Бұлшық еттердің негізгі физиологиялық қасиеттері:
қозғыштық,
қозу өткізгіштік,
жиырылғыштық
Бұлшық еттің физиологиялық қасиеттері
1. Қозғыштық – бұлшық еттің тітіркендіргішке қозу потенциалын түзе отырып жауап бере алуы;
2. Өткізгіштік – бұлшық ет бойымен қозудың өткізіле алуы;
3. Жиырылғыштық – бұлшық еттің қозу кезінде ұзындығын немесе кернеуін өзгерте алуы;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақтық) – жиырылудан кейін бұлшық еттің бастапқы пішініне келе алуы;
5. Пластикалық – бұлшық еттің өзгерген ұзындығы пішінін біраз уақытқа дейін сақтай алуы.
Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті – 3,5-14 м/сек;
-көлденең жолақты жүрек бұлшық еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы бұлшық еттер– 0,5мм - 5-10см/сек.
Қозғалтқыш бірлік
Жұлынның бір қозғалтқыш нейроны (мотонейрон) мен оның иннервациялайтын бұлшық ет талшықтары.
Бұлшық ет – ұзын, цилиндр тәрізді көп ядролы миоциттерден тұрады. Миоциттерде бұлшық еттің жиырылғыш элементтері миофибриллалар орналасады. Миофибрилла актин мен миозин белоктарынан тұрады
Бұлшық еттер жиырылуы
Импульс сыртқы саркоплазмалық мембрананың деполяризациясын тудырады. Тыныштық күйде Са2+ ретикулумда жоқ, сондықтан АТФаза әрекетсіз. Қозу Са2+ ионының шығуымен аяқталады – электрохимиялық кезең. Са2+ ионы босап шыға салысымен АТФаза АТФ молекулаларын ыдырата бастайды. Бұлшық ет босаңсығанда Са2+ саркоплазмалық мембранадағы ретикулумге активті механизм арқылы қайтарылады. Ал егер бұлшық етте АТФ болмаса жиырылмаған бұлшық ет босаңсымайды да қасарысып қалады (мышцы сводят) – контрактура. Мұндай жағдайда көпіршелер байланысы қатайып қалады. Контрактураға мысал – адам өлген кездегі бұлшық еттердің қатып қалуы.
|