Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қарағанды медициналық университеті
Морфология-физиология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы;Қаңқа, тегіс және жүрек бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықеттердың жиырылу түрлері мен тәртібі.
Орындаған:Даулетов Д.Н.
Тобы:1-001 ЗТ Стом
Тексерген:Рысбаева Г.Қ.
Қарағанды 2021-2022 ж.ж
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қаңқа бұлшық еттерінің құрылысы, физиологиялық
қасиеттері және қызметік ерекшеліктері.
2. Бұлшық ет жиырылуының құрылымдық-функционалды
негіздері, (механизмі) қозу мен жиырылудың арақатынасы.
Бұлшық еттер түрлері:
Қаңқаның көлденең жолақты бұлшық еттері;
Жүректің бұлшық еттері;
Бірыңғай салалы бұлшық еттер.
Бұлшық ет ұлпасы адам денесі салмағының шамамен 35-40% құрайды. Омыртқалыларда бұлшық ет жүйесі 3 топқа бөлінуі мүмкін:
1. көлденең жолақты қаңқа бұлшық еті;
2. бірыңғай салалы бұлшық еттер (қан
тамырлары мен ішкі дене мүшелері);
3. жүрек бұлшық еті.
Бұлшық еттер ұлпа ретінде жасушалардан – бұлшық ет талшықтарынан құралады. Олар бұлшық еттердің құрылым бірлігі болып табылады. Бұл талшықтар ядродан, миофибриллалардан, саркоплазма мен гранулалардан тұрады. Оларда міндетті түрде митохондриялар болады. Осы структураларда тотығу және фосфорлану реакциясына жауапты ферменттер жиынтығы орналасады. Бұлшық ет талшығы көп ядролы, сыртынан сарколеммамен қапталған жасуша. Бұлшық ет талшығының ұзына бойына диаметрі 0,5-2 мк ұзын жіпшелер – миофибриллалар орналасады. Олар бұлшық еттерге көлденең жолақтық береді. Бұл миофибриллаларда бірдей деңгейде әр түрлі структуралы дискалар – екі қайтара сәуле сындыра алатын анизотропты (қарапайым сәуледе олар күңгірт) және сәуле сындыра алмайтын изотропты (кәдімгі сәуледе олар ашық түсті) дискалардан тұрады
Күңгірт Z сызықтар миофибриллаларды қиып өтіп саркомерлер құрайды, олардың ұзындықтары 2,5 мк. Миофибриллалар арасы саркоплазмамен толтырылған, онда митохондриялар бар. Бұлшық ет миофибрилласы 2500 протофибриллалардан тұрады, олар актин мен миозин деген белоктардан құралған. Миозин жіпшелері актинге қарағанда 2 есе жуан келеді. Тыныштық күйде актин жіпшелері ұштарымен миозин жіпшелерінің арасына кіріп тұрады. I дискісі тек актин талшықтарынан тұратын болса, A дискісі актин мен миозин талшықтарынан құралған. H жолағы актин жіпшелерінен бос аймақты көрсетеді. Z мембрана I дискісінің ортасынан өтіп талшықтарды өзара бекітіп тұрады.
|