Ұмытылмас есім


Қазақстан  РеспуОдикасының



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата07.02.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстан  РеспуОдикасының 

Тәуелсіздігіне  25  жыл

6  қазан  күні  «Тарих,  экономика және  құқық»  факуль- 

тетінде  туризм  мамандығының  3-курс  студенттерінің 

ұйымдастыруымен және туризм  мамандығының  1-курс 

студенттерінің  қатысуымен  «Тәуелсіздік  -   теңдесі  жоқ 

байлық»  атты  тақырыпта  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздігінің 25  жылдығына  арналған  дөңгелек үстел 

өтті.

Дөңгелек  үстел  мәжілісін  ұйымдастырудағы  басты 

мақсат  -  аса  қастерлі  тәуелсіздіктің  қасиет-киесін  жас  өскін 

санасына  сіңіру.  Шара  барысында 

қатысушы  студенттер 

Мулдаханова Жеміс, Құбайдуллин Шыңғысхан, Кибатоллаева 

Алина,  Косаманова  Назерке  жәнеде  Аймагамбетова  Палия 

ата-бабаларымыз аңсап өткен азаматтық, ел еңсесін тіктеген 

егемендіктің  парқына  тоқталды.  Арманы  ақиқатқа  айналған 

ата-бабалардың  тар  жол,  тайғақ  кешуді  бастан  өткерген 

кезеңдерінен  де  мол  мағұлмат  алуға  болады.  Дөңгелек 

үстел  басында  дөңгеленген  дүниедегі  зайырлы,  тәуелсіз 

ел  -  Қазақстан  туралы  әңгіме  өрбітті.  25 жыл -   ширек ғасыр. 

Өткенге  қорытынды  жасап,  «Мәңгілік  Ел»  болуға  бекінген 

мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын есепті 

жыл.Тәуелсіздікті  баянды ету жолында  аға  буын  салған  сара 

жолды да тілге тиек етуге  болады.  Өйткені,  олар -  ғасырлар 

тоғысында туған талай оқиғалардың куәсы.

Дөңгелек үстелде өз пікірлерін ортаға салған оқытушылар 

э.ғ.к., қ.проф. ПН.Сүлейменова, аға оқытушы ПА.Садыкова, аға 

оқытушы А.Ж.Ақмалиева - тәуелсіз еліміз жуық уақыт ішінде 

қаржы  дағдарыстарының  қиындықтарына  қарсы  тұра  білді. 

Тұрақты  даму  жолына  түсіп,  биік  белестерді  бағындырды. 

Толағай  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Әлемдегі  бәсекеге 

қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді 

дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын 

жүзеге  асып  келеді.  Тәуелсіздік тұғырын бекітіп,  Мәңгілік  Ел 

болуға  бет  бұрған  Қазақстанның  бұл  -  осы  жылдар  ішінде 

қол жеткізген жетістігінің бір парағы ғана - деп  сөз саптады.

Дөңгелек  үстел  барысында  студенттер  «Біздің  ата  - 

бабамыз  жаңқиярлықпен  табанды  күрес  арқасында  өзінің 

елін,  жерін  бірлік  берекесімен  сақтағаны,  ғасырлар  бойы 

армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенін мәңгілік есте сақта- 

уды  ұмытпаймыз.  Әр  сабақта,  сабақтан  тыс  іс-  шараларда 

еліміздің  тарихын  қайталап  еске  түсіреміз,  себебі  тарихты 

білмеген адам өзін де, елін де құрметтеп сүйе білмейді»  деген 

пікірлерін, ойларын айтты.

Әрқашанда  Тәуелсіз  Қазақстанның  таңы  нұрлы  болып, 

егемен  елдің  ұрпағының  еңсесі  биік,  көкірегі  ояу,  керегесі 

кең,  терезесі  тең елде  өмір  сүрсін.  Қазақстанға  оңайлықпен

келмеген  Тәуелсіздікті  қастерлей,  қадірлей  білейік_2016

жылдың  үлкен  мерейтойы  -   Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын!

Жеміс МУЛДАХАНОВА, 

туризм мамандыгының 3-курс студенті


№9 (924) 31  қазан 2016 жыл

Манифест  «Мир.  XXI  век»  Главы  государства  Н.Назарбаева,  вышедший  в  свет  в  этом  году,  является 

производной  от  аналогичных  документов,  которые  уже  существуют  в  других  странах.  Для  тех,  кто  стал 

свидетелем,  более  того,  пострадал  от  ядерных  испытаний,  очень  важно,  чтобы  данный  документ  стал 

началом  конкретных действий.

«Вкус»  радиации

Я родился в Урде, и не прошло полгода, как наш Урдинский 

район  в  1952  г.  был  расформирован.  Жителям  было  предло­

жено  покниуть  родные  места.  Целыми  селами  уезжали  люди 

в основном в южные  регионы  Казахстана, оставляя хозяйство, 

устроенный годами быт. Народ принял переселение как военные 

учения. Как говорила моя бабушка, «эскер ойнады». Люди даже 

предположить не могли, что станется с их родной землей, какая 

судьба уготована  их некогда  плодородным землям, дававшим 

кров,  пищу,  покой  и защиту.

Но не все смогли уехать.  Были те, кто не хотел или не имел 

достаточно средств, чтобы на  новом месте организовать свою 

жизнь. Они остались заложниками ядерных испытаний  в Урде, 

в  песках  Нарына.  Народ  не  знал  что  «ойын»  -  это  открытые 

ядерные  испытания,  несущие  непоправимый  ущерб  всему 

живому.


Но бабушка не смогла жить на чужбине  и часто настаивала 

на  возвращении  в  родные  края.  «Елге  қайтайық»,  -  повторяла 

она,  скучая  по  родной  земле,  и  в  1956-57  годах  наша  семья 

вернулись  в  Западный  Казахстан  в  Жымпитинский  (ныне 

Сырымский)  район,  а  затем  в  Урдинский  район.  В  школьные 

(60-ые)  годы  в день по  несколько  раз (даже  несколько десяток 

раз)  дребезжали  стекла  в  окнах,  из-за  ядерных  испытаний  на 

полигоне  Капустин  Яр,  расположенном  рядом  с  Урдинским 

районом (раньше земли  пренадлежали  Урдинскому району).

И  нигде  нет  сведений  о  том,  что  чувствует  человек  во 

время ядерных  испытаний,  как живой  организм  переносит его 

последствия, что происходит с его здоровьем.  И тем более нет 

описаний того ужаса, страха перед неведомым врагом, который, 

незаметно  проникая  в  человека,  да  во  все  живое,  медленно 

убивает его.  Как жители Херосимы  и  Нагасаки  пережили  саму 

бомбежку, а  не только ужасные  последствия?

Описать те переживания наиболее точно вряд ли получится, 

но  отчетливо  помню  угнетающий  страх,  тяжесть  на  грани 

физической  боли.  Ночами спалось очень плохо,  говорили,  что 

мы  «лунатики».  И  во  сне,  ночью,  сквозь веки  был  виден  очень 

яркий всплеск лучей. Он был ярче, чем во время сварки металла, 

и опять тяжелое угнетающее состояние.

Кончилось детство,  но судьба приготовила для меня новое 

испытание.  В  1970  году  меня  призвали  в  ряды  Советской 

Армии,  и  я  два  года  служил  в  Семипалатинской  области  на 

испытательном ядерном полигоне (СИЯП) в зоне повышенного 

радиационного  риска.  Сейчас  многих  моих  однополчан  уже 

нет в живых, а из тех,  кто жив, болеют различными болезнями.

В  двадцатых  числах  октября  по  телеканалу  КТК  прошла 

передача  о  ядерных  полигонах,  расположенных  в  песках 

Нарына,  в  которой  ученые  из  РФ  пытались  убедить,  что 

ядерные испытания проводились в космосе и поэтому никакого 

вреда населению нанесено не было.  Однако факты говорят об

Е.С.Айталиев. Армейские годы

обратном,  и  вряд  ли  тот ученый  пожелает  своим  детям  жить 

вблизи  ядерных полигонов,  пусть даже,  по его  мнению,  самых 

безопасных.

В этом году исполняется 25 лет закрытию Семипалатинского 

ядерного полигона. Это поистине великое достижение. Ущерб, 

нанесенный  населению,  еще  предстоит  оценить.  Это  не 

вернент здоровье и жизни, но будет постоянным напоминанием 

потомкам о  невосполнимости утраты.

Из  книги  профессора  О.Шаденова  «Азғыз-Нарын  ажары», 

выпущенной  в г. Алматы в 2007г.

«В  годы  холодной  войны  и  стремительного  роста  гонки 

вооружений в СССР были созданы полигоны -  атомный «Азгир» 

(«Палит»),  929-й  государственный  летно-испытательный  и

4-й  государственный  центральный.  Последние  два  больше 

известны  под  общим  названием  «Капустин  Яр».  В  их  систему 

входит  также  ряд  полигонов  в  Атырауской,  Актюбинской, 

Жезказганской  и других областях республики.

За несколько десятков лет, по некоторым данным, в регионе 

Нарын  на  западе  Казахстана  было  произведено  28  ядерных 

взрывов.  Однако считаю, что эти данные занижены.  Полигоны 

функционировали  в  режиме  строгой  секретности.  Центром 

атомных  испытаний  под  землей  являлся  полигон  «Азгир», 

находившийся  на  территории  совхоза,  ныне  АО  «Балкудук» 

Курмангазинского  района Атырауской области.

...П олигоны   спровоцировали  рост  онко л о гиче ских, 

сердечно-сосудистых и других заболеваний, вызвали оскудение 

флоры  и фауны на обширном пространстве  Казахстана.

Появились  болезни  животных  неизвестной  этиологии.  В 

1981  и  в  1982  годах  в  Атырауской  и  Западно-Казахстанской 

областях  в  летний  период  случился  массовый  падеж  овец, 

крупного  рогатого  скота,  сайгаков  и  особенно  лошадей.  Не 

исключено,  что  в  те  годы  проводились  бактериологические 

испытания».



Е.С.АЙТАЛИЕВ,

д.т.н.,  профессор,  директор ИЕНИ «Алгоритм»

Бөкей  ордасының  негізін  1801  жылы  Әбілхайыр  ханның 

немересі,  Нұралы ханның ұлы  Бөкей  ханның қалап  кеткенін 

барлығымыз  білеміз.  Құрылғанынан  бастап,  қазақ  елі  ішін- 

де  «тұңғыштар  мекені»  атанып  кеткен  Бөкей  ордасының 

құрылуының  215  жылдығы  және  Бөкейдің  баласы,  Ішкі  ор- 

даның  басқа  өңірлерден  көш  ілгері  дамуының  бастауында 

болған  Жәңгір  хан  негізін  қалаған  мектептің  175  жылдығы 

кең көлемде тойланды.

Ж оғары да  аталы п  өткен  ғы лы ми  конф еренция  мү- 

шелері  Орал  қаласынан  Бөкей  ордасы  ауданының  Хан 

ордасы  ауылына  13-і  күні  жолға  ш ыққан  болаты нбы з. 

Жол  бойы  тарихи  ескерткіш терге,  кесенелерге,  тарихи 

бай  өңірлерге  тоқталып,  көптеген  тың  мәліметтер  ортаға 

тасталып,  олар  талданды.  Атап  өтер  болсақ,  Ж аңақала 

ауданының орталығында орналасқан Бөкей ханға орнатылған 

мемориалдық тақтаға,  Махамбет пен Исатай көтерілісі болған 

жерлерге арнайы тоқтап, Тұяқберді,  Мәмен бабаларымыздың 

кесенелеріне құран оқып, кейін  Кіші  Қазан ауылының мектебі 

жаны нан  ж а са қта л ға н   арнайы   м ұраж айм ен  таны сты қ. 

Аталған  мұражайдан  Астанадан  келген  академик  ағамыз 

тың  дүние  көріп,  мұражаймен  тығыз  байланыс  та  орнатып 

үлгерді.  Хан  ордасына  жақындай  бергенде  бізді  Бөкей 

ордасы  ауданының  әкімі,  Нұрлан  Сағынтайұлы  бастаған

ТҰҢҒЫШТАР МЕКЕНІНЕ САПАР

Егер Бөкей  көшпесе,

Жүрер едік біз қайда?!

Ғайсагали Сейтақ

Бөкей  ордасының  құрылғанына 215 жыл,  Жәңгір хан  мектебінің  негізі  қаланғанына  175 жыл  то- 

луына орай  қазан айының 13-15 аралығында «Шежіре тұнған құт мекен» атты халықаралық ғылыми- 

практикалық конференциясы болып өтті. Конференцияға көршілес Ресейден, Татарстаннан, Астана, 

Ақтөбе,  Орал  өңірінің зерттеуші- ғалымдары  мен  ізденуші жастары  қатысты.

топ  қазақтың  салт-дәстүрі  бойынша  ақпен  күтіп 

алып, кейін аталған ауылдың «Жасқұс» қонақүйіне 

орналастырып,  ас  берді.  Астан  соң,  Жәңгір  хан 

м ұраж айы н  а р алап,  ты ң  д е р е кте р м е н ,  жаңа 

мағлұматтармен таныстық.

Келесі  күні,  яғни  14-і  күні  таңертен  мерекелік  шаралар 

басталып  кетті.  Ең  алдымен  Ж әңгір  м ектебінің  алдына 

ауыл  тұрғындары  мен  ақсақалдары  жиналып,  мектептің 

алғаш  ұстаздарының  біріне  ескерткіш  тақта  орнатылды. 

Концерттік  бағдарлама  ұсынылып,  кейін  жоғарыда  аталған 

халықарлық ғылыми- практикалық конференция өз бастауын 

алды.  Конференцияның  пленарлық  отырысында  ғылыми 

айналы ста  жоқ  ты ң  м ағлұм аттар  айты лы п,  секциялы қ 

бөлімінде  жас  зерттеуш ілердің  тақырыптарына  қатысты 

ж аңа  м а те р и а л д а р   қ а р а с ты р ы л д ы .  С оны м ен  қатар, 

осы  уақы тта  мектеп  қабы рғасы нда  «Кім?  Не?  Қашан?» 

и н те л л е к т у а л д ы қ   ойы ны   о зд ы р ы л ы п   ж а тты . Осы  екі 

ортада  ғы лы м и  ко н ф е р е н ц и я н ы ң   қа ты суш ы ла р ы   хан 

Жәңгірдің, Мұхаммед-Салық Бабажановтың, Дәулеткерейдің 

кесенелерін  көріп  келуге  де  үлгердік.  Кейін  мәдениет үйінің 

ғим араты нда  облы сқа,  республикаға  б е лгілі  айты скер 

ақы ндарды ң  қатысуымен  шоу-айтыс  болып  өтті.  Айтыс 

барысында  Бөкей  ордасынның  тумасы,  республикамызға 

белгілі  айтыскер  ақын  Ж ансая  Мусинаға  «Бөкей  ордасы 

ауданының  құрм етті  азаматы»  атағы  беріліп,  қатысқан 

барлық  айтыскерлерге  бағалы  сыйлықтар  табыс  етілді. 

Айтыстан  ауыл халқы да,  алыстан  шақырылған  қонақтар да 

өте  керемет  көңіл-күймен  тарқасты.  Айтыстан  соң  арнайы

қонақтар  үшін  «Қыз  Жібек»  мейрамханасында  ас  берілді, 

кеш  соңы  от-шашумен  қорытындыланды.

Келесі  күні  яғни,  15-і  күні  аталған  топ  Ж әңгір  ханның 

арнайы  бұйрығымен  отырғызылған  орманға  барып,  естелік 

суреттерге  түсті.  Нарын  құмын  аралап,  өз  әсерлерімен 

бөлісіп  жатты.

Осылайша,  біздің 3 күнге созылған Хан ордасындағы са- 

парымыз аяқталып,  Орал қаласына қайта жолға шықтық. Жол 

бойы өлкетанушы ғалымдарға өз зерттеу тақырыптарымызға 

қатысты сұрақтар қойып,  пікір- алмасып келдік.  Осы аталған 

күндер  ішінде,  «кісіні  жолға  шыққанда  танисың»  демекші, 

конфенцияға  қатысқан  ғалым  апай-  ағайлармен  достасып 

та  кеттік.  Әрқайсысы  өз  елдеріне,  өз  қалаларына  кетсе 

де  біздің  байланысымыз  әлі  үзілген  жоқ,  әлі  хабарласып, 

білмегенімізді сұрап тұрамыз.  Осы орайда, аталған  шараның 

ұйымдастырылуының  басы-  қасында  болған  Құрымбаев 

Айболат  ағайға,  бізді  бағыттап  жол  сілтеген  кураторымыз 

Қалменов Мұрат ағайымызға шексіз алғыс білдіргіміз келеді.

Сөз  соңында,  тарихымен  тек  кітаптар  арқылы  немесе 

ұстаздарымыз оқыған  лекциялар арқылы ғана  таныс болған 

Бөкей ордасының, Хан ордасының қазіргі жағдайын өз көзіміз- 

бен  көріп,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымызға  мол  мағлұмат 

алып келдік деп нық сеніммен айта аламын. Ұйымдастырушы 

тарапқа  бізге  берген  мол  м үм кіндігі  үшін  көп-көп  алғыс 

айтқымыз  келеді!



Айдана ДУЗБАСОВА,

07303 топ студенті

4 ^ ________

№9 (924) 31  қазан 2016 жыл

Өлді деуге бола  ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!

Адалдықтың ақ жолын дара басып,

Келесіз сан  шәкірттің бағын ашып.

Жатталған  мың жүректе бір есім бар,

Ол  -   ұстаз  Серікқали  Шарабасов!  Сұм  ажал  шешендік 

өнердің озық үлгісіндей, кешегі өткен жыршы, жырау бабалардың 

көзіндей болған ділмар ұстазды жетпісіне жеткізбей, ортамыздан 

алып  кетті ,  амал  не ?!

18  қазан  күні  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың жоғары  оқу 

орнынан  кейінгі  дайындық  бөлімі,  ғылыми  кітапхана,  «Қазақ 

филологиясы»  кафедрасы  және  І  курс  магистранттарының 

ұйымдастыруымен «Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан 

Республикасы  ағарту  саласының  көрнекті  қызметкері»,  БҚМУ 

профессоры,  әдебиетші-ғалым,  ұлағатты  ұстаз  Серікқали 

Ғабдешұлы Шарабасовты еске алуға арналған «Ұмытылмас ұлы 

тұлға»  атты  кеш  өткізді.  Кешке  арнайы  шақырылған  қонақтар, 

магистранттар,  студенттер  және  ұстаздың  жары  Әспет  апай 

мен  бала-келіні  қатысты.  Ғалым -ұстаздың  өміріне  арналған 

бейнефильмге  шолу  жасалғаннан  кейін,  алғашқы  сөз  тәрбие 

ісі  жөніндегі  проректор  Түймеш  Малбағарқызына  берілді. 

Серікқали  Шарабасовтың  замандас-сыныптасы,  Қазақстан 

Жазушылар  одағының  мүшесі  Айтқали  Нәріковтің  әдемі 

естеліктерінен соң, халықаралық, республикалық байқаулардың 

лауреаты  Дастан  Есентеміровтың  орындауында  «Көп  болды 

Ақжайыққа  бармағалы»  әні  тыңдалды.  Қазақстан  Жазушылар 

және  Журналистер  одағының  мүшесі,  ақын  Ғайсағали  Сейтақ 

жетпісіне  жете  алмай  кеткен  ұстазына  арнаған  өлеңін  оқып, 

кеш Жалғас Жасұланұлының орындауындағы «Өмір-ай» әнімен 

жалғасты.

Серікқали Шарабасов республикалық ақындар айтысы, Абай, 

Мұқағали,  Қадыр  оқулары,  облыстық  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

пәндік  олимпиадаларының  бірнеше  мәрте  төрағасы  ретінде 

өңірдің рухани өміріне белсене араласқан.  Қала мектептерінің 

түрлі шараларына қатысып, мұғалімдерімен тығыз байланыста 

болған. Мұны кешке арнайы шақырылған  №1-мектептің бір топ

Ұ м ы т ы л м а с   улы   т ұ л ға

оқушыларының ұстаздың асыл еңбегі туралы, ғалым Серікқали 

Шарабасов туралы оқылған монологтарынан байқауға болады.

С ерікқали  Ш арабасов  -   сан  мы ңдаған  ш әкірті  бар, 

ұрпақтарын ұлағатқа тәрбиелеген адал да абыройлы еңбек иесі. 

Жарқын болашақ үшін бойындағы ақыл-ойын, парасатын, терең 

білімі  мен  мейірімін  шәкірттерінен  аямаған  ардақты  ұстазға 

филология  факультетінің  студенттері  Лұқбанов  Меңдібек  пен 

Ғилымханов Мәрлен жүрекжарды өлеңдерін арнады. Өңірімізге

белгілі  ақын  Мира  Шүйіншәлиева  да  ғалым- 

ағасы  жайлы  қызықты  естеліктер  айтып,  60 

жас мерейтойында жариялаған өлеңін оқыды.

Ұ с т а з ға   а р н а л ы п   ж а з ы л ға н   а р на у 

өлеңдерден соң, сөз Серікқали Ғабдешұлының 

жары  Әспет апай  мен ұлы  Еділ  Шарабасовқа 

берілді.  Ұстаздарын ұлықтап жатқан  студент- 

магистранттарға  тілектерін  жолдап,  бәрінің 

адал  еңбекпен,  қиыншылықпен  келгендігін 

ғалымның  даналы қ  сөздерінен  деректер 

келтіріп жеткізді.  Қорытынды сөзді филология 

ф акультетінің  деканы   Зейнолла  Мүтиев 

алып,  ғалы м -ұстазды ң  туғаны на  70  жыл 

толуына  орай  27  қазан  күні  БҚМУ-дың  акт 

залында ұйымдастырылатын конференцияның 

б а ғд а р л а м а с ы м е н   т а н ы с т ы р ы п   ө т т і. 

Республикалы қ  байқауларды ң  лауреаты 

Алтынбек  Қанатқалиевтің  орындауындағы 

Мұнайдар  Балмолданың  сөзіне  жазылған 

Ербол  А қбасовты ң  «Ұстазға»  (Серікқали 

Шарабасовқа) атты әнімен  кеш тәмамдалды. 

Адалдықтың ақ жолын дара басып, 

Келесіз сан шәкірттің бағын ашып. 

Жатталған мың жүректе бір есім бар,

Ол -  ұстаз Серікқали Шарабасов! Алдын көрген әр студенттің 

жүрегінде  мәңгілік  орын  тепкен  ұлық  Ұстаздың  бейнесі  уақыт 

өткен сайын биіктей бермек!



Гүлдария КУАНЫШКАЛИЕВА,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандыгының 

І курс магистранты

ЪіліМ берген,  ой берген, ақил  берген, 

алдыМнан щтпейді ашл бейшц

...


Қазақта жүрегі Алаш деп соққан ұлтжанды азамат көп. Солардың қатарында өзіндік болмысымен дараланған  ұлағатты 

ұстаз, профессор Серікқали Ғабдешұлы  Шарабасов болатын. Күні кеше фәниден озған нар тұлға, әрине, соңына мол  мұра 

қалдырды деп айтуға болады. Оның куәсы ретінде қаламыздағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте еңбек етіп жүрген 

көптеген шәкірттері: директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  Ешимова Анар Балмұханқызы,  қазақ тілі мен 

әдебиеті пәні мұғалімдері  Сахасова Шынжібек Хабдилшапизқызы мен  Урынбасарова Лаура Какимқызы ағайдың адам бой- 

ына ізгілік нұрын себетін қасиетіне бас иіп, үлкен  құрметпен еске алады.Серікқали ағай мектебімізге  исі  қазаққа танымал, 

асыл сөздің зергері атанған З.Қабдоловтың есімін беруді жоғарғы жақтан сұрап, жұмыстанған еді, бірақ жағымды хабардың 

ағайдың көзінің тірісінде де, қазір де қолдау таппай отырғаны өкінішті-ақ. «Жақсының аты өлсе де, хаты өлмейді» дегендей, 

ағайдың бұл істерін жоғарғы тұлғалардың ұлы Ұстаздың артына қалдырған аманаты деп білер деп ойлаймыз. Сондықтан 

біздер әлі де осы мектептің атауы З.Қабдоловтың атында  боларына үміттенеміз, сеніммен  қараймыз.

Ұстаз-ғалым әр кез мектеппен тығыз байланыста болды. Оған академик  З.Қабдолов туралы үлкен кеш өткізуі дәлел 

болса керек. Кеште ағайдың жүрегіне жақын, сүйіп тыңдайтын  жыр шумақтары мен қара сөздері біздің оқушыларымыз- 

дың мәнерлеп оқылуында орындалып, балалардың мәнерлеп оқу қабілетіне тәнті болған. Ұстазға арналған ой өрімдерін 

біз тап сол  күйінде қайтадан оқушыларға айтқызуды жөн көрдік. Дейтұрғанмен, әрбір баланың айтқан сөздерінің астына 

біз ағайға деген асыл тілегімізді  ұстаз туралы айтылған жақсы сөздің түйіні ретінде Серікқали ағамызға арналған  қоры- 

тынды түйінмен аяқтап отырмыз. Ендеше,  қабыл алыңыздар.

1.  Садуақасова Анэлла:

Порький дұрыс айтқан:

Адам  бойындағы  күллі 



қасиет күннің нұры мен ананың 

сүтінен таралған.

Дейтұрғанмен,  ұстаз  ал­

дын көрмеген кісіге күннің нұры 

да,  ананың сүті де  қасиет  боп 

дари  қоюы...  ай,  қиын-ау!

Ұстаз  көрмеген  кісі  -   үлгі, 

өнеге  көрмеген  кісі. Ал үлгісіз, 

өнегесіз  кісіде  қандай  қасиет 

болмақ?


Асылы, адам өзінің азамат- 

тығы  үшін,  алдымен,  ұстазға 

қарыздар.

Мықтылардың  мықтысы  -  

ұстаз! -  дер едім мен.

Неге?


Негесі  сол  -   о  заман  да 

бұ  заман,  баладан  дана  тәр- 

биелеп  өсіріп  келе  жатқан 

ұстаз;  әлемге  аян  ұлылардың 

барлығын  құдай  емес,  ұстаз 

жаратқан.  Ұстаз  «құдайдан» 

гөрі күштірек.

Міне,  осы  бір  тамаша  сөздің  өзі  баланың  даналығына 

үңілген,  оны  барша  қауымға  паш  еткен  Серікқали  атамызға 

сай  келеді.



2. Машанова Жасмин:

Әрине,  шәкіртке  дәріс  тыңдатқандардың  бәрін  түп-түгел 

ұстаз дей беру тағы қиын.  Шын мәніндегі ұстаздар сирек.

Қажым Жұмалиев -  шын  мәніндегі  сирек ұстаздардың бірі: 

ол  -   буын-буын  жас  ұрпаққа  үлгі  беруден,  өнеге  дарытудан, 

ғұмыр бойы  «үйретуден жалықпаған» нағыз педагог.

Задында, ұстаз бен шәкірттің арасында белгілі бір қашықтық 

болуға тиіс. Бұл қашықтық болмаған жерде ұстаздық та, шәкірт- 

тік те болмайды,  өйткені ұстаз бен шәкірттің арасында айырма 

қалмайды ғой.  Профессор Жұмалиевтің өзінен кішілермен до- 

стығында,  міне,  дәл  осындай жазылмаған  заң және  заңдылық 

бар.  Ол  шын  ықыласымен  құлаған,  ден  қойған  шәкірттеріне 

ағалық мейірімін мол төгеді,  құшағын  кең ашады, бірақ шәкірт- 

терінің  бәрін  алыстан,  белгілі  бір  мөлшердегі  қашықтықтан 

құшақтайтын секілді.  Осыны сезінудің өзі айрықша ғанибет!

Бұл  ретте  Серікқали  атамыздың  жан-дүниесін  Жұмекен 

ақынның сөзімен бейнелеген жөн:

«Бәрімізді  іздейді  ол күні-түні,

Бірімізді  маңына жақындатпай.»

Атамызға айтылған  қандай тамаша теңеу!



3.  Салимова Камила:

Педагогиканың сыры да мол, сипаты да көп. Оның бәрін ай­

тып түгесу қиын. Дегенмен, нағыз педагогке тән бір ерекшелікті 

арнайы айтпасқа болмайды.

Нағыз  педагог  өз  оқушыларынан  ештеңе  аямауға  тиіс,  - 



дейді профессор  Жұмалиев. -  Білгенін тыңдаушысына қимай, 

шәкіртінен  жасырып,  жалт беріп,  қойдың ізін  қоянға  бастырып 

тұратындар  да  болады.  Сабақ  бере  алмайтын  саяз  адамның 

аудитория  есігін  ашуы  қандай  ретсіз  болса,  әлгінің  де  жұрт 

алдына  шығуы  сондай  ыңғайсыз.  Көршеңгел,  сараң  кісі  ұстаз 

бола алмайды.

Бұл -  қағидалы пікір. Мұны Қажекең тек айтып қана қоймай

өз ісімен дәлелдеп те  келе жатыр.



4. Андижан Мухаммед:

Көп қырлы кісі: ғалым, жазушы, ұстаз.

Ұстаз - ол өзінің өзге қырларымен қатар, көп жылғы ғұмырын 

осы  арнаға  жұмсайды.  Асылы,  Жан-Жак  Руссоның  байлауы 

дұрыс:

- Ұстаздақ ету -  уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің 



уақытыңды аямау.

Бірақ  бұған  өкінбеу  керек.  Жер үстінде  адам  тәрбиелеуден 

асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ.

Ұстаздық -  ұлы нәрсе!

Міне,  осы  айтылғандар  ұстаз  атаулының  бірі  де  бірегейі 

болған,  «халқым»,  «қалқам»  сөздерімен  ел  жадында  қалған 

Серікқали атамыздың тура бір өзіне арнап айтылғандай екен.

5. Ерен Сардар:

Қазақ  университетінде  біз  де  оқыдық.  Бірақ,  біздің  бүгінгі 

шәкірттерден  бір  айырмамыз,  аздап  мақтаныңқырап  айтсам, 

артықшылығымыз -   Мұхтар  Әуезовтің лекциясын тыңдағаны- 

мыз дер едім.

Несін айтасыз, ғажап еді ғой!..

Қанатты кісі еді ғой,  шабытсыз сөйлемейтін.  Көл-көсір білім, 

ақыл, ой шәкірттерін әлде бір абзал арман, асыл мұрат аясында 

әлдилеп,  әлдеқайда  алысқа,  биікке  көтеріп  әкететін.  Мұхаңдай 

шешен  адамды  өз басым  көріп-білген  емеспін.  Мінбеде,  не  ка- 

федрада  күркіреген  өзенше  тасып,  яки  толассыз  сіркіреген  ақ 

жаңбырша төгіліп тұрушы еді.

-  Шешен  болу  үшін  адам  кәдімгідей  қанатты  болуға  тиіс,  - 

дейтін  Мұхаң.  Қанат болғанда, жай  емес,  парлап ұшатын  қанат 

болуға тиіс, әйтпесе, қанат тауықта да бар.  Бірақ, тауық пен бүр- 

кіттің қанаттарында біраз айырма бар-ды. Демек, шешенге біткен 

қанат тауыққа  емес,  бүркітке  тән  талмайтын,  самғайтын  қанат 

болуға  тиіс.  Міне,  осындай  шешендіктің  қас үлгісіндей  болған, 

талай  шәкірттің  жүрегінен  орын  алған  Серікқали  атамызға  біз 

мәңгілік бас иеміз.



6.  Орынғалиева Жасмин:

Мұхаң  филология,  журналистика  факультеттерінде  Қазақ 

фольклоры мен Абайтанудан лекциялар оқыды.

- Тегінде, әдебиеттен сабақ беретін эр адам, - дейтін Мұхаң,

- өз сабағын шын мәніндегі эстетикалық сұлулық биігіне  көтеріп 

әкетуі шарт.

Лекторлық шешендікті Мұхаң осы тұрғыдан түсінетін.

Несін айтасыз, ғажап еді ғой!..

Сөз  өнерінің  інжу-маржаны,  қазақ  совет  әдебиетінің  шыңы

-   Шекспир  мен  Пете,  Достоевский  мен  Толстой,  Порький  мен 

Шолохов шығармалары секілді бүкіл әлемдік классикаға айтулы 

үлес боп  қосылған  «Абай»  эпопеясын  туғызған  Әуезов  Мұхтар 

өзінің ұстаздақ ісін көркем сөз ұстасы ретіндегі суреткерлік қыз- 

метімен қатар қоймаса, төмен  қоймайтын.

Ұстаздық -  ұлы нәрсе! -  дейтін ол.

Міне, осындай ұлы Абайдан кейінгі жол салушы нағыз ұстаз 

Серікқали атамыздың біздің мектебімізге  сіңірген еңбегі көп.

7. Нурланулы Нурай:

Задында, аға алдында кішілік керек. Адам алдында кісілік 

керек.  Ұстамдылықты  Әуезов  шәкірт  қана  емес,  ұстаздан  да 

қатал талап ететін.

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.»

Абайдың осы  өлеңін  Әуезов  нағыз ұстаздың  болмысы  мен 

бітімі деп түсінуші еді...

Біз келдік, ата, бүгінгі мынау кешіңе,

Өтеді күндер, атады талай таң гүлі.

Жыл сайын туып, жыл сайын өсіп жаңғырып,

Ізіңді жалғар, ұрпақтан-ұрпақ, ұрпаққа,

Өлмейтін атың,  өшпейтін  ізің мәңгілік!

Ш ы нж ібек ХАБДИЛШАПИЗҚЫЗЫ,

№1 ЖББОМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  муғалімі


№9 (924) 31  қазан  2016 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет