Мырзабаева фариза жомартовна


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет3/11
Дата20.09.2023
өлшемі164,91 Kb.
#108891
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Мырзабаева Переплет

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі қазақ тілі тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебесін алып отыр. Сондықтан оған дүние жүзіндегі дамыған ұлттық әдеби тілдерге қойылатын талаптар тұрғысынан қарау керек.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге сәйкес қоғамдық қызмет аясының кеңеюі мен күшеюі, соған сай қазіргі қоғамдағы ғылым тілін қазақша дамытып, қалыптастырудың талап - мүдделері қазақ тіліндегі ғылыми стильдің қалыптасуын арнайы қарастыруды қажет етеді.
Ғасыр басындағы халықтың ұлттық белгісін айқындайтын негізі-тіл
мәселесі де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Тіл – қоғам өмірінде түрлі
қызметтер атқаратын, халықтың халықтығын танытатын күрделі құбылыс. Тіл
халықпен бірге өмір сүреді, ел тарихы жанданса, тіл де жанданады, тарих
өшсе ол да өшеді. Тілдің қызметтері әртүрлі дедік. Соның ішіндегі негізгісінің бірі
болып әлеуметтік қызметі қарастырылады. Бұл қызметі тілдің қоғам өмірімен
тығыз байланыстылығынан келіп туындайды. Қазіргі кезде тілдің бұл қызметіне
байланысты мәселелерді тіл білімініің бір саласы - әлеуметік лингвистика
қарастырады. Әлеуметтік орталарда көрініс беруін қадағалап, зерттейді. Ел
тарихи мен ұлт тілі бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Бұндағы ең
негізгі көңіл бөлерлік мәселе мемлекеттің, басқару органдарының жүргізетін
тілдік саясаты.
Қазақ тілінің көптеген объективті себептерге байланысты беделінің төмендеуі, қолданылу аясының тарылып, атқаратын қоғамдық қызметінің ауқымы тұрмыс тілімен шектелуі ұлтжанды зиялылардың жанына батты. Қазақ тілінің тағдырына төнген қауіп-қатерді терең ұғынғандар Алаш зиялылары еді. Олар ты­ғырықтан шығудың нақты жолдарын көрсете алды.
Зерттеудің мақсаты: ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы өзгерістер, тарихи-әлеуметтік жағдайды, саяси өзгерістерді, экономикалық жағдайды суреттеп, осы мәселелермен тығыз байланысты тіл, мемлекеттік мәселелері талданды да, Қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасұлы секілді қоғам қайраткерлерінің көзқарастарың талдау.
Диссертациялық жұмысқа мақсат етіп қазақ тілінің халықтық тілден ұлттық тілге айналу үрдісін қадағалау болды. ХХ ғасырдың басындағы оқу-ағарту мәселесі деген ұлт зиялыларының қарастырып отырған дәуірдегі әліппе және оқу-ағарту жайлы пікірлері сөз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет