таулары таға сияқты болып иіліп, Фараб, Шаш 

аймағын,  Ферғананы, Усрушананы,  Вахшты орай  орналасқан.  Жабрагун- 

ның бұлайша схемалы бейнеленуіне карамастан, ең алдымен оны Орта Азия-

313


ның эр түрлі тарихи аймақтарымен салыстыруға болатынына сүйене оты- 

рып,  Жабрагунды Тянь-Шань тау  жүйесімен  мейлінше көп мөлшерде  са- 

лыстыруға болатын тәрізді.

Карталарға  қарағанда,  әл-Идрисидің  Тянь-Ш аннан  Каспий  теңізіне 

дейін үздіксіз созылып  жаткан тау тізбегіне келгенде орографиялық жағ- 

дай туралы түсінігі көрінеу кате болса керек.

«Сурат әл-ардта» қарлүқтар қоныстанған аймақта қарлұқтардың қалал- 

ары мен қоныстары көрсетілген, олар: Жинқар, Салуния, Хайхам, Награн, 

Ханбарт,  Атракана,  Харлак,  Хақан,  Қарлұкия,  Бирк  (Бирки,  Мирки), 

Төменгі Барсхан.  Әл-Идрисидің Кіші картасында  сондай-ак Жабал  Шуб, 

Қүлан,  Хук  көрсетілген.  Кершілес  елдерге  баратын  әр  түрлі  сауда  және 

керуен  жолдары  осы  қалалар  аркылы  өткен.  «Нүзхат  әл-мүштақта»  қар- 

лұқтар жерімен өтетін жолдар белгіленген.

Үлы сауда жолының Тараздан Жоғарғы Барсханға дейінгі бөлігі сияқты 

негізгі  жолдарға  қоса,  әл-Идриси  тарихи-географиялық  әдебиетте  онша 

белгілі  емес,  ал  кейде  бұрын  мүлде  беймәлім  болған  жолдарды да  келті- 

реді. Мәселен, Ахсикеттен (Ферғананың X ғасырдағы астанасы) қарлүктар 

хақанының ордасы арқылы Алакөд көлінің жағасындағы, Тараздан Жетісу 

арқылы  Ертістің  орта  ағысы  ауданындағы  кимек  қалаларына  жол  өткен. 

Балқаш пен Ыстықкөл арасында қарлұқтардын Атракана, Барак, Салуния, 

Жинкар,  Қарлүкия  қалалары  жатқан.  Балкаш келі карлүктар  мен  кимек- 

тердің арасындағы табиғи шекара болған.

Ыстықкөлдің  тәңірегінде  және  оның  солтүстік-шығыс  жағында  қар- 

лұқтардың жікіл тайпасы қоныстанды.  «Ыстыккөлдің айналасының бәрін 

жікілдер  алып  жатыр»  деп  атап  айтқан  Гардизи77.  Ы сты қкөлдің  со- 

лтүстігіндегі Ескөл қаласы мен оның батыс жағындағы Яр қаласы соларға 

қарасты болған.  Ыстықкөл ойысы тоңірегін қарлүқтар да мекендеді.  Олар 

Барсхан,  Тон,  Талхир  (Талғар)  қалаларын  иеленді.  X ғасырда  Іле  аңғары- 

нан  шығысқа  таман  өңірді  карлұқтар  тобы  мекендеп,  орталығы  Қиялык 

(Талдыкорған маңындағы Дүнгене  каласының жұрты) каласы болған.

Сонымен, қарлұктардың этникалық аумағы Қазақстанның Жоңғар Ала- 

тауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі  кең-байтақ жерін  алып жат- 

ты; бұл аумақта карлұк тайпалары  Балқаш көлі мен Ыстыккел аралығын- 

да,  Іле,  Шу,  Талас  езендерінің  аңғарларында,  Тянь-Ш ань  сілемдерінде, 

Испиджаб өңірінде ортағасырлык Отырар каласына дейін мекендеген.

Араб  саяхатшысы  Әбу  Дулаф  өзінің  қарлұқтар  жерімен  25  күн  жүріп 

етуіне тура келгенін хабарлайды;  ал Ибн Хаукальдің деректері  бойынша, 

«қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп ету үшін тіпті 30 күн 

жол жүру керек болған»78.

X ғасырдың алғашкьі жартысында қарлұктар бірлестігінін осынау үлан- 

байтақ аумағында бытыраңқылық күшейді. Мүны  Қашғардың түрік биле- 

ушілері  пайдалана  қойды.  940  жылы  олар  Баласағұнды  басып  алды  да, 

Қарлұқ мемлекеті кұлады.

Зу ОҒЫЗДАР

VII 


ғасырда Арал теңізі  мен 

С ы рдарияны н 

орта ағысы 



аралығындағы 

аймакта кангар тайпалары этникалық қауымының қалыптасу кезеңі жүріп 

өтті.  Сырдария араб және  қытай деректерінде  Кангар деп  аталады.  Ерте-

314


дегі түріктердіңорхон жазбаларындағы кеңгерестер, Византия авторы Кон­

стантин Багрянородныйдың (X ғ.) кангарлары және араб географы әл-Ид- 

рисидің (XII ғ.) хангакиштері — кангюйлердің этнонимдік дәстүрін сақтау- 

шы  кангар деген  бір тайпалық атаудың әр түрлі  нұсқалары79.  Кангарлар- 

дың тайпаластары арасындағы билеуші үстем тобы болғаны анык.

Уақыт  ете  келе, VII—VIII ғасырлар тұсында кангар деген  ескі  атаудың 

орнына печенег деген жаңа этноним қалыптасады. Бүл өзгеріс Константин 

Багрянородныйдың  мәліметтерінен  айқын  аңғарылады:  «...печенеггер  де 

басқаларынан гөрі аса батыл әрі аса ізгі жандар ретінде кангарлар деп ата- 

лады»80.


VIII  ғасырдың  бас кезінде  Сырдария  алқабы  жартылай көшпелі  пече- 

нег-кангар тайпаларынын жалпы  басшылығымен  біріккен  біртұтас саяси 

конфедерацияға енді. Конфедерацияның саяси орталығы Отырарда (неме­

се ертедегі түрік текстері бойынша баскаша айтканда «Кангу Тарбан») бол­

ды81. Печенег тайпалары соғдылармен,  батыс түрік тайпаларымен этника- 

лық жағынан түтас және елеулі жауынгерлік күш ретінде саяси және этни- 

калық-мәдени өзара қатынастар жасады.  Арабтардың жаулап алу кезеңін- 

де печенег тайпалар одағы Сырдария алкабының отырыкшы тұрғындары- 

мен  бірге  әскери-саяси одак кұрып,  ол арабтарға қарсы  ойдағыдай күрес 

жүргізді.

Печенег-кангар  тайпалары  мал  шаруашылыгы,  егіншілік  және  балык 

аулауды ұштастырған жартылай отырықшы шаруашылыкпен айналысты.

VIII  ғасырдың  екінші  жартысында  кангар-печенег  тайпалары  Жетісу 

өңірінен кете бастаган оғыз тайпаларынын бірлестігіне карсы табанды күрес 

бастады.

Ертедегі  оғыз тобының  Жетісудан  ығысуына,  тегінде,  бұл  Батыс турік 

және Түргеш кағанаттары күлағаннан кейінгі тайпааралык күрес пен Жеті- 

суда қарлұқ этно-әлеуметтік кауымының кұрылуына (766 ж.) байланысты 

болса  керек.  VIII  ғасырдың  сонғы  үштен  бірінде  оғыздардың  көсемдері 

Мауараннахрдың шекарасына жетті, ал IX ғасырдың орта шенінде кимек- 

термен және қарлүқтармен одақтасып, кангар-печенег тайпаларын талкан- 

дады да, Сырдарияның орта және төменгі ағысынын аңғары мен Арал өңірін 

қаратып алды82.

IX ғасырдың соңында оғыздардың әскери-тайпалық шонжарлары үзакка 

созы лған  күрестен  кейін  Арал  өңірінің  солтүстік  жағындағы  саяси 

үстемдікті  қолына  алып  алды.  Хазарлармен  одак  кұрды  да,  печенегтерді 

аяусыз жеңіліске ұшыратып, Жайык және  Еділ өзендерінің аралығына ие 

болды. «Білуге тиісті бір нәрсе, — деп жазады  Константин Багрянородный,

— печенегтер әуел баста Ателде (Еділде), сондай-ақ Гемх (Жайық) өзенінде 

тұрды; олардың көршілері мазарлар (венгрлер) және уздар дейтіндер бол­

ды.  Мүнан  елу жыл бүрын  уздер  хазарлармен  келісіп  соғысқа  шыкты да, 

печенегтерді  жеңіп,  оларды  өз  елінен  қуып  шықты,  содан  бері  міне  осы 

күнге дейін оны уздар дейтіндер иемденеді.»83

Араб деректемелерінде оғыздардың әулеттік билеушілерінде олар Сыр- 

дарияның төменгі бойы мен Арал өңірін басып алғанға дейін-ақ өздерінің 

ордасы болғаны, оның Ескі Гузия деп аталғаны және оның астана делінгені 

айтылады. Шамамен алғанда Ескі Гузия Тянь-Ш анның батыс сілемдері, Шу 

өзені  ж әне Сырдария бойындағы  Қаратау  аралығында 

о р н а л а с қ а н  

болуы 


керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет