Болжам нәтижелері туралы қысқаша тұжырымдар. Бүгінде Қазақстан Республикасы отарлық бұғаулардан босатылып, ғасырлар бойы тәуелсіздікке қол жеткізіп, Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге әйгілі болды.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге сәйкес қоғамдық қызмет аясының кеңеюі мен күшеюі, соған сай қазіргі қоғамдағы ғылым тілін қазақша дамытып, қалыптастырудың талап - мүдделері қазақ тіліндегі ғылыми стильдің қалыптасуын арнайы қарастыруды қажет етеді. Ғасыр басындағы халықтың ұлттық белгісін айқындайтын негізі-тіл
мәселесі де өзінің өзектілігін жойған жоқ. Тіл – қоғам өмірінде түрлі
қызметтер атқаратын, халықтың халықтығын танытатын күрделі құбылыс. Тіл
халықпен бірге өмір сүреді, ел тарихы жанданса, тіл де жанданады, тарих
өшсе ол да өшеді. Тілдің қызметтері әртүрлі дедік. Соның ішіндегі негізгісінің бірі
болып әлеуметтік қызметі қарастырылады. Бұл қызметі тілдің қоғам өмірімен
тығыз байланыстылығынан келіп туындайды. Қазіргі кезде тілдің бұл қызметіне
байланысты мәселелерді тіл білімініің бір саласы - әлеуметік лингвистика
қарастырады. Әлеуметтік орталарда көрініс беруін қадағалап, зерттейді. Ел
тарихи мен ұлт тілі бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Бұндағы ең
негізгі көңіл бөлерлік мәселе мемлекеттің, басқару органдарының жүргізетін
тілдік саясаты.
Біз ұсыныстарды және жұмыс нәтижелерін нақты пайдалану туралы алғашқы деректерді келесі жалпы іске асыруға рұқсат бердік: -Қазан революциясынан кейін жаңа мәдениет жасау Қазақстанда басталған қайта құрулардың маңызды құрамдас бөлігі болды. Ол мұның алдындағы кезеңдерде қазақ халқы жасаған мәдениет жетістіктеріне сын көзбен қарап, оларды игеру негізінде жүргізіле бастады.
-ХХ ғ басында қазақ әдебиеті біршама жоғары деңгейде болды. Қазақ әдебиетінің классиктері А.Байтұрсынов, Ш.Құдайберді ұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың шығармалары аса танымал болды.
-20-жылдардың аяғына қарай елдің экономикалық стратегиясы ауысты. Жаңа экономикалық саясаттың орнына қарқынды индустрияландыру саясаты енгізілді.
-Сонымен бірге бай және ауқатты шаруашылықтардың жойылуы дәстүрлі қазақ шаруашылығының бұзылуына алып келді.
-Халық шаруашылығының қалпына келуіне және республика экономикасының нығаюына қарай мәдениет мәселелеріне неғұрлым көбірек көңіл бөлінді.
-Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты.
-1913 жылы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлылардың белсенділігімен «Қазақ» атты биресми газет шығарыла бастайды. Бұл газетте негізінен қазақ халқының қоғамдық мүдделерін көксеген жер, оқу-ағарту, ұлт, дін сияқты маңызды мақалалар жарияланды.
-Одақтағы көптеген басқа мұсылман халықтары сияқты, қазақтардың жазба мәдениеті де орталықтың қысымшылығына душар болды, соның әмірімен 20-жылдардың аяғында олар араб алфавитінен бас тартып, латын әрпіне көшті.
- Қазақ интеллигенциясының озық бөлігі алфавитті өзгертуге қарсылық білдірді.