Миофибриллалар орналасады. Олар бұлшық еттерге көлденең жолақтық береді. Бұл миофибриллаларда бірдей деңгейде әр түрлі структуралы дискалар – екі қайтара сәуле сындыра алатын анизотропты



бет3/3
Дата10.04.2023
өлшемі23,3 Kb.
#80964
1   2   3
Байланысты:
физиология 1 Реферат

Бұлшық еттер жиырылу теориялары. Соңғы уақыттарда қолданылатын теориялардың ішіндегі кеңінен таралғаны молекулярлық «тісті өткізу» теориясы. Бұлшық еттер механохимиялық жүйеге жатады. Оны құрайтын протофибриллалар ұзындығы бірдей – 2µ . Әрбір жуан протофибрилла жуандығы 200 А тең болса, жіңішке протофибриллалардың жуандығы–50 А тең. Олардың өзара орналасуы гексогоналды 6–бұрышты, әрбір жуан белок–миозин 6 жіңішке белок–актинмен қоршалып тұрады. Модуляторлы белок–трипсиннің әсерінен миозин екі молекулаға ыдыврайды:

  • 1. ауыр меромиозин–глобулярлық;

  • 2. жеңіл меромиозин–фибрилярлық. Молекулярлық салмағы– 500000. Энгельгарт пен Любимова алғашқы рет миозин молекуласында ферменттік қасиет бар екенін ашқан.

  • Актин. Молекулалық салмағы– 70000–тізбек құрайтын глобулалар. Екі еселенген спиральдің бұралуымен түзіледі. Ферменттік қасиеті жоқ Бірақ АТФ–пен комплекс түзеді. Саркомердің құрылыстық бағытына «жебе оғы ұшы» (наконечник стрелы) феномені тән. Хаксли лабораториясында әр түрлі жағдайдағы бұлшық еттің препаратын жасап, оның негізінде «тайғанайтын жіпшелер» тоериясы ұсынылды.

  • 1. А дискісі бұлшық етттер жиырылу барысында өз ұзындығын өзгертпейді.

  • 2. І дискісі қысқарады, сонымен бірге саркомер көлемі кішірейеді.

  • 3. Н аймағы қысқарып, мұнда оптикалық тығыздық аймағы байқалады.

  • 4. Екі Н арасы өзгермейді.

  • Жуан және жіңішке протофибриллалардың өзара сырғанауы жүзеге асады.

    Бірыңғай салалы бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері:
    Тұрақты шекаралары жоқ жасушалар, синцитий түзеді.

    • 1. Қозғыштығы төмен. МП - -30 - -60 mV;

    • 2. Тітіркендіргіш күші өскен сайын ҚП амплитудасы өседі;

    • 3 ҚП баяу түзіледі, уақыты жағынан созылмалы;

    • 4 Лабильділігі төмен;

    • 5 Дара тітіркендіргішке – ұзақ, бірнеше тітіркендіргішке – бір жауап. Интегративті құрылым.

    • 6. Қозу өткізу бұлшық ет ұзындығына байланысты, қысқа болса – баяу өткізу;

    • 7. Қозу бұлшық еттің ұзына бойына да, көлденең де өткізіледі;

    • 8. Сфинктер функциясын атқарады. Жиырылу және жазылу кезінде тонус өзгермейді – пластикалық тонус.

    • 9. Ешбір қосымша тітіркендіргішсіз ұзақ уақыт жиырыла алады.

    • 10. Тетанусы өте төмен жиілікті тітіркендіргішке пайда болады.

    • 11. Псевдотетанусқа қабілетті босаңсу фазасы созылыңқы.

    • 12. Химиялық заттарға сезімтал, өз медиаторларына-ацетилхолин.

    • 13. Адекватты тітіркендіргіші – керілу, созылу.

    • 14. Автоматия тән.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет