Мұнай-газ кен орнына арналған



бет2/22
Дата07.01.2022
өлшемі18,43 Mb.
#18683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22



1.ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы

Өзен кен орны Маңғышлақ түбегінің оңтүстік Маңғышылақ деп аталатын даланың оңтүстігінде орналасқан. Орфаграфиялық жағынан оңтүстік Маңғышлақ ауданы оңтүстіктен батысқа иілген, теңіз жағынан абсолют өлшемі солтүстікке қарай - +260 м,ал оңтүстікке +24 м болады. Ауданы - бедерлі қиын құрылымды. Өзен ойпатының көлемі - 500 км, солтүстікке, оңтүстік шығысқа шығыс бөлігі күрт өзгереді. Ойпат түбі терең жыралармен бөлінген, оның ең төменгі бөлігі - +30 м. Әкімшілік тарапынан кен орны аймағы Қазақстан Республикалық Маңғыстау облысына кіреді (сурет 1.1).

Сурет 1.1 - Өзен кен орнының аумақтық орналасу картасы.

Өзен кен орны Ақтау қаласынан 180-200 км арақашықтықта орналасқан. Кен орны - көп қабатты, күрделі құрылымды. Бор және юра шөгінділері қимасында XXV өнімді қабатқа бөлінген. Олардың I-XII қабаттарында (төменгі бор шөгінділері) стратиграфиялық І қабат және юра шөгінділерінен (XII қабат) тұратын аралас кездесетін құм, аливралит және газды жыныстардан тұрады. Бұл қабаттардың өткізгіштігі газбен қаныққан негізгі өнімді қабаттарды, ал

XIII-XVIII қабаттар жоғарғы қабатты газда, XIX-XXV қабаттар төменгі қабатта газда мұнай.

Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады [1,33бет]. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орнының мұнай-газдылығы юра және кейде бор шөгінділеріне байланысты.

Кен орынның геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы - бор-газды, XIII-XVIII горизонттар - жоғарғы және орта юра - кен орнының негізгі мұнай-газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX-XXIV горизонттары - мұнай-газды.

Пермь-триас жүйесі (РТ). Пермь-триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады. Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалындығы 440 м-ге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.

Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды


туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар,
алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділері
жалпы қалыңдығы 1500-1600 м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау
тобына бөлінген.

Юра жүйесі (J). Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы - 1300 м.

Бор жүйесі (К). Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің шайылған бетінде орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен барлық ярустарымен орын алған. Литологиялық және генетикалық белгілері бойынша бор шөгінділері үш бөлікке бөлінеді: төменгі терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб, сеноман) және жоғарғы карбонат (турондат) ярустары. Төменгі бөлікке - XII горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бөліктерге I, II, ІІІ, ІV, V, VI, VII, VIII, IX, X және XI газды горизонттар жатады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы 1100 м шамасында. Бор шөгінділерінің өнімді қалыңдығы алевролит және саз қабаттары мен будақтарының біртекті астарласуы ретінде көрінеді.

Кайназой тобында палеоген және неоген жыныстары орын алған. Палеоген шөгінділеріне мергель-әктас жыныстары мен саздардың бірқалыпты қабаты жатады. Палеоген шөгінділерінің қалыңдығы - 150-170 м.



Палеоген жүйесі (Р). Палеоген шөгінділеріне эоцен және олигоцен бөлімдері жатады. Эоцен бөлімі саз қабатшалары араласқан мергель және әктастар түрінде. Олигоцен бөлімі сұр және ақшыл сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде. Палеогеннің қалыңдығы - 150-170 м.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет