Ұмытылмас есім


Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата07.02.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, 

өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз «тәні саудың -  жаны сау» - деп бекер айтпаған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 

«Қазақстан-2030»  стратегиялық бағдарламасында халықты  салауатты  өмір салтына  ынталандыруды  басым  бағыттың 

бірі  ретінде  атап  көрсетті.  Сондай-ақ  Президентіміздің  қолдауымен  2003  жыл  -  денсаулық жылы  болып  жарияланған. 

Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Осындай игі істер біздің Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де атқарылып 

келеді. Білім ордасы жанынан құрылған студенттердің «Достық» клубының ұйымдастыруымен осы жылдың 22 қазанында 

1-курс студенттері арасында Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орайластырып шағын футбол 

жарысы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты - факультеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және жастарды 

салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Салауаттилиқ - өмір салти

Жарысқа  1-курс факультеттері бойынша 8 құрама  қатысты. 

Жоғарғы курс студенттерінен құралған еркін құрамалар ойынды 

қолдау  мақсатында  қонаққа  келді.  Жарыстың  нәтиежелері 

бойынша, бірінші орынды Педагогика факультеті студенттерінен

құралған  «Жансая»  командасы,  екінші  орынды  «Сұңқар» 

командасы  иеленді.  Ал  үшінші  орынды  жаратылыстану- 

география,  физика-математика,тарих,экономика  және  құқық 

факультеттерінің құрамалары  иеленді.

Ж  а  р  ы  с  т  ы 

ұ й ы м д а с т ы р ғ а н  

«Д о с ты қ»   кл у б ы н ы ң  

н е г і з г і  

и д е я с ы  

с т у д е н т т е р д і  

с а л а у а т т ы л ы қ қ а  

ы н т а л а н д ы р у ,  дене 

тәрбиесі  мен  спортпен 

а й н а л ы с у ға   ү гіт т е у .

Себебі,  елді  күн  ертең 

і л г е р і   а п а р а т ы н   -  

сауатты, білімді, дені сау 

жастар. Біздер - осы елдің 

жас  толқы ндары м ы з.

С о н д ы қ т а н   б і з д і ң  

м ақсаты м ы з  уақы тты  

тиімді  пайдаланып,  сапалы қызмет етіп,  өмірде өз орнымызды 

адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз  керек.

Қолдау көрсеткен университет әкімшілігіне алғыс айтамыз.

Райгүл ДАЙРАБИ, 

1-курс студенті


№9 (924) 31  қазан  2016 жыл

15

70

^Жалел  Сы^ымұлының



Ж%см ат оп ө г и д

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімі, ғылыми кітапхана  және 

1- курс магистранттарының ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының кандидаты Сырым Жалел Сырымұлының 70 

жасына арналған мерекелік кеш өтті. Атаулы кешке физика және математика факультетінің деканы Айгүл Бақтығалиқызы, 

физика және  математика  кафедрасының меңгерушісі Айман Амангелдіқызы,  кафедра  оқытушысы Айнаш  Нұрболқызы 

және студенттер мен  магистранттар қатысты.

21.10.2016ж күні «Шетелде өткен ғылыми-әдісте- 

мелік  тағылымдама» тақырыбында информатика 

кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинар оты- 

рысы болды.

ҒЫЛЫМИ  ТАҒЫЛЫМААМАМЕН  БВЛІСТІ

Күн тәртібіндегі қаралатын негізгі мәселе бойынша п.ғ.к., 

доцент,  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»  атағының 

иегері  Медешова  А.Б.  ұжым  алдында  ақпараттық  әңгіме 

жүргізді. Ол өз сөзін 2016 жылдың тамыз айында Кипр елінің 

Lefke  қаласында  өткен  Lefke  Еуропалық  университетінде 

«Білім  беру  жүйесіндегі  инновация»  тақырыбы  бойынша 

ғылыми  тағылымдамадан  бастады.  Сонымен  қатар  бұл 

университетте тағылымдамадан өте жүріп, ағылшын курсын 

меңгеруге де мүмкіндік алыпты. Білімін жетілдіру нәтижесінде 

ие болған сертификаттары:

«Білім беру жүйесіндегі  инновация» сертификаты 

«Ағылшын тілі  курсы» сертификаты 

Айгүл Бақтығалиққызы  Кипр елінде аз ғана уақыт болса 

да,  сол  елдің халқы  мен  мәдениетінен  сыр  шертіп,  универ­

ситет  мен  оқу  үдерісінен  алған  әсері  жайында  әңгімелеп, 

слайдтарды  презентациялады.  Семинар  кейіпкеріне  сан 

түрлі сұрақтар қойылып, көңілге қонымды  жауаптар алынды.

Семинар соңында Айгүл Бақтығалиққызына, алдағы уақыт- 

та  «Ойлаған  істеріңіз  ілгері  бассын!»,  «Еңбегіңіздің  жемісін 

көріңіз!»,  «Биік  белестерді  бағындырыңыз!»,  «Қаламыңыз 

мұқалмасын!»-деген әріптестер тілегі қарша жауып жатты.



МУХАМБЕТОВА Ғ.Г.,

информатика кафедрасының аға оқытушысы

Білімге,  ғылымға  ынтазар  Сырым  Жалел  Сырымұлы

1965  жылы  Оралдағы  А.Пушкин  атындағы  педагогикалық 

институтының  физика-математика  факультетіне  оқуға  түсіп, 

1969  жылы  оны  үздік  бітіріп,  физика  кафедрасына  оқытушы 

болып қабылданады. 1975-1980 жылдары КСРО педагогикалық 

ғылымдар  Академиясында  стажер,  ассистент  болып  білімін 

ж алғасты рады .  1980  жылы  педагогика  ғы лы м дары ны ң 

кандидаты  атанды.  1985  ж.  Жалпы  физика  кафедрасының 

доцент ғылыми атағы берілді.  1996 жылдан бастап М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің 

профессоры.  Жүзден  астам  ғылыми  мақала  мен  кітаптардың 

авторы.

Кеш  барысында  мерейтой  иесіне  арналған  көрсетілім 



тамашаланды.  Бұдан  кейін  Сырым  Жалелұлының  әріптестері 

мен  ш әкірттері  құттықтауды  одан  әрі  жалғастырды.  Кеш 

қонақтары Сырым Жалелұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарын 

қойып,  ойлары мен  бөлісті.  Оқу  орны ны ң  ф изика  және 

математика  факультетінің  1-курс  студенттері  Дана  Уахитова 

мен  Куанышбек  Майра,  мәдениет  және  өнер  факультетінің 

Мақсат Тұяқ сынды талантты студенттері  өздерінің ән-күйлері 

мен жырдан  мерейтой  иесіне шығармашылық тарту арнады. 

¥стаз болу -  жүректің батырлығы,

¥стаз болу -  сезімнің ақындығы,

¥стаз болу -  мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы -  

деп  ақын  Ғ.Қайырбеков  жырлағандай,  біз  әрдайым  сөзі 

маржан,  үні  жүрекке  жылы  ұстаздардың  бар  болғанын  мақта- 

ныш етеміз.  Әрине, ұстаз жүгі  -  ауыр жүк.  ¥стаздардың әсерлі 

үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген 

қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің,  дана ойдың ыстық лебі 

есіп тұрғандай. ¥стаздардың әр ісі өнеге.



6М011000 -  Физика мамандыгының 

1- курс магистранттары

КҰҚЫКТЫК САУАТТЫЛЫК - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бүгінгі  құқықтық мемле­

кет құрамыз деген заманда 

әрбір адам өз  құқықтарын 

жете біліп, жалпы заң білімі 

саласынан  мағлұмат алға- 

ны дұрыс.  Заңды аттамай 

тура жолмен жүріп,  еліне 

адал  қызмет еткен азамат 

қана  мұратына жетеді. 

Сондықтан, заңды білу - за- 

ман талабы.  Қараша айының 

28  күні  информатика  кафед­

расына  қарасты барлық ма- 

мандықтар бойынша 1-курс 

студенттерінің топ  кураторы 

Ғ.Г.Мухамбетованың ұй- 

ымдастыруымен  «Құқықтық 

сауаттылық - заман тала- 

бы»  тақырыбында физика

-  математика факультетінің 

барлық 1-кур с студент- 

тері  қатысқан  ашық кура- 

торлық сағат өткізілді.

Шара факультеттің 1 -курс студенттерін БҚМУ студенттерінің 

абырой кодексімен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылылық 

деңгейін  арттыру,  жастар  арасында  жиі  орын  алатын  құқық 

бұзушылық және  қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру 

және  сол  арқылы  құқық бұзушылықтардың алдын  алу,  мемле- 

кетіміздің Ата Заңын, құқықтық нормативтік актілерді орындай, 

құрметтей  білуге  үйрету,  адамгершілікке,  елжандылыққа  тәр- 

биелеу мақсатын  көздеді.

Бұл шараға физика-математика факультетінің барлық 1-курс 

студенттерімен  қатар,  факультеттің  студенттік  деканатының 

белсенділері, факультет деканы Медешова А.Б., топ кураторла- 

ры мен оқытушылар қатысты. Ашық шара кездесу формасында 

өтті. Кездесуге «Құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушы- 

сы  Батыров  Алтай  Батырович  және  №1  полиция  бөлімше- 

сінің аға  инспекторы  Балабаев Абай  Аяпбергенұлы  қатысты. 

Кездесудің шымылдығы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 

бірінші курс студенті  Құспанова Айзаттың  БҚМУ студенттерінің 

абырой  кодексімен  таныстыруымен  ашылды.  Одан  кейін  сөз 

алған кездесу қонағы, құқықтық пәндер кафедрасының аға оқы- 

тушысы Батыров Алтай Батырович өз қызметінен ақпарат бере 

отырып, жиылған студенттік қауымға кез-келген уақытта көмек 

қолын созуға дайын екенін айтты. Сарайшық 34 мекенжайында 

орналасқан «Тарих, құқық және экономика» факультетінде «Заң 

клиникасы»  жұмыс  істейтінін,  оған  кез  келген  студенттің  өз 

сұрағымен келіп, кеңес алуға болатынын айтты. Сонымен қатар, 

құқық бұзушылық, құқықтық жауапкершілік пен қылмыс түрлерін 

де  нақты мысалдар келтіре отырып ашық түсіндірді.  Ойламай 

істеген  заңсыз  әрекеттің зияны  басқа  адамға  тиетінін,  біреуді 

кіналау үшін алдымен, өз кінәңді мойындап алу керек деген тәр- 

биелі сөздер айтты.  Еліміздің ертеңі жастар дей келе, студент- 

терге әрқашан «Университеттің мәртебесін биік ұстаныз!»-деген 

тілек білдірді. Келесі сөз тізгінін алған №1  полиция бөлімшесінің 

аға  инспекторы  Балабаев  Абай  Аяпбергенұлы  студенттерге 

БҚМУ орналасқан аудандағы полиция бөлімшесінің мекенжайын 

айтып,  кешкі  сағат  19.00-  23.00  аралығында  кез  келген  құқық 

бұзушылық жайындағы сұрақтарымен келіп, жолығуларына бо­

латынын айтты. Студенттерге жатақхана  жанындағы саябақта 

тәртіп  сақтау,  түнгі  сағат 23.00  -  ден  көшеде  жүрмеу,  жалпы 

тәртіпті сақтау қажеттігіне жауап беретініне тоқталды. Жастар

арасында  жиі  кездесетін  құқық  бұзушылықтың жиі  кездесетіні 

ұялы телефон ұрлау, қоғамдық орында темекі шегу, шемекі шағу 

екендігіне  тоқталып, студенттерді заңғы қайшы әрекеттерден 

бойын аулақ ұстауға  шақырды.

Қорытынды сөзді факультет деканы Медешова А.Б. сөйледі. 

Ол  соңғы  жылдарда  жатақхана  студенттерінің  арасында  кез- 

дескен  ұялы телефон ұрлау,  өзге адамның ноутбугін  иемдену 

т.с.с құқық бұзушылықтарға тоқтала келіп, студенттерді тәртіпті

болып,  қазіргі  қоғам  сұранысына  лайықты  жоғары  да  білікті 

маман болу жолында аянбай еңбек ету керектігін айтты.

Алдағы  уақытта  осындай  шаралардың  қатары  көбейсе, 

студенттеріміздің көздері ашық, көкіректері ояу болып, құқықтық 

сауаттылығы арта түспек.

З.М.ХИМЕДЕНОВА,

информатика кафедрасының оқытушысы


Т б»  

.

№9 (924) 31  қазан  2016 жыл



Махамбет  Өтемісов  атындағы  мемлекеттік университетінің  мәдениет  және  өнер  факультетіндегі  вокал 

және  музыкалық білім  кафедрасы  қазан  айының 27-сі  күні  EXP0-2017  атты  конференция  өткізді.

E X P


0 -2 0 1 7

Бұл  конференция  барысында  ең  алғашқы  сөз  кафедра 

ж е т е к ш іс і  Б а б е н ко   О л ьга   А л е к с а н д р о в н а   б е р іл д і. 

Конференцияның  жалғасы  Кунсулу  Сагинтаевнаның  орыс 

тіліндегі  баяндамасында  көрініс  тапты.  Келесі  баяндамада 

Ахатова  Эльмира  Сақыпқалиқызы  қазақ  тілінде  сөз 

сөйл еді.  Б аяндам ада  E X P 0-2017  бағдарлам асы  

айтылып,  толықтай  түсінік берілді.  Содан  соң сөз  кезегі 

университетіміздің  1-ші  және  2-ші  курс  студенттеріне 

берілді. Жайгалиева Айжамал және Муханшиева Шынар 

конференцияда ағылшын тілінде мағлұмат берді.

Бұл конференцияда көптеген ойлар ортаға салынды. 

Факультетіміздің  деканы  Исатаев  Мейрам  Исатайұлы 

бағдарламаға  байланысты  өз  ойын  айтып,  жалынды 

жастарды  болып  жатырған  жаңалықтардан  қалыспай, 

жан-жақты болуға шақырды.

Конф еренция  бары сы нда  с туд е н тте р   де  өз 

г , 

ойларымен бөлісті.  Бұл бағдарламаның тиімді жақтарын 

айтып,  ойларын  ашық  жеткізе  білді.  1-курс  студенттері 



Жумин  Ниязбек,  Ермеккали  Ырысбек,  Хадеров  Елжан 

f l l  


өркениетті елге өрлеу ушін мұндай бағдарламаның қажет 

Г* 


екенін айтып,  конференцияны аяқтады. 

[ __


Department of music education and vocal at the Faculty of 

State  University  of Culture  and  Arts  named  after  Makhambet 

Utemisov  October  27  held  a  conference  on  the  theme  of 

EXP0-2017.

At  this  conference,  the  first  floor  was  given  to  the  head  of 

department Olga  Babenko.  The continuation of conferences  was a 

performance  report in  Russian  Koptleuova  Kunsulu  Sagyntaevna.

The following report Ahatova Elmira Sakipkalievna acted Kazakh 

speech. The report said a program of EXP0-2017 and was given the 

content of this dipolar.

After that,  the  floor was  given  to  the  students  of the  first  and

second  course.  In  this  conference  Ayzhamal  and  Muhanshieva 

Shynar Hamitovna give  information  in  English.

This  conference  discussed  many  ideas.  Dean  of  the  faculty 

Issatayev Meyram  Isataevich expressed  his opinion with  regards to 

this program, cried the young generation to be aware of current events

At  conferences  and  students  to  share  their  opinions.  We 

discussed  about the  beneficial  aspects  of this  program  and  clearly 

expressed  their  opinion.  Student  accelerated  first-year  Zhumin 

Niyazbek,  Ermekkali  Irisbek,  Haderov Eljan told about the beneficial 

aspects  of  this  program  for  the  development  of  the  country,  the 

conference ended.

ЕЛйМ  б а р д а  Т ә у е л с і з   -  

С^РҚылмайды ән--Жы^ым/

Біз - ел  шетіне жау енсе, жерін  бермес, артынан  сөз бен дау ерсе, ар санайтын, тәңіртаудай  көкке ұмтылған тау еңсе, 

тәуелсіздікті Тәңір сыйы деп санаған, бейбіт өмір бесігінде тербеліп, тыныштық пен татулықты қалаған өркениетті елдің 

өреніміз, әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алған тәуелсіз елдің ұланымыз.

А ға л а р ы м ы зд ы ң  қаны м ен  ж уы лы п,  ә п ке л е р ім ізд  ің 

арымен  буылып  келген  тәуелсіздікті  боянды  ету  -   бабалар 

алдындағы қасиетті борышымыз, келешек ұрпақ алдындағы зор 

жауапкершілігіміз. Азаттығымыздың ширек ғасырында ғасырға 

бергісіз  жолдарымен  өтіп,  толағай  табыстарға  тұяқ  тіредік.

Енді  осыны  алға  қарай  апаруда  халқымыз  жастарға  үлкен 

сенім  мен  міндет  жүктейді.  Осы  сенім  мен  міндетті  жеткізу 

мен насихаттау мақсатында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай тәуелсіздік жылнамасын жыл сайын жаңа парақтармен 

толықтырып  отырған  Ақжайық  аудандық  «Жайық  таңы» 

газетінің 85 жылдығына арнап Чапаев ауылында қазан айының 

27  жұлдызында  «Елім  барда  тәуелсіз  -   Сарқылмайды  ән- 

жырым!» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. 

Айтысқа облысымыздың алды республикалық додада бәйге 

алып жүрген  барлығы  12  үміткер  қатысты.  Таласты  әрі  қызу 

өткен  бұл  айтысқа  мәдениет және  өнер  факультеті  мәдени- 

тынығу  жұмысы  мамандығының  3-курс  студенті  Орынбек 

Меңдіқұлов қатысты.

Орынбектің  Бауыржан  Ширмединұлымен  болған  жұбы 

қоғамымыздағы  өзекті  мәселелерді  талқылып,  олардың 

жастар  тәрбиесіне  ойсыраған  олқылық  әкеліп  жатқандығын 

халықтың да,  қазылар  алқасының да  көкейіне жеткізе  білді. 

Нәтижесінде  Меңідіқұлов  Орынбек  Қаламқас  Орашеваның 

атындағы  арнайы  жүлдеге  ие  болды.  Факультет  атынан 

Орынбекті жеңісімен  шын жүректен  құттықтап,  алар асуларың 

мен бағындырар белестерің көп болсын дейміз!

Бағила ИГІЛІК,

МТЖ мамандығының 3-курс студенті

Өнер - халық тарихының шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің 

кең  тынысы,  тіршілік  құбылыстары,  адамның  әр  түрлі  сезімі 

бейнеленеді.  Сөз,  әуен,  қолөнер  адам  өмірінің  сан  ғасырлық 

тарихынан  көптеген  нәрсені  көрсетіп,  алуан  түрлі  сыр  шертеді. 

Ұлттық өнерімізді бізге жеткізе білетін салалардың бірі- қолөнер. 

Қолөнер әлемі - адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай 

шексіз, ғажайып дүние.

Осындай  жан дүниені  өзгертетіндей  рухани  құндылықтарға 

толы  мәдениетті  терең  тану  мақсатында  Махамбет  Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  Мемлекеттік  университетінің 

мәдениет және өнер факультетінің бірінші курс студенттері Батыс 

Қазақстан  облыстық  тарихи-  өлкетану  мұражайында  болып 

өткен Теректі ауданының «Тәуелсіз елім- тірегім» атты көрмесіне 

қатыстық.  Көрменің  ашылуы  Теректі  ауданы  тумаларының 

өнер  көрсетуімен  басталды.  Ауданның  белді  мүшелері  өз  игі



Тәрбиенің  қогамдагы  орны

Адамның жақсы өмір сүруі үшін үш сана негіз алуы шарт. 

Олар:  адал  еңбек,  асыл  мінез,  таза  жүрек.  Бұл  саналар 

адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді. (Шәкәрім 

Құдайбердіұлы)

Әдеп,  адамгерш ілік  жөніндегі  қағидалар  қашан  да 

халқы м ы зды ң  өлең-ж ы рлары нан,  тапқыр,  ш еш ендік 

сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен, бабалар өсиеттерінен 

тиісті орын алып отырған. Бабалар сөздеріне жүрегінің төрінен 

орын беріп, халқын, ұлтын сүйген,  ана сүтінің құдіретене бас 

иген,  әрбір  жан  өз  тілін,  дінін,  ділін  қадірлеп  қастерлеумен 

қатар,  мейірбан  жүректі,  жайдары  жанды,  жібек  мінезді, 

таза  рухты,  ақылды,  парасатты,  инабатты,  иманды,  білімді 

болса,  оның  нағыз  ел  азаматына  айналғаны.Ислам  әлемі 

мен дініміздегі аса көрнекті қайраткер, әрі ғұлама хазіреті Әли 

өзінің хикметтерінде (маржан сөздерінде): «Даналықтан асқан 

байлық жоқ, тербиеден асқан мұра жоқ, кеңестен асқан қорған 

жоқ»,  -  деген  екен.  Қазіргі  кездегі  әке-шешесін,  ата-әжесін, 

туған баласын тастап  кету, жетімсірету сияқты  қатыгездіктің 

етек  алуына  себепші  және  арақ  ішу,  есірткі  шегу,  зорлық- 

зомбылық,  ұрлық  жасау  сияқты  жағымсыз  қылықтарға  ие 

жандар  қоғамда бар екені  рас.  Әдептен  алыс,жан  баласына 

әрі  жат,  әрі  жағымсыз  қылықтарды  бойына  сіңірген  адам 

адамгершілік  қасиеттен  де  жұрдай.  Оның  қоғамға,  өмір 

сүріп жатқан ортасына әкелер әлегі,  қаупі де зор.  «Құдайдан 

қорықпағаннан  қорық»,-  дейді  дана  халқымыз.  Иманнан 

жұрдай  кісінің  қоғамға  да  пайдасы  жоққа  тән.Қазіргі  таңда 

да тәрбиенің маңызы  орасан  зор.  Тәрбие  бесіктегі  баладан, 

еңкейген  қартқа  дейін  қажет.  Өйткені,  тәрбие  болғанда 

ғана,  адамдық  қасиетің  пайда  болып,  өмірдегі  роліңді  біле 

аласың.  Қазақтың  батыр  тұлғаларының  бірі  Бауыржан 

Момышұлы:  «Тәртіпсіз  ел  болмайды.  Тәртіпке  бағынған  құл 

болмайды»  деп  тәрбиенің  маңызын  ашып  көрсеткен.  Біздің 

аталарымыз  да  тәрбиенің  негізгі  мақсатын  дөп  басып,  өз 

өмірлерінде  дұрыс  қолданғандай  сыңай  танытады.  Бұлай 

дейтін себебіміз, атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні 

осындай тұжырымға еріксіз жетелейді.  Мәселен,  тәрбиедегі 

әдептілікті  мына  сөзбен  өрнектеген:  «Әдепті  бала  арлы 

бала,  әдепсіз бала сорлы бала».  Міне,  мұнда тәрбиеге көңіл 

бөлініп, қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, 

жоғарғы деңгейге  көтеріп отыр.  Бізде тәрбиені  ар-намыспен 

байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. 

Осының  нәтижесінде  өміріне  адамдықты  ту  етіп  ұстайтын 

қанша  арыстай  ағаларымыз  болашақ  буын  өкілдеріне 

өшпестей  із қалдырған.

Алина ХАБИДОЛЛАЕВА,

МТЖ мамандығының 4-курс студенті

Жагымсыз  іс-әрекет  иелері

 

қайдан  пайда  болады

Адамды бір көргеннен танып білу мүмкін болмағанымен, 

оның  кейбір  қылықтары  мен  әдеттеріне  қарап  ой  түюге 

болады.  Ә сіресе,  алғаш қы   кездесуде  адам ны ң  бұл 

әрекеттері  айқын  байқалады.  Кемшіліксіз  пенде жоқ.  Біздің 

әрқайсысымызда жағымсыз,  түрлі  іс-әрекеттер бар.  Мұның 

көпшілігі  адам еркінен тыс жасалып жатады.

Сөйлеп тұрғанда бет-ауызды тыжырайту - әдепсіздіктің 

бір белгісі.Сондықтан  мұндай  қылықты әдетке айналдырып 

алудан  аулақ болыңыз.

Жағымсыз  іс- әрекет  иелері  дегеніміз,  менің  ойымша, 

өтірік  айтатын,  екіжүзді  адамдар.  Адамды  алдап,  арбап 

өтірік айту  бұл  жағымсыз  әдет.  Жағымсыз  іс-әрекет  иелері 

кейбір жандардың жүрегін жаралап, жағымсыз әдеттерімен, 

белгілі  қылықтарымен  айналасындағы  адамдардың  әбден 

титығына тиюі мүмкін. Жағымсыз іс-әрекеттер адемгіршілікке 

жат этикалық нормаларына мүлдем жатпайды. Абай атамыз 

айтқандай,  бес дұшпаннан  қашық  болу  керек.  Олар:  өсек, 

өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ. Бес дұшпаның 

білсеңіз, - деп адамның  бойындағы  жағымсыз қасиеттері де 

сынға  алынады.  Ақынның  түсіндіргеніндей  адамгершілікке 

жат  жаман  қылықтар,  әдепсіздік,  әділетсіздік,  менмендік 

т.б  толып  жатыр.  Адам  өзін  осындай  м інез-құлы қтан 

сақтандырып  жүрсе,  жағымсыз  іс-әрекеттерден  аулақ 

болады.  Адамдардың  бойына  біткен  жаман  қылықтардың 

ішіндегі ең жағымсызы - еріншектік. Талапсыздық, жігерсіздік, 

ұятсыздық,  кедейлік - бәрі  осыдан  шығады.

Қорытындылай  келетін болсақ, жаман әдет жақсылыққа 

бастамайды және бүкіл ғұмырыңызды  құрдымға жібереді.

Сүйкіміңізді  қашыратын  кей  керітартпа  қылықтардан 

аулақ жүруіміз абзал!



Әйгерім БЕЙСҚАЛИЕВА,

МТЖ мамандығының 4-курс студенті

тілектерін  білдіріп,  шығармашылық табыстар тіледі.  Ары  қарай 

көрме  ауданның  тарихымен  және  жасалған  туындылардың 

таныстырылымымен жалғасты.

Жасалған бұйымдар қазақ халқының басынан өткен сан қилы 

замандарын, оның тіршілігі мен дағдарысын, салт-дәстүрін, әдет- 

ғұрпын  және  Теректі  ауданының табиғатын  ерекше  бейнелеген. 

Көрменің  мақсаты  «Жауқазын-2016»  байқауы  бойынша  жиырма 

бес  өнерпазды  таңдау  болатын.  Сондықтан  ондағы  әрбір  жас 

дарындардың  туындылары  үлкен  еңбекпен,  шеберлілікпен  өте 

жоғары дәрежеде жасалған. Көрмеге қатысушылар  әр туындыны 

қызу талқылап, өз пікірлерін білдіріп жатты.

Біз  де  осындай  көрме  арқылы  ерекше  құндылықтарды 

шынайы таза жүрекпен қабылдап,  өзімізге мол  рухани азық ала 

білдік.

Назерке МАХАМБЕМБЕТОВА,

МТЖ-11  тобының студенті


№9 (924) 31  қазан  2016 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет