«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте қарапайым және кҥрделі



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата14.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#36831
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

10 
ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте қарапайым және кҥрделі 
арифметикалық есептерді шешуге оқыту әдістемесі 
Арнайы мектептегі математика курсындағы арифметикалық 
есептер маңызды орын алады. Математика сабағына бӛлінетін уақыттың 
жартысы есеп шығаруға кетеді. Бұл зияты зақымдалған оқушыларды 
оқыту барысында олардың үлкен түзете-тәрбиелеу мен білім беру 
ролімен түсіндіріледі. Арифметикалық есептерді шешу арифметикалық 
әрекеттердің негізгі мәнін ашуға, оларды анықтауға, белгілі ӛмірлік 
ситуациямен байланыстыруға кӛмектеседі. Мәтіндік есептер математи-
калық ұғымдарды, қатынастарды, заңдылықтарды меңгеруге мүмкіндік 
туғызады. Бұндай жағдайда олар бұл ұғымдар мен қатынастардың 
анықталуына қызмет етеді, ӛйткені әр сюжетті мәтіндік есеп белгілі бір 
ӛмірлік ситуацияны бейнелейді. 
Есептерді шығару барысында зияты зақымдалған оқушылардың 
еркін зейіні, байқағыштығы, логикалық ойлауы, сӛйлеу тілі, тапқырлығы 
дамиды. Есептерді шығару танымдық іс-әрекетінің келесі процестерінің: 
талдау, синтез, салыстыру, жалпылаудың дамуына мүмкіндік береді. 
Арифметикалық есептерді шығару процесінде оқушылар ӛз іс-
әрекетін жоспарлауға және бақылауға үйренеді, ӛзін-ӛзі бақылау 
тәсілдерін игереді (мәтіндік есепті тексеру, жауабын жобалау, мәтіндік 
есепті түрлі амалдармен шығару және т.б.), оларда ӛжеттік, ерік, мәтіндік 
есептін шешімін іздеуге қызығушылықтары дамиды. 
Зияты зақымдалған оқушыларды ӛмірге, келешектегі еңбек іс-
әрекетіне дайындауда мәтіндік есептерді шығарудың маңызы зор. 
Мәтіндік есептерді шешуде және құрастыруда қолданылатын жаттығулар 


63 
оқушыларға математикада қолданылатын қоршаған болмыстағы 
фактілер мен заңдылықтарды кӛруге кӛмектеседі. Сюжетті мәтіндік 
есептерді шығару барысынды оқушылар заттар мен шамалардың 
арасындағы қатынастарды «математика тіліне» аударуға үйренеді. 
Арнайы мектеп оқушыларының арифметикалық
есептерді шешу ерекшеліктері 
Арифметикалық мәтіндік есептерді шешу іскерлігін оқушылар үлкен 
қиындықпен игереді. Бақылау жұмыстарын талдау, бақылау мен арнайы 
зерттеулер жүргізу нәтижесі оқушылардың мәтіндік есептерді шығару 
барысында жіберетін қателіктерін былайша жіктеуге болатындығын 
кӛрсетті: 
1. 
Артық сұрақ пен амалды кіргізу. 
2. 
Қажетті сұрақ пен амалды алып тастау. 
3.
Сұрақтардың амалдарға сәйкеспеуі: дұрыс қойылған сұрақтар 
мен дұрыс емес тандалған амалдар немесе, керісінше, дұрыс тандалған 
амалдар және дұрыс қойылмаған сұрақтар. 
4. 
Кездейсоқ тандап алынған сандар мен амалдар. 
5.
Амалдарды орындау барысында шамалардың атауларында 
жіберілетін қателіктер: а) атаулары жазылынбайды; б) атаулары қате-
лікпен жазылады, мәтіндік есептің мазмұнына сәйкес емес (мазмұнын 
түсінбеушілік); в) атаулары тек жеке компонентердің қасына жазылады. 
6.
Есептеп шығару барысындағы қателіктер. 
7.
Мәтіндік есептің жауабын дұрыс бермеу (берілген жауап 
мәтіндік есептегі сұраққа сәйкеспейді, стиль бойынша дұрыс қойылма-
ған, соңғы амалдың жауабына сәйкеспейді және т.б.). 
Зияты зақымдалған оқушылармен есептерді қателікпен шығару 
себептері, ең алдымен, осы балалардың ойлау ерекшеліктерімен 
байланысты. 
Мәтіндік есептерді шығарудағы қиындықтар зияты зақымдалған 
оқушылардың мәтіндік есепте берілген заттық-әрекетті ситуацияны, 
және сандық кӛрсеткіштер арасындағы, сонымен қоса берілген мәлімет 
пен іздестіріп отырған шама арасындағы математикалық байланыстар 
мен қатынастарды жетскіліксіз түсінуімен байланысты. 
Тәжірибенің кӛрсетуі бойынша, зияты зақымдалған оқушылар 
мәтіндік есептерді келесі жағдайда шығара алады, егерде олар шынайы 
заттармен іс жүзінде жасалынатын әрекеттер негізінде құрастырылған 
болса.
Негізгі қиындықтар сӛз арқылы құрастырылған мәтіндік есептерді 
кӛрнекі ретінде кӛрсету қажет болғанда пайда болады. Олардың 
санасында ситуацияның негізгі мазмұнының және онда берілген заттар 
арасындағы қатынастардың бейнесі кӛбінесе пайда болмайды. Мәтіндік 
есеп шарттарын түсінуі оның мазмұнына жауап бермейді. 


64 
Мәтіндік есептерді шығару барысында оқушылар математикалық 
қатынасқа, оларды ескеру арқылы орындалатын амалдарға ӛз 
зейіндерін аудармайды. 
Мәтіндік есептің мазмұнын жеңіл-желпі талдау соңғы мақсаттан 
ауытқуына әкеледі. Зияты зақымдалған оқушылар мәтіндік есеп шарт-
тарын саналы түсінбейді, оны ӛзгертіп жеңілдетеді. Мәтіндік есептің 
мәтінің еске түсіру барысында оқушылар шартына штамптар (жаттанды 
сӛздер) кіргізіп, шешу барысында соны жетекшілік етеді, ал негізгі бай-
ланыстар мен қатынастарды есепке алмайды, мәтіндік есептің 
фрагменттеріне немесе жоқ элементтерге сүйенеді, амалдарды тандау 
барысында барлығы, кем, артық, қалды сӛздерімен жетекшілік етеді. 
Зияты зақымдалған оқушылардың әрекеттерінің стереотиптігіне (қайта-
лануына) байланысты, олар мәтіндік есептерді шаблонды әдістермен 
шығарады, үндес сӛздермен туғызылған кездесойқ ассоцияциялармен 
жетекшілік етеді. 
Әрбір мәтіндік есепті шешуге деген саналы ықпал етуді зияты 
зақымдалған оқушыларды бірізділікпен және шыдамды дайындау қажет, 
оларда белгілі бір ақыл-ойлы іс-әрекеттері қалыптастыру қажет. 
Жұмыс әдістемесінде әр бір арифметикалық мәтіндік есептердің 
келесі кезеңдерін кӛрсетуге болды: 1) мәтіндік есептің мазмұны бойынша 
жұмыс, 2) мәтіндік есептің шығарылуын іздеу; 3) мәтіндік есепті шығару; 
4) жауапты құрастыру; 5) мәтіндік есептің шешімін тексеру; 6) шыға-
рылған мәтіндік есеп бойынша кезекті жұмыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет