Мырзабаева фариза жомартовна


Зерттеудің методологиялық негіздері мен әдістері



бет5/11
Дата20.09.2023
өлшемі164,91 Kb.
#108891
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеудің методологиялық негіздері мен әдістері Зерттеу жұмысын талдау барысында біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдық. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына тайсақтамай, жанқиярлықпен күресті. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
Диссертациялық зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізіне диалектикалық тарихи даму заңдылықтарын және өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау мен қорыту, сонымен қатар жүйелілік әдістер арқылы бердік. Негізгі ұстанымдар ретінде тарихи таным мен концептуальдық ережелер, кешендік теориялар негіздері алынды.
Зерттеудің хронологиялық шеңберіне: ХХ ғ. 20-30 жылдары алынды. Бұл кезеңде қазақ зиялыларының білім алып, олардың саяси-рухани көзқарастарының қалыптасып, ел ішіндегі оқиғаларға белсене қатысып, қоғамдық-саяси қызметке араласып, терең ой алдырған болатын.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы: мәселенің жаңа деректер мен оқу құралдарын пайдалана отырып қазақ зиялылары қазақ тілінің мәртебесі жайында толық зерттеу жүргізуге тырысу. Тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ұстанымдарының бірі – автономиялық басқару жү­йесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – мемлекеттік тіл саясаты, ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Міне, осы мазмұндағы тұжырымды А. Кенжин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, К. Тоқтыбаев және басқа осы уақытқа дейін мемлекеттік және қоғамдық қызметтері зерттеушілер назарынан тыс қалып келген алаш және кеңестік зиялылар жөнінде айтуға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- 20-жылдардың ортасына қарай кеңес экономикасының дамуы қарама-қайшылықты сипатта болды. Бір жағынан жаңа экономикалық саясат өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады. 1925 ж. қарай халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді.
- А.Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту
мәселесі арнайы сөз барысында, оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге арнайы бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалды.
- Міржақып сол кезеңдегі үкіметтің жүргізіп отырған саясатын шенеп, қазақ елінің егемендігі, ел болып жерге, суға иелік ету мәселесі, қазақ шаруаларының мұң-мұқтажы, қоныс аударушылар жайлы газет бетіне мақала, сын, әңгіме, өлеңдер жариялай бастайды.
- Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері С.Сейфуллинді де тіл мәселесі қатты толғандырған
- Смағұл Садуақасұлы Халқымыздың сан жылғы тарихында тар жол, тайғақ кешулерден елін аман-сау алып шығуға, тағдырдың тізінен, тозақтың көзінен сақтап қалуға ұмтылған дара тарихи тұлғалар болғаны белгілі.
- Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты
- Қорыта айтқанда оқу мен білімге, жалпы ағарту саласына үлес қосып келген XX ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауым өкілдерінің алдына қойған міндеті – қазақ халқын ұлт ретінде көтеру, өз елін өзі басқаратын мемлекетету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет