Бұлшық еттержиырылу теориялары. Соңғы уақыттарда қолданылатын теориялардың ішіндегі кеңінен таралғаны молекулярлық «тісті өткізу» теориясы. Бұлшық еттер механохимиялық жүйеге жатады. Оны құрайтын протофибриллалар ұзындығы бірдей – 2µ . Әрбір жуан протофибрилла жуандығы 200 А тең болса, жіңішке протофибриллалардың жуандығы–50 А тең. Олардың өзара орналасуы гексогоналды 6–бұрышты, әрбір жуан белок–миозин 6 жіңішке белок–актинмен қоршалып тұрады. Модуляторлы белок–трипсиннің әсерінен миозин екі молекулаға ыдыврайды:
1. ауыр меромиозин–глобулярлық;
2. жеңіл меромиозин–фибрилярлық. Молекулярлық салмағы– 500000. Энгельгарт пен Любимова алғашқы рет миозин молекуласында ферменттік қасиет бар екенін ашқан.
Актин. Молекулалық салмағы– 70000–тізбек құрайтын глобулалар. Екі еселенген спиральдің бұралуымен түзіледі. Ферменттік қасиеті жоқ Бірақ АТФ–пен комплекс түзеді. Саркомердің құрылыстық бағытына «жебе оғы ұшы» (наконечник стрелы) феномені тән. Хаксли лабораториясында әр түрлі жағдайдағы бұлшық еттің препаратын жасап, оның негізінде «тайғанайтын жіпшелер» тоериясы ұсынылды.
1. А дискісі бұлшық етттер жиырылу барысында өз ұзындығын өзгертпейді.
2. І дискісі қысқарады, сонымен бірге саркомер көлемі кішірейеді.
3. Н аймағы қысқарып, мұнда оптикалық тығыздық аймағы байқалады.
4. Екі Н арасы өзгермейді.
Жуан және жіңішке протофибриллалардың өзара сырғанауы жүзеге асады.
Бірыңғай салалы бұлшық еттердің физиологиялық қасиеттері:
Тұрақты шекаралары жоқ жасушалар, синцитий түзеді.