Міріндегі математика



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата01.09.2022
өлшемі1,22 Mb.
#38362
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бағдарлама мазмұны 
 
«Адам өміріндегі математика» комбинаторлық бағдарламасы 3 модульден 
тұрады. 
I. Математика-ғылымдар патшасы
II. Математика және мамандықтар 
III. Тұрмыстағы математика 
1-модуль. Математика-ғылымдар патшасы (7 сағат)
Математиканың мектеп курсындағы мазмұны жағынан ұқсас пәндермен 
және цикларалық пәндермен байланысы ажыратылып қарастырылады.
Функция, вектор, күш, симметрия, жылдамдық, масштаб, орын ауыстыру, 
пайыз, фигуралар, проекция сияқты ортақ ұғымдарды қарастыратын 
пәндердің байланысы айқын көрсетіледі. Сонымен қатар, мектеп курсынан 
тыс экономика, биохимия, геодезия, сейсмология, метеорология, астрономия 
ғылымдарымен байланыс та қарастырылады. Бұл бөлімде физикалық, 
экономикалық, химиялық және басқа мазмұндағы есептер пәндік 
тапсырмалар 
түрінде, 
сондай-ақ, 
математикалық 
ұғымдар 
мен 
формулалардың маңызын ашатын қолданбалы түрде беріледі.
Қамтылатын тақырыптар: 

Математика және астрономиялық болжамдар.

Химиялық және биологиялық процесстерді математикалық өңдеу.

Табиғи және тарихи процесстерге математикалық көзқарас.

Физикалық құбылыстардағы математика. 
2-модуль. Математика және мамандықтар (10 сағат) 
Адамның 
түрлі кәсіби әрекетінде математиканың қолданылуы 
қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі өндірісте және өндірістің техника, 
технология, экономика, еңбекті ұйымдастыру сияқты құрылымдарында 
математикалық заңдылықтарды кешенді түрде қолдану жолдары көрсетіледі. 
Өндірісті жоспарлау мен ұйымдастыруда, шикізатты, еңбек ресурстарын 
үнемді қолдануды анықтауда, өндіріс пайдасы мен шығынын есептеулерде 
математикалық әдістерді тиімді қолдануды қажет ететін кәсіби бағытталған 
қолданбалы есептер беріледі.
Қамтылатын тақырыптар: 

Математика және өнер

Жеңіл өнеркәсіптегі математика

Математика және халыққа қызмет ету саласы


12 

Экономика-өндіріс табысы

Политехникалық білім берудегі математика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет