Белгілі қасиеттерге не материалдарды заттарды алу мәселесі адаммен бірге пайда болуы мүмкін. Себебі, эволюция тұрғысынан ұзақ уақыт арасында адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайландырумен айналысады. Түрлі химиялық реакциялар табиғатты өзгертуде маңызды рөл атқарады. Бірақ қолөнер химиясының пайда болуы металлургияның пайда болуы мен дамуына байланысты. Ежелгі дүние тарихында еңбек құралдары мен қару жасау үшін мыс, қола, темір қолданылған. Оның дәлелі Мыс, Қола, Темір ғасырларының болуы.
Алғашқы рет мыс б.з.д. 9000 жыл бұрын кеннен қорытынды алынған. Мыс пен қорғасын металлургиясы б.з.д, VII мыңжылдықта болғаны анық. Б.з.д, VI мыңжылдықта мыстан жасалған бұйымдар кең қолданыста болған.

Энеолит (лат. Aeneus – мыс және грекше lithos – тас) – тас және қола ғасырының аралығындағы археологиялық өтпелі кезең (б. з. б. 4–3 -мыңжылдық) тас – мыс кезеңі. Энеолит адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Осы кезеңде таспен қоса мыс құралдар да пайда бола бастайды. Бірақ мыстан жасалған құралдар тас құралдарды адам өмірінен біржолата ығыстырып шығара алмады. Себебі, мыс өте иілгіш, майысқыш болғандықтан мықты құралдар жасауға мүмкіндік болмады. Энеолитте тас индустриясы құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеліп соқтырған. Бірақ Қазақстан даласында энеолит басқаша көрініс берді. Мұнда тастарды пайдалану кері кеткен жоқ, керісінше жоғары деңгейіне көтеріле түсті.

Анаксагор
Анаксагор (б.д.д. 500—428жж.).Негізгі еңбегі — «Табиғат туралы». Анаксагордың пікірінше, алғашқы бастама төртеу емес, сан жағынан шексіз көп, және ол — заттардың барлық жағдайын қамтиды. Бастама зат күйіндегі, су, алтын, т.б. емес, ол — от, су, алтын, т.б. заттардың кішкентай, көрінбейтін, сезінуден тыс жатқан бөлшектері, оларды Анаксагор — «барлық заттардың тұқымы (ұрық)» деп, ал Аристотель оны — «гомеомерия» деп атаған..

Гомеомерийдің әртүрлі өзіне тән сапалық қасиеттерін сақтайды. Мысалы, қанның тұқымы (ұрығы) қанға тән барлық сапамен, темірдің ұрпағы — темірдің сапасымен, ағаштың ұрпағы — ағаштың сапасымен т.б. ерекшеленеді. Сапалар мәңгі және өзгермейді.

Анаксагордың пікірінше, заттарды қарама-қарсы қасиеттеріне қарай танып-білуге болады. Мысалы, салқын жылу арқылы, тәтті-ащы арқылы т.б. Бірақ, сезім мүшелері, соның ішінде түйсік бізге ақиқатты ашып бермейді, себебі гомеомерийді сезім мүшелері арқылы танып-білу мүмкін емес, оны тек ақыл-ой арқылы тани аламыз. Білім бізге бостандыққа жетуге мүмкіндік береді, Анаксагордың ілімі кейінгі антикалық ойшылдарға үлкен әсер етті.