Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары



Дата30.11.2022
өлшемі16,12 Kb.
#53678
Байланысты:
Инклюзив Алтынай


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Филология» факультеті
Эссе
Тақырыбы:«Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары»
Орындаған:Бекболат Алтынай
Тобы: ФИ-20-1К2
Қабылдаған: Мұсаханова Г

Шымкент 2022



Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары
Вариативті білім дегеніміз азаматтардың белгілі бір мәдениетке, тұрғылықты жерінің ерекшеліктеріне және қоғамдық мүдделер мен міндеттерге бейімделген әр түрлі білім беру қажеттіліктеріне бағытталған білім. Мұндай білім жеке таңдау мүмкіндіктерін, өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді; бұл жеке адамға өзгермелі әлемде білімді түсіну мен сезінудің өзіндік жолдарын табуға көмектеседі. Вариативті білім динамикалық, оған әсер ететін факторларға байланысты өзгеруге қабілетті. Шын мәнінде, бұл әр түрлі оқу орындарының, әртүрлі оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен технологиялардың өмір сүруіне мүмкіндік беретін ізденіс білімі. Сонымен, 19 ғасырдың аяғында Ресейде басталған бұл бағыттағы білім берудің дамуы әр түрлі типтегі мектептер, зертханалық мектептер, мектептер - балабақшалар, колледждер, лицейлер, гимназиялар және т.б. Ел білім беру мекемелерінің типтерін дамытудың «таза» жолдарынан «аралас» түріне көшті. Вариативті білім берудің мақсаты - адамның өмір жолын сауатты таңдау мүмкіндігін кеңейту.
Вариативтілік қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.
Мұғалім сынып оқушылары құрамы мен оқу материалы көлемін ескере отырып, әрбір тақырыпты оқуға қажетті сағаттар санын өз бетінше анықтауы керек. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту үдерісі оқушылардың типологиялық және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың тиісті вариативтік әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Оқу материалдарын таңдау, сондай-ақ түрлі типологиялық топтардың оқушыларымен оларды оқу жолдарын, әдістері мен тәсілдерін таңдап алу балалрдың білім, білік және қалыптасқан дағдылар меңгеру туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін мұғалім өз оқушыларын үнемі зерттеп білуі және педагогикалық диагностика арқылы олардың оқу жетістіктері динамикасын қадағалап отыруы керек.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала –бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.
Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.
Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл-ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасқанын байқауға болады. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Мұғалімдерді ЖОО - ның дайындық арнайы психологиямен педагогика білім алуды көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті талдап дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі жағымсыз көрініске ие. Жалпы мектептерінде біріктіріп оқыту процесі өз бетінше, ретсіз дамуын жалғастырған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет