Мырзабаева фариза жомартовна



бет7/11
Дата20.09.2023
өлшемі164,91 Kb.
#108891
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысының құрылысы тақырыпты және алға қойған міндеттерді ашуда логикалық бір ізділік бойынша жасалды. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған деректер тізімінен, тұрады.

1 ХХ ҒАСЫРДЫҢ 1920 - 30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР



    1. Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін елде аса ауыр саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыс орын алды. Оның негізгі себебі шаруалардың «соғыс коммунизмі»саясатына наразылығы болды. Бұл саясатты енгізген кезде болшевиктер соңыс аятала сала одан бас тартуға уәде еткен еді. Алайда бұл уәделерінде тұрмады. Әсіресе ауылда жағдай аса күрделі болды. Егістік көлемі 1914 жылдан 1922 жылғы дейін екі есеге азайды (3,6 млн. дес.-дан 1,6 млн.-ға дейін), жалпы астық өнімдерін жинау 3 есеге қысқарды. Мал шаруашылығының да жағдайы мәз болмады. 1914-1922 жж. аралығында ірі қара малдың саны 2,1 млн. басқа, жылқылар – 2 млн.-ға, ұсақ мал 6,6 млн.-ға, түйелер – 300 мың басқа қысқарды. Жалпы мал саны осы жылдары 10,5 млн.-ға кеміді [7].


«Соғыс коммунизмі» саясаты Батыс Қазақстанда (Орынбор, Ақтөбе, Бөкей губерниялары) азық-түлік апатына алып келді. 1917-1921 жж. егістік көлемі 55 пайызға қысқарды. Аймақта азық-түлік мәселесін шешу үшін 10,7 млн. пұт астық қажет болды. 1,4 млн. адам аштыққа ұшырады. Сол кездегі газет беттерінде аштыққа ұшырағандар арасында каннибализм, өлексенің етін жеу, балаларды ұрлау сияқты оқиғалар туралы хабарлар жиі беріліп тұрды. Өкімет тарапына көрсетілген көмекке қарамастан жүздеген мың адамдар аштықтың құрбаны болды.
Ауылдарда, деревняларда, кишлактарда Кеңес үкіметінің саясатына наразылық күннен-күнге өсті. Көптеген жерлерде шаруалар қолына қару алып, ащық қарсылық көрсете бастады. 1920 ж. «Коммунисттерсіз Кеңестер үшін», «Азық-түлік салғырты жойылсын», «Коммунистік азық-түлік диктатурасы жойылсын» деген ұрандармен Қазақстанның басым бөлігінде шаруалар бүліктері басталады. 1920 ж. жазында большевиктерге қарсы ірі бас көтеру Семей облысында болды, бұл жерлерде 10-мыңдық «Көтерілісшілердің халық әскері» өз ықпалын орнатты. 1921ж. «Сібір шаруалар одағының» бастамасымен болған көтеріліс Солтүстік Қазақстан аумағын қамтыды. Оған қатысқан көтерілісшілер саны 30 мыңға жетті. Батыс Қазақстан жерінде шаруалар көтерілісін Қызыл Армияның бұрынғы дивизия командирі А.Сапожков басқарды.
Бұл ауыл шаруашылық өндірушілерінің құқықтарын өрескел бұзған «соғыс коммунизмі» саясатына қарсы нағыз шаруалар революциясы болды. Халқының 85 пайызын (Қазақстанда 92 пайызын) шаруалар құрайтын Ресей үшін бұл қозғалыс ауыр сын болды. Кеңес үкіметі оларға қарсы тұрақты әскер отрядтарын жіберіп, көтерілісті күшпен басып-жаншуға кірісті. Әскери жағынан бұл әрекеттер өз нәтижесін бергенімен, саяси салдары жағынан бұл большевиктер үкіметінің әлсіздігінің белгісі болды.
Өнеркәсіп саласында да апаттық жағдай қалыптасты. 307 кәсіпорынның 250 жұмыс істемеді. Мысалы, Жезқазған және Успен кеніштері су астында қалды. Ембі мұнай кәсіпшілігінің 147 құбырының тек сегізі ғана жұмыс істеп тұрды. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру – төрт есе, Қарағанды көмірін өнліру 5 есе қысқарды, ал мыс кенін өндіру мүлде тоқтап қалды. Мұнай кәсіпшіліктері тоналып, 400 мың пұттан астам мұнай теңізге ағызылып жіберілді, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары және Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өлке халық шаруашылығының жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы небары 6,3% болды. Кеңес үкіметі тек ірі және орта кәсіпорындарды национализациялаумен ғана шектеліп қалмай, ендігі жерде ұсақ кәсіпорындарды да мемлекет қарамағына ала бастады. Осының нәтижесінде өз еңбегімен күн көріп отырған мыңдаған адамдар күнкөріссіз қалды. Жұмыссыздық өсті. Соғыс аяқталғаннан кейін армияда жүргізілген демобилизация жұмыссыздардың санын одан әрі өсірді. Қалаларда жұмысшылар да кеңес үкіметінің саясатына ашық қарсы шыға бастады.
Большевиктер билігінің дағдарысқа ұшырағандығының тағы бір белгісі – әскери бүліктердің орын алуы. 1921 ж. 28 ақпаны – 18 наурызы аралығында Балтық теңізінің матростары мен Кронштадт гарнизоны большевиктерге қарсы шықты. Олар Кеңестерді қайтадан құру, сөз, баспасөз бостандықтарын енгізу, саяси тұтқындарды босатуды және басқа да талаптар қойды. Елде қалыптасқан жағдай жалпы большевиктердің билігіне қауіп төндірді. Билікті өз қолдарында ұстап қалуға тырысқан олар 1920 ж. соңына қарай халықтың талаптарын орындап, «соғыс коммунизмі» саясатынан бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа өтуге бел буды.
Дағдарыстан шығудың жолы 1921 ж. 8-16 наурызында өткен РК(б)П-ның Х съезінде шешілді. Жаңа экономикалық саясатқа өту туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығы енгізілді, шектеулі түрде жеке меншікке, еркін саудаға, жерді жалға беруге және жалдамалы жұмыс күшін қолдануға рұқсат етілді, еңбек міндеткерлігі жойылды. Бұл шаралардың барлығы талаптарын қанағаттандыруға бағытталған еді. Олардың негізгі мақсаты бірінші дүние жүзілік соғыспен азамат соғысы салдарынан қираған шаруашылықты қалпына келтіру, Ресейде шаруалар мен жұмысшы табы арасында үйлесімді экономикалық қатынастар орнату болып табылды.
Социалистік экономика құру үшін жаңа техникалық негізде ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру қажет болды, ал бұл үшін жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауылшаруашылығының ең алдымен қалпына келтіру міндеті тұрды. Осы міндетті шешу үшін алдымен шаруалардың жұмыс істеуге ынтасын көтеру, қала мен деревня арасындағы сауда қатынастарын дамыту, капитализмге біршама еркіндік беру көзделді.
Ендігі жерде шаруалар шаруашылығына салынатын салықтың міндетті мөлшері белгіленді, ол салғырттан әлдеқайда аз болды. Қалған артық өнімнің барлығын шаруа өзі толықтай биледі, оларды өнеркәсіп тауарларына айырбастауға немесе базарға шығарып сатуға мүмкіндік алды.
Алайда 1921-1922 жж. Қазақстанның ауыл шаруашылығында апаттық жағдай қалыптасты. Қуаңшылыққа байланысты Батыс Қазақстан губернияларына 17,4 млн. пұт астық қажет болды (бұл жерлерде себілген егістіктің 50-ден 80 пайызына дейіні жойылды). Аса ауыр жұттың нәтижесінде малдың 80 пайызы қырылды, ал Бөкей және Орал губернияларының кейбір уездерінде бұл көрсеткіш 100 пайызға дейін жетті. Аштыққа ұшыраған адамдардың саны 2,3 млн.-ға жетті [21].
Апатқа байланысты Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің (БОАК) 1921ж. 18 тамызындағы шешімімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, сондай-ақ Қостанай (Қостанай уезінен басқа) губерниялары ашаршылыққа ұшыраған аудандар ретінде салық төлеуден босатылды. Көшпеліжәне жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналыстатын шаруашылықтар да салықтық міндеткерліктерден босатылды.
Азық-түлік науқаны тек Семей мен Ақмола губенрнияларында толықтай жүзеге асырылды. Алғашкықысынан салық ретінде 3 млн. пұт өнімдері, 17 мың пұтқа жуық май, 587 мың пұт жем-шөп, 46,3 мың дана тері, 1,1 млн жұмыртқа т.б. жиналды. Ақмола губерниясынан өндірілген астықтың 50 пайызы – 2 млн. пұт астық алынды. Жалпы Республика бойынша салық жинау 55 пайызға орындалды [23].
Келесі 1922-1923 жж. бірыңғай заттай салық енгізілді. Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда салық төлеу қалпына келтірді. 1923-1924 жж. заттай салық ақшалай салыққа алмастырылды. Бұл шара ең алдымен ауыл шаруашылықты аудандарда тауар-ақша қатынастарын жандандыруға бағытталды.
Шаруашылықты қалпына келтіруге бағытталған тағы бір шара – жалға беруге және алуға рұқсат етілуі. Өз күшімен жерін өңдей алмаған ұсақ шаруашылықтар оны ірі шаруашылықтарға жалға бере алды. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстандағы шаруашылықтардың төрттен бір бөлігі осындай қарым – қатынасарда болды. Сондай-ақ ауыл шаруашылық саймандары мен жұмыс көлігін жалға алу кең тарады. Оған көбінесе кедей шаруашылықтар жүгінді.
Бұл жылдары қазақтың көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарының көпшілігінің бірте-бірте ұсақ тауарлы укладқа көшуі қазақ шаруаларын кооперацияға тартуды жеңілдетті. Ауыл шаруашылық сайманын жөндеумен айналысатын жүздеген шеберханалар пайда болды. Кедейлер егіндерін бірлесіп жырту үшін бірікті. Суармалы егіншілікті аймақтарда каналдар мен арықтар қалпына келтіріліп жатты. Машинаны жалға беретін тұңғыш пункттер ашылды. Өлкенің шаруашылық өмірі көркейіп, азық-түлік қиыншылықтары бәсеңдей түсті.
Шаруалардың қолында ауыл шаруашылық өнімдерінің біршама бөлігі қалып отырғандықтан, енді сол өнімді өткізуге жағдай жасау қажет болды. Осы мақсатпен сауда еркіндігі енгізілді. Шаруалар өз өнімдерін өткізіп, өнеркәсіп тауарларын сатып алып отыратын базарлар ашылды.
Саудаға рұқсат етілгеннен кейін елдің қаржылық жүйесін қалпына келтіру қажеттілігі туындады. 1921 ж. Мемлекеттік банктің статусы айқындалып, ол шаруашылық есепке өте бастады. Ендігі жерде өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және сауданы несиелеу арқылы кіріс енгізуге мүдделі болды. Коммерциялық және жеке банктердің ашылуына рұқсат етілді. Жеке тұлғалар мен мекемелер өз қаржыларын жинақ кассаларында сақтауға, оны кез-енлген уақытта пайдалануына мүмкіндік алды.
1922-1924 жж. есей валютасын тұрақтандыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылды. Жүргізілген реформалар нәтижесінде бірыңғай ақша жүйесі қалыптасты, нақты валюта болып табылған червонец, сондай-ақ күміс және мыс монеталар шығарылды. 1921-1922 жж. Қазақстанда кезінде патша үкіметі тартып алған жерлерді қайтару мақсатымен жер-су реформасы жүзеге асырылды. Реформаға сай Ертіс жағалауы мен Орал бойындағы казак әскерлеріне тиесілі жерлер, сондай-ақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы жерлер қазақтарға қайтарылып берілді. Шаруаларға жалпы 1 млн. 385 тың десятина жер қайтарылды. 1921 ж. жер-су реформасын жүргізудегі басты тіректердің бірі – кедейлердің «Қосшы» ұйымы құрылды [24].
Әсіресе өнеркәсіпті қалпына келтіру аса күрделі міндет болды. Өнеркәсіптік саясаттың мәні: ұсақ және орта кәсіпорындарды денационализацтиялап, жеке және акционерлік қоғамдардың қолына берді; ірі кәсіпорындарды шаруашылық есепке өткізіп, олардың өзін-өзі басқару құқықтарын кеңейтті; трестер мен синдикатор құрылды. Алайда ауыл шаруашылығымен салыстырғанда бұл саладағы реформалар тез арада нақты нәтижелерін бере қойған жоқ.
20-жылдардың ортасына қарай кеңес экономикасының дамуы қарама-қайшылықты сипатта болды. Бір жағынан жаңа экономикалық саясат өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады. 1925 ж. қарай халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді. Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы деңгейі 1920 ж. салыстырғанда 5-6 рет өсіп, шамамен соғысқа дейінгі деңгейдің 2/3 бөлігін құрады. 1921 ж. кәсіпорындардың 17 пайызы ғана жұмыс істеп тұрса, ендігі жерде олардың 60 пайызы іске қосылды. Көлік қалпына келтірілді, темір жолдар бірқалыпты жұмыс істей бастады. Ескі темір жолдармен қатар жаңа жол тармақтары пайдалануға берілді: Петропавловск-Көкшетау, Славгород-Павлодар, сондай Омбы темір жолының Семей учаскесі. Өзен көлігі де бірте-бірте жандана бастады: Ертіс, Сырдария; Орал өзендерінде жүк тасымалы өсті. 1928 ж. егістік көлемі 1913 ж.-дың деңгейіне шығып, оның көлемі 1913 ж. – дың деңгейіне шығып, оның көлемі 3 млн. га жақындады. Астық өндіру де соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Мақта өндіру одан асып кетті. Мал басы 1922 ж. салыстырғанда екі есе артты. Ойыл, Қоянды, Темір және т.б жәрмеңкелер қалпына келтірілді, жалпы 128 жәрмеңке жұмыс істеп, 20-23 млн. сомның тауар айналымына қол жеткізді. Екінші жағынан, өнеркәсіп саласында әлі де шешілмеген көптеген мәселелер болды. Осы саланың даму қарөының бәсеңдеуі өнеркәсіп тауарларына сұранысты өсірді. Бұл жағдай тауарлардың бағасының өсуіне алып келді. Ауыл мен қала арасындағы қарым-қатынаста «баға дағдарысы» орын алды. Бұл жағдайдан тек өнеркәсіп тауарларының бағасын төмендету арқылы шығуға қол жеткізілді.
1925 ж. ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы күрт көтерілді. Осындай жағдай 1927-1928 жж. да орын алды. Туындаған мәселелерді шешу үшін экономикалық тетіктерді іске қосуға болар еді. Алайда кеңес үкіметі әкімшілік тетіктерді пайдаланып, өндірушілерге қатаң қысым көрсете бастады. Жаңа экономикалық саясат енгізген еркін нарықтық қатынастар әкімшіл-әміршіл жүйеге алмастырылады.



    1. Қоғамдық саяси өзгерістер

20-жж екінші жартысында қоғамдық-саяси өмір күрт өзгеріске ұшырады. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі даму жолымен келе жатқан қазақ ауылын 1925 ж соңында Қазақ өлкелік партия комитетіне Ф.И.Голощекиннің жауапты хатшысы қызметіне жіберілуі шұғыл төңкеріс соқпағына түсірді. «Ауылда Октябрь болмаған» ,-деп мәлімдеді ол. Ф.И.Голощекиннің тікелей қысымымен Өлкелік партия комитетінің V конференциясы (1925 ж 1-7 желтоқсаны) ауылды күшпен кеңестендіру бағытын орнықтыра түсті. Республикада (кіші Қазан төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды.


Қазақстанның жаңа басшысына ауылдағы ұлттық мүддені көздеп, осы бағытта жүргізілген барлық шаралар ұнамады. Ол ұлттық мідеттерді шешуге бағытталған шараларды шұғыл түрде ұлт ішіндегі таптық міндеттерді шешу шараларымен ауыстыруды талап етті.
Мұнадай сорақы және асыра сілтеу қазақ ауылын білетін кебір жергілікті қайраткерлер тарапынын заңды қарсылыққа кезікті. Бұл туралы И.Сталинге Ф.Голощекин былай деп жазған болатын: «Біздің көзқарасымызда біздің ұйымның оннан тоғызы тұр, тек аса азшылық қана (Сәдуақасов) байбалам салуда...» [25].
С. Сәдуақасов бұл жылдары Қазақстан оқу ағарту халық комиссары қызметінде болғаны белгілі. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру, яғни, «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына ашық қарсы шыққан жауаты кеңес, партия және шарушылық қызметкерлерінің барлығын бір тоқа біріктіріп, «Сәдуақасовшылдық» деген айдар тақты. Осы бағытта Қазақстан партия ұйымы үшін қауіпті идеялық бағыт және көзқарас етіп көрсетуге тырысты.
Қазақ ауылын күштеп кеңестендіру шараларын жүзеге асыруды Қазақстан басшылығы ауылдық кеңестерге 1927 ж жаңа сайлаулар өткізуден бастады. Бұл сайлаулардың ерекшелігі – байлар сайлау құқығынан айрылды, ауылда кедейлер жиналыстары өткізіліп, «алғаш рет байларды ауылдан ғана емес, уезден де жер аударуға дейін әкімшілік шаралары қолданылды». Осылайша, 1927 ж алғаш рет ауылда «таптық боразда жыртылды» [26].
Дегенмен де, жергілікті кеңес органдары қайта сайланса да, олар бұқараныкеңес өкіметінің жағыны шығаратын жұмыстарды жемісті жүргізіп кете алған жоқ. Бұған ең басты себеп – қазақ ауылында, біріншіден, рулық-туыстық қатынастардың беріктігі болса, екіншіден, қазақтардың өлкеге кешіп келген басқа еуропалық халықтардың өздеріне қарағанда үкімет тарапынан көбірек жеңілдіктер алғанына наразылығы болды. Көп кешікпей басталған зорлық-зомбылық науқандары да кеңес жұмысына өзіндік кері әсерін тигізді.
Қазақ ұлттық зиялыларын қудалау басталды. 1927-1929 жж әртүрлі сылтаулармен көрнекті мемлекет қайраткері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мынбаев, Ағарту халық комиссары С.Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ комунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ саналды.
Жазалауға алғашқылардың бірі болып бұрынғы Алашорданың қайраткерлері ұшырады. 1928 ж соңында «буржуазиялық ұлтшылдар» деген жалған жаламен 44адам қамауға алынды. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Қ.Кеменгеров, Х.Досмұханбедов, Ж.Ақпаев және басқалар бар ұлттық интеллигенцияның 40 шақтв өкілі 1930 ж қыркүйек-қазанында қамауға алынды . Кешікпей олардың ішінен 15 адам (құрамында М.Тынышпаев, Қ.Кеменгеров, Х.Досмұханбедов, Ж.Ақпаев және басқалар) Ресейдің орталық аудандарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-1938 жж репрессияланды. Жалпы «Алашорда» ісі бойынша 4 297 адам жазалауға ұшырап, оның 2 062-і атылды [28].
КСРО жаңа Конституциясының жобасын талқылау осындай үрей жағдайында өтті. Ол 1936 ж 5 желтоқсанда кеңестердің Бүкілодақтық VIII Төтенше съезінде қабылданды. КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қзақ АКСР-сы Одақтас Республикаға айналды. 1937 ж. 12 желтоқсанында Қазақстан Кеңестерінің Х төтенше съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді.
Кеңес өкіметінің мәдениет саласындағы міндеттерінің бірі – халықтың сауатсыздығын жою еді. Азамат соғысының аяғына қарай Қазақстанда 2 410 мектеп жұмыс істеп, 144 мың оқушы білім алды, оның 31 мыңы – қазақтар. Алайда мектептердің көпшілігінің өз ғимараттары болған жоқ. Білім берудің алғашқы сатысы болып саналатын «ауыл мектептері түгелдей жалғыз ғана, ішінара екі сықсиған терезелері бар бір бөлмелі жеркепелерде орналасты; көп жағдайда осы жеркепеде мектеппен бірге жеркепе иесінің отбасы да тұрып жатты. Көптеген мектептерде парталар атымен болған жоқ, балалар жер еденде немесе жыртық төсеніште (киізде) отырды. Сынып тақтасының орнына то басқан темірдің немесе т.с.с. беті пайдаланылды. Көптеген мұғалімдердің (ауыл оқытушыларының) қажетті педагогтік даярлықтары болмады. Олардың арасында тіптен төменгі сауаттылар кездесті» [29].
Міне, 1928 ж ауыл мектебінің сиқы осындай еді. Дегенмен де, мұндай жеркепе мектептердің өзі де көптеген ауылдар үшін арман болды. Сондай-ақ тұрғындардың басым көпшілігі көшпелі аудандарда тұрғандықтан ол жерлерде тұрақты мектептер ашу мүмкіндігі болмады. Қазақ метептеріндегі басты мәселелердің бірі – қазақ тіліндегі оқу құралдарының жоқтығы. Осыған байланысты 20-30 жж мектептерді әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқарылды. 1921 ж Семейде А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың «Есеп құралы», «Оқу құралы», «Тіл құралы» оқулықтары жарық көрді. Мемлекеттік баспа жанынан жаңа оқулықтар құрастыру үшін редакциялық коллегия құрылды. Соның нәтижесінде Ә.Бөкейханов («География»), М.Жұмабаев («Қазақстан тарихы», «Педагогика»), Ж.Аймауытов («Дидактика»), Б.Омаров («Алгебра») оқулықтарын құрастырды. 1927-1928 оқу жылында қазақ мектептері үшін 30 түрлі оқулық құрастырылып, жалпы саны 575 мың данамен жарық көрді [30].
Ересектер арасында саутсыздықты жою да қолға алынды. Осы мақсатта 1924 ж сәуірінде «Республикада сауасыздықты жою» қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 ж дейін Қазақстанда 200 мыңдай адам , 1929 ж – 150 мың, ал 1930 ж – 500 мыңға жуық адам сауатын ашты. 1935 ж нақты мәліметтерге сенсек, Қазақстандағы сауаттылар халықтың 61 пайызы болды. Оның ішінде сауатты қазақтар халықтың 49 пайызын құрады.
Бірақ бұл сандар сауаттылықтың сапасын көрсете алмады. Көрсетілген деректегілер арасында бар болғаны атын ғана жаза алатын адамдар өте көп болды. Сауат ашу науқанының ізгі ниет көздегендерін мойындай тұрсақ та, қысқа мерзімде ірі жетістіктерге жетуді көздеген барлық сталиндік төтенше науқандарға тән сандық көрсеткіштерді қуалау, сапға мән бермеу бұл науқанға да тән болды.
Сауат ашу науқанының тағы бір үлкен кемшілігі – бұрыннан таныс араб харіпінен латын харпіне өту болды. 1928 ж 19 желтоқсанда «Жаңа қазақ әрпін енгізу туралы» қаулы қабылданды. Ғасырлар бойы қазақ халқының рухани дамуының басты негізі болып келген араб аріпінен бас тарту қазақ зиялыларының табанды қарсылығын туғызды. Бірақ, Голощекин басқарған ресми үкімет мұндай пікірлерді аяусыз сынға алып, қазақ зиялыларын үздіксіз қудалады.
1940 ж жаңа әліпбиге – кирилицаға көшу – жағдайды күрделендіре түсті. Бұл сауат ашудың және орыстана түсудің жаңа кезеңі еді. Қазақ халқының толық сауттануы осалайша соғыстан кейінгі онжылдықтар еншісінде қалды.
Кеңес өкіметі Қазақстанда жоғарғы оқу орындары жүйесін де құра бастады. 1928 ж Алматыда алғашқы педагокика институты ашылды. 1929 ж мал дәрігерлік, 1930 ж – ауыл шаруашылығы, ал 1931 ж алғашқы медицина институты ашылды. 1934 ж астанада бірден екі жоғарғы оқу орны – Кен-металлургия институты мен Қазақ мемлекеттік университеті – жұмыс істей бастады. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды.
20-жж Қазақстанда алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: Химия-биологиялық зертхана (1922ж.), Өлкелік өсімдіктерді қорғау стансасы (1924ж.), санитарлы-бактериялогиялық институт (1925ж) құрылды.
30-жж ғылымның академиялық құрылымдары қалыптаса бастады. 1932 ж КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы ашылып, ол 1938 ж Ғылым Академиясының Қазақ бөлімі болып қайта құрылды. Ғылыми-зерттеу институттарының жүйесі қырылды: Ұлттық мәдениет институты (1933 ж), Ғылыми-педагогикалық институт (1933 ж). 1932 ж республикада 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе стансасы, 186 зертхана, ауа райын зерттеу стансалары жұмыс істеді.
Қазақстанның ғылыми кадрлары өсіп жетілді. Егер 20-жж республикада негізінен орталық аймақтардан келген академиктер А.Ферсман, А.Самойлович, И.Губкин, профессорлар С.Руденко, А.Григорьев жұмыс істесе, 30-жж профессор атағын белгілі қазақ тарихшысы С.Асфендияров алды. Дегенмен, қазақтардың арасынан шыққан ғалымдар аз болды. Мысалы, ҚазМУ-дің 42 оқытушысының ішінде небәрі 8-і ғана қазақ болды.
ХХ ғ басында қазақ әдебиеті біршама жоғары деңгейде болды. Қазақ әдебиетінің классиктері А.Байтұрсынов, Ш.Құдайберді ұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың шығармалары аса танымал болды. Сонымен қатар жас әдебиетшілердің жаңа толқыны пада болды. Олардың қатарында «пролетар» әдебиетінің өкілдері С.Сейфуллин, Б.Майлин, И.Жансүгіров, С.Мұқановболды. 20-жж бірінші жартысы әдебиетте Абай негізін салған классикалық бағыттың үстемдігімен ерекшеленді, алайда билік әдебиетті өздерінің насихат құралына айналдыру үшін «социалистік реализм» негізіндежаңа қазақ әдебиетінің іргетасын қалауға тырысты. 20-жж ортасында қоғам өмірінде әдебиеттің алатын орны туралы пікірталастар қызды. Соның барысында М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов сияқты ақын жазушыларға ұлтшылдар деген айдар тағылды. Кейіннен осының негізінде олардың барлығы қуғын-сүргінге ұшырады. Осымен бір мезгілде ақын-жазушылар шығармашылығына саяси бақылау орнатуды көздеген шаралар жүзеге асырыла бастады. 1926 ж пролетар жазушылардың қазақ ассоциациясы құрылып, «Құс жолы» деген альманах шығара бастады.
20-жж екінші жартысында қазақтың театр өнері мен ұлттық бейнелеу өнері пайда болды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж бен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табысты өнер көрсетті. Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақтың мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, Қазақстан суретшілер және жазушылар одағы жұмыс істеді. Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.

1.3 ХХ ғасыр басындағы экономикалық жағдай


20-жылдардың аяғына қарай елдің экономикалық стратегиясы ауысты. Жаңа экономикалық саясаттың орнына қарқынды индустрияландыру саясаты енгізілді. «Біз алдыңғы қатарлы елдерден 50-100 жыл артта қалып қойдық. Осы аралықты біз он жыл ішінде жүріп өтуіміз керек»,- деген болатын Сталин.


БК(б)П-ның XIV съезі (1925 ж., желтоқсан) елімізде социалистік индустрияландыруды іске асыру, яғни жедел қарқынмен аграрлық республикадан дамыған өнеркәсіпті республикаға айналдыру міндетін қойды. Индустрияландыру қарсаңында Қазақстанның жалпы өнімінің 84,5 пайызын ауыл шаруашылық өнімдері құрады, халықтың 90 пайызы ауылдық жерде тұрды [37].
Индустрияландыру Қазақстан еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ. Оның дамуы, біріншіден, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына, екіншіден жұмысшылардың өндірістік – техникалық дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қазақстанның өнекәсіптік деңгейін биіктетуге, сол арқылы көлік шаруашылығын ауыл шаруашылығын және басқа салаларды жаңа техникалық негізде қайта құруға, сөйтіп халықтың материалдық жағдайын, әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.
Қазақстанның индустриялық дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық – шовинистік және жергілікті ұлтшылдық психология мен пиғылдардың да бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету саясаты іске аспайды, өйткені «артта қалған көшпелі халық» индустрияның дамуына шыдай алмайды деген шивинистік көзқарастар және дамудың феодалдық сатысынан социализмге өту мүмкін емес, көшпелі қазақ халқының өз ұлттық ерекшелігі бар, ал индустрияландыру осы «ұлттық ерекшелікті» бұзады деген пайымдаулар да айтылды. Өлкеде өз алдына томаға-тұйық шаруашылық құру «теориясын» ұсынушылар да кездесті.
Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясын қолдай отырып Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекин индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар республика болашағына аса маңызы бар бұл мәселе өлкелік партия комитетінің қойған мақсатын қайта қарауды талап етеді. Бұлардың арасынан әсіресе, Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды.Алайда Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дұрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғындай бастады.
Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуге Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды.1927ж басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн.сом қаржы жұмсалып, тез аяқталуы үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерзімінен бұрын 1930ж 25 сәуірде іске қосылып, Орталық Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде үлкен рөл атқарды.Оның құрылысын жүргізуге бұл тұста РКСФР Халкомы төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов, темір жол инженері М.Тынышпаев, т.б елеулі үлес қосты. Сол жылдарда республикада түсті металл өндіру қарқыны едәуір күшейді. Риддер полиметалл, Қарсақпай мыс қорыту комбинаттары іске қосылып, жаңа техникамен жарақтанды. Кезінде дүние жүзіндегі өзі тектес өнеркәсіп орындарының ірісі болған Балхаш мыс қорыту зауыты, қуаттылығы жағынан елімізде бірінші орынға шыққан Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш зауыттары салына бастады. Сөйтіп, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда түсті металл кәсіпорындарының негізгі өндірісі бірнеше есе артып, республика ірі өнеркәсібі негізгі өндіріс қорының 40 пайызын құрады. Республика көмір өндірісінің, әсіресе Қарағанды көмір алқабының зор маңызы болды. Республика мұнай өнеркәсібі алғашқы 3 бесжылдықта бүкіл елдегі мұнай өнімінің бестен бірін беріп, Одақта үшінші орынға шықты. Сөйтіп түсті металл, мұнай, көмір өнеркәсібі салалары Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті. Сонымен қатар химия, энергетика, металл өңдеу сияқты өнеркәсіп салалары да өркендей түсті [36].
Республикада кен-химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны – Ақтөбе химия комбинаты салынды. Ол кезінде ел шығысындағы жоғарғы сапалы тыңайтқыш өндіретін бірден-бір, ал Одақ бойынша екінші кәсіпорын болды. Шымкент химия-фармацептік зауыты, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук зауыты, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Көптеген электр стансалары жұмыс істеп, соғыс алдында Ертіс өзені бойында Өскемен су электр стансасының және Қарағанды жылу электр стансасының құрылысы жүрді.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтерді. Одардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын, Семей ет, Гурьев балық консерві, Алматы жеміс комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.
Ауыр индустрия кәсіпорындарының ескілерін қалпына келтіру жаңаларын салу және техникалық жағынан қайта құру, осыған сай қуатты энергетикалық база жасауды талап етеді. Осыған байланысты Қарағанды полиметалл комбинатының жылу электр стансалары салынды. Электр қуатын өндіру республикада 1913ж. салыстырғанда 486 есе артты [47].
Қазақстанның индустриялық дамуының тағы бір ерекшелігі темір жолдардың салынуына баса назар аудару болып табылады. 1928-1940жж республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 658 км. жетті. Түркісбтен басқа Рубцовка-Риддер тармағы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындарына жұмыс істеді, Орал-Елек тармағы республиканың аудандарын Орынбормен және Ресейдің басқа өнеркәсібі дамыған облыстарымен байланыстырады [48].
Тағы бір ерекшелігі – Қазақстанның индустриялы дамуы басқа да республикалармен салыстырғанда аса үлкен қарқынмен жүргізілді. Соның нәтижесінде бұрынғы мешеу дамыған Қазақстаннның экономикалық теңсіздігін жоюға негіз қаланды.
Индустрияландыруды жүзеге асыру барысында Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасты, ол өз құрамына өнеркәсіптің, құрылыстың, транспорт пен байланыстың, ауыл шаруашылық өндірісінің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласының топтарын қамтыды.
Бірақ Қазақстанның индустриялық дамуындағы зор табыстарына қарамай бұл үрдісте елеулі ағаттықтар мен кемшіліктер болды. Индустрияландыру үшін орасан зор қаражат қажет болды. Алғашқы кезде бұл қаражатты шетелден әкелуге үміт болды. Алайда бір жағынан 20-жж екінші жартысында КСРО-ның халықаралық жағдайының нашарлап кетуіне, екінші жағынан, 1929ж. басталған дүние жүзілік экономикалық дағдарысқа байланысты бұл үміт ақталмады. Кеңес үкіметі елде жинақтау қорын халықтың есебінен құруға кірісті. Әлемдік тәжірибе дәлелгендей аграрлық мемлекетті индустриялы елге айналдыру үшін жинақтау қорының үлестік мөлшерін 5-10 пайыздан 20-25 пайызға дейін көтеру жеткілікті болып табылады. Алайда КСРО-да 20-жж. ортасында ұлттық табыстағы жинақтау қорының үлесі 10% құраса, 1930 ж. – 29. Ал 1932 ж.- 44 пайызды құрады. Бұл қордың қаражатының негізгі көзі- жұмысшы табы, шаруалар және «лагерлік экономика» болды [45].
Жұмысшылардың орташа жалақысы 30 сомды құрады, бұл олардың нақты еңбек ақысының бір ғана бөлігі болған. Қалған бөлігін мемлекет өзіне қалдырып отырды. Сондай-ақ жұмысшылардың арасында мәжбүрлеу арқылы әртүрлі мемлекеттік облигациялар таратылатын болды.
«Лагерлік экономиканың» қандай «пайда» әкелгендігі түсінікті. Мыңдаған, жүздеген мың, ал кейіннен миллиондаған адам сталиндік лагерлерде тегін жұмыс күшін құрады. Алтын кеніштерінде, шахталарда, ағаш жығуда ауыр еңбек еткен «халық жаулары» индустрияландырудың қаражат қорын толықтырды.
Алайда, ең басты ауырлық шаруалардың иығына түсті.Оларға қарсы төтенше, тіпті репрессиялық шаралары қолдана отырып, өкімет шаруалардың еңбегінің жемісін күштеп тартып алып отырды. «Азық түлік салғырты» қайта енгізіле бастады. Шаруалардың наразылығы күшпен басылып, жаншылып отырды. Осындай жағдайда кеңес үкіметі шаруаларды барлық меншігінен айыруды көздеп, ұжымдастыру саясатын бастады.
Кеңес үкіметі басты назарды ауыр өнеркәсіпке аударды, ал халықтың тұрмыстық қажетін өтейтін салалардың (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік инфрақұрылым ) дамуына көңіл бөлінбеді. Мысалы, бірінші бесжылдық жоспарда (1928-1932жж.) Қазақстан өнеркәсібіне 1 228 413 мың сом күрделі қаржы салу жоспарланса, оның 1 140 542 мыңын, яғни 93 пайызын ауыр өнеркәсіпке жұмсау көзделді [45].
Тек 87 771 мың сом ғана жеңіл өнеркәсіпке жіберілді. Соның салдарынан халықтың тұрмыс жағдайы күрт төмендеп кетті.
Индустрияландырудың негізгі кемшіліктерінің бірі -Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты болды. Сондықтан да республика өзіне қажетті заттардың жартысынан астамын – құрал-жабдықтардың, цементті ағаш материалдарын тұрмысқа қажетті тауарларды сырттан әкелуге мәжбүр болды.
Индустрияның дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі әлеуметтік-демографиялық өзгерістерге әкеліп соқтырды. Жұмысшылардың басым көпшілігі орыстар мен украиндар болатын, ал қазақтардың басым көпшілігі, негізінен, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын сақтады. Алайда жаңа экономикалық саясаттан ауытқу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруда жіберген өрескел қателіктер мен асыра сілтеулер қазақ ауылына қатты әсерін тигізді, аштық тудырды, қазақтардың миграциялық үрдісін күшейтті. Егер 1926 ж. өлке тұрғындарының құрамында қала халқы 8,6 пайызды құраса, отызыншы жылдардың аяғында олардың үлесі 29,8 пайызға жетті. Алғашқы жылы қаладағы қазақтардың саны 77,6 мың болса, 1939 ж. олардың саны бес есе өсті. Олардың қала тұрғындары арасындағы үлес салмағы 14,3-тен 21,9- пайызға дейін ұлғайды [48]. Қазақстанға басқа республикадан көшіп келгендер саны артып отырды. Олардың көпшілігі Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Өзбекстаннан шыққандар болды. Осыған байланысты 1939ж. республика қала халқының құрамында орыстардың үлесі 1926ж. 53,7 пайыздың орнына 57,7 пайыз украиндардың үлесі 6-дан 8 пайызға дейін жетті. Бұрын бұл цифрлар жаңа қоғамның өскелеңдік күшін көрсету үшін қолданылатын. Алайда миграция қарқынының өсуі қоғам дамуының ішкі заңдылықтарынан емес, волюнтаристік, кей кездері тіптен қылмыстық шешімдерден туындады.
Қазақстанның 1926-1940 жж. индустриялық дамуы ірі нәтижелерге жеткізді. Республика шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның өнімінің үлесі 30жж. ортасында басым бола бастады. Қуатты өнеркәсіптік потенциал жасалып, ол ойдағыдай дамыды. Қазақстан Кеңес Одағындағы алдыңғы қатарға шықты.
Алайда осы жетістіктерге жету үшін халықтың шамадан тыс көп тер-төгуіне тура келді. Индустрияландырудың жоғарғы қарқынына халықтың есебінен қол жетті, олардың тұрмыс жағдайы күрт нашарлады. Осы жылдары ауыл шаруашылығының даму қарқыны төмендеп кетті. 1928ж. деңгейіне ауыл шаруашылығы тек 1940ж. шыға алды, ал мал шаруашылығында бұл көрсеткіштерге тек 50-жж. басында ғана қол жетті.
20-жж екінші жартысында жүргізілген индустрияны қарқынды дамыту саясаты шаруа шаруашылықтарының жағдайын ауырлатып жіберді. Салықтың мөлшерінің шамадан тыс өсуі шаруалар арасында наразылық тудырды. Сонымен бір мезгілде өнеркәсіп өнімдерінің бағасы да өсті, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып-алу бағасы тым төмендеп кетті. Соның нәтижесінде мемлекетке астық тапсыру күрт қысқарды. Астық дайындау науқаны сәтсіздікке ұшырап, 1927 ж. соңында терең азық-түлік дағдарысына алып келді. Экономистер мен шаруашылық басшыларының бір тобы дағдарыстан шығу үшін ауыл мен қала арасындағы қарым-қатынасты экономикалық тетіктердің көмегімен реттеу қажет деп тапты. Алайда астық дайындау дағдарысынан шығу үшін кеңес үкіметі басқа жолды таңдап алды.
Астық дайындауды жандандыру үшін ел басшылығы «соғыс коммунизмі» саясаты тұсындағы төтенше шараларды қолдана бастады. Астықты еркін сатуға тыйым салынды. Шаруалар мемлекетке нақты белгіленген бағамен астықты сатудан бас тартқан жағдайда оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту белгіленді, жергілікті Кеңестер олардың дүние- мүлкінің бір бөлігін тәркілей алды. Ерекше «өкілдер» мен «жұмысшы топтары» тек артық өнімді ғана емес, сонымен қатар шаруа отбасына қажетті өнімді де тартып алып отырды. Аталған іс-әрекеттер қала мен село тұрғындары арасындағы қарым-қатынастарды шиеленістіріп, 1929 ж. егістік көлемінің азаюына алып келды.
1927 ж. желтоқсанында өткен БК(б)П-ның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт ұсынды. Сөйтіп жаңа экономикалық саясатты дамыту линиясы тұйықталып тасталды. Ұзақ жылдар бойына экономика мен қоғамдық-саяси өмірде тек «күштеу» шарасының рухы үстемдік етті.
Қазақстан ұжымдастыруды негізінен 1933 ж. көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылады. Республикалық партия, кеңес орындарында осынау тым қысқа мерзімнің өзі қайткен күнде де «секіріліп өтуге тиіс» кедергі ретінде қабылданды.
Мұның аяғы дереу қоғам ағзасын пайыз қуалаушылық («процентомания») дертіне шалдырды. Аудандар мен округтер ұжымдастыруда қол жеткен жеңістері жайлы бір-бірімен жарысқа түсіп, газеттер сол хабарларды басып үлгермей жатты.
Ұжымдастырудың төтенше сипаты бай-кулакты құртудың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде жойқын күшпен көрінді. 1928 ж. 27 тамызында республиканың Орталық Атқару Комитеті (ОАК) мен Халық Комиссалары Кеңесінің (ХКК) мәжілісінде «Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы» қаулы қабылданды.
Осы науқан барысында 696 шаруашылық тәркіленіп, олардың 619-ы өздері тұратын округтен тыс жерлерге жер аударылған. Олардан 145 мың мал (ірі қараға шаққанда) экспроприяцияланған. 114 мыңға жуық мал колхоздар (29 мың, яғни 26 пайыз) мен кедей-батырақ қожалықтары (85 мың, яғни 74 пайыз) арасында қайта бөліске түскен. Малдан басқа 633 киіз үй, 475 үй, 44 қасба, басқа да 534 қора-қопсы, 108 соқа, 113 тырма, 248 пішен шапқыш, 1367 арба т.б. экспроприяцияланған [49].
Тәркіленіп, «тең» бөлісілген мал кедей-батырақтардың жағдайына көп өзгеріс әкелген жоқ. Бірен-саран ғана мал алған бұл қожалықтар қауымға қосыла алмады, сөйтіп олардың алған малын сатып немесе сойып жеп, өздерінің бұрынғы әлеуметтік жағдайларына қайтып оралудан басқа еш амалы қалмады.
Сонымен бірге бай және ауқатты шаруашылықтардың жойылуы дәстүрлі қазақ шаруашылығының бұзылуына алып келді. Сөйтіп, байлардың малын тәркілеу ауылдағы орташаларды топтастыруға және әл-ауқаттың артуына емес, керісінше, қайыршыланған ауылдар халқының жарлы-жақыбайға айналуының өрши түсуі мен шаруашылықтың күйзелісіне ұшыратты. Шаруаларға ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жөніндегі науқан мен салық зомбылығы саясаты қатты соққы болды. Астық дайындау науқандары жүргізу әдістері жағынан тікелей экспроприациялау түріне ұласты. Қолданылған шаруалардың ашықтан-ашық заңсыз сипатын жасыру үшін өкімет орындары «тауарларға бағаны қасақана арттырғаны, бұл тауарларды жасырғаны немесе рынокқа шығармағаны үшін» қылмыстық жаза белгілейтін РКСФР Кылмыстық кодексінің 61, 107-бабтарының күшін қолданды.
1932 ж. 7 тамызында «Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздардың және кооперациялардың мүліктерін қорғау және мемлекеттік (социалистік) меншікті нығайту туралы» заң бойынша сәл кінәсі үшін адамды атып тастап, ал, «жазасын жеңілдететін жағдайларда» - 10 жыл түрмеге жауып, мүлкін тәркіледі. Тек осы Конституцияға қарсы норманың күші жүріп тұрған алғашқы жыл ішінде ғана Қазақстанда 33 345 адам сотталды. Жоғары соттың Қазақ бөлімінің 1933 жылғы есепті баяндамасында былай делінген: «1933 жылғы мамырдың 5-нен тамыздың 1-іне дейінгі кезең ішінде ату жазасына кесілгендердің саны 44,5 пайызға кемігенін (305 адамнан 163 адамға дейін) қалыпты жағдай деп тануға болмайды» [49].
Мал дайындау науқаны да әу бастан-ақ «соғыс коммунизмі» тұсындағы төтенше шаралар сипатын ала бастады. Көп ұзамай «Асыра сілтеу болмасын – аша тұяқ қалмасын!» деген қатыгез орындаушылар ащы тәлкекпен ойлап шығарған әйгілі ұран бұл жұмыстың айқындаушысына айналды. Тіптен, «ТОЗ» («Товарищество по совместной обработке земли – Жер өңдеу серіктестігі» деген қысқарған сөздің өзі қалжыраған қазақ шаруасы үшін «азып-тоз!» дегендей естілген. Жоспарда бар тапсырмалар халықтың қолындағы малдың саны жөнінде өңі айналдырылған деректерге құрылған болып шықты. Соның салдарынан аудандарға қолда бар малдың нақты санынан анағұрлым артып түсетін тапсырмалар түсе бастады. Бұл тұрғыдан табанында 183 мың ірі қара малы бар, бірақ 300 мың малға салық алған Балқаш ауданы мысал бола алады [50].
Мемлекеттік мүдде деген желеумен ауылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа түрлерін дайындау кезінде де заңсыздықтар жайлап кетті. Мәселен, жүн дайындауды «екпіндете» өткізу мақсатында қайсыбір жерлерде қойды қаһарлы қыс кезінде қырқуға мәжбүр етті, мұның өзі малдың қырылуына әкеліп соқты. Ешбір қисынға келмейтін міндетті түрде астық дайындау ежелгі мал шаруашылықты аудандардың астық сеппейтін шаруашылықтарына да қолданылды. Жазалаудан қорыққан халық малын астыққа айырбастап, ол астықты салық ретінде мемлекетке өткізіп тұруға мәжбүр болды.
Дайындау науқандары барысында Қазақстанда шаруаларға қарсы кең көлемде жазалаулар жүргізілді. Осы кезеңде 56 498 село тұрғыны әкімшілік-қылмыстық жауапқа тартылды. Соның ішінде 34 121 адам сотталды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бюросының 1930 ж. қаңтардың басындағы жабық мәжілісінде Голощекин дайындау барысында 1928 ж. 1 қарашасынан 1929 жылдың 1 желтоқсанына дейін сот тарапынан 125 адам ату жазасына кесілгенін, ал Саяси бас басқарма тарапынан 152 адам атылғанын хабарлайды [51].
Индустрияландыру үшін қаржы іздестіру мақсатында мемлекет 20-ж. аяғында салық тәртібін қатайтты. Салықтың батпаны Қазақстанның ауылдары мен деревняларының еңсесін басты. 1927-1928 жж. 4 пайыз ауқатты және кулак шаруашылықтары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашылық салығының бүкіл сомасының 33 пайызын төлеуге мәжбүр болды, ал мал өсіретін 0,6 пайыз ірі шаруашылықтар мал өсіретін аудандар бойынша есептелген салықтың бүкіл сомасының 25 пайызын төледі. Салық салу нормасының күрт өсуі әсерінен шаруашылықтардың едәуір бөлігінде, сол жылдардағы терминологияны қолдансақ, «кулактар өздігінен тәркіленді» немесе, былай айтқанда, қалаларға кетіп немесе табыс көздері мен қызмет түрлерін өзгертіп, шаруашылықтан ада болды. Мал өсіретін шаруашылықтар болса олар тұтас қауым болып республикадан, тіптен елден тыс жерлерге үдере көшті. Сөйтіп, дайындаулар кезіндегі төтенше шаралар село халқының жағдайын айтарлықтай ауырлата түсті.
Қазақтардың шаруашылығына көшпенділерді отырықшылыққа көшіру жөніндегі күштеу саясаты да аса ауыр соққы болып тиді. Ол жағдайларда көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан аумағының құнарлы ортасына үйлесім табатын бірден-бір шаруашылық-мәдени қызмет түрі болып табылады. Тек өндірістің көшпенді тәсілі арқылы ғана ұланғайыр шөл мен шөлейт ландшафттарды шаруашылыққа игеру мүмкін болды. Сонымен қатар, ол тұста көшпелі шаруашылық экономикалық жағынан тиімді жүйе болып қала отырып , өзінің экономикалық қуатын әлі де болса сарқып тауыспаған еді.
Алайда осы жағдайлардың бәрі ескерусіз қалды. Отырықшыландыру мәселесі бойынша балама ұғымдарымен ерекшеленген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері аса қатыгез қысымға, кейіннен қуғын-сүргінге ұшырады.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүзеге асыру үшін Қазақстан өлкелік комитеті жергілікті белсенділермен бірге сегіз мың жұмысшыңы тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан 1204 жиырма бесмыңшыны жіберді. Бұлардың өздері отырықшыландырудың мәнін мен механизмін түсінбей, шартараптан жүздеген шаруашылықтарды бір жерге жинай бастады. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айрылды.
Әкімшілік жолымен жүргізілген алатопалаң отырықшыландыру науқанының азабынан айықпай жатып, ауыл халқы ұжымдастыру зобалаңына душар болды.
Егер 1928 ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2 пайыз ұжымдастырылса, 1931 ж. күзінде 70-тен 100 пайызға дейінгі ортақтастыруға ұшыраған аудандардың саны 78-ге (122-нің ішінде) жетті [52].
Өлкедегі «колхоздық қарыштаудың» себебі ресми насихат органдары көрсетуге тырысып баққандай, тіпті де шаруалардың бастамасы болған жок. Бұл жерде тұп-тура тізеге салу әдісі байқалып тұрды. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықты бұзу әуел бастан-ақ барлық жерде жалпыға бірдей ортақ сипат алды. Шаруалар бірден көне қоймаған жағдайда, оларға басқаша «тәрбиелеу» шаралары қолданылды.
Мысалы, өтірік ату жазасына кесілді-міс деген желеумен бірнеше рет басынан асыра ату (имитация), сөйтіп құрбандықтың үрейін алып, есін шығару, аязда шешіндіру, мұз ойыққа «шомылдыру», т.б. әдістерді қолданып отырған. Сайлау құқығынан айыру, аудан ауқымынан қуып жібереміз деп қорқыту, қудалау немесе алдын-ала түрмеге қамау сияқты мәжбүрлеу әдістері кеңінен таралды.
Ең күшті қысым қазақ ауылдарына түсті. Мал шаруашылығы колхоздарында қоғамдастыру шаралары шектен шығып кетті. Нәтижесінде, 1932 ж. ақпанына қарай Қазақстандағы колхозшы шаруашылықтарының 87 пайызы және жеке меншік шаруашылықтардың 51,8 пайызы өз малдарынан түгел айырылып қалды. Ортақтастырылған мал колхозды-тауар фермаларына жинақталды [53]. Ірі мал шаруашылығы колхоздарын құруды көздеген мемлекеттік органдар 200 шақырым және одан да алысырақта жатқан бірнеше жүз шаруашылықты бір ірі колхозға біріктіре салды. Мұндай жағдайда өндірістің көшпенді тәсілінің негізгі экосистемалық принципі – малдың саны мен табиғи жем-су ресурстарының арақатынасын сақтау жөнінде ойлаудың өзі мүмкін емес еді.
Өрескел шешімдердің зардабы өзін көп күттірген жоқ. Колхозды-тауар фермаларында қисапсыз мөлшерде жиналған мал жайылымның, азықтың жоқтығынан қырылып қалды. Қазақстанның ауылдары мен деревнялары асыра сілтеу мен бұрмалаушылыққа ауыл шаруашылығы өндірісінің жаппай құлдырауымен жауап берді.
Бірінші бесжылдық (1928-1932 жж.) кезінде Қазақстанның жалпыодақтық тауарлы астық өндірісіндегі өзіндік үлесі шамамен 9 пайыздан 3 пайызға дейін азайды. 1928 ж.-дан 1940 ж. дейін дәнді дақылдардың егістік ауқымы 1,5 есеге жуық ұлғайғанымен, олардың жалпы түсімі 1,5 есеге дейін кеміді, осы жылдары егіндіктің шығымдылығы гектарынан 9,2 центнерден 4,3 центнерге дейін төмендеп кетті.
Мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. 1928 ж. республикада 40,5 млн. бас мал болса, 1932 ж. бар-жоғы 4,5 млн. бас қана қалды.
Колхоздастыруға дейінгі деңгей тіпті соғыстың қарсаңында, 1941 ж. дейін де қалпына келмеді. 18 566 мың бас қойдан 1932 ж. небәрі 1 386 мың қой қалды (соғыстың дәл алдында ғана уақ малдың саны 8 млн.-ға әзер жетті). 1928 ж. 3 516 мың мөлшерінде болған жылқының іс жүзінде 3 200 мыңы жоқ болып шықты (1941 ж. – 885 мың бас). Өлке үшін дәстүрлі сала түйе шаруашылығы іс жүзінде жойылды десе де болады: 1928 ж. 1 042 мың бас түйе болса, 1935 ж. қарай барлығы 63 мың түйе қалды [54].
Күштеп қысым жасау мен дөрекі озбырлыққа қарсылық ауыл шаруашылық өндірісінің күрт құлдырауынан ғана көрініп қойған жоқ. Бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда да халық ашықтан-ашық наразылық көрсетті, ол бірсыпыра реттерде шаруалардың қарулы қимылына ұласты.



    1. Ғасыр басындағы жер, тіл, мемлекет мәселесі

Қазан революциясынан кейін жаңа мәдениет жасау Қазақстанда басталған қайта құрулардың маңызды құрамдас бөлігі болды. Ол мұның алдындағы кезеңдерде қазақ халқы жасаған мәдениет жетістіктеріне сын көзбен қарап, оларды игеру негізінде жүргізіле бастады. Кеңес мемлекеті мәдени революция процесіне бағыт бере отырып, оған еңбекшілер бұқарасының өздерінің жанды шығармашылығымен белсене қатысуына, олардың басым көпшілігінің «көзін ашып, білім алуға» деген орасан зор ұмытылысына сүйенді. Ана тілі негізінде және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, мәдениетті еркін дамыту үшін барлық халықтарға нақты жасалынған жағдайда ғана еңбекшілердің мәдениет тұрғысынан өркендеуі мүмкін. Сонымен бірге ұлттар томаға-тұйықтыққа қарсы күресте ғана, ұлттардың шығармашылық ынтымақтасуы мен өзара рухани баюы негізінде ғана ұлттық мәдениеттердің гүлденуіне жетуге болатын еді.


Әлеуметтік-экономикалық қайта құрудағы сияқты, мәдени құрылыс саласында да өтпелі кезеңде еңбекшілердің қалың бұқарасына түсінікті, ұғымды жолдар, тәсілдер, құралдар қолданылды. Алайда мәдени құрылыс үлкен қиыншылықтармен күресу жағдайында жүзеге асырылды. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты, халықтың ұлан-ғайыр аумақта сирек орналасуы, патриархатгық-феодалдық және клерикалдық институттардың ықпалы, өлкенің жалпы экономикалық артта қалуы, халықтың түгелдей дерлік сауатсыздығы, қатынас жолдары мен байланыс құралдарының жеткіліксіздігі, өте-мөте материалдық базаның әлсіздігі, кадрлардың жетіспеушілігі — осының бәрі жаңа мәдени құрылыс қарқынын баяулатты.
Орасан зор қиыншылықтар мен кертартпалыққа қарамастан қазақ еңбекшілерінің сауатын ашу жөнінде мақсаткерлік бағытта жұмыс жүргізілді. Мәдени қайта қүрулар әрқилы ұлтшылдық пен шовинистік көзқарастарға қарсы күрес үстінде өрістеді. Ұлы державалық шовинистік элементтер ұлттық мәдениетті дамытудың қажеттігін бекерге шығарды, ал ұлтшыл элементтер ұлттық томаға-тұйықтықты жақтады, қазақ халқын орыс және басқа халықтардың социалистік мәдениетіне ортақтастыруға қарсы шықты. Идеологиялық майдандағы күрестің қиындықтарын мәдениет қызметкерлерінің, жалпы интеллигенцияның, даярлығы бар кадрлардың аздығы да өршіте түсті.
Мақсаткерлік күрес жүргізу өзінің нәтижесін берді, феодалдық тонаулар жойылды, рулық-патриархаттық тәртіпке, рулық институттарға, діни соқыр сенімдерге қарсы күрес шиеленіскен жағдайда жүргізілді, қазақ әйелдеріне теңдік әперілді, жаппай сауатсыздықты жою, орта және жоғары білім жүйесін құру, кеңестік интеллигенция кадрларын қалыптастыру жөнінде кешенді шаралар жүзеге асырыла бастады.
Халық бұқарасының санасын оятуда, арттыруда, саяси-ағарту жұмысы маңызды орын алды. Еңбекшілердің белсенділігін арттыру үшін насихат күндері, апталықтар, айлықтар өткізіліп тұрды. Кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы үйлері, саяси сауат үйірмелері мәдени-ағарту жұмысының негізгі ошақтары болды, оларда көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істеді. 1922 жылдың көктемінде республикада 7 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халық үйі, 221 оқу үйі болды [55]. Көшпелі аудандарда қызыл отау, қызыл шайхана, қызыл керуендер құрылды. Олар көбінесе, бұқараның бастамасымен құрылып жатты.
Әйелдер арасындағы жұмысқа көп көңіл бөлінді, 1920-1922 жылдары жер-жерде әйелдер бөлімдері құрылды. Қазақ әйелдерінің еңбек пен жұмыс жағдайларын зерттеу, олардың экономикалық және құқықтық теңдігін қамтамасыз ету мақсатымен 1926 жылғы қарашада Қазақ АКСР ОАК жанынан комиссия құрылды. Жүзеге асырылған нақты шаралар өзінің жемісін берді — әйелдер өндіріс пен қоғам өміріне белсене араласа бастады [56].
Халық шаруашылығының қалпына келуіне және республика экономикасының нығаюына қарай мәдениет мәселелеріне неғұрлым көбірек көңіл бөлінді. 1925 жылы Қазақстан Кеңестерінің V съезі үкімет пен жергілікті орындарды республикалық және жергілікті бюджеттің кемінде 35 пайызын мәдениет пен ағарту ісінің мұқтажына жұмсауға міндеттеді. Мерзімді баспасөз бен кітап шығару ісі мықтап дамыды, барлығы 31 газет, оның 13-і қазақ тілінде шығып тұрды. Жыл өткен сайын кітаптар көптеп шығарыла бастады. 1925 жылы 96 кітап 443 мың дана болып таратылса, 1930 жылы тиісінше — 200-ге жуық және 3 млн. Ал 1932 жылы таралымы 6 млн. дана 668 кітап шығарылды. Дегенмен кітап әлі де аз еді, солай бола тұра баспасөз еңбекшілерді үйретті және оларды жаңа, жарқын да еркін өмір құруға шақырып отырды [56].
Еңбекшілер бұқарасының мәдени дәрежесін көтеру жөніндегі басты міндеттердің ішіндегі ең шұғылы — патша өкіметінің халықтың сауатсыздығы сияқты масқара мұрасын жою болды. Күйзелушілік пен ашаршылыкқа қарамастан сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс бірте-бірте өріс алды. Қазақ АКСР ОАК 1921 жылғы 26 маусымда 16 жастан 50 жасқа дейінгі жеткілікті білімі бар барлық адамдарды сауатсыздықты жою жөніңдегі жұмысқа жұмылдыру туралы қаулы қабылдады. Әдетге, сауатсыздықты жою ісі бұқараны саяси жағынан ағартумен және олардың арасында социализм идеяларын насихатгаумен байланыстырылды. Сауатсыздықты жою мектептерінде партияның, мемлекеттің экономикалық саясаты туралы, кеңестік жер заңы т.б. жайында әңгімелер өткізілді.
Еңбекшілер зор ынтамен оқуға кірісті. Егер 1920-1921 оқу жылында сауатсыздықты жою жөніндегі 2412 пункт жұмыс істеп, оларда 27,3 мың адам оқыған болса, 1924-1925 оқу жылында тиісінше — 6677 пункт және 1731 мың адам сауатын ашты. Ауылдағы сауатты қазақтардың ара салмағы 1920 жылғы 2,9 пайыздан 1926 жылы 10 пайызға жуықтады. Алайда атқарылатын жұмыс әлі көп еді, өйткені 1,7 млн. қазақ сауатсыз күйінде қалып қойды [56].
1930 жылғы 11 қаңтарда Қазақ АКСР ОАК сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы декрет қабылдады, содан кейін сауатсыздықты жою пункттерінің желісі кеңейе түсті, әліппе мен оқу құралдарын шығаруға және тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға 2 млн. сомға жуық қаржы бөлінді. Елдегі экономикалық жағдайдың оңалуы халыққа білім беру ісінің өрлеуіне жағдай жасады. 1923 жылдан бастап мектептердің жүйесі ұлғайды, мұғалімдердің тұрмысы жақсара түсті. 1924-1925 оқу жылының басында 1251 бірінші басқыш мектеп, оның 747-сі қазақ мектебі, 25 коммуна-мектеп (24-і қазақша) және 68 жеті жылдық және екінші басқыш мектеп болды. Жалпы алғанда халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің аяғында 1922-1923 оқу жылымен салыстырғанда қазақ оқушыларының саны 2,4 есе көбейді, ал барлық оқушылар саны осы мерзімде 1,9 есе өскен еді. Бірақ оқулықтар жетіспеді, тек 1921-1922 жылдары ғана қазақ тілінде алғашқы үш оқулық шықты, оның таралымының бір бөлігі Қазанда. Бұдан кейін оқулықтарды басып шығару біршама жақсарды: 1925 жылы таралымы 320 мың дана болып 10 оқулық пен оқу құралдары шығарылды, бұлар негізінен қазақ мектептеріне арналды, ал орыс тіліндегі оқулықтар Мәскеуден әкелінді [58].
Одақтағы көптеген басқа мұсылман халықтары сияқты, қазақтардың жазба мәдениеті де орталықтың қысымшылығына душар болды, соның әмірімен 20-жылдардың аяғында олар араб алфавитінен бас тартып, латын әрпіне көшті.
Қазақ интеллигенциясының озық бөлігі алфавитті өзгертуге қарсылық білдірді. Араб графикасынан бас тарту ежелгі мәдениеттен, байланыстан айырылғандық, тарихқа, халықтың өткеніне берілген соққы болар еді, — деді А. Байтұрсынов. Бірақ оның даусы естілмей қалды. Бұл жерде де Сталиннің қол шоқпары Голощекиннің ықпалы аз болмады. 1928 жылғы желтоқсанда Қазақ АКСР ОАК-нің сессиясы жаңа алфавитке көшуді заңды түрде бекітті. Ұлттық жазбаны ауыстыру былайша дәлелденді: «Қасиетті» құран осы араб тілінде жазылған, ал оның одан әрі сақталуы революциялық пиғылдағы бұқараның зығырданын қайнатады-мыс. Араб алфавитін сақтауды жақтаушыларға «ұлтшыл» таңбасы тағылып, қатаң жазаланды. Солардың алғашқыларының бірі болған А. Байтұрсынов Ақтеңіз-Балтық каналын салып жүріп, өмір жолын 1931 жылы азаппен аяқтады.
20-жылдардың екінші жартысында діндерге, әсіресе ислам дініне шабуыл күшейді, медреселер мен мешіттер қиратылды, жаппай жабылды. Мындаған молдалар тұтқындалып, дін адамдарының «қаймақтары» атылды. Бұл кезең «исламмен ымыраға келмейтін күрес саясаты» деп аталды.
1932 жылы жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізілді, қазақ тілінде оқулықтар жасалынды. Ұлттық педагог кадрларын даярлайтын 32 педтехникум ұйымдастырылды — осының бәрі ауылдардағы балаларды неғұрлым оқуға көбірек тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді: бұл жөніндегі көрсеткіш 1930 жылғы 22 пайыздан 63 пайызға жетті. Шығыс ұлттары қыз балаларының оқуға тартылуы едәуір өсті.
Жаңа дәуірге лайық ұлттық интеллигенция кадрларын даярлау өте өткір мәселе еді, өйткені Орталық Ресеймен салыстырғанда мұнда олардың саны анағұрлым аз болатын. Жаңа, ұлттық кеңестік интеллигенцияны қалыптастыру күн тәртібіне қойылды. Ең алдымен педагог кадрлар даярлау мәселесі алдыңғы қатарға шықты. 20-жылдардың ортасына таман кеңестік мұғалімдердің алғашқы топтары қалыптасқанымен олардың білім деңгейі төмен еді. Мәселен, 436 мұғалімнің 252-сінің ғана (5,8 пайыз) жоғары білімі болды; 421 педагог (9,1 пайыз) мұғалімдер даярлайтын институттар мен семинарларды, 533 педагог (12,2 пайыз) гимназияның қосымша педагогикалық кластары мен епархиялық училищелерді, 754 педагог тұрақты педагогикалық курстарды бітірді, ал 1942-сінің арнаулы білімі болмады [59].
Жоғары білімі бар мамандар республикадан тыс жерлерде — Ташкентте, Мәскеуде, Қазанда, Омбьща және басқа ірі қалаларда даярланды. Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орыны — қазіргі Абай атындағы Алматы падагогика университеті (бүрынғы КазПИ) Ташкенттен көшірілген қазақ халқының ағарту институты негізінде 1929 жылы Алматыда құрылды. Сол жылы осында малдәрігерлік-зоотехникалық, 1930 жылы ауыл шаруашылық институттары ашылды. 1931 жылы медицина институтының ашылуы республика өміріндегі үлкен оқиға болды. 1932 жылы Оралда Орынбордан көшірілген халық ағарту институты негізінде құрылған педагогикалық институт жұмыс істей бастады.
Республиканың жоғары оқу орнын дамытуға Мәскеудің, Ленинградтың, Киевтің, елдің және басқа ірі ғылыми орталықтарының ғалымдары зор көмек көрсетті: 30-жылдардың басында аспирантураны соларда тәмәмдаған 75 ғылыми-педагогикалық қызметкер Қазақстанға келді.
Жас қазақ әдебиеті ауылдағы өзгерістерді, ғасырлар бойы езілуден және қаналудан кейін кеудесін кере бостандық ауасын жүтқан еңбекшілердің жаңа сезімдері мен ой-арманын білдіріп отырды. Екінші жағынан, жаңа әдебиеттің өміршеңдігі мен қуаттылығының бір себебі — ол ғасырлар бойы мұқият сақталып, толықтырылып келген халықтық шығармашылықтан, бай фольклордан туып, өркендеп өсті.
Қазақ әдебиеті революциадан бұрынғы жазба демократиялық әдебиеттің ұлы Абай негізін қалаған сыншыл реализм дәстүрлері сияқты жетістіктерін пайдаланбай қала алмады. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және т.б. туындылары ұлттық жазба әдебиетті байытты; олардың шығармашылығы қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасу кезеңдерінің бірі болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Мен, қазақпын» деп мақтанамын — деп жырлады. Ол саяси бағыты айқын: Кеңес өкіметі әділетті қоғам орнатады деп сенді.
20-жылдардың басында-ақ, ұлттық жазушылардың көптеген кадрлары өсіп шықты. Қазақ әдебиетінің осы кездегі бастаушылары С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Б. Майлин т.б. қатарына жаңа үрпақ өкілдері Ғ. Мүсірепов, Ш. Иманбаева, А. Тоқмағанбетов, М. Дәулетбаев, Ғ. Малдыбаев, Ө. Тұрманжанов қосылды. Иса Байзақов, Н. Баймұратов, К. Баймағанбетов, Қ. Айнабеков және басқалар халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының дәстүрлі формаларында жырлады.
Шығармашылығын революцияға дейін бастаған демократ-жазушылар С Торайғыров, М. Сералин, Ш. Құдайбердиев, әдебиетте тек 20-жылдары ғана алғашқы қадамдарын жасаған I. Жансүгіров, М. Әуезов, С Мұқанов, сондай-ақ халық ақындары Жамбыл, Байғанин, Нартай Бекежанов, Кенен Әзірбаев және басқалар жаңа өмірге үн қосты.
Қазан революциясының жыршысы С Сейфуллиннің «Қазақ жастарының марсельезасы» өлкеге кең тарады. Ақындар өлеңнің ескі формаларын, дәстүрлі көркемдік тәсілдерін пайдалана отырып, жаңа өмір жолындағы күресті қазақ даласындағы зор өзгерістерді жырлады.
Қазақ әдебиетінің тағы бір көрнекті қайраткері Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) шығармашылық жолы қиын да ауыр болды. 1923-1927 жылдары Мәскеудің әдеби көркем институтында оқып жүрген ол әдебиеттің халық өмірімен тығыз байланысты болуын қолдады. Бұл ретте оған ағартушылық, еркіндік және демократиялық тұрғысынан қарады. Оның шығармаларында ұлт-азаттық күрес сарыны бар еді. Ақындық шығармашылықтың ең жарқын үлгілеріне Жамбылдың «Замана ағымы» дастаны мен И. Байзақтың «Құралай сұлу» дастаны жатады. Олар халықтың өткен замандағы ауыр халін көрсетті және еңбекшілердің жаңа өміріндегі қуанышын жырлады.
Қазақ әдебиеті, бір жағынан, халық поэзиясының қуатты ықпалын, екінші жағынан, орыс кеңес әдебиетінің жемісті әсерін қабылдап отырды. М. Горькийдің, А. Серафимовичтың, Д. Фурмановтың, Ф. Гладковтың, В. Маяковскийдің, Д. Бедныйдың және басқалардың шығармаларымен таныса отырып, олардан қазақ жазушылары бұқараның революциялық күресін, адамдар арасындағы жаңа қатынастарды шынайы бейнелеуді үйренді.
Қазақ тілі мен әдебиетін танудың бастаушысы, ана тілін ғылыми зерттеудің негізін қалаған Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосты. Дарынды ақын әрі көрнекті аудармашы орыс ақындары мен жазушыларының шығармаларын тәржімеледі, А. И. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды.
20-жылдардағы қазақ кеңес интеллигенциясының тамаша саңылақтарының қатарына Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) жатады. Ол — романшы, драматург, аудармашы. Оның көркем шығармалары эстетикалық бояуының байлығымен, шебер көркемдік баяндалуымен, тілінің айқындылығымен, стилінің әсемдігімен оқшауланады. «Қартқожа», «Ақ білек» романдарында, «Нүр күйі», «Мансапқор» пъесаларында еңбекші халық пен интеллигенция өкілдерінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Қазан революциясына және азамат соғысына қатысқандардың тұтас бір галлереялық образдарын жасады: сол жылдардағы қазақ ауылының реалистік көрінісін, қазақ даласындағы алғашқы революциялық қайта түлеудің мән-мағынасын ашып көрсетті.
Социалистік мәдени құрылыстың аса маңызды міндеттерінің бірі — халықтық көркемдік шығармашылықты барынша дамыту, халық таланттарының өсуіне жағдай жасау, кәсіби өнердің мазмүнын байытып, жетілдіру. Әуесқойлар театрларының сахнасыңда қойылған спектакльдер еңбекшілердің көкейкесті мүдделерін білдіріп, барша жүртқа үнады, өйткені олардың қаһармандары — тапқыр әрі байсалды шопандар, сараң байлар, жүрегі қалаған жігітпен қосылып, бақыты үшін күрескен қыздар еді.
Көркемдік ұжымдарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне Саяси-ағарту бас комитетінің (Главполитпросвет) театр бөлімшесі басшылық жасады. 20-жылдардың басында Орьшборда, Алматыда, Ақмолада және басқа қалаларда өнерпаз театр топтары қүрылды. Олардың ішіндегі ең мықтысы -Семейде 1922 жылы қүрылған драмалық труппа үйірмесі, оған медтехникумның оқытушылары мен студенттері енді. Кейін қазақ өнерінің белгілі қайраткерлері болған Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Ж. Елебеков және басқалар өнер жолдарын осы театр сахнасында бастады. Оның жұмысына М. Әуезов белсене қатынасты.
1926 жылғы 13 қаңтарда қазақтың тұңғыш кәсіби театры салтанатты түрде ашылды. Әртістер М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пъесасьшан үзінді көрсетіп, концерт берді. Театрдың тәжірибесі жеткіліксіз болды, труппада актрисалар тым аз еді, декорация, реквизит, грим — осының бәрін табу көп қиындық тудырды. Репертуардың жұпындылығынан театрдың белгілі шығармашылық бағдары да болмады. Алғашқы кезде театрдың қызметінде концерттер басым болды.
Қазақ драматургиясы дамыған сайын театрдың репертуары да молая түсті. Бастапқы күндерден ол жұрттың көңілін көтеріп қана қоймай, оларды тәрбиелеуте, жаңа өмірге баулуға тырысты.
Халық музыкасының асыл қазыналарын жинауда және халық әншілерін, музыканттар мен композиторларды іздестіріп табуда орыстың тамаша музыка зерттеушісі әрі композитор Александр Викторович Затаевич аса зор рөл атқарды, ол қазақтың 2300 әні мен күйін жазып алды. 1925 жылы «Қазақ халқының 1000 әні», ал 1931 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты кітаптарын шығарды. Оның жинақтарының материалдары кейін ірі-ірі композиторлардың бірқатар шығармаларына негіз болды. А. Затаевичтің музыка саласындағы еңбегі жоғары бағаланды, 1923 жылы оған қазақ өнерінің тарихында тұңғыш рет республиканың Халық әртісі құрметті атағы берілді.
Қазақ музыкасын республикадан тыс жерлерде насихаттаудағы алғашқы қадамдар 20-жылдары жасалынды. 1923-1924 жылдары тұңғыш рет Мәскеуде қазақ әншілері мен музыканттарының концерті болды. Көп ұзамай қазақ музыкасы шетелдік сахнаға шықты. 1925 жылы Парижде өткен этнография өнерінің Бүкіл дүниежүзілік көрмесінде Әміре Қашаубаев өзінің әсем де ерекше кең көмей дауысымен қазақтың тамаша әндерін орындап, тыңдаушылар мен төрешілерді таң қалдырды, оған екінші дәрежелі сыйлық берілді. 1927 жылы ол Майндағы Франкпуртта (Германия) өткен Бүкіл дүниежүзілік музыка көрмесінде өз өнерін көрсетіп, дәл осындай табысқа жетті. Германияның басқа да бірқатар қалаларына гастрольдық сапар жасады.



  1. ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ ЖАЙЫНДА

2.1 Ахмет Байтұрсынұлының тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі


Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің


мақсаты деп санаған. Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминологоия дүниесін жасауына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істе-ріне араласуына да алып келген - өзі діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
Ахмед Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен
істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы
мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде
нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-
жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы Қазақ газетінде Оқу жайы деген бас
мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов болатын. Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді: Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік,-дейді. Надандық деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі – оқытушылар даярлайтын оқу орындарына, мысалы, Орынбордағы Учительская школаға қазына есебінен (яғни стипендия алатын) 7-8 орын ғана берілетіндігі, оқуға түскісі келген балалар өз қаражатымен оқуға тиіс болатындығын айтады.
Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екенді-гін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе? деп келісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы - бастауыш мектеп. Сондықтан
А. Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші саты-сына қатты назар аударады.
1914 жылы Бастауыш мектеп атты көлемді мақаласын жариялайды. ('Қазақ,
1914. № 61, 9 мамыр). Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес екендігін оларда программа, оқу құралдары дегендердің, жоқтығын мұғалімдер-дің жетіспейтіндігін айтады. Бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болуы керек дей келіп, халық сауатын ана тілінде ашуы керек, атап айтқанда бастауыш мектеп бес жылдық болсын алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді. Бастауыш мектептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану пәндері жүретін болсын дел нақты айтады.
Міне, бұл айтылғандардың барлығы А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту
жайындағы ой-пікірлерін көзқарасын тілек-талаптарын танытады. Өткен
ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы
үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған
тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін. білеміз. Осы салада одан
кейінгі нақты іс істеген екінші адам (екінші Алтынсарин) Ахмет
Байтұрсынов болды. Міне, осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгін-де жалаң ағартушы болып қана емес, ғалым-ағартушы болып та көрінді. Ол қазақ тілі мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілін-де тұңғыш баяндаушы ғалым.
Атап айтқанда, А.Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен
(графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары
сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде
қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілнің дыбыс
жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің
фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі. 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) өмірбаянында 1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шүғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейінең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық, құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жағымсыз әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шүғылдандым деп жазады.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы
пікірлерін ол 1912 жылдан бастап Айқап журналы мен Қазақ газетінің
беттерінде білдіре бастайды. Айқаптың 1912 жылғы 9–10 нөмірлерінде
Шаһзаман мырзаға атты кө-лемді мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын
білдірмейтін: 3 және жуан т, с. сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне
енгізбеу керектігін сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына
дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді, Қазақ газетінің 1913
жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында Жазу мәселесі деген үлкен
мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады. А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Ол Оқу құралы (қазақша әліф-бе) деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда басылды. Солардың қатарында шыққан А. Байтұрсыновтың әліппесі – Оқу құралы 19І2-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқу-ағарту жұмысында ұзағырақ әрі кеңірек пайданылды.
Оқу құралы таңбаларын танытудан басталады. Кітап бетінің төменгі
тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі.
Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас текстер Тіл-құралдың
синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересек-тердің сауатын ашуға арналған
әліппе – Сауат ашқыш деген кітапта орын алған. Бұларда автор Қожанасыр,
Алдаркөсе әңгімелерінен бастап, халық аузындағы аңыз-әңгімелерді, билер
сөздерің бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларын Абай, Ыбырай және өзінің өлеңдерің аударма және төлтума мысалдардың Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан жасалған аудармаларды, Ыбырай Алтынсариннің Хрестоматиясындағы кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақынның Кеңесары – Наурызбай поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған. Бұл текстердің мазмұнында оқушыға теріс тәрбие беретін жамандыққа баулитын идея; жоқ, керісінше, оқу-білімге, еңбекке шақыратын адамгершілікті уағыздайтын жолдар көзге түседі. Міне, А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай. А. Байтұрсынов – қазақ әдебиетін зерттеуші. А. Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айрықша зор болды.
Өткен ғасырдық II жартысында-ақ халық. ауыз әдебиеті үлгілерін
жинап, жарыққа шығару дәстүрі отандық филологияда бел алған игілікті іс
болды. Бұл дәстүрді әр халық интеллигенциясы-ның озат екілдері жақсы қабыл алып, өздері де ат салысқанда-ры мәлім. А. Байтұрсынов та 1895 жылы
Тургайская газета-нын бетінде, № 39, 24 қыркүйектегі санында Киргизские
приметы-пословицы деген атпен материалдар жариялайды. Мұнда шаруашылық жайын ойлап, жазғы-кысқы, ертеңгі-кешкі ауа райын болжап айтқан 36 түрлі халық сөзін береді. 1923 жылы Ер Сайын жырын Москвада жарыққа шығарады, оған алғы-сөз жазып, түсініктемелер береді. 1926 жылы 23 жоқтау атты жинақ түзіп, оны да Москвадан шығарады. Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері берілген. Қазақ тарихының 400 жылың қамтитын- мұндай үлгілерді жариялаудың мақсат-мәнісін кітаптың алғы сөзінде түсіндіріп кетеді. Әдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудіа басы деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы 39-41 сандарында жарияланған Қазақтың бас ақыны деген көлемді мақаласын атауға болады. Бұл – ұлы Абайдың творчествосы туралы арнайы жазылған алғашқы еңбектердің бірінен саналады.
А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты келемді еңбегі – әдебиеттану ғылымы мен қазақ, әдебиеті тарихына арналған тұқғыш зерттеу жұмысы мен бүгінгі әдебиеттану саласынық басы. Әрине, қазіргі ғылым дәрежесімен өлшегенде, бұл кітап әдебиеттанудың бүкіл теориялық мәселелерін түгел қамтымағанмен осы саладан қазақ оқырманына ұсынылған алғашқы таным-білім. Оның құндылығы да осында. Мұнда да автор әдебиет теориясына қатысты көптеген мәселелерді өзі талдап-танытып, әдебиет қатегорияларының терминдерін өзі ұсынады. Бұл терминдер де
күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығын көреміз.
Ғалымның ауыз әдебиеті мұраларын халықтың рухани қазынасынын сарқылмас көзі деп тануына және әдебиетті зерттеп, теориясын сөз етуіне оңың сөз өнерін жалпы өнер атаулыны, оның ішінде музыка өнерін сүйе білгендігі себепкер болған. Ахмет Байтұрсынов музықадан мол хабары бар, оны тани білетін адам болған өзі жақсы домбырашы да болған пианинода да ойнай білген. Қазақтық музықа өнерін тұңғыш зерттеп, әлемге танытушы атақты А. Затаевич Қазақ халқының 1000 әні деген 1925 жылы Орынборда шыққан кітабында Ахмет Байтұрсыновтың өз жұртының әндерін жақсы білетіндігін және ол әндерді тамаша орындайтындығын әрі шебер домбырашы болғанын жазады.
А. Байтұрсыновтың тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих
мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек. М. Әуезовтің 1923 жылы жазғанына қарағанда, ол 1923 жылы Мәдениет тарихы атты кітабын жазып бітірген екен. Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдей отырып, тұңғыш әліпбиін жасады. Себебі, әркімнің тіліне еріп, адасып жүрген жұртына Қазақ әліпбиін тайға таңба басқандай жасап берді. Қазақ елін сауаттандыруда тарихи рөл атқарған. Араб графикасына бейімделіп, бар болғаны 28 әріптен тұратын бұл әліпби әдістемелік оқулығымен бірге 1912-жылы елдің қолына тиіп, ауылда балалардың сауатын ашу үшін сол жылдан бастап қолданыла бастады. Аталмыш оқулықта оқыту әдісі көрсетілгендіктен бір жағынан оқытушыларғада жеңіл болды, екінші жағынан оқушы балалар бір жылда хат тану мүмкіндігіне ие болды. Бұл оқулық 1912-1925 жылдар аралығында жеті рет басылып, оқу-ағартушылық салада біраз уақытқолданылады. Әліппеде дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың жеңілден қиынға қарай қағидасы бойынша жеке сөздерді оқытудан басталады да, кейін қысқа-
қысқа мәтіндер алынады. Ал жеке сөздер алынғанда, екі дыбыстан тұратын
қысқа, жеңіл сөздерден басталып, бірте-бірте күрделенеді. Мысалы, бал,
бала, балалар, ас, аса, асар т.б. Бұл қағида оқушының оқуды, жазуды,
сөйлеуді тез үйренуін қамтамасыз ету, оқыту үрдісін жеңілдету жолдарын
іздеуден шыққан. Ахмет екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп, оларды түрлендіріп, тіпті жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала тілін дамытудың түрлі әдістерін қолданған. Олар күрделене келе мәтіндерге айналған. Ол өте кіші мәтінен басталып, ары қарай күрделене береді. А.Байтұрсынұлы әдістемесінде аз дыбыстан тұратын сөзден бастау, жаттығуды аз сөйлемнен, мәтінді өте шағын түрінен бастау, оларды біртіндеп қана кеңейту, күрделендіру тәсілі айрықша орын алады. А.Байтұрсынұлы Оқу құралының алғашқы бетін балаларға арналған өлең жолдарынан бастайды.
«Балалар! Бұл жол басы даналықа.
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!» [56]
Осы өлең жолдарын оқи отырып А.Байтұрсынұлы сауат ашуға шақыратындығы көрінеп тұр. Жасаған істерінің барлығы болашақ жас ұрпақтарға қалдырған үлкен ерең еңбегі десек қателеспейміз. Ол сонымен бірге - қазақ тілі грамматикасын яғни, фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін және терминологиясын жүйелі түрде ғылыми түзеген. Қазақтың дыбыс жүйесін, сөз жүйесін, сөйлем жүйесін, терминологиясын толық зерттеп, қазақ тілі грамматикасының негізін салды. Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы бұл ғылыми еңбектерін кезінде Орта Азия, бүкіл түрік әлемі мойындап, қолдап және Ахаңның лингвистика саласындағы зор жетістіктерін өздерінің грамматикасында пайдаланды. Сондай-ақ қазақ тілінің шамын жағып, тіл заңдылықтары мен грамматикасының негізін қалап кеткен Ахметтің үш бөлімнен тұратын Тіл құрал атты үлкен оқулығында ал­ғаш рет фонетика, морфология, синтаксис ұғымдарына кеңінен талдаулар берілген.
Әліпби - тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы.
М.Әуезовше айтсақ, Ақаң ашқан қазақ мектебінің ұстанымы - қазақ баласын
ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның танымдық талғамын қазақша
қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен өз тілін араластырып, қойыртпақ тіл жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да ағартушы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді
болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін
ұстанды.
А.Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту
мәселесі арнайы сөз барысында, оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге арнайы бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалды. Ә.Садуақасовтың: Адамды бір – бірімен қоғамдастыратын басты құрал - тіл болып табылады, - деген.
Бастауыш сыныптарда балаға тілдің фонетикалық құбылыстары, лексикалық ерекшеліктері, грамматикалық заңдылықтары үйретіледі. Мұнда мұғалімдердің алдында екі міндет тұрады. Бірі – оқушыға сөздің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуын үйрету. Екіншісі – сөз қорын молайту, оларды дұрыс қолдану.


2.2 Алаштың ардақты арысы - Міржақып Дулатұлы

Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі. М.Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтармен тығыз байланысты. Қазақтың зиялы қауым өкілдері сол қоғамның ең өзекті мәселесі отарлық езгіге қарсы ұлттың санасын оятып, оны қалыптастыру жолында өздерінің шығармашылық қызметтерімен де, қоғамдық-саяси қызметтерімен де алға шығып, қалың қазақ халқын соңдарына ілестіре білді. Қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай күресті. Осы мақсатта «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттері арқылы орасан зор жұмыстар атқарды. Жастарды қоғам ісіне тартуда, олардың ой-санасының жетілуіне қажетті мәдени-ағарту саласында жүргізген қызметтері ұшан-теңіз. Міржақып сол кезеңдегі үкіметтің жүргізіп отырған саясатын шенеп, қазақ елінің егемендігі, ел болып жерге, суға иелік ету мәселесі, қазақ шаруаларының мұң-мұқтажы, қоныс аударушылар жайлы газет бетіне мақала, сын, әңгіме, өлеңдер жариялай бастайды. Оның алғашқы үкімет саясатын сынай жазған мақаласы «біздің мақсатымыз» деген атпен 1907 жылы «Серке» газетінде басылып шығады. Ал 1909 жылы Петербургте Міржақып Дулатұлы қазақ халқының көзін ашуға талпынып «Оян, қазақ!» деген кітабын жариялайды. Ақын «Оян қазақта» патша өкіметінің қазақтардың малға жайлы шұрайлы жерлерін тартып алып, ата-баба бейітін бұзып, халықты қалай болса солай тартқылап, не тіліне, не діліне, не жеріне иелік етуге мүмкіндік бермей, әбден езіп, жаншығаны Міржақыптың жүрегіне ауыр тиеді. Осы өлеңі арқылы халықтың ауыр тұрмысын ойлап, сынға алып жазады. «Оян, қазақ!» кітабы патша үкіметіне ұнамағандықтан М.Дулатұлы қамауға алынады.


1913 жылы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлылардың белсенділігімен «Қазақ» атты биресми газет шығарыла бастайды. Бұл газетте негізінен қазақ халқының қоғамдық мүдделерін көксеген жер, оқу-ағарту, ұлт, дін сияқты маңызды мақалалар жарияланды. Сөйтіп «Қазақ» газеті қазақ зиялыларының басын біріктірді. «Қазақ» газеті арқылы «Алаш» партиясын дайындауда да елеулі жұмыстар атқарды. Қазақтың ұлт интеллигенттерінің алғашқы қадамы, қазақты біріктірудегі, көзін ашудағы, сана-сезімін оятудағы жұмыстар тікелей осы газет арқылы іске аса бастады. «Алаш» автономиясы мен Алашорда үкіметін құруда Міржақып Дулатұлы көп еңбек сіңірді. Сонымен қатар М.Дулатұлы – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. «Оян қазақ!» кітабынан бөлек, екінші өлең кітабы 1913 жылы Орынборда «Азамат» деген атпен жарыққа шығады. «Азамат» жинағына негізінен нәзік лиризм тән. Мұнда ақын адамның ішкі сезім-толғаныстарын, табиғаттың әсемдігін айшықты бедерлеуге ден қойған. «Мұң», «Сырым», «Арманым» өлеңдерінің осылай аталуларында да үлкен мән жатыр. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері – ел еркіндігін аңсаған, сол үшін ғұмырын арнаған күрескер жан. Міржақыптың үшінші өлеңдер жинағы – «Терме» 1915 жылы шыққан. Кітапта ағартушылық сарындағы бірсыпыра өлеңдерімен («Шәкірт») қатар «Оян, қазақ!» рухындағы туындылар да баршылық. Солардың ең елеулісі – «Елім-ай» өлеңі. Өлең, мәңгі ұмытылмас халық трагедиясының ескерткіші, әйгілі «Елім-айды» еске түсіреді. Осы айтылған үш кітапта да ақын өлеңдерінің басты тақырыбы – ел, жер тағдыры болды. Кітаптың негізгі мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдерден тұрады. Сол себепті де автор көп қудаланып, қуғынға ұшырайды.
М.Дулатұлының қазақ әдебиетінде роман жанрын дүниеге келтірген құнды шығармасы - «Бақытсыз Жамал». Бұл роман бірінші рет 1910 жылы Қазан қаласында басылып шығады, екінші рет 1914 жылы, үшінші рет 1991 жылы қазақ оқырмандарымен қайта қауышады. «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындылығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне үлкен жол ашты. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар cұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген, жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр - ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды. Шығарманың орыс, қазақ әдеби сынынан кезінде-ақ жаңа жанрдың төл басы, үздік көркем, реалистік туынды ретінде жоғары бағасын алғандығы мәлім. Міржақып Дулатұлы 1925-28 жылдары Қызылорда қаласы астана болып тұрған кезде Селеверстов 17-үйде тұрған. Осы жерде өзінің көптеген әдеби туындыларын өмірге әкелген. М.Дулатұлының отбасында қазақтың сол заманының белгілі зиялылар тобы, небір майталман ақын-жазушылары мен жезтаңдай әншілері қонақта болып, осы үйден дәм татып, мәжіліс құрған. Атап айтсақ, Нәзипа Құлжанова, Ілияс Байменов, Әліби Жангелдин, Серке Қожамқұлов, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Смағұл Садуақасов, Қошке Кемеңгеров, Әлібек, Әуелбек Қоңыратбаевтар және т.б. М.Дулатұлының қызы Гүлнар апай өзінің естелік кітабында: «Біздің үйде болған кісілерді сағынышпен есіме түсіріп, көз алдымнан өткізіп, тізімін жазып шыққанымда, есімде қалғандары ұзын саны – 114-тен астам екен», -деп сағынышпен сол жаймашуақ кезеңдерді еске алады [67]. М.Дулатұлы осылардың әрқайсысына көмек қолын ұсынып, қазақ ұлтының дамуына, әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне мол үлес қосқан. Қорыта айтқанда, Міржақып Дулатұлының еңбектері, сол қоғамдағы атқарған сан-салалы қызметтері өскелең ұрпаққа үлгі боларлық құнды дүниелер. Тәуелсіздігіміздің тізгінін ұстайтын болашақ жастарымыз М.Дулатұлының шығармаларын оқи отырып, өздерінің таным-түйсігін қалыптасырады, болашаққа деген сенімін нығайта түседі. 
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
Халық тағдыры М. Дулатовтың прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын [69].
Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.
Дулатұлыныңтың Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мурасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады.
Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас.
- деген салыстырма жасайды. Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық, атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов Абайдың шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген.
Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатовпен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.

2.3 Сәкен Сейфуллин және тіл




Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 - 1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған. Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс - қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.
Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері С.Сейфуллинді де тіл мәселесі қатты толғандырған. Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Т.Кәкішевтің қажырлы зерттеулерінің нәтижесінде Сәкеннің тіл туралы жазған 9 мақаласы бізге жетті. Мүмкін одан да көп мақала жазған шығар. Өйткені, саяси жағдайға байланысты көп құнды еңбектері жоғалып кеткен ғой.
Мәселен, 1923 жылы 15 қаңтарда жазған «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген еңбегінде: «Біздің бір үлкен кемшілігіміз – басқа жұрттан бұрын өзімізді «киргиз» дейміз. Біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Егерде біздің қазақ бұл қатені түзетем десе,оп-оңай түзетіп әкетер еді» деп айтқан сөздері, әрине, қазіргі таңда жүзеге асты.
Енді «қазақ» деген атымыз қайтарылып, егеменді ел болдық. С.Сейфуллин «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек» атты еңбегінде де тіл мәселесін кеңінен қозғаған. 1923 жылғы 9 маусымдағы мақаласында: «Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыстан, ауданнан бастау керек. Волостной исполкомдарда істі қазақ тілінде жүргізу үшін уездерде соларға кісілер даярлап жіберетін курстар ашылу керек. Ауылдан, болыстан, ауданнан қаладағы мекемелерге қағаз жазғанда ылғи қазақ тілінде жазып отыру керек. Қалалардағы мекемелер қазақша жазылған сөздерді алып тексеріп отыруға міндетті. Күллі тілдің бәрі бірдей жүреді деген закон бар. Енді қазақша хат білетін кісілер де бағалырақ болу керек. Әлі қазақша хат білмейтін адамдар французша білсе де Қазақстанда бір кезде іске аспай қалуы ап-анық нәрсе» деп жазды. Бұл нағыз сол кезде ерлікке тән еді.
С.Сейфуллиннің «Не қылдыңдар?» деген мақаласына байланысты «Қазақстанның орталық кеңесі комитетінің жаңада болып өткен 3-ші жалпы жиылысы «Қазақстанда қазағы көп жерлерде мекеме істері қазақ тілінде жүрсін, бұл алдымен болыстарда басталсын» деп қаулы алады. Бұл мақаласында жалпы жиылыстағы бекітілген қаулының орындалуына көңілі толмайтындығын баяндайды. Бүгінде, ел Тәуелсіздігі заманындағы мемлекеттік тілді дамыту жөнінде бір бітпейтін дау-дамайлар мен сол кеңес кезеңін салыстыруға болады. Сәкен Кеңес билігіне бағыныштылығына, заманының қатаңдығына қарамастан, басын қатерге тігіп, тіл туралы тайсақтамай айтты. Және бұл мәселеде табандылығынан таймады. Сол кездегі үкіметтің тіл туралы қаулысына көп шенеуніктердің немқұрайлы қарап келе жатқанына қынжылып, ресми газетке келесі мазмұнда ашық хат жариялайды: «Қазақ тілін нақты түрде кеңсе тіліне кіргізу үшін қазақша жазуды жақсы білетін, кеңсе істерін тәуір білетін әм орысша білетін адамдар керек. Тез, шындап іздесе бұлар табылады.Бірақ сонша адам табылғанша қазақ тілін кеңсе істеріне кіргізу жұмысын тоқтатып қоймай, үсті-үстіне істей беру керек» - дейді [59].
Сәкен ағаның Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы қызметіне кіріскен кезде де алғашқы көтерген мәселесі осы тіл мәселесі болды. Бір мақаласында былай деп жазды: «Аз ғана ақыға орысша әм қазақша білетін адамдар қызмет қыла қоймайды. «Орысша –қазақша білетін» дегенім ... біздің Қазақстанның көп жерінде орыс пен қазақ аралас. Сол себепті орыс пен қазақ аралас отырған жерлердің кеңселеріне қазақша әм орысша жазуды бірдей білетін адамдар қазіргі уақытта бағалырақ болады». Бүгінде заман ағымына сай Қазақстан азаматтарының екі немесе үш тіл білу талабы сол кездегі С.Сейфуллиннің идеясымен үндесіп жатыр деп айтуға болады. Әрбір мемлекеттік қызметтегі адам бірінші мемлекеттік тілді білу керек дегені заңы да, өз жалғасын табуы тиіс. Сәкен Сейфуллин осындай күн туарын білген де, сезген де, сенген сияқты. Осы қарқынмен тіліміздің дамуы жолындағы жұмыстар әр түрлі себептермен кідірмегенде, бүгінгі мемлекеттік тіліміздің жағдайы мүлдем басқаша болар ма еді, кім білсін?
Белгілі ғалым, сәкентанушы Тұрсынбек Кәкішұлы былай деп жазады: «Тіл –бүкіл тұрмыс-тіршіліктің тірегі, халықтың рухы, жаны. Сондықтан да қазақ тілінің аман-саулығы, тіршілігі күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келе жатыр. Тіл үшін отқа түсіп, суыққа тоңғандардың бір несібесі халық алдында артық, ол еш уақытта ұмытылмайды, асқақтатай береді. Тарих өткелдері қиын. 1930-32 жылдардағы ашаршылықта жартысы қырылып қалған халықтың «Алла құдайлап» есін жия бастаған кезінде 1937 жылдың қара дауылы соғып, зиялысы былай тұрсын, қара танитындарды түгелге дерлік жалмап жұтты. Сол тұста қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жоқтайтын жан шыға қоймады. Сәкен іждаһат салған алғашқы декрет осындай қасіретпен аяқталғанды».
Сол кезеңнің қатал да қатерлі саяси жағдайы, көзі ашық зиялыларымыздың өмірін қиғанымен, өмірінің соңына дейін қазағым деп өткен азаматтың тіл туралы жазған еңбектерінің зая кетпегенін, әрбір қазақтың жүрегінде сақталғандығын, бүгінгі таңда қазақ тілі мен әдебиетінің дамуын халыққа насихаттау ісінде ұйтқы болып отырған бас қаламыздағы мәдени мекемелердің бірі Сәкен Сейфуллин мұражайына келушілердің көзқарасынан көруге болады. Олар әр құжаттың мазмұнымен мұқият танысып, өздерінің таңданысын білдіреді.
Тіл - біздің ертеңіміз. Ана тіліміз – ұлттығымыздың, мемлекеттігіміздің белгісі. Қазақстанда өмір сүретін әр азамат елін ойласа, ұлтының рухын ойласа, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуы қажет. Қазақта «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген керемет нақыл сөзде айтылғандай, тілдің құдіретін бүгінгі жас ұрпақ ерте сезінуі керек. Ол үшін балабақшаларда, мектептерде көп жұмыс жүргізілуі қажет. Бүгінгі жастар ойын ашық айта алады, жаза алады, өз тілін біледі. Бірақ, сол тілді жоғалтпау үшін, тілдің дамуы үшін күрескен зиялыларымыздың қандай қиын кезеңде өмір сүргенін біле ме екен? Оны біліп, жете түсіну үшін оқу бір бөлек, сол кездегі құжаттарды көзбен көріп, танысу ол тіптен басқаша әсер береді. Сол үшін де үнемі мұражайларға барып, терең мағлұмат алып тұру қажет. Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин мұражайы сондай игі істерді атқарып отыр.
Мемлекетіміздің тіл деңгейін одан ары асқақтату үшін, өткенімізді ұмытпау - біздің парызымыз. С.Сейфуллиннің көзі тірісінде бастаған ісі, қалдырған мұралары, еңбектері, айтқан нақыл да өткір сөздері арқылы қазіргі жастар көп мәлімет ала алады.
Оқырман «Тар жол, тайғақ кешуді» оқып отырғанда Сәкен Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі деген атаулардың бәрін араластыра қолданатынын, ара-жігін ажыратып айтпайтынын түсінбеуі мүмкін. Ал, кейде оларды басшыларымен, әсіресе, Әлихан Бөкейханмен бауырластырып жіберетін сәттеріне ренжуі де мүмкін. Бұның себебі, романэсседегі оқиға 1916-1919 жылдар аралығын қамтығанмен, шығарманың жазыла бастауы – жиырмасыншы жылдар. «Қызыл Қазақстан» журналына үзінді болып жарияланған «Тар жол, тайғақ кешу» бас-аяғы жиналып, романэссе деңгейіне жеткен тұста, жоғарыда аталған Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда автономиясы деген терминдер қолданысқа толық енген кез болатын. Орынборда өткен Жалпықазақ жиындарының ара-жігін ашпай, съезд деп беруі, терминдердің кішігірім ауытқуларға ұшырауы Сәкен тарапынан кеткен дәлсіздіктер болып есептеледі де, ол қазір Алаш азаматтарының пайдасына шешілуде. Алаш қозғалысына басшы болған Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай сынды ұлы азаматтарды талай қияпатта суреттейтін тұстары да бар. Сәкеннің Алаш азаматтарымен қарым-қатынасын «Тар жол, тайғақ кешуден», қайсыбір даңғаза әңгімелерден, Сәкеннің Әлиханға көзқарасының роман-эсседе суреттелуіне байланысты дабыраланып жүргенін де жоққа шығаруға болмас. Сондықтан, Сәкен-Әлихан арақатынасын тек пенделік тұрғыдан ғана емес, тарихи жағдайымен салыстырып қарағанда ғана өзінің дұрыс шешімін табады. Бар өмірін өз халқының болашағы үшін күреске арнаған ірі қайраткер, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейхан тарихымыздан өз орнын алды.
Халқын ұлы мақсатқа жеткізудің оңтайлы жолын іздеген қайраткердің еңбегі әрқашанда айрықша құрметтелуге тиіс. Қазақ халқы азаматтық, теңдік алу үшін орыс еңбекшілерімен одақтаса іс-әрекет жасауға тиіс деген түсінік Сәкенде басым болғаны рас. Бұл жерде біз бір нәрсені естен шығармауымыз керек – ұлт-азаттық күрес тұсында ағаларына алаңдаған, қандай ақыл қайтадан орнатпаққа күш-жігер жұмсап жүр дегенді осы роман-эсседен кездестіреміз. Хандықты өткен кезең деп білу Сәкенге талай ащы сөздер айтқызып тастатады. Әрине, Әлихан Бөкейханның қазақ халқының санасезімін оятуға қосқан үлесі мол. Ұлттық мүддеге жету жолында тактикалық талай қадамдар жасалатындығын диалектика заңы теріске шығармайды. Оны Сәкен де түсінген, ұққан.
Қадір-құрметін жайып салуға даяр екенін роман-эссенің алғашқы тарауында-ақ аңғартады. Алайда, Қазан төңкерісінен кейін жасақ ұйымдастырғаны, қанды майданға шыққаны, большевизмге қас болуы төңкерісшіл Сәкенге ұнамағаны былай тұрсын, тіпті, таптық өшпенділікке ұластырып жібергендей көрінетін тұстары да жоқ емес. Егер, «Тар жол, тайғақ кешуде» өңсіз беттер, ащы теңеулер, орынсыз салыстырмалар кездесер болса, ол да екі идеологияның әсері деп білу керек. Ал, енді бір-біріне деген теріс қылықтары онша көріне бермейді. Тарихтың дауылды кезіндегі қай сәт болмасын, күні бүгінге дейін беймәлім болып келген, тереңде жатқан құпиялардың бірі – Сәкен Сейфуллиннің Алаш азаматтарына деген адамгершілік, азаматтық көзқарастарындағы бүгінгі уақыт талабы күтпеген риясыз тазалығы. Біздің бұл ойымызды шығарманың өн-бойы дәлелдей түседі. Енді осы кең тынысты тарихи шығарманың дүниеге келу мақсатына міндетті түрде зер салу керек. Себебі, Сәкеннің қыр соңынан қалмай айтылып келе жатқан жала, ол – «Алаш азаматтарын ұстатқан Сәкенміс, Алаш азаматтарының аты-жөнін тізіп, Сталинге хат жолдаған Сәкен-міс» – деген дабысы дардай көрінгенімен, көзге көрсетер, қолға ұстатар нанымды фактісі жоқ ғұмыры қысқа «ожар» ойлар. С.Сейфуллин шығарманың беташарында былай деген: «Мақсұт – 1916-17-18-19 жылдарындағы тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің (революцияның) Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген осы оқиғаларының баспа жүзінде із қалдыру» [61]. Ал, осы жолдарды соңғы басылымдарында «…әйтеуір, із қалдыру болды» деген. Автордың бірінші басылымында болмай, соңғы басылымына кірістірген «әйтеуір, болды» деген сөздер, пайымдар оқырманға шығарманың заман талабымен өзгеріске түскенін меңзеп тұрғандай. «Мұнда талай кісілердің аттары аталады. Тарихи қозғалыстың өзі көрген, білген оқиғаларын жазған соң, әрине, «кісілердің аттары кірмесе болмайды. Мақсат – біреуді көтеру, біреуді жамандау емес. Зор қозғалыстың, зор өзгерістің әр кезінде әртүрлі пікір, әртүрлі әрекет болған. Ол – тіршіліктің, тарихтың ісі. Бұл кітапта «Алаш» туралы әңгімелер айтылғанда, сол Алашорда болғандарды айыптамақ ниетімен айтылып отырған жоқ. Тек әңгіме тарихи мағлұмат ретінде ғана баспа жүзіне шықсын деген оймен айтылды» – деген Сәкен [62]. Бұл жерде Сәкен тарихи шындықты еш өзгеріссіз жазғанын айтып отыр. Сәкеннің Алаш азаматтарына деген көзқарасын тек «Тар жол, тайғақ кешуден» суыртпақтап алуды ғана мақсат тұтқандықтан, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаевқа тоқтала кету қажет. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциялары сияқты Сәкен де Ахаңа үлкен құрметпен қараған. Сыйлаған. Құрметтеген. Қадір тұтқан. Өзінің «Тар жол, тайғақ кешуінде» басқа қайраткерлермен Сәкеннің қарым-қатынасы жайында кейде қинала әңгімелеуге тура келсе, Ахаң аты жиі аталғанмен, Сәкеннің ашына да таусыла айтқан ойы жоқ. Қайта әр тұста Ахаң жөніндегі ілтипаты бой көтеріп қалып отырады. Ал, Мағжан мен Сәкен байланысы роман-эсседе тек бірінші жалпы қазақ жиынына делегат сайлау тұсында болмаса, көрінбейді. Мағжанды Сәкен өз шығармасында көрсетпегендіктен емес, Мағжан – қазақ поэзиясында классик ақын болғанмен, саясатта «классик» деңгейіне көтеріле алмаған азамат. Қазақтың бағына ол өте дұрыс та болған сияқты.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары бір-біріне пікір білдіруде көкейге түйгенін айтудан еш жасқанбаған. «Үш жүз» партиясы мен Алаш азаматтарының арасындағы бір-біріне деген көзқарас, қарым-қатынас кереметтей жақсы болмағаны тарихтан белгілі. Әсіресе, «Үш жүздегілердің» Алаш азаматтарын «орыстан қатын алған», «балдары орыс», «дін бұзған», «сары орыстың бәрі орыс» деп сөгіп жатқанда Сәкен Сейфуллин ақиқатын айтып, шындықтың шырайын шығарып, әділ төрелігін танытқан. Сәкен Сейфуллин «Үш жүздің» «Бөкейханды және кейбір Алаш көсемдерін мінегенде «орыстан қатын алған», «балдары орыс», «дін бұзған» дегендері үлкен шатасқандық. Өз жолын өзі анық білмегендік. Әрине, ол уақытта бәріміз де сара жолды қолмен сипалап жүрген кезіміз еді. Бірақ, сонда да әлгіндей сөздер тым оғаш шыққан қате. Бізді сырттан билеп, партиясына жазып алған Шәймерденге мұны айтып, мен хат жаздым. Және бұл партияның беті мен әдісі олай болатын болса, біз қосыла алмайтынымызды айттым. Менің хатыма жауап болған жоқ. «Үш жүз» бастықтары Алаш көкжалдарын керексіз сөздерді айтып, қазақша боқтай берді» – деп жазған [69]. (С.Сейфуллин, «Тар жол, тайғақ кешу», 1927, 104-бет). Бұл жерде әділ төрелігін айтуда Сәкен Сейфуллиннің шыншыл мінезі ақиқатты айтуда тағы бір азаматтық позициясын көрсетіп тұр. Қай заманда да, дәуірдің қай кезеңі болмасын, екінің бірінен кездесе бермейтін адамгершілікті айқындайтын азаматтық қасиет сақталғанда ғана өзінің ұлылығын дәлелдері хақ. Жайшылықта ой-өзегі бір арнаға құйылатын көзқарастардан жүйесін тапқандай сөздерді көптеп кездестіруге болар, ал бағыттары бөлек зиялыларға өмірдің қатал да қытымыр тұстарында Сәкеннің аталы сөз айтып, тоқтам жасауын азаматтық ерекшелік демеске шараңыз бар ма?! Күні кешеге дейін қарғыстай көрінген «ұлтшыл», «байшыл», «бай ниетті ұлдар» деген сөздердің, кейбір артық-ауыс ой-тұжырымдардың Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» романының 1927 жылғы ең алғашқы басылымында болмай, соңғы басылымдарында болу себебі әдебиетшілер, тарихшыларға белгілі болғанымен, оқырман қауымның көпшілігіне белгісіз-ау деп ойлаймыз.
1932 жылы Сталиннің хатына байланысты ВКП(б) Қазақстан өлкелік коми тетінің мәдениет және насихат бөлімдері мен Қазақстан марксизм-ленинизм институты «О задачах борьбы на теоретическом фронте в Казахстане в связи с письмом тов. Сталина» деген шешім қабылдап, оны осы 1932 жылдың қаңтарындағы «Большевик Казахстана» журналының бірінші санында жариялады. Онда: «Буржуазные, мелкобуржуазные теории оказывают и на некоторых работников членов партии. Отдельные коммунисты в своих работах часто повторяют те же буржуазные теории. Так, тов. Рыскулов в своей книжке «Киргизстан» повторяет вслед за алашординцами и колонизаторами легенду о добровольном переходе в подданство царизму угнетенных масс Средней Азии. Тов. Сейфуллин в своем художественном творчестве воспевает старую феодально-родовую культуру («Кокчетав»). Тов. Тогжанов в своих работах по казахской литературе допускает грубые ошибки, скатываясь на немарксисткие позиции Плеханова в литературоведении» делінген [70]. Міне, осыдан кейін Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешудің» бірінші басылымын (1927) қайта қарап, жөндеп редакциялаған. Кейінгі 1960, 1977, 1988 жылдардағы үшінші, төртінші, бесінші басылымы 1936 жылғы екінші басылымының негізінде шыққан, оған да қол тиген жерлері бар. Ой деген жүйрік қой, оқырман тарапынан бағыттары бөлек зиялылардың өмірдің сол бір сәтті-сәтсіз сәттерінде бір-біріне «сен» деспейақ кеткені ме деушілер де табылар. Ондайларға да, үмітпен қарайтындарға да айтарымыз әділетсіздікті, озбырлықты тап тартысынан деп түсінген Сәкен Сейфуллиннің кітабында «Алаштың тіреулері – жуандар, қазіреттер» немесе «Алаштың құйыршықтары» деген секілді сөздер бірлі-жарым кездеседі, не болмаса, Алаш азаматтары тарапынан большевиктерге бағытталып айтылған «немістің ақшасына сатылған шпиондар», «өңкей оңай олжа табудың ниетіндегі қулар», не болмаса, Міржақып Дулатовтың еңбегінен «бас-аяғың онға толмайтын оңбағандар, санасыздар» деген тәрізді сөздерді кездестіріп қаласыз. Ал, түптеп келгенде, «Тар жол, тайғақ кешу» романының 1927 жылғы бірінші басылымы «өңдеуді», қысқартуды тіпті де қажет етпейді. Оған негіз – романның соңғы басылымдарында Сәкен тарапынан айтылатын артық-ауыз сөздердің бірінші (1927) басылымында болмауы. 1918 жылдың қаңтар айында Орынборды большевиктер алып, Бөкейханұлы, Байтұрсынұлы, Дулатұлы, Омарұлдарының Семейге қашып кеткен кезін, не болмаса, 1913 жылдан жер-жердегі газеттерге басшылық еткен «Қазақ» газетінің иесіз қалғандай күйге түсіп, Әбілхамит Жүндібайұлының басқарған тұсында да Сәкен Сейфуллин Алаш азаматтарының атын атап, намыстарына тиерліктей сөз айтпауы да пайымдар кісіге ой саларлық жай. Ал, Мағжан Жұмабаев жөнінде шамданарлық жәйттер тіпті жоқ. Өмірдің «талай тар жол, тайғақ кешулерінде» Сәкен Сейфуллин Алаш азаматтарының ешқайсысын да жамандыққа қиған емес. Ешқайсысының сотына қатынасқан жоқ. Сәкен ұсталған Алаш арыстарының бірде-біреуіне беттестірілуге шақырылмаған. Сәкен егер жазатайым ғайыптан тайып пенделік жасап, ұсталуына себепші болса, 30 жылдан бері алаштанушылардың бірінің болмаса да, әйтеуір, біреуінің көзі түсер еді ғой. Ол кезде жалаулатып, кез келгені жарияға жар салуға дайын отыр. Бұл – басы ашық шындық. Сондықтан да, Сәкен атына айтылып қалатын желдей ескен жеңіл сөздердің бел ортасында өздерін «алаштанушымын» деп жүргендердің төбе көрсетіп қалатыны өкінішті. Қаншама жантүршігерлік азапты басынан өткерсе де, Сәкен еш уақытта ешкімді ашық та, бұғып та көрсетпеген. Өмірін халқына қызмет етуге арнаған ақынның адамгершілік, азаматтық асыл қасиетін, оның роман-эссесінің тарихи тамырын жете түсініп, үйреніп, өнеге тұту – бүгінгі ұрпақ үшін парыз!

2.3 Алаштың ұлы - Смағұл Садуақасұлы


Халқымыздың сан жылғы тарихында тар жол, тайғақ кешулерден елін аман-сау алып шығуға, тағдырдың тізінен, тозақтың көзінен сақтап қалуға ұмтылған дара тарихи тұлғалар болғаны белгілі.


Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, белгілі ағартушы, Қазақ автономиясы ағарту саласының министрі, қазақтың ұлтжанды азаматы, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Мәскеуде жұмбақ жағдайда қайтыс болған Смағұл Сәдуақасұлы есімі қай қазаққа болсын жақсы таныс. Алаш қайраткерінің Мәскеуде денесі өртеліп, оның туғандары мен туыстары «халық жауының» жақындары ретінде қуғын-сүргінге көп ұшырайды.
Смағұлдың бала кезінен бастап білім алуға деген құштарлығы жоғары болған. Алғашқы сауатын ашқан жергілікті ауыл молдасы. 1915 жылы халықтың сүйікті ұлы Омбы облысындағы Полтава орыс-қазақ училищесін үздік бағамен тәмамдайды. 1916-1918 жылдары Омбы ауылшаруашылық училищесі мен Омбы ауылшаруашылық институтының кооперативтік факультетінде білім алады. 1915-1916 жылдары туған ауылында халық мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал 1931 жылы жаңа білім алуға деген талаппен, сол кездегі беделді оқу орны Мәскеу инженерлік транспорт институтына түседі. 1917-1918 жылдары Смағұл Омбыдағы «Қазақ» жастар ұйымының оң қанатының жетекшісі бола отырып, Алаш қозғалысы ұстанымындағы «Жас азамат» («Молодой гражданин») жастар ұйымы басқармасының хатшысы болып сайланады.
1918-1920 жылдары Ақмола облысы аумағындағы земство басқармасының қызметкері және мұғалімдер курсының оқытушысы қызметін атқарған. 20 жасында Ресей коммунистік жастар одағының Сібір бөлімшесі бюросы, қазақ-татар бөлімінде, Орталық Комитеттің Шығыс жастары Одағының мүшесі, Ресей коммунистік жастар одағының облыстық комиссариат хатшысы болып қызмет атқарады. Өзінің жастығына қарамастан «Кедей сөзі» («Голос бедняка») Омбы облыстық газетінің редакторы болып сайланады. Қоғамдық жұмыстарға айырықша белсене араласа жүріп, «Ұшқын», «Еңбек туы» газеттерінің редколлегия мүшесі болады. 1920 жылғы Қазақ автономиялық құрылтайшылық съезінде ОАК КАКСР Кеңесінің мүшесі, Қаз ОАК саяси хатшысы болып сайланды.
Ол Қазақстанның ішкі шекарасындағы барлық даулы мәселелердің толықтай зерттеліп, шешілуін, қазақтар мен қоныс аударушы шаруалардың аралас орналасқан жер бойынша туындаған шиеленісті жағдайлары туралы жиі сөз қозғап отырды: «Бәрімізге белгілі болғандай, қазақ жерінде орыс казактар отарлау саясатын жүргізген уақыттан бері қоныс аударушы шаруалар бұл аумақты толығымен жайламай, жердің құнарлысына, өзен-көлдер мен орман шетіне қоныстанды. Патша өкіметі тұсында орыс поселкелері қазақтар орналасқан болыстардан шалғай орналасқан еді. Ол әкімшілік бірліктер бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Егерде біз экономикалық қағидаға сүйенетін болсақ, қазақ болыстарының басым бөлігін орыстар отырған қоныстарға қосуға мәжбүрміз. Бірақ олардың біріккен жұмысы қандай болмақ, осыдан шығатын нәтиже қандай болады, одан көзіміз анық жетіп отырған жоқ. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біз халқы аралас орналасқан бірде бір болысты көрмей отырмыз. Біз осындай тәжірибе жасап көруіміз керек, сонда ғана дамудың жаңа кезеңіне аяқ басамыз. Бұл мәселе өте маңызды және ойланып барып шешім қабылдауды қажет етеді» деген пікір айтады. Оның бір дәлелі: Смағұл Сәдуақасұлының ой-пікірі Ақмола облысының Омбы уезі мысалында толығымен дәлелденді. Қоныс аударушы шаруалар қазақ болыстары орналасқан аймақтарға поселкелерін кіргізе орналастырғандықтан, кеңес өкіметі тұсында жүз мыңдаған қазақ ауылының орталығы болмағандықтан, совхоз бен колхоздан тыс жерлерге ығыстырылған болатын. Сондықтан, 1917 жылы қазақ ауылдарының саны күрт кеміп кеткен. Ал 1892 жылы ол көрсеткіш жүз пайыз қазақ ауылдарын көрсетіп тұрған. А. Кузнецов бастаған статистикалық экспедицияның мәліметі бойынша Омбы уезінде 800-ге жуық қазақ ауылы болған.
С. Сәдуақасов Ресей империясының отарлау саясатын қатты сынайды: «Қазақ жері революцияға дейін отар болды. Патша үкіметі Қазақстанның шикізатын, табиғи байлығын пайдаланып «бос жерлерді» қоныс аударушы келімсектерге беріп, өздерінің мәдени, діни, ағартушылық ықпалын жүргізді»,деп жазады. Смағұл 1921 жылғы әкімшілік-аумақтық межелеу кезінде Сібір ревкомының құрамындағы Семей облысын Қазақ автономиясына енгізу шараларына белсене араласқан. Қазақ жерлерін Ресей Федерациясына қарайтын Батыс Сібірге қосып қайтарып алғысы келген Сібір большевиктері табанды қарсылық көрсеткен. 
Қазақтың байырғы жерін сақтап қалудағы Шамадан тыс ұлтжандылық қасиеті мен ниеті үшін ол коммунистік партия тарапынан қатаң сөгіс алады. Ал, Ақмола және Семей облыстарының мәселесіне келгенде, ол ашық түрде оларды Сібір ревкомының құрамында қалдыруға қарсылық білдіріп, экономикалық жағынан қолайсыз, тарихи жағынан қисынсыз екенін айтып Үкіметке қарсы шыққан.
Смағұл өз елінің шынайы ұлтжанды азаматы болды, оның өз халқына деген ыстық махаббаты мен құрметінің шексіз екендігін: «Қазақтар рухани жағынан өте дарынға бай халық болып келеді. Тілінің үні көркем. Халық әдебиеті жоғары деңгейде және көзқарастарының кеңділігімен, әрі әрқилылығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдері дәл тауып айтылған қысқа ғана ойды білдіреді. Ән-күйі ерекше… Қазақтар намысқой, ақылды, мысқылшыл, жігерлі, сөйлеген сөздері сыпайы әрі қисынды, көркем болып келеді. Олар көңілді, шат-шадыман, жұрт арасында жүруді, әңгіме-дүкен құрғанды ұнатады» – деген сөздері айқын дәлелдейді. Ол өз халқын шексіз сүйіп өтті. Ол үнемі жер мәселесін, қазақтың жерін отарлауды тоқтату мәселесін көтерген бірден-бір тұлға болды. Ақырындап билік Смағұлды саясаттан алыстата бастады. Ал Голощекин қызметке келгенде ол қажетсіз тұлғаға айналды. 1933 жылы Мәскеудегі ауруханада жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Оның туыстары мен туғандары «халық жауының» жақындары ретінде көп уақытқа дейін қуғын-сүргінге ұшырайды.
Ел егемендігін алғаннан кейін ғана Смағұл Садуақасов есімі ұлықтала бастады. Бүгінде оған ескерткіш орнатылып, оның есімі көшелер мен алаңдарға берілді. Оның аты ұрпақтар жадында мәңгі сақталары анық Ел мен жер тағдырына бей-жай қарай алмаған тұлға халық жадында мәңгілікке сақталды.
Мемлекет және қоғам қай­рат­кері, бірнеше ұлт басылымы­ның, соның ішінде «Egemen Qazaqstan» газетінің бастауында тұрған Алаш тұлғасы Смағұл Сәдуақасұлы­ның (1900-1933) қызметі мен мұра­сын жан-жақты зерттеу қа­шан­да кө­кейкесті. Біз бұл жолы Смағұл Сәдуақасұлына 1921 жылы тағылған «Семипалатинский под­лог и Акмолинский дефект» ­сая­си айып­таулардың мән-жайын қарас­тырамыз.
1920 жылы 26 тамызда В.И.Ле­нин­нің Ресей Федерациясы құра­мында Қазақ АКСР-ін құру туралы арнайы Декретке қол қойды. Келесі кезекте қазақ кеңестік билігін тез арада Сібір ревкомымен келісе отырып, ұлттық-территориялық шектерді айқындап белгілеу, өлкелік және губерниялық конференциялар, съездер өткізу, т.с.с. бірқатар маңызды ұйымдық және құрылымдық шараларды атқару жұмыстары күтіп тұрды.
Бұл аса жауапты мемлекеттік істі жүзеге асыру тікелей ҚазАКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесіне жүктелді. Қазақ елі өміріндегі осындай ауқымды қоғамдық-саяси өзге­ріске байланысты Алаш көсем­дері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулат­ұлы бастаған ұлт зиялылары сол кез­дегі ел астанасы Орынборға бас қос­қаны туралы НКВД дере­гі бар. Біздіңше, осы шараны ұйымдас­тырудың басы-қасында жасы енді ғана жиырмаға толған болашақ мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасұлы да жүрді.
1920 жылы қабылданған ле­нин­дік декреттің мазмұнына зер сал­сақ, Сібір ревкомының құзы­рына «уақытша пайдалануға бері­леді» деген желеумен оған бір ғана Семей губерниясы емес, Қа­зақ өлкесінің солтүстік және ба­тыс облыстарының жерлері де толықтай бағынышты етілді.
Большевик көсемінің қаты­суымен өткен үкімет мәжіліс­те­рінде Қазақ автономиясы мен Советтік Сібір арасындағы шекара туралы мәселе бір емес, бір­неше мәрте қаралған. Алайда Сібір ревкомы өзінің қарауындағы қазақтың солтүстік және батыс облыстарын бірден оп-оңай қайтара салғысы келмеді. Міне, осыған байланысты Орынбордағы рес­публика басшылығы нақты іс-әре­кетті Ақмола (Омбы) және Се­мей губернияларының басқару орган­дарын барынша ұлттық кадр­лармен нығайтуға бағыттау керек деп шешті.
Сол себепті 1921 жылдың 12 қаң­­тарында Қазпартбюро Прези­диу­мының мәжілісі Смағұл Сәдуа­қас­ұлы, Дінше Әділұлы, Әбілқайыр Досұлы, Әшім Омарұлы сын­ды беделді қазақ коммунистерін Ақмола және Семей губернияларын әкімшілік-территориялық басқаруға алуға дайындық жұмыс­тарын жүргізуге жіберуге арнайы қаулы қабылдады.
Қазақ билігінің бұл кезеңде губерниялық басқару органдары құрамын ұлттық кадрлармен ны­ғайтуға күш салуы, ел мен жер тұ­тастығына қызмет етуі – ке­шегі Алаш­ мұратынан туған ма­ңызды мемлекетшіл мүдде еді.Смағұл Сәдуақасұлы Семейге арнайы іссапармен тек 1921 жыл­дың мамыр айының ортасында ғана бара алды. Ол мұнда ке­лісі­мен Сібір Автономиялық Республикасымен ұлттық-терри­ториялық шектерді айқындап бел­гілеу және жергілікті халықты басқару органдарына жұмысқа тарту, қазақ жастары арасында оқу-ағарту, саяси білім беру курстарын ашу тәрізді іс-шаралар мүлде әлсіз атқарылып жатқа­нын көріп біледі. Мысалы, мұны 1921 жылы 15 сәуір­дегі Семей губерниялық пар­тия комитетінің қазақ-татар сек­циясының жұмысы туралы есе­бінен анық аңғаруға болады.
Біз архив деректерінен аталған секция 1920 жылдың басынан жұмыс жасайтыны, оған Сібір ревкомы іссапармен жіберген Самат Шарафутдиновтің жетек­шілік ететіні, қазіргі уақытта сек­цияның жұмысы губерния­да сайлау науқанын өткізуге да­йын­дыққа байланысты тоқтап қал­ғаны, онда небәрі төрт адам­ның, атап айтқанда, Нығмет Нұр­мақ­ұлы мен Хайратдин Сата­ров­тың (қазақ-татар секциясының меңгерушілері), Гариф Мусин­нің (қазақ-татар секциясы Пре­зидиумының мүшесі), Шәймер­ден Тоқжігітұлының (секцияның және бөлімшелердің хатшысы) қызмет атқаратыны, нұсқаушылар-үгітшілердің жоқтығы, жалпы секцияда Семей қаласы бойынша 35 партия мүшесі мен партияға мүшелікке үміткерлердің тіркеу­де тұрғаны туралы деректерді біл­дік.
Сібір ревкомы шын мәнінде өзіне қарасты Қазақ өлкесінің Семей және Ақмола губернияларында жергілікті ұлт өкілдерін партия-кеңес жұмыстарына тарту, партия-кеңес қызметкерлерінің кадрлар резервін құру сияқты мә­селелерге атүсті салғырт қарады. Әсіресе жергілікті басқару билігі құрылымдарында ұлттық кадрлар дегеніңіз мүлде жоқтың қасы еді.
Семей губерниялық атқару ко­митеті І губерниялық кеңестер съезіне бар Смағұл Сәдуақасұлы осының бәрін зерттеп, Қазақ билігіне өзі­нің әйгілі «Губерниялық атқару комитеті орнына революциялық комитет құру және оның құрамына төраға етіп Омарұлын, орынбасарына Левитинді, мүшелігіне Нұрмақұлын, Мұстамбайұлын, Әуезұлын, Большаковты, Фабрикантты тағайындау, сондай-ақ губерниялық кеңестер съезін өткізуді кейінге белгісіз мерзім­ге қалдыру туралы» жеделхатын жолдайды.
Бұған Семей губерниялық партия комитетінің хатшысы Полозов пен Левитин де құр қарап қалма­ды. Олар Орынборға өз қар­сылы­ғын білдірген «Роспуск исполкома и назначение ревкома, как нецеле­сообразный и политический вредный акт» деген мазмұндағы жеделхат жібереді. Аталған хаттағы осы айыптау­лар – алдағы уақытта Смағұл Сәдуа­қас­ұлының Семейдегі қызметі жайлы жергілікті ГПУ органдарының «Семипалатинский подлог» деген саяси айыптауына бірден-бір негіз болды (Ожегов сөздігінде «подлог» сөзі «өтірік, жалған» деген мағыналарды білдіреді).
1921 жылы 27 мамырда Қаз­парт­бюро және ҚазАКСР Орта­лық Атқару Комитеті Прези­диу­м­­дарының бірлескен мәжі­лісінде осы екі жеделхатта жа­зылған мәселелер мұқият қара­лып, тыңдалады. Мәжіліс со­ңын­да алты тармақтан тұратын қау­лы қабылданып, Смағұл Сәдуақас­ұлының Семей ревкомын құру туралы ұсынысы мақұлданды. Нә­тижесінде, Семей ревкомына төраға болып Сәдуақасов, ал мүшелігіне Левитин, Полозов, Нұрмақұлы, Әуезұлы, Глинский мен Большаков.
Әрине, республикалық деңгей­дегі Смағұл Сәдуақасұлы сынды көрнекті саяси
1921 жылы 21 қаңтарда өткен Қазпартбюро Президиумының кезекті мәжілісінде С.Сәдуақасұлы, Д.Әділұлы, Ә.Досұлы, Ә.Омарұлы алдына ревкомымен арада­ғы әкімшілік ұлттық-территория­лық шектерді айқындап белгілеу, партия-кеңес қызметкерлерінің кадрлар резервін жасау, жер­гі­лікті ұлт өкілдерін партия-ке­ңес жұ­мыстарына тарту, кезекті губер­ниялық кеңестер съезін өткізуді дайындау тәрізді бірқатар маңызды міндеттерді атқару жүктелген еді. Алайда бұл ауқымды шараларды орындауға жергілікті биліктің кертартпа өкілдері мүмкіндік бермеді.
Әсіресе Смағұл Сәдуақасұлы­на қарсы бағытталған ұйымдас­қан топтың шабуылы толастамады. 1921 жылдың мамыр айы­ның ортасында Орынбордан арнайы партиялық тапсырма­мен Семей губерниясын әкімшілік-территориялық басқаруға алуға дайындық жұмыстарын ұйымдас­тыруға келген ол көп ұзамай ерік­сіз кері қайтуға мәжбүр болады. Бұған негізінен оны кейбір жер­гілікті партия-кеңес органдары бас­шыларының «ұлтшыл және ұлт араз­дығын тудырды» деген негіз­сіз айыптаулары және әлде­кім­дердің ұдайы жоғары билік орын­дарына түрлі арыз жазып, жұмысына кедергі келтіруі себеп еді.
Сондай айыптау құжатының бірі «Из протокола заседания Киробкома РКП (б) о неправильных действиях уполномоченного КЦИКа С. Садвокасова от 9 авгус­та 1921 г.» деп аталады. Жо­ға­ры партия басшылығының отырысына Қазпартком мүшелері Кос­теловская, Струппе, Мырза­ға­лиұлы, Петров, бас саяси-ағарту комитетінің төрағасы Кенжеұлы, ҚазОрАтКом хатшысы Досұлы, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Шлейфер, ҚазМембаспасының меңгерушісі Сперанский, Семей губерниялық партия комитеті Президиумының мүшесі Фофанов қатысады. Оны Қазпарткомының іс басқарушысы М. Костеловская жүргізіп отырады.
Мұнда ҚазКомның өкі­летті өкілі Смағұл Сәдуақасұлы­ның теріс әрекеттері туралы Се­мей губкомы Президиумының мүшесі Фофановтың баяндамасы тыңдалады. Ол сөзінің соңында «жолдас Сәдуақасұлын партия қатарынан шығарып, оның ісін сотқа беру керек» деген пікір біл­діреді.
Мұны Семей губерниялық партия коми­тетіне оның партия басшысы­на жат өрескел әрекеттерін айып­таған Өскемен қаласының бір топ партия ұйымы мүшелерінің арызынан білеміз. Онда арызданушы Смирнов пен Ямпольский 1921 жылдың қаңтар айында жергі­лік­ті жерлерде жалпы партия­лық жиындарды өткізуге келген Фо­фа­нов­тың 21 және 28 наурыз, 4 сә­уір күндері адамдарға аста-төк дас­тарқан жайғызып, би билетіп, ән салуды ұйымдастырғаны, сон­дай-ақ кеңес үкіметі жауларымен бірігіп арақ ішіп, ақыр соңында коммунистерді балағаттап, тіл­дегені туралы жазады.
Енді қараңыз, осы өзінше «адал әрі таза коммунист» Фофанов сол уақыттағы ең жоғарғы өлкелік пар­тиялық басқару органы – Кир­обкомның Президиумы мәжі­лі­сінде ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің өкілетті өкілі әрі Бүкілодақтық Атқару Комитеті­нің мүшесі С.Сәдуақасұлының үстінен «ұлтшыл және ұлт араз­дық­ты тудырды», «партия атына кір келтірді», «қызмет бабын асыра пайдаланды», «партия ор­ган­дарының беделін түсірді», «ісі сотқа берілсін», «партиядан шы­ғару керек» деген ауыр айып­таулар мен үкімдер айтып, баяндама жасайды.
Оның Смағұлға осыншама кінә артатындай моральдық-этикалық тұрғыда ешқандай да құқы жоқ еді. Семей губкомы президиумы­ның мүшесі Фофановтың мұндай партияға жат, керағар қылықтары туралы Казпартбюро мүшелері естімеді емес, естіді. Бірақ «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» де­геннің кебі келді.
1921 жылдың 4 қыркүйегінде Орынборда Екінші Бүкілқазақ кеңестері съезіне қатысушы қазақ коммунистері делегаттарының кеңесі өтті. Оған Семей, Ақмола, Орал, Қостанай, Торғай, Ырғыз, Ақтөбе өңірінен және Бөкей гу­берниясынан жалпы саны 51 деле­гат келіп қатысты.
Съезде қазақ коммунистері де­легаттарының Кеңесі жұмысын М.Әуезұлы басқарып, жүргізіп отырды. Ол уақытта кейінгі ірі жа­зушы Семей губерниялық атқа­ру комитетінің төрағасы және ҚазОрАтКом хатшысы қыз­метін атқарған болатын.
Аталған кеңесте негізінен екі мәселе қаралды. Оның біріншісі – қазақтардың кеңес өкіметі органдарымен қарым-қатынасын қалыптастыру жұмыстарын кү­шейту туралы, екіншісі – Смағұл Сәдуа­қасұлының өтінішін қарап, тыңдау.
Съезд делегаттарының жиыны ақыр соңында «жолдас Смағұл Сәдуақасұлының отаршылдық өршіп қарқын алған кезде губаткомды таратып, губревкомды құру жайындағы әрекетін, сонымен қатар оның Семей губер­ниясындағы отаршылдарды шет­тетіп, жергілікті тұрғындарды пар­тия-кеңес жұмыстарына тарту саясатын да өте орынды деп санаймыз. Республика басшылығынан бұған дейінгі тағылған барлық негізсіз саяси айыптаулардан жолдас Сәдуақасұлын ақтау мәселе­сін сұраймыз».
Өкінішке қарай, Фофанов се­кілді жергілікті ұлт зиялылары­­на теріс көзқарастағы партия мү­ше­­лері Қазақ өлкесінің жоғары пар­тия-кеңестік басқару органдарында аз болмады. Соның бірі – Сібревком арнайы Семей губер­ниялық партия комитетінің қазақ-татар бөлімін басқаруға жіберген Самат Шарафутдинов деген азамат.
1921 жылдың 23-28 жел­тоқ­сан күндері Мәскеуде өткен IX Бүкілресейлік кеңестер съезін­де Смағұл Сәдуақасұлы «О поло­жении дел на местах в Кир­рес­публике» деп аталатын атышулы баян­дамасын жасады []. Мұнда ол В.И. Ленин қатысқан Бүкілресейлік кеңестер съезінің делегаттары алдында жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде Сібір ревкомы тарапынан көрсетіліп отырған саяси-экономикалық қысымшылықтар туралы айтып, жоғары партия-кеңес органдарындағы кейбір ше­неуніктердің өрескел әрекет­терін өткір сынға алды. Ол өз баяндамасында Сібір ревко­мы­ның жымысқы саясатын осылайша әшкере етіп, аяусыз соққы берді.
1922 жылдың ақпан айында Смағұл Сәдуақасұлы Түркістан Орталық Атқару Комитеті жанын­дағы ҚазАКСР-інің өкілетті өкілі болып тағайындалуына байла­нысты уақытша Орынбордан ке­туіне тура келді. Бұл елде еркін ойлы азаматтарды жаппай қуда­лау­дың жаңа саяси құралы – ОГПУ-дің құрылып, белсенді қыз­мет­ке кіріс­кен уақыт болатын-ды.
Көп ұзамай-ақ сталиндік қу­ғын-сүргін шынайы сұрқия жүзін көр­­сетті. 1922 жылдың 23 қыр­кү­йегінде Орынбордағы Қазақ Авто­номиялық Республикасы­ның жоғары партиялық билігіне жергілікті ГПУ органдары қызмет­керлерінен «О групповой и персональной характеристике, сущности и деятельности Алаш-Орды и националистов киргиз, а также и вообще кирработников» Мұнда негізінен Қазақстанда «партия атын жамылып» астыртын әрекет ететін бұрынғы Алаш­орда үкіметінің басшысы Әли­хан Бөкейхан мен Аспандияр Кенжеұлы, сонымен қатар кеңес өкіметін жақтаушы Сейітқали Меңдешұлы тобы бары айты­лып, бұлардың әрқайсысына жеке-жеке мінездеме беріліп, олар­дың ұстанған саясаты, көзқарасы, т.с.с. жайлар жан-жақты жазылып көрсетіледі.
Міне, осы жергілікті ГПУ орган­дарының баяндауында Аспан­дияр Кенжеұлы тобы құрамына енгізілген Смағұл Сәдуақасұлына «Садвокасов (Смагул). Известен своим Семипалатинским подлогом и Акмолинским дефектом, умышленно созданным, дабы разжечь национальную вражду между киргизскими и русскими комму­нистами. Активный деятель Алаш-Орды, ученик Букейханова» дейтін саяси айыптаулар тағылған.
Ол уақытта «Ұлтшыл және ұлт араздығын тудырды» деп айып­­­­талған адамдар негізі­нен РСФСР Қылымыстық Кодек­сі­нің 58-бабының арнайы тармақ­тары бойынша бес жылдан он жыл­ға дейінгі мерзімге бас бостан­ды­ғынан айырылатын немесе өлім жазасына кесілетін.
Ақиқатты жалған деген ке­ңес­тік замандағы жиырмасыншы жылдардың соңы, оты­зын­шы жылдардың басында Алаш қай­раткерлерінің алғашқы то­бы, атап айтқанда, күні кеше Сма­ғұл Сәдуақасовпен бірге сыйлас дос, қызметтес болған Жүсіпбек Аймауытұлы, Халел Ғаббасұлы, Дінше Әділұлы және т.б. «буржуа­зияшыл ұлтшылдар» деп айыпталып, «халық жаулары» ретінде атыла бастады. Бұл жолы, періш­тесі қақты ма, кім білсін, әй­теуір Смағұл Сәдуақасұлы тура кел­ген ажалдан аман қалды. Алай­да оның өмірбаянына осы «Се­мипалатинский подлог и Акмо­линский дефект» деген екі бірдей ауыр айыптау «қара таңба» болып жазылып қалған еді.
Айтпақшы, сол 1922 жылдың күзінде Алаш қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов пен қозғалыс тілекшісі Тұрағұл Абайұлы тұт­қынға алынып, Семей түрмесіне қамалады. Мысалы, Қазақ өлке­лік партия комитетінің хатшысы Г.Коростелёв 1922 жылдың 9 жел­тоқсанында Сталинге жіберген құпия хатында тұтқынға алынған Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатұлының Орынборға жет­кі­зілгені, сондай-ақ Жақып Ақбай­ұлының Семей түрмесінде екені туралы. Ал енді жергілікті ОГПУ мәлі­метінде Алаш көсемі Ә.Бөкей­ханның 7 желтоқсанда пойызбен Мәскеу қаласына – Сталинге жі­берілгені жайында жазылады.
2013 жылы Семей қаласы Қа­зіргі заман тарихының құжаттама орталығы шығарған «Гражданская война в Восточном Казахстане, 1917-1922 г.г. Сборник докумен­тов» деп аталатын кітапта тек қана Семгубревкомының төр­ағасы Смағұл Сәдуақасұлының қызметіне қатысты «Из протокола заседания губревкома – об изда­нии воззвания к желающим вернуться на родину киргизам от 12 июля 1921 г.», «Из протокола заседания Киробкома РКП (б) о неправильных действиях уполномоченного КЦИКа С. Садвокасова от 9 ав­густа 1921 г.» және «Из протокола заседания 2-й Семипалатинской губпартконференций – о национальном вопросе от 21 июня 1921 г.» деп аталатын, небәрі үш-ақ құжат бар болып шықты.
Соның ішінде «Из протоко­ла заседания губревкома – об издании воззвания к желающим вернуться на родину кирги­зам, от 12 июля 1921 года» деп ата­латын құжат қана тікелей Сем­губревкомының қызметіне қа­тысты біраз мағұлмат береді.
Смағұл Сәдуақасұлының төр­аға­лығымен өткен осы Семгуб­ревкомының жиынында көрші­лес елге шекара асып көшіп кеткен Зайсан уезі қазақтарының туған жерге қайтып оралсақ деген тілектері қаралып, талқылана­ды. Аталған мәселе бойынша: «Се­мей губревкомы атынан туған ­отанына оралмақ болған қазақ­тарға, олардың жеке басына және дүние-мүлкіне ешкімнің тиіс­пей­тіні­не кепілдік берілетіні жайын­да үндеу жариялау, сондай-ақ орал­мандарды қабылдау және орналастыру тәртібіне байланысты бұй­рық шығару» туралы қаулы қабылданды.

3 ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОҚУ – АҒАРТУ МӘСЕЛЕСІ


3.1 Алаш зияллылары және ұлт тілі




Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
Ұлттың бойындағы сан ғасырлар жинақталған рух пен мұраттың ұлы бұлқынысы болған Алаш қозғалысы ел тағдырына қатысты барша идеяны өзіне өзек еткені бүгінде көбімізге белгілі. Құдайға тәуба, Алаш қайраткерлері күресінің тағылымы да, Алаш қаламгерлерінің мұрасы да жылдан жылға қазақтың рухани-мәдени өміріне еніп, «Алаш» сөзі аяулы ұғым, қасиетті түсінік ретінде қоғамымызда асқақтатыла айтылып келеді. Күнделікті теледидардан, радиодан, газеттерден «Алаш» сөзінің айрықша мән беріліп айтылғанына, жазылғанына куә болудамыз. Яғни, Алланың қалауымен қазақ баласының жаны мен жүрегіне, ойы мен пікіріне, санасы мен сезіміне «Алаш» ұғымы уақыт өткен сайын бойлай түсуде. «Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр» - делініпті «Алаш» партиясы құрылған Бірінші жалпықазақ сиезі жөнінде жазылған «Қазақ» газетіндегі сүйінші мақалада [78 414]. Сонау XX ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат, аяулы ұғымға айналуда. Бұл – санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады. Соған орай, Алаштың тілдік мұрасын сан тарапты құбылыс деп бағалай келе, оны бірнеше аспектіде сипаттаудың бірқатар мүмкіндіктерін аңғартпақпыз.
Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Оның себебіне үңілсек, онда Алаш қайраткерлерінің барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахаңның тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы», Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары осыны аңғартады. Әсіресе, тіліміздің жазу үлгісінің, емлесінің қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орны алабөтен. Алаш оқымыстыларының қазақ тіл білімі тарихындағы орнын 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі де байқатты. Осы алқалы, тарихи жағынан маңызды ғылыми жиындағы А.Байтұрсынұлының, Е.Омарұлының, Н.Төреқұлұлының баяндамалары, Т.Шонанұлының, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедұлының, М.Тұрғанбайұлының, М.Саматұлының сөйлеген сөздері, ой-пікірлері тілтану ғылымының күрделі мәселелерін шешуде алаштықтардың қаншалықты үлкен еңбек сіңіргендіктерін қаншалықты эрудициясы мен инстуициясы бай тұлғалар екендіктерін айғақтады. Осы сиезде, негізінен, әліпби, жазу ережелері тақырыптары баса көтерілгенімен, олар тілдің сан алуан мәселелері төңірегінде сөз қозғауға өрісті ой тудырды. Осындай білімпаздар сиезі, біздің пайымдауымызша, бүгін де қажет сияқты. Себебі емледе болсын, терминологияда болсын, ономастика саласында болсын тілші ғалымдармен бірге басқа ғылым саласы өкілдерімен бірге ақылдасып ортақ уәжге келерлік мәселелер баршылық. Алаш оқымыстылары қалыптастырған қазақ тіл білімі Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-тілдік мектебін қалыптастырды. Бұл мектеп ілгеріде есімдері аталған тілтанушыларды өсірді, бұдан кейінгі кезеңде Ахаңның көзін көрген өнегесін алған қаншама ғалымдар қалыптасса, совет заманындағы қазақ тіл білімі де Ахаңның ізімен жүрді, оның атын атай алмаса да, еңбектерін пайдаланды. Енді тәуелсіздік алған заманда тағы да Ахаң өзінің ұстаздық мінберіне барша тұлғасымен көтерілді.
Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Бастапқыда Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Әбубәкір Кердері және тағы да басқа исламдық ағартушылық ағымның өкілдері шығармашылығында, сәл кейінірек тұтастай түрде Ыбырай Алтынсарин, Абай өнернамасында қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің көркемдік, стильдік, жалпы тілдік белгілерін іргелендірді. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Әңгіме, повесть, роман, поэма, баллада, драма сияқты жанрлардың түгенденуі де ұлттық жазба әдебиетіміздің қалыптасу кезеңінен даму биігіне қарышты қадам жасағандығын әйгіледі. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан «Алаш әдебиеті», «Алаш ұранды әдебиет» делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да, бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп, тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Сайып келгенде, Алаш қозғалысының өзі сол қаламгерлердің шығармашылық жолын айқындады. М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің қалыптасуына шешуші ықпал етті. Бұған қоса Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мақалаларынан басталып, «Әдебиет танытқышқа», «Әдебиет тарихына» ұласқан әдебиеттану ғылымының қалыптасуы да Алаш қаламгерлерінің жазба әдебиетімізді дамытқанын, ғылыми-эстетикалық тілдің де негізін қалағандығын дәлелдеді. Қалам ұстаған Алаш азаматтарының әдеби тілімізге жасаған осы тарихи еңбегі қазақ тілінің кейінгі өрістеу жолдарын айқындаған өнегелі, өміршең дәстүр болды. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау, бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу – олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Алаш әдебиетінің рухы Мұхтар Әуезов сияқты данышпан жазушының қаламына қанат бітірді, осы рух Бауыржан Момышұлын, Ілияс Есенберлинді, Мұхтар Мағауинды тағы да қаншама қазақтың ұлыларын, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды.
Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өнебойы отаршылдықта өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді. Яғни, қазақ тілі қалың ел, ордалы жұрттың тілі ретінде сақталу керек, сақтала тұрып ұлттың ұлттығын да сақтауы тиісті деп бағаланды. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл»-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Ахаңның осы сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларының көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың: «Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз», Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын», Халел Досмұхамедұлының: «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш; ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек,Мағжан Жұмабаевтың: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу»дегендері біздің заманымызға үндес, өзекті пікірлер. Егер біздің тіліміз егемен елдің, дербес мемлекеттің мемлекеттік тілі екендігін, осы мәртебелі тіліміздің өзінің тұғырына толық қонбай жатқанын ескерсек, Алаш зиялылары өсиетінің бағасы да, маңызы да еселеп артатындығына деп қоямыз. Бұл бағыттағы өрісті ойлардың сілемі қалын оқырман қауымға әлі де мәлім бола қоймаған Ғ.Қараштың «Ұлт һәм туған ел», М.Тұрғынбаевтың «Қазақ тілін іске асыру» мақалаларынан айрықша аңғарылады. Ұлттық руханияттың өзегі ана тіл екендігін рухани-мәдини тарихымызда алғаш білдіргендер алаштықтар болды. Олар ана тілін ұлт болмысының басты бөлшегі ретінде қарастырып, әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесінде оның алатын орнына да ерекше назар аударды. Сондықтан да өз ана тілінде сөйлеу, тілін білу – ұлттық іргелі мәселе екендігін Алаш зиялылары сол кезеңнің өзінде-ақ жақсы ұғынғаны олардың еңбектерінен бедерлене байқалып жүрді. Бұл орайда тағы да бір мәселені айта кеткеніміз жөн. Қазіргі кезде ана тіліміз – қазақ тілі туралы әдеби шыгармалар өрісті тақырыптардың біріне айналып отырса, олардың алғашқы үлгілерін дүниеге келтірген де Алаш қаламгерлері болатын. А.Байтұрсынұлының «Туған тілім», М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», С.Торайғыровтың «Туған тіліме» өлеңдері – жалпы қазақ әдебиетіндегі тіл тақырыбында жазылған тұнғыш көркем туындылар еді. Алаш қайраткерлерінің тіл турасындағы осы көкейкесті ойлары, рухани күресі азаттық алған бүгінгі қазаққа да жолбасшылық етуде.
Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Бұл құбылыс тиісінше әдеби тіліміздің көсемсөз жанрын дүниеге әкелді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Ғұмар Қараш, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. «Қазақ» газеті бетінде жарияланған алуан материалдар сол кезеңнің тынысын, қозғалыстың барысын ғана куәландырып қоймай, сонымен бірге әдеби тіліміздің де өсу, тармақтану қарқынын аңғартты. Бұл газет ұлт көсемсөзінің ғана емес, тіліміздің маржан қорының қойнауында өнген әдебиетіміздің де, сонысымен тіліміздің де айшықтыкөркемдігін, бай бейнелілігін ашты. Сондықтан да заңғар Әуезов: «Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұстас. Ол уақыт қазақ жұрты 1905-ші жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келеді» деген еді /2,350/.Ұлттың мүддесін үндеген «Қазақ» газетінің өзі де, аңғарар болсақ, әдеби тілдік жағынан жылдан жылға өскені байқалады. Әсіресе, газет бетіндегі әдеби тіл тармақтарының саралана көрінуі, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерінің тараулана байқалуы газеттің 1917 жылғы сандарынан айрықша көрініс береді. М.Дулатовтың «Тарихи жыл» мақаласы, Ә.Бөкейханның «Қазақ сиезі», «Алаштың талапты азаматына», редакцияның «Алаш партиясы» және тағы да басқа публицистикалық туындыларда ұлт баспасөзі деңгейінің артқандығы, публицистикалық стильдің ширағандығы кеңінен сезіледі. Алаштың рухани көсемі Ахаңның еңбегімен, жігерімен дүниеге келген «Қазақ» газетімен бірге, Түркістан көсемі Мұстафа Шоқай шығарған «Бірлік туы» және Алаштың астанасы Семей қаласында Райымжан Мәрсекев, Халел Ғаббасовтар шығарушылары болған «Сарыарқа» газеттері публицистикалық тіліміздің айрықша дамуына іргелі үлестерін қосты. Сөйтіп, қазақ публицистикалық тілі мен стилі Алаш қозғалысы тұсында аяқтанды деп айта аламыз.
Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Айталық, Ә.Бөкейханның тарих, фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, А.Байтұрсынұлының 1912 жылдан бастап 1928-1929 жылдарға дейін жазылып жарияланған оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Х.Досмұхамедұлының медицина, биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, М.Тынышпаевтың тарихи зерттеулері, М.Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы ғылыми шығармашылығы, Ж.Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістері, М.Жұмабаевтың педагогика, әдебиеттану саласындағы еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу құралдары мен зерттеулері, сондай-ақ Ә.Ермековтің, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының, С.Асфендияровтың, М.Бұралқиевтың, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, ішкі заңдылықтарын ғылыми дәйектеумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы, мәдениеті үшін де күресті. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», М.Дулатовтың «Қазақ тілінің мұңы», Н.Төреқұлұлының «Ауропа сөздері» т.б. еңбектерде тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы, басқа тілдердің әсері, тіл табиғатының бұзылмауы, сөзжасам т.с.с. мәселелер айтылып, қазақ тілінің табиғи болмысын сақтау, тіл тазалығы, сөз мәдениеті тақырыбында бүгінде өзектілігін жоймаған ойлар өрістетілді. Алаш оқымыстылары бастаған осы ғылыми дәстүр совет тұсында қанша масұқталғанымен, бәрібір қазақтың ғылыми алқабына себілген дән болып көктеп шықты, өз жемісін берді, бүгінгі бізге де қуатты құнар болуда. Әсіресе, Алаш асылдары қалыптастырған ғылыми терминология әлденеше ғылым саласында орнықты. Олардың термин жасаудағы қағидаттары, қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін қолдану әдістері мен дағдылары қазіргі қазақ терминологиясының мектебі іспетті. Алаш санаткерлері қалыптастырған осы терминологиялық қор, біздің ойымызша, ғылыми тұрғыдан қорытылу қажет, соған орай оның қағидаттары мен тұжырымдары осы саладағы барлық мамандарға жеткізілуі тиісті. Сонда біз қазіргі термин саласындағы көптеген, жиі айтылып қалып жүрген ала-құлалықтардан арылмақпыз. Сондай-ақ Алаш ғалымдарының сан салалы ғылыми тәжірибелеріне жалпы таза ғылыми деңгейде лайықты баға беретін де уақыт келді деп ойлаймыз. Әрине, ғылыми мұраны зерттеу, зерделеу жұмыстары сонау 1980 жылдардың соңында, 90 жылдардың басынан бері қолға алынуда. Сандаған мақалалар жазылды, ғылыми деңгейі әртүрлі диссертациялар қорғалды, енді оларды қорыту, соның негізінде жаңа ғылыми бағыттарды айқындау, маңызды мен мардымсыздың жігін ажырату сәті туған сияқты. Бұл мәселенің өзектілігі – ғылым саласында дәстүрлі реттен бас тартып, жаңа жүйені қалыптастырудың қазіргі кезеңімен сабақтас.
Алтыншыдан, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар, әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге қарағанда әжептеуір өсу болатын.
Жетіншіден, Алаш қайраткерлері жалпылай келгенде, Алаш қозғалысының барысында, негізінен алғанда, облыстық қазақ комитеттерінің, Алаш партиясының құрылуы тұсында, Бірінші, Екінші жалпықазақ сиездері кезінде, Алашорда үкіметінің қызмет етуі кезеңінде тіліміздегі ресми-іскери стильді қалыптастыра бастады. Алаш автономиясы құрылып, Алашорда үкіметі оның облыстардағы, уездердегі комитеттерінің жұмыс атқару шағында аталған стильдің сандаған үлгілері пайда болғаны белгілі. Бұл қазақ тілінің мемлекеттің тілі болуының алғашқы үлгісі еді. Қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде болуына большевиктік биліктің бастапқы жылдарында да Ахаң бастаған Алаш қайраткерлері зор ықпал еткені тарихтан белгілі.
Міне, біз негізгі жеті себебін жіктеген қазақ тілінің Алаш қозғалысы тұсындағы өрістеу бағыттары өз кезеңінің ғана емес, бұдан соңғы жылдарда да дәстүр жайған, өнегелі өріс болған құбылыс, жанды үдеріс болатын. Алаш зиялыларының қазақ тіліне жасаған зор, тіпті ұлы еңбектері қай жағынан алсаңыз да тарихи миссия. Оның серпіні бүгінгі күнделікті еңбектеріміздің екпініне ұласуы қажет һәм міндетті деп ойлаймыз. Бізге Алаш зиялыларының тілдік мұрасы осыны үндейді. Ол ұланғайыр мұрамен танысу, білу, біздің ойымызша, бастапқы қадам ғана. Алаштың аяулы азаматтарының еңбегіне лайықты баға беріп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын да ойластырып, әрекет жасағанымыз абзал. Көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ: «Халықтың өткен өмірі жалпықоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны түсіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып, жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни, ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені, Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харекеті» /3,29/. Бұл Алаш мұрасы мен мұратын танудың терең толғамы. Алаштың құндылығы хақындағы осы толғамы Алаш қайраткерлерінің тілдік мұрасына да әбден қатысты деуге болады.
Біз бабаларымыздың күресімен өсетін бойымызға сіңіруде, олардың бүгінгі күнімізбен тікелей сабақтас құндылық екендігін әрқашан сезінуіміз қажет. Осы тамырластық дегдар сезім бүгінгі қазақтың азаттығына, ел болуына, ел болу үшін, басқа да мемлекеттік атрибуттармен, істермен бірге ұлт тілінің мерейін асыратын, отаршылдық қалдықтармен күресетін баянды шаруаларға жұмылдыру шарт һәм міндетті. Бағзы бабалардан да, абыз Абайдың да, Алаш зиялыларының да аманаты осында.

3.2 Оқу ағарту жайлы қазақ зиялыларының көзқарастары




Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері қазақ тарихын, оны зерттеуге жаңаша көзқарастар мен ой-пікірлер қалыптасты. Соның ішінде кеңестік Қазақстан тарихын зерттеу мен зерделеуде көптеген тарих беттері ашыла бастады. Отандық тарихымызды бұрынғы кеңестік түсініктерден тазарып, оны қайта зерделеп, жаңаша талдау жүргізіліп келеді. Әсіресе соның ішінде ерекше орын алатын қазақ зиялыларының, яғни Алаш қайраткерлерінің жүргізген еңбектері қайта қаралды. Бұл мәселені ХХ ғасырдың 80-жылдардың соңында алғаш рет белгілі тарихшы ғалымдар К.Нұрпейісов, М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Ә.Тәкеновтер ұлт зиялылары 1916 жылғы патша жарлығына дейін патша үкіметінің отарлауына қарсы тұрғандығы және олардың оқу-ағарту саласында атқарған қызметтерін атап өтеді [1].
Патшалық Ресей қазақ халқының жері мен оның қазба-байлығына иелік етіп қана қоймай, олар қазақтарды жайлап тілінен, дінінен, ділінен айырып рухани дүниесіне де қол сұғып отарлай бастады. Оны түсінген ұлт зиялылары ең бастысы халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтере отырып, бостандыққа жетуге болатынын түсінді. Сондықтан да ұлт зиялылар қауымы ел ішінде білім кешендерін тарату, яғни оқу-ағарту саласына ерекше мән беріп, сол салада көптеген жұмыстар атқарды. Қазақ ойшылдары ғылым-білім арқылы өз халқының көзін ашып, санасы мен көңілін оятып, өздерін-өздеріне танытып, ескіліктен, езгіден арылтпақ болды. Қазақ ағартушыларына қоғамдық прогресс жолындағы күресті француз немесе орыс ағартушылары сияқты феодализмнің немесе крепостнойлық тəртіптің ыдырауы жағдайында емес, үзілмей жалғасып келе жатқан дəстүрлі қауымдық қатынас үстемдігі кезеңінде жүргізуге тура келді. Осыған байланысты олардың көзқарастарында қоғамдық прогресс идеялары түрікшілдік идеясымен қатар Ресейлік білімнің жетістіктері мен ойлармен астасып жатты.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің халыққа білім беру ісі мен мектеп жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы халыққа білім беру ісі мен бүкіл ағарту жүйесіне едәуір өз ықпалын жасады. Оның Қазақстандағы ерекшелігі халықтың ұлттық бағыттағы сипатта жүргізілді. Патшалық Ресейдің ұлттық мектептер туралы 1870 жылы қабылданған «Ресейді мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң ұлттық мектептердегі және ұлттық шет аймақтардағы бүкіл ағарту жүйесін: әлі аз орыстанғандар үшін, орыстары көп жерде тұратындар үшін.
Жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін деп 3 санатқа бөлді. Бірінші санат бойынша мектептер салынып, онда білім орыс әліпбиімен ана тілінде жүргізілді. Екінші, орыстар көп қоныстанған жерлердегі мектептерде сабақ тек орыс тілінде болды, онда орыс балаларымен қатар «бұратаналардың» балаларын да оқытты. Бұл мектептерде ана тілі тек сабақты түсіндіру барысында ғана қолданылды. Үшінші санаттағы мектептерде оқыту барысы тек орыс тілінде жүргізілді. Сөйтіп патшалық Ресей қазақ жерінде орыстандыру саясатын оқу-ағарту саласында да іс-жүзіне асырып отырды.
Қазақтарды орыстандыруға бағытталған патшалық саясаттың зор қысымына қарамастан, еліміздегі халыққа білім беру ісінің жағымды жақтары да болды. Ол жүргізіліп отырған ресми саясатқа қарамастан, қазақтар еуропалық мәдениетпен, еуропалық өркениеттің жетістіктерімен танысты. Қазақ зиялылары орыс зиялыларының ортасынан көп нәрсені қабылдады, олар тіпті негізінен орыс топырағында еуропалық негізде білім алды. Сонымен бірге олардың арасында шетелде оқығандары да болды.
Сол тұстағы алдыңғы қатарлы ұлт зиялы қауым өкілдері қазақ елін отарлық езгіден құтқаруда, басты принцип ретінде оқу, білім және ғылым мәселелін көтеруде әрдайым көш бастаушы болды. Ұлт зиялыларының алға қойған басты мақсаттарының бірі халыққа білім беруде, оқу-ағарту және ғылым мәселесі еді. ХХ ғасыр басында «Қазақ» газетімен қатарлас «Айқап» журналы да Алаш қайраткерлерінің ғылыми-ағартушылық бағытындағы еңбектерін жарыққа шығарып отырды. «Қазақ» газетінде А.Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «Алаш азаматтарына» деген мақаласында «халықтың мәдениет жолында ілгері басып, ел қатарынан қалмасына себепші болатын нәрселердің бірі: баспа сөз, яғни газет-журнал, кітап екендігі шексіз» — деп көрсетуінің астарында үлкен мән жатыр [2].
Алаш зиялылары халықтық ағарту саласында алдымен бастауыш мектептер ашып, олар қандай болу керектігі жөнінде «Қазақ» газетінде өз мақалаларын жариялап отырды. А.Байтұрсынов бұл туралы: «Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз…» деп сол кездегі оқу-ағарту ісінің жағдайына тоқталып, оқу құралы да, оны оқытатын мамандардың тапшылығын атап өтеді. Ал оқыту бағдарламасы бойынша Ахмет Байтұрсынов «…мектептің түрі біздің ойымызша мынау: бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін бес жылдық боларға тиіс. Әуелі үш жылда балалар кілең қазақша оқу керек. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу керек… қазақ тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа кәсіп, жаратылыс жайлы… орысша оқитын екі жылында үйретілетін білім гимназияның яки реальный мектептердің төменгі кластарына кірерлік болуға тиіс» деп балаларды әрі қарай орта білім алуына бағыттап атап өтеді. Халыққа ағартушылық қызметтің үш негізгі қажеттілігін атап айтады. Ол: білімді мұғалім, оқыту құралдары және оқыту бағдарламасы. Енді осы бағытты дамыту жолында ұлт зиялыларын оқулықтар дайындауға шақырып, ғылыми-ағартушылық қызметін жүргізді [3].
Мұхамеджан Сералин 1910 жылдың аяғында ұзақ уақыт еңбектенудің нәтижесінде «Айқап» журнал шығаруға рұқсат алды. «Айқап» журналы оқу-ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды.М. Сералин мен айқаптықтардың сіңірген еңбегі мынада: жәдидшілдіктен, ағартушлықтан алға кетті, өз идеяларында қазақ шаруаларының, еңбекші бұқараның бытырыңқы және стихиялы арман-тілектері мен ойларын көрсете білген революцияшыл демократтар деңгейіне дейін көтерілді. Қазақ ағартушылары жас буынының жарқын өкілі болған М.Сералин ағартушылықтан отаршылдық жүйені қирату, қазақ ұлттық мемлекеттігін, ұлттық білім беру жүйесін құру идеясына көшті.
1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. Оның негізін салушылар А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов. «Қазақ» газеті өз беттерінде халық ағарту және кітап шығару мәселелеріне баса көңіл бөлді. Ұлт зиялылары «Қазақ» газеті беттерінде қазақ балаларын оқытудың әдістемелері жайлы өз ойларын жариялап отырды. А.Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетті түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтедіА.Байтұрсынов қазақ балаларын қазақ және орыс мектептерінде оқыту мәселелерін айта отырып, балаларды міндетті түрде екі жыл қазақша оқытуды талап етеді. Ол «…бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп есептейді [4].
Ұлт зиялылары «Қазақ» газетінің беттерінде қоғамның саяси жүйесі мәселесімен қатар, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсаринның, А.Құнанбаевтың ағартушылық қызметтерінің дәстүрлерін жалғастыра отырып Алаш қайраткерлері баспасөз беттерінде рухани бағыттығы идеяларын ағартушылық қызметтерімен де байланыстырды. Мәселен, А.Байтұрсынов «…өз дербестігімізді сақтап қалу үшін біз оқу-ағартуға және жалпы мәдениетке барлық күш-жігеріміз бен амал-айламызды салып ұмтылумыз қажет» — деп өз пікірін білдірді [5]. А. Байтұрсынов ХХ ғасырдың басындағы қазақ ғылымының ғана емес, түркі ғылымында жаңашылдық негіздегі жазылған оқулықтар: «Жаңа әліпби», «Оқу құралы», «Тіл құралы» атты еңбектердің авторы.
ХХ ғасыр басындағы баспасөз органдары қазақ зиялылары қызметінің рухани бағытының дамуы мен таралуына көмектесті. Мәселен: «Айқап» журанлы мен «Қазақ» газеті қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда орасан зор роль атқарды және олардың ағатрушылық бағыттағы идеялары мен көзқарастары ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның қоғамдық өмірінде елеулі орын алғандығы туралы тәуелсіз Қазақстанның отандық зерттеушілері де айқындап берді [16].
ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ елінде оқу-ағарту саласының қалыптасуына зор үлес қосқан зиялы қауым өкілдері ғылым мен білімнің іргетасын қалады. Олар қазақ халқының тарихи-мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған, республикада халық ағарту ісін қалыптастыруғаатсалысқан, кеңестік заңсыздықтың құрбаны болды. Көп жылдар бойы есімдері ескерілмей келген халқымыздың адал перзенттері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұлов т.б. ғылыми-ағартушылық мұрасының бүгінгі таңда ғылыми мәні орасан зор. Олардың шығармашылық мұралары тек тәуелсіздік алғаннан кейін халқымызға қайтарылып, осы бағытта еңбектер жазылып, кітаптар жарық көре бастады. Өйткені олардың барлығы өз жолын таңдап, адамзаттың дамуына септігін тигізген өз дәуірінің өкілі ретінде қазақ үшін аса қажетті болған тұлғалар.
Қорыта айтқанда оқу мен білімге, жалпы ағарту саласына үлес қосып келген XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің алдына қойған міндеті – қазақ халқын ұлт ретінде көтеру, өз елін өзі басқаратын мемлекетету. Алаш зиялылары оқу-ағарту саласында мектеп, оқу-әдістемелік құралдар туралы зерттеу әдістерін жазып, бірін-бірі толықтырып отырған. С.Торайғыровтың өлең жолдарындағы «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандаған алаш қайраткерлері өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу бір туар тұлғалары еді. Олардың бар өмірі ұлтты сүюдің, ел мүддесіне қалтықсыз қызмет етудің нағыз үлгісі болады.
ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары түрлі салада қызмет етті. Олардың әрқайсысының ғалым, жазушы, журналист, ағартушы-ұстаз әмбебап маман болуы сол кездегі заман талабынан туған қажеттілік еді. Алаш қайраткерлері өз ұлтының келешегі үшін оқу-ағарту саласын жақсартуды көздеді. Осы бағыттағы Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышпайұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Жұбанұлы, Е.Омарұлы, М.Жұмабайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Күдеріұлы, С.Садуақасұлы сынды азаматтардың еңбектері өлшеусіз. Қазақ зиялылары ана тілінде оқулықтар жазып, сөздіктер шығарып, аударма ісімен айналысып, ұлттық ғылым тілін қалыптастыруға күш салды, халықтың сана-сезімін оятып, мәдениетті елдер қатарына қосылу жолында аянбай еңбек етті.
ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде орын алған саяси-әлеуметтік жағдай ел зиялыларының ұлт мүддесі жолында бірігіп, қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін бағдарға алып, бірлесе еңбек етуі – біздер үшін жарқын үлгі. Бұл кезең – қазақ қоғамының рухани жағынан серпілген, ұлттық сананың оянған кезеңі болды. Ұлттың қамын ойлаған зиялылар қазақ халқын алдыңғы қатарлы елдердің сапына қосу үшін қалың бұқараның арасында ағартушылық идеясын көтеріп, халықтың сана-сезімін оятуды мұрат санады. Қазақты оқу-білімге шақырды. Алаш көсемі Ә.Бөкейхан: «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» дейтін қазақ. Бәрінен білім жүйрік. ... «Білімге жақсы да, жаман да жоқ. Білім – алмас қанжар. Кім қолына алса, соның қолы, салып қалса, жақсы-жаманды айырмай, басты алып түседі», – деп жазды [1, 262]. Алаш дәуірінің рухани көсемі, қазақ тіл білімінің атасыА.Байтұрсынұлы: «Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ», – деп тебіренді [2, 395]. Қазақ халқы өз алдына жазу-сызуы бар мәдениетті, оқыған ел болуға толық құқығы бар. Және аз уақытта солай болды да. Қазақстанның болашағы қандай болуы керек? деген мәселеге келгенде, біз бүгін осы ұстанымдарды басшылыққа аламыз. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ой-тұжырымдары ұлттық идеяның әрдайым тілмен байланысты екендігін байқатады.
Қоғамдық ғылымдар ішінде қазақ тілін оқыту әдістемесі кеш қолға алынып, осы сала бойынша еңбектер кейіннен жазылды. ХХ ғасыр бас кезінде шыққан әдістемелік нұсқаулықтар оқытудың әдістемелік жүйесіне арналмады. Мысалы, сол кезеңдегі «Дала уәлаятының газеті», «Түркістан уәлаятының газеті», «Айқап», «Қазақ» секілді алғашқы қазақ тілді басылымдарда жарық көрген мақалаларда қазақ даласындағы оқу-ағарту жұмыстарындағы кемшіліктер мен мектептердің жетіспеушілігі жөнінде айтылды. Жалпы оқыту әдістемесіне қатысты арнайы жеке жинақ немесе кітап жарыққа шыққан жоқ, жоғарыда айтып кеткеніміздей, тек мақала көлемінде ғана шектеліп отырды. Ал ХХ ғасырдың оныншы жылдарынан бастап оқулықтарда мұғалімге көмекші құрал ретінде оқытудың әдістемелік тәсілдері қосымша беріле бастады. Осы кезеңде шыққан еңбектердің қатарында «Қазақша букварь» (Нұрбаев, Уфа, 1910), «Әліфбе яки төте оқу» (И.Арабаев, Х.Сәрсекеев, Уфа, 1911), «Қазақша ең жаңа әліппе» (М.Малдыбаев, Қазан, 1912), «Қазақша ең жаңа әліппе» (Ж.Андамасов, Уфа, 1912), «Қазақ балаларына жәрдем. Қазақша әліппе кітабы» (Ғ.Сырғалин Қазан, 1913), «Үлкендер үшін әліппе» (Жиюшылар: Ш.Сарыбаев, Е.Қожантаев, Ташкент, 1921), Т.Шонанұлының «Жаңа әліппе», «Орысша қазақ тілін үйреткіш», «Кеспе әліпби», Н.Төреқұловтың «Үлкендер үшін жаңа әліппе», Ә.Байділдин мен Ғ.Мүсірепов бірігіп жазған «Қызыл әскер әліппесі» сынды оқу құралдарын атауға болады.
Ы.Алтынсарин негізін қалаған оқулық жазу мәселесін ХХ ғасыр басында алаш қайраткерлері жалғастырды. Ғасыр басында қазақ ағартушылары А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы, Т.Шонанұлы, Е.Омарұлы, Қ.Жұбанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаевтар қазақ тілі мәселесімен белсене айналысып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып-дамуына үлес қосты. ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін игі бастамаларға толы болды. Қазақ халқының ұлттық сана-сезімін арттырып, басын біріктірген, қоғамда орын алған саяси-әлеуметтік шаралар, көтерілістер мен толқулар баспасөз ісінің дамуы мен халықтың жаппай сауаттануға ұмтылуы, алаш қайраткерлерінің атқа мінуі – отандық тарихтың қилы кезеңіне тиесілі айтулы оқиғалар. Ресейде 1917 жылы үкіметті шаруалар мен жұмысшылар қолға алғанына, билікке большевиктердің келгеніне алаш қайраткерлері үлкен сақтықпен қарады. Қайраткер Қ.Кемеңгерұлы да Қазан төңкерісін қуанышпен қарсы алмады. Ол осы уақытта Қызылжар қаласынан шығатын өзі редакторлық еткен «Жас азамат» газетінде «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген саяси-әлеуметтік тақырыптағы мақаласын жариялады. Онда қайраткер Ресейде большевиктердің билікке келіп жатқанына өкініш танытып, қазақ жерінде ондайға жол берілмеу керектігіне шақырды.
Алайда тарихтың шешімі алаш қайраткерлері армандағандай болмады. Жаңа қалыптасқан жағдайда алаш оқығандары жұмыла жұмыс істеуге, бір-біріне одан да мықты ниеттес болуға, жан-жақты қолдау көрсетуге, қазақ мүддесін қорғайтын ғылыми, шығармашылық еңбектерін жариялауға, баспасөз, кітап шығару ісі арқылы халық жүрегіндегі ұлттық сана-сезімнің отын өшірмеуге тырысты.
Қ.Кемеңгерұлының Омбыдан Ташкент қаласына қоныс аударуында да үлкен мән бар еді. Билікке большевиктер үкіметі түгел қол жеткізгеннен кейін Қ.Кемеңгерұлы ұлтына адалқызмет істеуді жалғастырды. Аз уақыт саясат сахнасында болған қайраткер өзінің бар күш-жігерін енді таза шығармашылыққа арнады. Оның жемісі ретінде айналасы он жылдың аясында ғылым мен әдебиеттің сан саласы бойынша бағасы жоғары құнды дүниелерді өмірге әкелді.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін 1923 жылы 22 қарашада «Тіл туралы декрет» қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы – ХХ ғасыр басындағы ұлттық маңызы жоғары үлкен шара. Осыдан кейін мемлекеттік және қоғамдық орындарда қазақ тілінде де іс қағаздарын жүргізу қолға алына бастады. Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметі біршама жанданды. Соған байланысты қазақ тілінде оқулықтар шығару; мектептерді қазақ тілінде жазылған оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету; қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындау; орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті пән ретінде оқыту сияқты шаралар жүзеге асырыла бастады.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, қазақ халқының әлеуметтік-мәдени дамуы, қоғамдағы өзгерістер жаңа оқулықтар мен тың бағдарламаларды керек етті. Қазақ тілінің қоғамдағы орнына байланысты зиялы қауымның алдында мынадай үлкен міндеттер тұрды:
қазақ тілінде оқулықтар шығару;
мектептерге арналған пәндік кітаптар болмағандықтан оқу орындарын қазақ тілінде жазылған оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету;
-қазақ тілінде дәріс беретін мұғалімдерді дайындау;
Орысмектептеріндеқазақтілінміндеттіпәнретіндеоқыту [83]
шаралары жүргізіле бастады. Қазақ тілінің заңды тұрғыдан мемлекеттік мәртебе алуы оқыту саласына да өз ықпалын тигізбей қоймады. Оқу орындары үшін жаңа оқулықтар жазып, жаңа бағдарламалар құрастыру қажет болды. Оқу орындарында, мекемелерде қазақ тілін оқыту үшін арнайы бағдарламалар жасалып, оқу құралдары жазылып, сағаттар бөлінді.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында басты мәселе жаппай халықты сауаттандыру болды. Осы мәселені іске асыруда алаш оқығандары А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Е.Омарұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, Х.Досмұхаммедұлы, Қ.Жұбанұлы, Қ.Басымұлы еңбек етті. Алаш қайраткерлері бұл жылдарда ұлттық мектептердің ашылуына септігін тигізіп, қазақ тілінің өркендетуге күш салды. Олардың ұлттық мектептер жайлы ой-пікірлері мен қазақ тілін оқытуға қатысты ғылыми тұжырымдары әдістеме теориясының дамуына ықпал етті. ХХ ғасыр басында ұлт зиялылары қазақ мектептерінде қазақ тілінің оқытылуына қаншалық мән берсе, қазақ тілінің орыс тілді мектептерде оқытылуына да соншалық назар қойды. Қазақ оқығандары қазақ тілінің ұлт мектептері мен орыс мектептерінде оқытылуына көңіл бөліп, қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар жазды. Олар мектептерде қазақ тілін оқытуға байланысты оқулықтармен бірге орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәні үшін оқулықтар жазды.
Ы.Алтынсариннен бастау алған оқулық жазу әдістемесін теориялық, практикалық жақтан дамытқан А.Байтұрсынұлы болды. А.Байтұрсынұлының оқулықтары – орта мектепке қазақ тілін оқытуға арналған алғашқы еңбектер. Ал Т.Шонанұлының «Әліппе», «Жаңа арна», «Қазақ тілінің оқу құралы», «Учебник казахского языка для взрослых» еңбектері сол қоғамның қажеттілігін өтеді. Қ.Кемеңгерұлының оқулығы сол заманда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге арналған бірден-бір құнды еңбек болды. Ғалым Ташкент қаласында әскери училищеде қазақ тілінен сабақ бере жүріп, тәжірибе мен теориялық білімін байланыстырды. Нәтижесінде екі бөлімнен тұратын «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» еңбегін жазды. Қ.Кемеңгерұлының «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» қазақ тілін аптасына он екі сағат оқитынәскер мектебіне арналды.
А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл – құрал» оқулықтары қазақ мектептері үшін жазылса, Қ.Кемеңгерұлының «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету үшін әзірленді. Оның «Оқу құралы» сол заманда маңызды қызмет атқарып, өзге ұлт өкілдеріне арналған оқулықтардың бастауы болды. Өкінішке орай, қоғамдағы саяси ахуалдың орын алуына байланысты Қ.Кемеңгерұлының «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» біраз жылдар бойы жарыққа шығарылмай, көпшілік қауым назарынан тыс қалды.
А.Байтұрсынұлы – қазақ ғылымының әдебиет, тіл, әдістеме салаларынан өнімді еңбек қалдырған ғалым. Оның «Оқу құралы», «Сауат ашқыш», «Тіл – құрал» сынды оқулықтары өз заманының озық еңбектері болып табылады. Бұл оқулықтарды А.Байтұрсынұлы қазақ тілін оқытудың, үйретудің нақты әдістемелік нұсқаулығымен бірге ұсынған. Тілші-ғалымның «Тіл – құралдың» бірінші кітабы бір жылдық 1914 жылы, екінші кітабы екінші жылдық 1915 жылы Орынборда, «Тіл – құрал» (дыбыс жүйесі мен түрлері) 1925 жылы, «Тіл – құрал» (сөйлем жүйесі мен түрлері) еңбектері қазақ тілінің грамматикасы мәселелерін қамтыған.
Ғалым «Баяншы», «Нұсқаушы», «Әліппе астары» еңбектерінде оқытудың әдістемелік ерекшелігін баяндайды.«Қай әдіс жақсы», «Жалқылау (айырыңқы) әдіс», «Жалқылаулы – жалпылау әдіс» мақалаларында әдістің түрлеріне тоқталады. Әдіскер-ұстаз жалқылау, айырыңқы әдіс, жалпылау, жиылыңқы әдіс, жалқылаулы-жалпылау, айырыңқы-жиылыңқы әдіс деген қазақша ғылыми аталымдарын да тұңғыш қолданысқа енгізген. Ол осы үйрету әдістерінің ішінде жалпылау әдісінің ескісі екендігін айтады [92, 371] А.Байтұрсынұлы «тұтас сөз» әдісін әр жұрт өз тілінің, емлесінің ыңғайына қарай әр түрлі тұтынып отырғанын сөз етеді. Америкада жазуға үйретуі оқуға үйрету сияқты әріптен басталмай, бүтін сөздің жазуынан басталатындығын, жеңілдік үшін бастапқы кезде әрпі аз сөздер алынатындығын да көрсетеді. Ғалым: «Жалқылау әдісінің шыққан жері – Франция, ал жалқылау әдісін қуаттаушылардың бірі Гедике», – дейді [92, 364-365]. А.Байтұрсынұлы әдіскерлер Гедикенің, Жакотоның әдіс-тәсілдерін сипаттап, талдаса, Қ.Кемеңгерұлы «Жат тілді оқыту мақаласында» шетел әдіскерлері Ганчина, Кестере, Фриденберг, Мамуналардың әдістері туралы сөз қозғайды.
А.Байтұрсынұлы «Мектеп керектері» мақаласында сол кездегі мектептер жайынан біраз мәліметтер береді. Мектептерге ең қажетті деген нәрселерге тоқталып өтеді: «Ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы ... Істің толық жақсы болуына құралдың сайлы һәм жақсы болуы шарт. Үшінші, мектепке керегі – белгіленген программа» [91, 269]. Осы пікірге Қ.Кемеңгерұлы: «Мектеп қай тілде болу керек?» мақаласында: «мектепті көздеген мақсатқа жеткізу үшін үйі, құралы, сайманы, кітабы, оқытушысы сай болу керек», – деген ой қосады [91]. Бұл жерде А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы сауатты да білімді ұрпақтың қалыптасып шығуы үшін білімді оқытушы болуы керектігін, оқытудың жолдарының белгілі бір әдістемелік жүйеге сүйенуін, оқытудың әдіс-тәсілдері айқын болуы керектігін айтып отыр.
Ағартушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Кемеңгерұлы баспасөз беттерінде ХХ ғасыр басындағы ауыл мектептерінің жайын: талаптарға сай еместігін, оқу-білімге қажетті құралдардың тапшылығын, білім беретін оқытушылардың көбі «басқа қызметтерге қолы жете алмаған, не жарай алмағандар, не шалағайлар, не өз шаруасымен байланыстылар» [90, 179] екенін айтып сынайды. А.Байтұрсынұлы «Бастауыш мектеп» мақаласында: «Осы күнгі ауыл мектептерін мектеп деп айтарлықтай емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз», – десе [90, 266], Қ.Кемеңгерұлы «Мектеп қай тілде болу керек» мақаласында: «Қазіргі ауыл мектептерінің төрт түлігі сай деп ешкім айта алмайды. Бірі болса, бірі жоқ. Осы күнде ауыл мектептерінде комплекс (жиынды) әдіспен оқыту программаға кіргендіктен, мектепте алдымен керегі оқытушы болып отыр. Оқытушы жеткілікті біліммен комплексті қолданса, мектептің басқа кем-кетіктерін толтырады. Балаларға керекті білім береді. Өйткені комплекске керек жаратылыс, шаруашылық жағдайлары ауылдан табылады. Ал енді ауыл мектептеріндегі оқытушыларды алсақ, комплекс әдісін жүргізе алатындары некен-саяқ», – деп ашық айтады [90, 179].
Қ.Кемеңгерұлы өмір сүрген кезеңде Ж.Аймауытұлының ұлттық педагогика, психологияға байланысты жазылған еңбектерінің маңызы зор. Ж.Аймауытұлы –әдістеме ғылымына үлес қосып, педагогика, психология салаларында құнды ғылыми зерттеу еңбектер жазған жан-жақты білгір ғалым. Ғалымның «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі мен өнер таңдау» сынды еңбектері өз заманында жоғары бағаланған. Ж.Аймауытұлы «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде балаға білімді жүйелі меңгертудің жолдарын сөз етеді. Автор: «Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі – дидактика», – деп [91, 297] дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген. Ж.Аймауытұлы «Хат таныту әдістері», «Ана тілін қалай оқыту керек» мақалаларында еуропалық әдістердің озық үлгілерін пайдалану қажеттігіне назар аударады.
ХХ ғасыр басы – «әдіс», «әдістеме» терминдері қолданысқа еніп, әдістеме ғылымы дами түскен кезең. Ж.Аймауытұлы әдіс туралы ұғымды төмендегіше түсіндіреді: «Әрбір үйретудің мүддесі: шәкірттерді болмыспен әбден таныстыру, дұрыс, анық, ұғым туғызу үшін ұғымсыз деректерді жақсылап түсіндіру. Жаңа болмыс, жаңа ұғымдарды миға сіңіру – соның бәрінен тізбекті бір бүтін ой шығару. Үйрету әдістері дұрыс қолданғанда ғана соңғы мүдде орынға келеді» [91, 323]. Ж.Аймауытұлы білім беруде әдістерді дұрыс таңдап қолданудың дұрыстығын айтады. Дұрыс таңдап алған әдіс арқылы оқытуда берілген білім нәтижелі болатыны белгілі. А.Байтұрсынұлы: жалқылау-жалпылау, талдау-жинақтау, салыстыру, дыбыс, ойын, зерттеу сұрақ-жауап, сауаттау т.б. әдістерге түсініктеме берсе, Ж.Аймауытұлы оқытудың талдау (анализ), ұластыру (синтез), жалқылау, жалпылау, әңгімелесу, түсіндіру, көрнекілік әдісі деген түрлерін, Қ.Кемеңгерұлы үйлестіру (синтез), талдау (анализ), аудару, көрнекілік, жаратылыс әдістерін сипаттайды. Әдіскерлер халықтың сауатын ашуда, қазақ тілін оқытуда, өзге ұлт өкілдеріне (орыстарға) тіл үйретуде жоғарыдағы аталған әдістерді талдап, саралап, тиімдісін өз замандас оқытушыларына қолдануға кеңес береді. Жоғарыда аталған әдістер қазіргі білім беру үдерісінде де ыңғайына қарай пайдаланып, негізге алынып жүр деп айтуға болады. Бұл алаш әдіскерлерінің пікір-көзқарастары мен ой-тұжырымдарының өміршеңдігін аңғартады.
Ж.Аймауытұлы: «Ана тілін меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгерді», – деп [91, 306] ана тілімізді халықтың бүкіл жан дүниесі, болмысы деп санаған. Оның «Әр сабақ, әр пән бір жағынан өзіне тән хас мақсатын көздесе, екінші жағынан тіл түзетуге, тіл сабағының міндетін атқаруға тырысуы жөн», – деген пікірі [91, 306] өзектілігін жоғалтпайды.
Қазақ ағартушылары сабақты дұрыс ұйымдастырудың жолдарын көрсетіп, тілді оқытуда негізгі көңіл бөлетін мәселелерге тоқталып өтеді. Ж.Аймауытұлы мұғалімнің өзі айтып бергенін қайталап айтқызудың пайдасы аз екенін айтады: «Мұғалімнің айтып бергені сабағын қайта қарап отырғаннан басқа балалардың өз бетімен ойлап табары жоқ қой. Өзі ойлап, өзі істеп таппаған білім жан қуаттарын жетілдіре алмайды», – деп жаттату немесе айтқанды қайталатып сұрау баланың ойлау қабілетін жетілдірмейтінін айтса, Қ.Кемеңгерұлыжат тілді үйретуде құрғақ жаттаумен сөз миға қонбайтынын, ұмытыла беретінін еске салады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының бағыты бір, мақсат-міндеті ортақ болды. А.Байтұрсынұлы «Баяншы» әдістемелік еңбегін жазса, М.Жұмабайұлы «Бастауыш мектепте ана тілі», «Сауатты бол!» еңбектері арқылы бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін жасауға үлес қосты. Ол еңбектерінде бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуға, комплекстік оқыту әдісінің ерекшеліктеріне, баланың сөйлеу тілі, тіл дамыту мәселелеріне, жазба тілді меңгертуге, көрнекіліктермен жұмыс істей білуге тоқталады. Бастауыш сыныптағы балаларға арналған қазақ тілі мен жазуемлесі бойынша үйретілетін жұмыстарды әр жылға топтап жүйелеуде ғалым белгілі бір дидактикалық ұстанымдарды сақтайды. М.Жұмабайұлының ойынша, бастауыш мектеп сауат ашқызып, хат танытуымен бірге болашақ тұлға бойына ана тілінің байлығын бойына сіңіртіп, жан-жақты жетілдірумен ерекшеленуі тиіс. ХХ ғасыр басында өмір сүрген қазақ зиялылары А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Жұмабайұлылар осы мәселені алға тартты. А.Байтұрсынұлы: «Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның күйімен бірдей, мұнан былай хат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар писарь, учитель, фелдьшер, адвокат, судья, инженер, агроном болар демей, ең әуелі, қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек, екінші, бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Егерде бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт әдебиеті мен матбуғатының мүлкін пайдаланарлық дәрежелі біліммен қалсын. Әрі оқимын деген халде, мұсылманша оқыса, бастауыш мектеп оқуы арғы оқудың негізі болуға жарасын; орысша оқыса, орысша үйренудің қиындығын жеңілдетерлік демеу һәм негіз болуға жарасын», – деп бастауыш мектептердің балаға тек сауат ашқызып, оған хат танытып қана қоймай, сонымен бірге олардың болашақ білімінің негізін қалап, ұлттың рухани құндылықтарымен сусындаған дара тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуін міндеттеді. ХХ ғасыр басындағы қазақ ағартушыларының оқу-ағарту мәселесі, қазақ мектептерінің хал-ахуалы, ұлт мектептері, ұлт тағдыры, ұлт мәдениеті жайлы айтқан ой-пікірлері бүгінгі қоғамда да өзекті.

3.3 Алаш тағылымы және кәзіргі қазақ руханияты


Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.


Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.
Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілдесөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін айта бастасаң, тілдердің үштұғырлығын алдыға тартатын кейбір әдеттер пайда болды. Әлемдік қарым-қатынастар мидай араласқан заманда көп тіл білу қажет те болар. Дегенмен алдымен өз тіліміздің көсегесін көгерткен дұрыс екендігін біразымыз түсінбей жүрміз. Бұл жөнінде Елбасы шешімді ойын, кесімді пікірін айтты. Ол кісі редакторлармен кездесуінде: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп, мемлекеттік тілді елегісі келмей, орыс тілі мен ағылшын тілінің қосағына көгендеп жібергісі келгендерге түсінікті етіп, мемлекеттік тілдің басымдығын айқындап берді. Баршамыз, тіл саласының қызметкерлері де, тіл жанашырлары да, жастарымыз да қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, яғни еліміздегі басымдығын үнемі насихаттап жүруіміз қажет.
Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М.Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге ескерту, сақтандыру ойлары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында. Десек те, тәуелсіздігіміз ат жалын тартқан азамат жасына жетсе де, осыны көптеген қандастарымыз түсіне алмай, түйсіне алмай жүргені шындық. Біздің басты шаруамыз, Астананың зиялы қауымының жұмысы қазаққа қазақша сөйле, балаңды қазақша оқыт, жұмысыңды қазақша атқар деген сияқты жұмыстармен байланысты болып отыр. Бүгінгі халықаралық басқосудың да мақсатының бірі осындай шаруамен орайлас. Бұл күрес сонау Алаш қозғалысы дәуірінде басталған аманат күресі, тәуелсіздігімізді тұғырлы етеміз десек, оны орындауға міндеттіміз. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Назарбаев қазақтілді басылым редакторларымен кездесуінде: «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті… Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деп айрықша тоқталған болатын. Ұлттық бірегейлігімізді сақтауда Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің қазақтары тілдік бірегейлігімізді сақтауға ұмтылуымыз қажет. Өйткені еуропалық өмір салтына көше бастаған қазіргі заманда ұлттық бірегейліктің бастысы – ана тілі болып отыр» [79]. Сондықтан да тіл бірлігі ең күшті біріктіруші факторға айналуы тиіс. Бұны баршамыз неғұрлым терең түсініп, осы бағытта маңызды, шешуші істер атқаруымыз тиіс.
Еліміздің бас қаласы – Астанада қазақы рух, ұлттық нышан қалыптасуы үшін көптеген нәтижелі шаруалар атқарылуда. Ұлт болашағы бүгінгі бүлдіршіндер десек, астана болғалы бері 20 қазақ мектебі ашылды. Қазақтардың саны көпшілікке айналып, алпыс пайыз шамасына жетті. Күні кеше бір ғана қазақ мектебінің болғанын, қандастарымыздың жиырма пайызға жетер-жетпес болғанын айтсақ, Астананың қазақтана бастағанына толық көз жеткізесіз. Үстіміздегі жылы қаламыздың даңғылдары мен көшелеріне үш жүзден астам қазақы атаулар берілді. Атаулар беруде ұлтымыздың тарихында айрықша орынға ие болған тұлғалардың есімдері, Қазақстанның әр түкпіріндегі жер-су атаулары молынан қамтылды. Олардың ішінде Алаш қайраткерлерінің барлығының дерлік есімдері бар. Біз бұларды көлденең тарта отырып, қаламызда мәселе толық шешілді деп отырғанымыз жоқ, бұл бағытта атқарылар шаруа әлі де шаш етектен. Біздің ойымызша, ең алдымен қазақ баласының ана тілінде білім алуына баршамыз ықпал жасауымыз қажет. Олай болмайынша ертең ержеткен, бойжеткенге, бүрсүгіні мемлекеттік қызметкерге өз тілін үйретіп тағы әуре боламыз. Мұны кезінде Алаш зиялылары уақытында аңғарған. Ұлт ұстазы Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы: «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген, ноғайша оқығанда ноғай сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген. Қазақ сөздері алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыландығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз» деп ұрпақтың ұлттық тәрбие алуының негізін айтса, Халел Досмұхамедұлы: «Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды» деп тілдің сақталуы мен дамуындағы мектептің ерекше рөлін атап өтеді. Бұл бағытта, әсіресе, Білім және ғылым министрлігі мақсатты жұмыстар жүргізуі тиіс деп ойлаймыз. Балабақшаға, мектепке баратын бүлдіршіндердің ата-аналарымен насихат жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақ мектебінің білім берудегі артықшылықтарын көрсете білу керек. Күні ертең қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тілге айналатынына оларды сендіру қажет. Ол үшін қазақ балабақшаларының, мектептерінің санын көбейтумен бірге білім берудің сапасын арттыра беру мақсатында ойлы, орайлы шаруалар атқаруды қолға алған абзал. Осыдан барып балаларға арналған кітаптар шығару, уақыт талабына сай кинофильмдер, мультфильмдер, мультимедиалық бағдарламалар шығару мәселесі туындайды. Өйткені балаларымызды заманауи жаңалықтардан кенже қалдырмауымыз керек. Бұл салада мемлекет тарапынан жоспарлы жұмыстар жүргізілуі керек екендігі бесенеден белгілі. Сондай-ақ шығармашылық қауым бүгінгі заманғы технологияларды пайдаланып, осындай қажетті өнімдер шығаруды ойлағандары дұрыс. Алаш қайраткерлері өз заманында сол дәуірге лайық көркем шығармалар тудырды, ақпарат құралдарын шығарды. Ал біз ХХІ ғасыр жетістіктерін пайдаланып, ақпараттық технологияның қазақ тіліндегі үлгілеріне бет бұруымыз керек.
Алаш қозғалысының 100 жылдығын атауында Астана қаласында мерейтойлар өткізілді. Атап айтқанда, жоспарлы түрде Мұстафа Шоқайды еске алу кеші Гуманитарлық заң академиясында, Халел Досмұхамедұлын еске алу кеші Медицина академиясында, Хайретдин Болғанбаевты еске алу кеші Еуразия гуманитарлық институтында, Б.Күлеевті еске алу кеші Гуманитарлық колледжде және жалпы Алаш қозғалысының сипатын, маңызын, оның қайраткерлерінің өмір жолын жастарға таныту мақсатындағы шаралар жоғарғы оқу орындары мен арнаулы оқу орындарында, мектептердің көпшілігінде өткізілді. Осындай жұмыстардың қорытындысы ретінде 7-8 қарашада «Алаш және Әуезов» атты халықаралық конференция өткіздік. Оған шетелдегі Алаш рухты азамат Хасан Оралтай, көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев, көрнекті тіл жанашырлары Мұхтар Шаханов пен Смағұл Елубай, Өзбекстандағы алаштанушы ғалым Махамбет Жүсіпов тағы да басқа да танымал қайраткерлер мен қаламгерлер шақырылған болатын. Осы конференция күндері Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры әртістері дайындаған «Алаш ақиқаты» қойылымы Еуразия университетінде, Агротехникалық университетте, Заң академиясында көрсетілген болатын. Аталған жоғары оқу орындарындағы кездесулер, халықаралық конференция, «Алаш ақиқаты» қойылымы қала жастарының ұлттық санасына айрықша әсер етті. Осылардан соң көптеген жастар ұйымдары құрылды. Ендігі жерде жастардың өзі мәселе көтере бастады. Айталық, «Жастар және мемлекеттік тіл» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде жастарымыз қатысып отырған депутаттарға тіл мәселесі, ұлттық рух, ұлттық намыс жөнінде өткір сұрақтар мен талаптар қойды. Яғни Алаш тағылымы жастарымыздың ұлттық абыройын ұлықтауға деген сезімін оятты, ойларын өрістетті.
«Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» тақырыбындағы халықаралық басқосудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілімізді тұғырлы етумен байланысты. Алаш қайраткерлерінің өміршең идеялары, негізгі мұраттары ұлт тәуелсіздігімен байланысты десек, бүгінгі Қазақстанның рухани тәуелсіздігі жөнінде мақсатты шаруалар атқаруға міндеттіміз. Өйткені бізге рух, сана тәуелсіздігін қалыптастыру қажет. Ал олардың негізі – ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз. Өйткені тіліміз – руханиятымыздың іргетасы, ұлттық болмысымыздың айнасы, қазақтығымыздың, Алаш ұрпағы екендігіміздің басты белгісі.
Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті.
Өткен мен бүгінді сабақтастыруда мына мәселелерді қаперге алған жөн: Біріншіден, Алаш идеясының өзегі ұлттық мемлекеттік дербестік болғанын, бүгінгі Қазақстан Республикасы - Алаштың бұл арманының іске асуының көрінісі екенін, Алаш көшбасшыларының қазақ қоғамын біртіндеп Еуропалық деңгейдегі өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды ұштастыру негізінде, сол замандағы нақты жағдайларға бейімдеуді өздерінің анық та айқын мақсаты тұтқанын көрсетті.
Екінші, «Алаш» партиясының бағдарламасы, біріншіден, қазақ елін өзінің бөлінбейтін территориясы бар, отарлық тәуелділіктен азат елге айналдыруды, екіншіден, қазақ халқының өмірін жаңа сапаға көтеруді көздеді. Яғни, олар елде пәрменді реформалық шараларды іске асырғылары келді. Кез - келген мемлекеттің тұрақты және тиімді өмірлік қызметі үшін сол елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор екенін Алаш қайраткерлері жете түсінді. Оны ұлттық басымдылықтардың бірі ретінде қарастырды. Алашордалықтардың көбісі ұлттық буржуазияның өкілдері болғандықтан да жер мәселесін, кәсіпкерлік, жеке меншік мәселелерін ел экономикасынан бөліп қарамаған, оны экономикалық өсудің негізі деп санаған.
Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын ұсынып, ол халқымыздың қолдауына ие болып отырғаны белгілі. Шын мәнінде, бұл бағдарлама мемлекетіміздің дамуына жаңа талаптар қойып, халқымыздың ұлттық мүдделеріне сай келетін жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастырып отыр. Қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеуді мақсат еткен «Алаштың» асыл мұраттары біздің еліміздің қазіргі жедел жаңғыру, модернизация бағытымызбен үндес келеді.
Алаш идеясын біржолата ысырып тастауды көздеген кеңестік жүйеде өмір сүрген кездегі ойлау жүйесінен, сол кездегі психологиялық пиғылдан тұтастай арылуға, ұлттық сананы биікке көтеруге күш жұмсаудың қажеттілігі туып отыр. Осы кезге дейін Алаш дегенде басқа ұлттың өкілдері осы қозғалысты ұлтшылдық бағытта деп қана ойлап, оған күдікпен қараушылар бар. Алаш идеясын әрбір қазақстандық үшін елді ажырататын емес, біріктіруші мақсатқа пайдалануымыз керек.
Тұтастай алғанда, «Алаш» көшбасшылары ұстанымдарының ұлтпен бірге өмір сүретін концепциялық мағынасы бар екендігін сезінген сияқты. Әрине, идеялар да заманның өзгеруіне қарай дамып отыратыны түсінікті. Дегенмен де Алаш идеясы сол кезеңдегі тамырын тереңнен алған ұлтымыздың құндылықтар жиынтығы — экономикалық, саяси, философиялық ойлаудың кемелденген үлгісі болғандығы анық.
Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттардан бастап Алаш рухы бойымызға сіңіп жатыр. Сонымен қатар Алаш қозғалысының бостандық пен тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын одан әрі зерттеуді жаңа серпінмен жалғастырудың қажеттілігі күмән тудырмайды.
Сондықтан да, ұлтшылдықтың әлеуметтік өлшемі туралы айтқанда, міндетті түрде «қоғамдық қозғалыс» ұғымы ойда тұрады, өйткені бұл қозғалыстарға да, идеологиядағы сияқты социумдағы түбірлі өзгерістер тән. Біз қарастырып отырған Алаш қозғалысы да қазақ қоғамының ауқымды бір бөлігін қамтыды және ұлтшылдық идеяға негізделді. Осылайша ұлтшылдық ұлттық қозғалыстарға идеялық мазмұн беретін идеология ретінде түсіндіріледі. Бұл екі құбылыста негізінен өзара тығыз байланыста, бір-бірін толықтыратын, екінші жағынан, өзіндік ерекшелігі бар құбылыстар ретінде талданады және қандай да болмасын, ұлттық қозғалыстардың жетекшілігінде этностық немесе ұлттық элита тұрады. Олар ұлттық қозғалыстардың идеологиясын ұлтшылдық идеологиясы мазмұнында негіздейді. Біздің жағдайымызда «Алаш» ұлттық идеясы осындай әлеуметтік алғышарттардан туындайды.
Алаш партиясының бағдарламасы бойынша «Үкімет басында Құрылтай жиналысы, оның арасында Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума белгілі мерзімге сайлаған президент тұрады» делінген. Алаш зиялылары Құрылтай жиналысы немесе бүкіл халық сайлап қойған өкілдер жиналысы мемлекет басында тұрады деп есептеді. Бұл идеяның «негізі, халық мемлекеттегі ең жоғары күш, биліктің нағыз қайнар көзі» деген мәні бар. Сондықтан да Құрылтай жиналысы тұрақты орган емес, ол мезгіл-мезгіл сессия түрінде жұмыс жасайды. Себебі, оның сессиялары арасында билік тұрақты орган Президенттің қол астында болады.
ХХ ғасырдың басында Президенттік басқарудағы мемлекеттердің әлемде санаулы болғандығын ескерсек, Алаш зиялыларының мемлекет басқару ісінде қаншама озық ойлы, тұрпатты, құқықтық мемлекет құрудың алғышарттарын жасағандықтарына көзіміз жетеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тетіктер өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Осыған қарай мемлекеттік тетіктің құрамында Президент ерекше орын алды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы Тұңғыш Президентін сайлады. Осыдан келіп қарасақ, Алаш қайраткерлерінің «мемлекеттің басшысы Президент» деп тұжырымдауын өмірдің өзі дәлелдеді.
Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын Алаш қайраткерлерінің Қазақ автономиясын құрып, тәуелсіз мемлекет идеясын туғызған өршіл рухын еліміздің көк туын желбіретуші Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев одан әрі жүзеге асырып отыр деуімізге толық негіз бар. Алаш арыстарының Лениннің өзіне қол қойдырып, бекіттірген құжаты болғанын білесіздер. Ол: «Алаш арыстары «биыл Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бекітілді. Автономиялы мемлекет болып жарияланады. Одақтас республикалардың кез келгені қалаған уақытында мемлекет ретінде бөлініп кетуге құқылы» деп Ленинге қол қойғызған [3]. Осы идеяны орыс, украин, беларусь секілді мемлекеттер қолдаған. Сол статьяны пайдалана отырып, біз 1991 жылы тәуелсіздік алдық. Бұл аталғандар қазақ елінің азаттығын аңсаған Алаш ардақтыларының қызметінен бірер мысалдары ғана. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» дейді.
Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясы бүгінде іске асты. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Олардың еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі де жасампаз ниеттері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Бүгінде халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасында әлеуметтік әл-ауқатымыз артып, инновациялық даму жолына түстік. Ұлт болып ұйысып алдымызға қойған мақсаттарға жетуде қастерлі тәуелсіздіктің құны жолындағы құрбандарын ұмытпай, оларды үлгі ету арқылы күш-қайратқа және рухани бірлікке ие бола аламыз. Алаш ардақтыларының аманатын ұлықтау мақсатында жұдырықтай жұмылып, түрлі маңызды іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Әрбір ұрпақ қай заманда да өмірді жаңадан бастап кете алмайды, ол өзінен бұрынғыдан қалған мұраның иесі, өзінің тәрбиесімен, қалыптасқан мәдениет, дәстүр, ойлау деңгейімен оған тәуелді.Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі бар. Олардың кеңес үкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе Ахмет Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болған.
Қозғалыс көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді [90]. Әлихан Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған.
Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Халел Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» дейді. Уақытынан оза туған Алаш қайраткерлерінің идеялық мұрасын терең зерттеп, бүгінгі күннің қажетіне жаратып, олардың ісін жалғастырған абзал. Тәуелсіз елдердің басшылары дамудың бірден-бір жолы бірлік екенін түсініп, одақ болмағанымен Достастық қажет екенін түсінді. Осы түсіністік нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді. ТМД-ның құрылуы туралы ресми айтылғанымен, шын мәнінде қайта біріктіру мақсатын, интеграцияны немесе халықтарды біріктіруді көздеген жоқ. Достастық жасаушылар экономикалық, мәдени және интеграцияның басқанегіздері туралы мәселе көтерместен жасанды ұйымдастырды. Бұғанқоса, барлық егемен республикалар әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатты да, кең ауқымдағы интеграцияның мүмкіндігі шектеулі болды. ТМД қабылдаған 400 ден аса келісім-шарттардың көпшілігі орындалмады. Алайда оның болашағы бұлыңғыр болғанымен, үзілген қарым-қатынастарды орнықтырудың алғы шарттары жасалды. ТМД мемлекеттері арасындағы шиеленістердің талайталай себептері де бар еді. 
Қазақ зиялылары ұлттық, ана тілінің тағдырына әрдайым мәдени, сонымен қатар ұлттың саяси атрибуты ретінде алаңдаушылық танытты. Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту мәселесі бүгінгі күннің өзінде егемен Қазақстан үшін маңызды. Сол кезде Ахмет Байтұрсынов басқа ұлттардың Қазақстанға ағып келе жатқандығы жағдайында «қырғыздардың (қазақ) тәуелсіз өмір сүруі туралы мәселе бізбен бірге барлық даңқында өсіп келеді. Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін біз барлық күштермен және ағартушылық және ортақ мәдениетімізбен күресуіміз керек. Мұны істеу үшін алдымен ана тілімізде әдебиеттерді дамыту керек. Өз тілінде сөйлейтін және өзінің әдебиеті бар ұлттың тек тәуелсіз өмірді талап ететінін ешқашан ұмытпау керек «А. Байтұрсынов «орыс мектептерінде және татар медреселерінде білім алған қазіргі қырғыз зиялылары қырғыз тілін елемей, орыс және татар тілдерінде сөйлесіп, бір-бірімен сөйлесіп жатыр» деген алаңдаушылық туғызды. … Егер мұны қаламасақ, онда бұл мәселені түп тамырымен шешіп, одан кейін қырғыз тілі мен әдебиетін жетілдіру керек» [90]. Осы идеядан ол ешқашан бір қадамды қабылдамады.
Жаңа қоғамды құру үшін тәуелсіз мемлекет өз тарихына немесе тарихына принципті көзқарасты ұстануы керек. Қатеден - сабақ жақсы үлгі болуға тиіс. Алаш — символдық сөз. Алаш - ұлттың ұраны. Алаш - қазақстандық қоғамның, білім мен ғылымның тәжірибесіндегі инновациялар мен жетістіктердің жарқын жүзі, керемет ізденіс, адалдық және тәуекел.


3.3 Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты

Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.


Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанныңтәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.
Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілдесөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін айта бастасаң, тілдердің үштұғырлығын алдыға тартатын кейбір әдеттер пайда болды. Әлемдік қарым-қатынастар мидай араласқан заманда көп тіл білу қажет те болар. Дегенмен алдымен өз тіліміздің көсегесін көгерткен дұрыс екендігін біразымыз түсінбей жүрміз. Бұл жөнінде Елбасы шешімді ойын, кесімді пікірін айтты. Ол кісі редакторлармен кездесуінде: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп, мемлекеттік тілді елегісі келмей, орыс тілі мен ағылшын тілінің қосағына көгендеп жібергісі келгендерге түсінікті етіп, мемлекеттік тілдің басымдығын айқындап берді. Баршамыз, тіл саласының қызметкерлері де, тіл жанашырлары да, жастарымыз да қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, яғни еліміздегі басымдығын үнемі насихаттап жүруіміз қажет.
Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М.Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді. Ұлы тұлғалардың сөзінде ұлт тілінің маңызымен бірге ескерту, сақтандыру ойлары да жатыр. Біздің заманымыз үшін бұл пікірлердің бағалылығы да осында. Десек те, тәуелсіздігіміз ат жалын тартқан азамат жасына жетсе де, осыны көптеген қандастарымыз түсіне алмай, түйсіне алмай жүргені шындық. Біздің басты шаруамыз, Астананың зиялы қауымының жұмысы қазаққа қазақша сөйле, балаңды қазақша оқыт, жұмысыңды қазақша атқар деген сияқты жұмыстармен байланысты болып отыр. Бүгінгі халықаралық басқосудың да мақсатының бірі осындай шаруамен орайлас. Бұл күрес сонау Алаш қозғалысы дәуірінде басталған аманат күресі, тәуелсіздігімізді тұғырлы етеміз десек, оны орындауға міндеттіміз. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Назарбаев қазақтілді басылым редакторларымен кездесуінде: «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті… Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деп айрықша тоқталған болатын. Ұлттық бірегейлігімізді сақтауда Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің қазақтары тілдік бірегейлігімізді сақтауға ұмтылуымыз қажет. Өйткені еуропалық өмір салтына көше бастаған қазіргі заманда ұлттық бірегейліктің бастысы – ана тілі болып отыр. Сондықтан да тіл бірлігі ең күшті біріктіруші факторға айналуы тиіс. Бұны баршамыз неғұрлым терең түсініп, осы бағытта маңызды, шешуші істер атқаруымыз тиіс.
Еліміздің бас қаласы – Астанада қазақы рух, ұлттық нышан қалыптасуы үшін көптеген нәтижелі шаруалар атқарылуда. Ұлт болашағы бүгінгі бүлдіршіндер десек, астана болғалы бері 20 қазақ мектебі ашылды. Қазақтардың саны көпшілікке айналып, алпыс пайыз шамасына жетті. Күні кеше бір ғана қазақ мектебінің болғанын, қандастарымыздың жиырма пайызға жетер-жетпес болғанын айтсақ, Астананың қазақтана бастағанына толық көз жеткізесіз. Үстіміздегі жылы қаламыздың даңғылдары мен көшелеріне үш жүзден астам қазақы атаулар берілді. Атаулар беруде ұлтымыздың тарихында айрықша орынға ие болған тұлғалардың есімдері, Қазақстанның әр түкпіріндегі жер-су атаулары молынан қамтылды. Олардың ішінде Алаш қайраткерлерінің барлығының дерлік есімдері бар. Біз бұларды көлденең тарта отырып, қаламызда мәселе толық шешілді деп отырғанымыз жоқ, бұл бағытта атқарылар шаруа әлі де шаш етектен. Біздің ойымызша, ең алдымен қазақ баласының ана тілінде білім алуына баршамыз ықпал жасауымыз қажет. Олай болмайынша ертең ержеткен, бойжеткенге, бүрсүгіні мемлекеттік қызметкерге өз тілін үйретіп тағы әуре боламыз. Мұны кезінде Алаш зиялылары уақытында аңғарған. Ұлт ұстазы Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы: «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген, ноғайша оқығанда ноғай сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген. Қазақ сөздері алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыландығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз» деп ұрпақтың ұлттық тәрбие алуының негізін айтса, Халел Досмұхамедұлы: «Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды» деп тілдің сақталуы мен дамуындағы мектептің ерекше рөлін атап өтеді. Бұл бағытта, әсіресе, Білім және ғылым министрлігі мақсатты жұмыстар жүргізуі тиіс деп ойлаймыз. Балабақшаға, мектепке баратын бүлдіршіндердің ата-аналарымен насихат жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақ мектебінің білім берудегі артықшылықтарын көрсете білу керек. Күні ертең қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тілге айналатынына оларды сендіру қажет. Ол үшін қазақ балабақшаларының, мектептерінің санын көбейтумен бірге білім берудің сапасын арттыра беру мақсатында ойлы, орайлы шаруалар атқаруды қолға алған абзал. Осыдан барып балаларға арналған кітаптар шығару, уақыт талабына сай кинофильмдер, мультфильмдер, мультимедиалық бағдарламалар шығару мәселесі туындайды. Өйткені балаларымызды заманауи жаңалықтардан кенже қалдырмауымыз керек. Бұл салада мемлекет тарапынан жоспарлы жұмыстар жүргізілуі керек екендігі бесенеден белгілі. Сондай-ақ шығармашылық қауым бүгінгі заманғы технологияларды пайдаланып, осындай қажетті өнімдер шығаруды ойлағандары дұрыс. Алаш қайраткерлері өз заманында сол дәуірге лайық көркем шығармалар тудырды, ақпарат құралдарын шығарды. Ал біз ХХІ ғасыр жетістіктерін пайдаланып, ақпараттық технологияның қазақ тіліндегі үлгілеріне бет бұруымыз керек.
Алаш қозғалысының 90 жылдығын атауды Астана қаласы өткен жылы бастаған болатын. Біз бұл айтулы мерейтойды өткізуде, әсіресе, жастарға ден қойдық. Атап айтқанда, жоспарлы түрде Мұстафа Шоқайды еске алу кеші Гуманитарлық заң академиясында, Халел Досмұхамедұлын еске алу кеші Медицина академиясында, Хайретдин Болғанбаевты еске алу кеші Еуразия гуманитарлық институтында, Б.Күлеевті еске алу кеші Гуманитарлық колледжде және жалпы Алаш қозғалысының сипатын, маңызын, оның қайраткерлерінің өмір жолын жастарға таныту мақсатындағы шаралар жоғарғы оқу орындары мен арнаулы оқу орындарында, мектептердің көпшілігінде өткізілді. Осындай жұмыстардың қорытындысы ретінде 7-8 қарашада «Алаш және Әуезов» атты халықаралық конференция өткіздік. Оған шетелдегі Алаш рухты азамат Хасан Оралтай, көрнекті алаштанушы Мәмбет Қойгелдиев, көрнекті тіл жанашырлары Мұхтар Шаханов пен Смағұл Елубай, Өзбекстандағы алаштанушы ғалым Махамбет Жүсіпов тағы да басқа да танымал қайраткерлер мен қаламгерлер шақырылған болатын. Осы конференция күндері Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры әртістері дайындаған «Алаш ақиқаты» қойылымы Еуразия университетінде, Агротехникалық университетте, Заң академиясында көрсетілген болатын. Аталған жоғары оқу орындарындағы кездесулер, халықаралық конференция, «Алаш ақиқаты» қойылымы қала жастарының ұлттық санасына айрықша әсер етті. Осылардан соң көптеген жастар ұйымдары құрылды. Ендігі жерде жастардың өзі мәселе көтере бастады. Айталық, «Жастар және мемлекеттік тіл» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде жастарымыз қатысып отырған депутаттарға тіл мәселесі, ұлттық рух, ұлттық намыс жөнінде өткір сұрақтар мен талаптар қойды. Яғни Алаш тағылымы жастарымыздың ұлттық абыройын ұлықтауға деген сезімін оятты, ойларын өрістетті.
«Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» тақырыбындағы халықаралық басқосудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілімізді тұғырлы етумен байланысты. Алаш қайраткерлерінің өміршең идеялары, негізгі мұраттары ұлт тәуелсіздігімен байланысты десек, бүгінгі Қазақстанның рухани тәуелсіздігі жөнінде мақсатты шаруалар атқаруға міндеттіміз. Өйткені бізге рух, сана тәуелсіздігін қалыптастыру қажет. Ал олардың негізі – ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз. Өйткені тіліміз – руханиятымыздың іргетасы, ұлттық болмысымыздың айнасы, қазақтығымыздың, Алаш ұрпағы екендігіміздің басты белгісі.
ҚОРЫТЫНДЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет