Міріндегі математика



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата01.09.2022
өлшемі1,22 Mb.
#38362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тулекова-С.С.-Адам-өміріндегі-математика-2

Түсіндірме жазба
Математика ғылымы қоғамдағы барлық ғылымдармен тікелей 
байланысты. Жан-жағымызда болып жатқан кез-келген құбылысты 
математикалық тұрғыдан түсіндіруге болады. «Адам өміріндегі математика»
курсында математика ғылымы адамзаттың жалпымәдени құндылықтарының 
бір элементі ретінде қарастырылады. Курс жан-жақтылығымен және 
практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді. Аталған курс оқушылардың 
математикалық 
процестерді 
қолдану 
дағдылары 
мен 
пайымдау 
біліктіліктерін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар математика пәнін 
мамандық таңдау құралы ретінде де танытады. Сондай-ақ курс мазмұны 
оқушыларды оқуға саналы ынталандыруға негізделген. Курста 
оқушылардың дайын математикалық модельдерді талдап қана қоймай, өз 
бетінше құрастыруға бейімдейтін қолданбалы есептерді шешуге көп көңіл 
бөлінеді. Есептер тек есептеулер мен түрлендірулерді ғана емес, сонымен 
қатар өлшеу мен салыстыруды да қажет етеді. Мұндай есептер өмірдегі 
жағдаяттарды шынайы көрсетуімен, қызықты мазмұнымен ерекшеленеді. 
Курс мазмұнында техника, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық қызмет, өндіріс 
салалары бойынша қамтылған мысалдар мен есептер математиканың қазіргі 
өмірдегі маңызы мен пайдасын ашып көрсетеді және оқушылардың 
танымдық сұраныстарын арттырады. Түрлі салаға берілген есептер 
оқушылардың әлемнің тұтастығын түйсінуіне, математикалық білімнің жан-
жақтылығын қабылдауына ықпал ете отырып, оларды математикалық білімге 
ынталандырады. Аталған курстың қолданбалы және білімділік маңызы 
жоғары. Сондай-ақ курс оқушылардың логикалық ойлауын дамытады және 
пәнаралық байланысты қамтиды.
«Адам өміріндегі математика» курсын оқу барысында математиканың 
қолданылуы жайлы ғылыми әдебиеттермен таныса отырып оқушылар 
өздерінің танымдық белсенділігін арттырып, өздігінен жұмыс жасау 
дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар оқушылар анықтамалық, 
оқулық, журнал, альбом, бейнематериал, интернет-ресурстар арқылы өз 
бетінше ізденіс жұмыстарымен айналыса алады.
Курсты оқытуда практикалық сабақтармен қатар пікірталас, жобалар 
жасау, виртуалды оқу, ақпараттарға шолу, модельдеу, презентация, іскерлік 
ойындар, TED конференция, т.б. формалар қолданылады. Сонымен қатар 
оқушылар ЖОО, өнеркәсіпке, түрлі салалық мекемелерге саяхат жасайды. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет