Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст


  Толстое  С.  П .  Древний Хорезм.  М.,  1948,  20-24-6., соңцай-ак караңыз



Pdf көрінісі
бет41/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76

Толстое  С.  П .



 Древний Хорезм.  М.,  1948,  20-24-6., соңцай-ак караңыз: 

Бартольд


В .  В .

 История культурной жизни Туркестана. Л.,  1927,5-7-6.

Б е р н ш т а м   А .  Н .



 Проблемы древней истории.., 98-6.

9 Бұл пікірге дәлел ретінде караныз: 

К л я ш т о р н ы й   С.  Г.



  Древне-тюркские руничес­

кие памятники...

10 

Агеева  Е.  И . ,   Пацевич  Г.



 

Я  

Из истории оседлых поселений и городов Южного 

Казахстана.//Труды ИИАЭ, т. 5. А., 1958,8-9-6.;

Литвинский  Б .  А .



 Джунский могиль­

ник и некоторые аспекты кангюйской проблемы. / /  СА,  1967,  № 2,29 және келесі бет- 

тер.

11 

К л я ш т о р н ы й   С.  Г.



 Древнетюркские рунические памятники...

12

Левина  Л .  М .



  Керамика Нижней и Средней Сыр-Дарьи...

13  Буряков  Ю.  Ф .



  Генезис и этапы развития.., 107-6.; Соныкі: Археологические мате­

риалы к этнической истории бассейна Средней Сыр-Дарьи в древности и средневековье. 

/ /  Материалы к этнической истории населения Средней Азии. Ташкент,  1982,56-6.

14 

Бичурин  Н .  Я .



  Собрание сведений... Т. II,  150,151,183-184-6.

15 Бұл да сонда,  185-6.

16 Бұл да сонда,  165-6.

17 Сол кезендердегі ірі мемлекетгердің өзара қарым-катынасы туралы караныз: 

Зуев 


Ю .   А .

  К вопросу о взаимоотношениях усуней и канцзюй с гуннами и  Китаем. / /  Из­

вестия  АН  КазССР,  сер.  история.,  1957,  вып.  2,  62 және  келесі  беттер;  Бұл тарихи 

сюжетке А. Н. Бернштам да назар аударған. Қараңыз: Из истории гуннов I в. до н. э. 

Хухунье  и  Чжи-  Чжишаньюй.  -   СВ,  №  1,  1940;  Археологический  очерк  северной 

Киргизии. Фрунзе,  1941,45 және келесі бетгер.

18 

Зуев  Ю .   А .



  К вопросу о  взаимоотношениях усуней...

19 Бұл да сонда, 66-67-6.

20 

М а с с о н   В .  М .



  Страна тысячи городов. М.,  1966,  106-108-6.

21 

Зуев  Ю .   А .



  К вопросу..,  67-6.

22 

К л я ш т о р н ы й   С .  Г.



 Древнетюркские рунические памятники..,  173-174-6.

23 

Бичурин  Н .   Я .



 Собрание сведений... Т. И, 229-6.

24 

Бичурин  Н .   Я .



  Бұл да сонда,  150-6.

25 

М а с с о н   В .  М .



  Раннесредневековая  археология  Средней  Азии  и  Казахстана. 

//У С А , вып. 4, М.,  1979,6-6.

293


26 Байпаков  К.  М.,  Подушкин  А.  И.  Памятники земледельческо-  скотоводческой 

культуры Южного Казахстана.  А.,  1989,61-70-6.

27

 Максимова  А.  Г.,  Мерщиев  М.  С.,  Вайнберг  Б.  И.,  Левина  Л.  М.  Древности 

Чардары. А.,  1968,  201-6.

28

  Нурмухамбетов Б. Работы курганного отряда. / /  Археологические открытия  1974 

года. М.,  1975,492-6.; Соныкі. Могильник Мардан. / /  КСИА, вып.  154, М.,  1978.

29

 Байпаков  К.  М.,  Смагулов Е.  А.  Новые данные по археологии Отрарского оазиса. 

/ /  Известия АН КазССР, сер.  общ.  наук,  1990,  № 6, 21-6.

30

  Низовья Сырдарьи в древности.  Вып.  2.  Джетыасарская  культура.  Ч.  I.  Склепы. 

М.,  1993.

31

 Андрианов  Б.  В. Древние оросительные системы Приаралья. М.,  1969,202-207-6.

32

 Акишев  К   А.  К  проблеме  происхождения  номадизма  в аридной  зоне древнего 

Казахстана. / /  Поиски и раскопки в Казахстане.  А.,  1973.41-6.

33

 Древнейшие  государства  Кавказа  и  Средней  Азии.  Археология СССР.  М.,  1985, 

299-6.

34

 Буряков  Ю.  Ф.  Историческая топография древних городов Ташкентского оазиса. 

Ташкент,  1975,  100-102-6;  Соныкі.  Горное дело  и  металлургия средневекового Илака. 

Ташкент,  1974.

35

 Пугаченкова  Г.  А. Древности Мианкала. Ташкент,  1989,124-6.

36 Буряков  Ю.  Ф. Генезис и этапы развития..,  117—118-6.

37

 Массон  В.  М. Денежное хозяйство Средней Азии по нумизматическим данным. -  

ВДИ,  1955, № 2,167-169-6.

38

 Вайнберг  Б.  И.  Монеты древнего Хорезма.  М.,  1977,96-6.

39

 Буряков  Ю.  Ф.  Генезис и этапы развития..,  118-6.

40

 Нурмухамбетов  Б.  Н ,  Бурнашева  Р.  3.  Погребение  с  монетами  из могильника 

Мардан. / /  Изв.  АН КазССР, сер. обществ, наук,  1979,  №  5,  28-35-6.

41

 Кадыров  Э. Новые материалы к изучению культуры древних*  скотоводов Ферга­

ны./ / УСА,  1975.

42

 Массон  В.  М. «Великий Шелковый путь» как инструмент экономической и интел­

лектуальной интеграции. / /  Формирование и развитие трасс Великого Шелкового пути 

в Центральной  Азии  в древности  и  средневековье  (Тезисы докладов  международного 

семинара ЮНЕСКО). Ташкент,  1990,13-15-6.

43

 Заднепровский  10.  А.  Усуни  и  Кангюй  на трассе  Великого  Шелкового  пути.  / /  

Взаимодействие кочевых и оседлых культур на Великом Шелковом пути. (Тезисы меж­

дународного семинара ЮНЕСКО),  А.,  1991, 35-6.

44

  Бубнова  М.  А.,  Половникова  И.  А.  Торговые  пути  прибалтийского  янтаря  в 

Средней Азии. //Города и караван-сараи на трассах Великого Шелкового пути. Ургенч, 

1991,26-27-6.

/птл^е/ Ша 

Никитин  А.  Б.  Группа резных камней из восточного Приаралья. /

/В Д И ,4,1991,63-65-6.; Смагулов Е.  А. Находки сасанидских гемм вОтрарскомоазисе.

«т?0Л0ГИческие памятники на Великом Шелковом пути.  А.,  1993,163-173-6.

* ■  , 1 ^ ина  Л-  М. Джетыасарские склепы. / /  Низовья Сыр-Дарьи в древности. Вып. 2, 

М.,  1993,  87-88-6.

gg 

Литвинский  Б.  А.  Украшения из могильников Западной Ферганы.  М.,  1973,  87—

49 

Памятники культуры и искусства Киргизии.  Каталог выставки. 39-6.

Левина  Л.  М. Взаимодействие скотоводческо-земледельческих племен Восточно­

го  іриаралья на Великом Шелковом пути. / /  Взаимодействие кочевых и оседлых куль­

тур на Великом Шелковомпути.., 38—40-6.

я  ^ тагУл°в  О. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. А.,  1970.

52 

^ексеев  В.  П.  Палеоантропология.  Советская антропология.  1958, №   1. 

чтрштеин  Б.  В.  Савроматы Нижнего Поволжья. Антропологический сборник. 

Тр.  Института этнографии АН СССР. Т. 71,1961.

54 


Г

б т \   Bri  Трофимова  Т.  А.  Палеоантропология Средней Азии.  М.,  1972. 

и  . лексеев  “   ^   Гохман  И.  И.  Антропология Азиатской части СССР. М.,  1984.

ды  ЮТАКЭ^г  XI  19593аНИ° ЛОГИЧеСКИе материалы с территории древнего Мерва. Тру-

S6 

Ходжаев  Т.  К.  К палеоантропологии древнего Узбекистана. Ташкент,  1980.

294

Ү Ш І Н Ш І   Б Ө Л І М

ЕРТЕДЕГІ ЖӘНЕ ДАМЫҒАН 

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ 

МЕМЛЕКЕТТЕР

Б  і р   і н ш і  

т  а р  a y

ЕРТҚДЕП ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР

1.  БАТЫС ТҮРІК Ж ӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ

Халықтардың  ұлы  қоныс  аудару  дәуірі  (II—V  ғғ.)  Қазақстанның,  Орта 

Азия мен Шығыс Европаның этникалық жэне саяси картасын едәуір дәре- 

жеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны 

көп  топтары  Солтүстік  Монғолиядан  Шығыс  Европаға  дейінгі  далалык 

өңірге  қоныстанды,  оңтүстігінде  олардың  көшіп  жүретін  жерлері  Әмуд- 

арияның жоғарғы ағысына дейін жетті.

VI 


ғасырда  Қазакстан  жерлері  құдіретті  держава  — билеушілері  түрік 

тайпасының  әулеттік  ашин  руынан  шыққан  Түрік  қағанатының  билігіне 

түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың қурылар алдындағы кезенде Ганьсу, 

Шығыс Түркістан жэне Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін 

кезең-кезеңмен қалыптасты.

Түрік қағанаты.  «Түрік»1 этнонимінің алғаш рет  аталуы қытай жылна- 

маларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюн- 

нулердің (ғүндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қыт- 

айдың  Вэй  князьдігінің  солтүстік  өңірлеріне  солтүстік-батыс  жақтың 

бірінен келген түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылық жасап, ойран- 

дап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметгер бүкіл 

құрылыктағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиға- 

ларға байланысты.

546 жылы тирек тайпалары қазіргі Монғолияның оңтүстігі мен орталык 

бөліктерін мекендеген  және  бұл  жерлерге үстемдік  еткен аварларға (жу- 

ань-жуань)  қарсы  жорық жасайды.  Батыс  жақтан  қаптай  енген  тиректер 

армиясының сан жағынан  қаншалықты көп  болғаны белгісіз,  бірақ олар- 

дың нөпірі сұсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердің құрамына 

кәптеген тайпалар  енген,  ал  олардың куатты аварларға  аз күштермен  қа- 

рсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумынь  күтпеген  жерден қатты 

шабуыл  жасай  отырып,  бей-берекет  жатқан  тирек  армиясын  қапылыста 

басып,  кескілескен шайқастан  кейін  оны  күйрете  жеңеді де,  тиректердің 

50  мыңнан  астам  әскерін  түріктер  тұтқынға  алады.  Даланың  әдеттегі 

құқығының  қағвдаларына  сәйкес  тұтқынға  алынған  әскерлер  өзінен-өзі 

жеңушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын авар- 

ларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестері- 

не  айналады. Мұның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінін 

ханшасын  Бумынға  әйелдікке  бер  деп  үзілді-кесілді  талап  еткен  түрік 

елшілігі болды.

Мұның өзі қағанмен тең құқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынған-



296

дық еді. Авар кағаны Анағұй:  «Маған бас иетін — вассал. Бұлайдеуге қайтіп 

дәтің  барды?» деп Бумыньға жаушыларын жібереді2.  Бірақ  аварлар қалы- 

птаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тара- 

пынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дүрыс ойластырылған әдіс қана 

болатын. Енді бұрынғы вассадцардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс 

ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына 

шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анағұй өзін өзі өлтіреді. 

Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп 

аварлардың бұрынғы күш-куатына да, олардың барлық иеліктеріне де езін 

мұрагер ретінде орнықтырады3.

Бумынь өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бас- 

тауымен түріктер  Орхонның жоғары  жағында  бір  жердегі  Букрат  (Мула) 

тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежі- 

реші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан-қаған 

(Мугань) деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болады. Мұның бәрі 

552—554 жылдардың арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығы- 

ста қайлар (татабтар), қидандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте

— Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады.

Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан 

да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның баска бір інісі Иштеми бастайды, 

кейін оны  батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының 

негізін салушы деп атайды4. 552 не 553 жылы ба~ысқа жасалған жорықтар- 

дың  бірінде  Иштеми  Бумынмен  бірге  болып,  «он  ұлы  жетекшіні  (немесе 

қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтар- 

ды?) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын (Ши- 

син було қаған) деп жариялады»5. Бұл — өте-мете назар аударарлық хабар. 

Мұны  шежіре  дәстүрінің  езі де  ескермеген,  бұл дәстүр  бойынша тайпа- 

лық-әскери  ұйымның  ондық  жүйесінің  шығуы  Жетісу түріктерінде  651 

жылы  ғана  болады,  сол  жылы  Ашбара-Териш-қаған  (Шаболо-Дилиши) 

«өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір ұлыс оны ба- 

сқарушы  бір  адамның  қарамағында  болады»6.  Оны  шэ  (шад)  деп  атаған. 

Әрбір шадқа  бір жебеден  сыйлық береді,  осьщан  келіп  Он  жебе:деген  ат 

шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондық дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік 

тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік 

қағанатының этникалык-саяси құрылымында айқын бейнеленеді.

552-553 жылдары түріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Әңгіме 

Орта Азия эфталиттері туралы болып отырмағаны күмәнсіз, ейткені олар­

ды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мем- 

лекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметгер бізде жоқ. 

Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерін 563-567 жылдары, 

яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста 

идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шек- 

теу керек. Түріктерді қараэфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар 

осы  жерде  болған дейді7. VIII ғасырдың орта шенінде  ұйғыр  жансыздары 

да  оларды  осы  жерден  тапқан.  Сөйтіп,  батысқа түріктердің  Бумынь мен 

Иштемвдің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан 

(соңғыға Жетісу түріктері қағанатының құрамына кіретінін көрсететін «Он 

тайпа»  атағы  берілген  болатын),  нақ осы  ауданды түріктердің  552 жылғы 

әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.

297


Жетісудағы ертедегі  түрік бейнесі. V I—VIII ғғ.

298

Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыс- 

тағы,  Орта  Азиядағы  онан  арғы  саясатының  негізі  болды.  Олар  эфталит- 

терінің батыс тармағына міне осы арада кездесті,  ал эфталиггердің иелік- 

тері  Каспий  тенізінен  Солтүстік  Үндістанға  ж әне  Шығыс  Түркістанга 

дейінгі жерді  алып  жаткан  еді.  Өзінің армиясының орасан  зор да,  икемді 

күрамына  қарамастан, мұндай  күшті  жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- 

масы  келмейтін.  Олар  үшін  соғыс  сасанилік  Иранмен  әскери  одақ жаса- 

сканнан  кейін  ғана  табысты  бола  бастады.  Эфталиттерге  вассалдық тәу- 

елділікте болған Иран оларға үзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салык 

төлеп тұрды,  мұны  осы мақсат  ушін  арнайы  соғылған  пехлеви  жазуымен 

коса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді.  Сондықтан түріктердің эфта­

литтерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы бол­

ды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах 

өзінің  армиясын  Токарстанға аттандырып,  оны  564  жылы  эфталиттерден 

тартып алды, сөйтіп эфталиттер ездерінің берік те қамсыз тылынан уақыт- 

ша айрылып қалды. Мүның өзі түрік қағаны Силзибулға 563—567 жылдары 

эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді.  Түрік-эфталит соғысы 

біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойы­

нда жатқан жерлерді белуге келгенде одақтастар арасында араздык бастал- 

ды.  Бұл жерлерді  иелену жол асуларын кеңінен  пайдалануға,  жібек, тәтті 

тағамдар,  сәндік  заттар т.  б.  саудасын  бакылауға,  Шығыс  пен  Батыс  ара- 

сындағы товар айырбасына белсене катысуға мүмкіндік беретін еді.

Бұл  саудада  бүкіл Орта жэне  Орталык  Азия  аумағында негізгі делдал- 

дар соғды кепестері болды, олар ездеріне қолайлы жағдайды сақтап калуга 

бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одактастармен араз- 

дасып қалган түрік кағаны Хұсрау I Ануширванга Персия аркылы Визан- 

тияға жібек және  басқа товарлар еткізуге  рұқсат сұрап,  елшілік жіберуге 

үйгарганда,  бұл  елшілікті  соғды  кепесі  Маниах  бастап  барганына  танда- 

нуға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван 

қаганатпен  катынасты  керінеу  біржолата  үзуге  батылы  бармай,  әкелген 

жібектің бәрін сатып алуға бұйрық берді, сейтті де, оны Маниахтың кезінше 

ертеді.  Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.

Бүл жагдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның импе­

раторы  II  Юстинге  сез салуды дұрыс керді.  Тагы да сол  Маниах бастаған 

елшілікке енді  Кавказ аркылы жүруге тура келді.  Маниахтың Константи- 

нопольдегі келіссезі сәтті болды, ол кейін қайтканда түріктердіқ жаңа одак- 

тасының  өкілі,  Византия  елшісі  Земархты  алып  кайтты.  Земарх  елшіліі і 

Кавказдан асып, Каспий теңізін жагалап, Хорезм аркылы Сырдарияға жетті. 

Бұл елшіліктің сипатгалып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің 

екі  отты ң  арасы нан  етіп,  тазалану  рәсім ін   ж асауга  тиіс  болганы н 

әңгімелейді, қаган шатырының ішкі  жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын 

тақты  суреттеп  жазады.  Византия  елшісінің  түрік  каганымен  келіссөзде 

түріктер  мен  Византия  арасында  жібекпен  тікелей  сауда  жүргізу  туралы 

және олардың армпяларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы 

туралы сез болады.

Алайда  бірінші тармақта екі  жақ келісімге  келе  алмайды,  ейткені  бұл 

кезде  Византия жібек құртын  есіруді  өзі  үйреніп алган  болатын,  сондық- 

тан ол сырттан жібек әкелуге  зәру  емес еді.  Византиялықтар түріктерден 

Иранға  қарсы  әскери  кемек  қана  күтті.  Қаған  сарайының  бұған  оң  кар-

299


айтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылда- 

нбады. Тегі, бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық 

есеп болса керек: егер бұлар өзара соғыс жағдайында болса, түріктерге бұл 

қолайлы  болып  шығар  еді.  Солай  болып  шықты да.  Өздерінің  араларын- 

дағы  қатынастарды  соғыс  жолымен  анықтап  алудан  қолдары  босамаған 

Иран мен Византия қағанаттың істеріне ықпал жасай алмады.

Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім 

жасасты.  Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске  олардың бүлікшіл вас- 

салдары уархун (вархонит)-түріктерді тарту үшін  Кавказдың арғы жағына 

және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері 

Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын 

жорық жасады.

Батыс түрік қағанаты. Бірақ осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалы- 

птаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын  еді. 

Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара бай- 

ланысты  біртұтас экономикалық ж әне  этникалық-саяси организм болма- 

ды. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған үзақ уақыт сүйеніп 

тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, 

олардың  талай  жылдарға  созылған  мал  індеттерімен,  жұттарымен  және 

ашаршылықпен ушыға түсуі,  Суй Қытайының қағанат шекараларына ша- 

буыл жасауы  (581—618  жылдар),  ақырында,  оның  аудандарының автоно- 

миялану  үрдісінің  табиғи  түрде  басталуы  жалпы  Түрік  қағанатының  603 

жылы  екі дербес  қағанатқа — Шығыс  және  Батыс  қағанаттарына бөліну- 

мен  аяқталды; Батыс қағанатгың орталығы Суяб (Жетісу) болды.  Бөлінуі- 

не қарамастан, Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама сая­

си тәуедцілікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы — ашина- 

лардың қолында болды.

Батыс түрік қағанаты  «ежелгі  усун жерлеріне»  ірге тепті, демек, оның 

аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі 

жерді  алып жатты.  Қағанатгың негізгі  этникалық-саяси ұйытқысы  -   «он 

тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен катар ол Түрік 

қағанатының ПІығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарканд, Маймург, 

Кеш, Нахшеб.  Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырық- 

шы-егіншілік  шүраттарындағы  басып алған  барлық жерлерінің,  мұрагері 

болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхара- 

да да қағанның наместниктері, яғни, дұрысырағы, оның өкілдері болды.



Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда,  қағанат екі негіздің — 

мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және 

бүл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоға- 

мның ұштасуы болды.

Бұл  кезде  феодалдық қатынастар  Византия  мен  сасанилер  Иранында 

дамыған  болатын.  Соғыс ж әне  сауда бәсекелестігіне қарамастан  (бәлкім, 

соны ң  арқасында  да  болар),  феодалды қ  коғамды қ  қатынастар  Кавказ 

өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдын 

ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті.

Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік)  қағанатының халықаралық ша- 

руашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жеті- 

судың  соғдылық көпестері  ерекше  рөл  атқарды.  Жетісудың  құжаттарда 

көбінесе  «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде



300

тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік 

халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғыл- 

данды.  Қала  мен  дала қағанат  құрамында  бірін-бірі  толықтыратын  және 

біріне-бірі езара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси орга- 

низмнің екі бөлегі болды.

Транзит  сауда  айырбасы да,  ішкі  сауда  айырбасы да  ақша  айналысын 

туғызды,  сөйтіп  Батыс  түрік  қағанатының  вассалдық шет аймақтарының 

да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.

Қағанатта коғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның 

басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп,  феодал- 

дық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері 

де болды.

Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы -  каған, жоғарғы биле- 

уші, билеп-төстеуші, әскербасы бодды. Ол нақты алғанда шығыс түрік қағ- 

анатына тәуелді болды, бүл оның таққа отыруына өз келісімін беретін не­

месе бермей де қоя алатын еді. Бірақіс жүзінде шығыс түріктері де өздерінің 

інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында каған тағына мүрагерлік 

бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмүк (ашна) фратриясының өкілдері 

отыратын, бірақ бұл тәртіп түғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының ара- 

сындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды.  Кей кез- 

дерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардын екілеттік дәрежесі әр түрлі 

болды.  Қаған  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  саяси  істерінің  бәріне  бас- 

шылық  етті,  ру  басшыларын  тағайындады.  Ол  әулеттік  фратриялардан 

шыққан шонжарларға сүйенді.

Қағанаттың астанасы  және  қағанның қысқы ордасы  Шу  аңғарындағы 

Суяб  қаласы  болды.  Саяхатшылардың  хабарлауына  қарағанда,  Суябқа 

жақын жазғы резиденция — Цзедань қағанның  ордасы болған.

Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанатгың барлық жерінің 

иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын ала­

тын  болсак)  билік  негізінен  алғанда  жерге  емес,  ол  жерді  пайдаланатын 

адамдар ұжымына жүргізілді.

Техника  мен  жер  суарудың  тым  қара  дүрсін  болуы  жағдайында  ауыл 

шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал  жайылатын жерлер көп 

бодцы.  Көшпелі  қоғам  жылжып көшіп,  тіпті  үдере  көшіп  кете  алады,  ал 

егіншілік үжымы жөніңце бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы үжы- 

мдарының  көшіп-қонып  жүруі  қағанатгың  жоғарғы  өкіметіне  енжар  қа- 

рсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін  алысқа үдере  кешіп 

кетуіне мүмкіндік беретін еді.

VII ғасырдың бас кезінде  Батыс  түрік қағаны  Ябғудың ордасында  бо- 

лған  будда  монахы  Сюань  Цзанның  жазғандары  қаған  руының  байлығы 

туралы біраз ұғым береді.  Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген 

саяхатшы  аңшылар  киімдерінің  сәнділігіне  таң-тамаша  қалады.  «Қаған 

жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден 

астам тарханы  бар,  олар  қамқа  желбегейлер киген,  шаштарын  бұрымдап 

өрген. Басқа сарбаздары аң терісінен тігілген ішік киген, бөріктері жүмсак 

матадан  тігілген,  қолдарына  айбалта,  садақ,  ту  үстаған.  Аттары  өңшен, 

сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді»8. Одан әрі каға- 

нның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалык, тіпті 

«көз каратпайды» дейді ол9.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет