Мұнай-газ кен орнына арналған


ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ



бет6/22
Дата07.01.2022
өлшемі18,43 Mb.
#18683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
2. ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Игерудің ағымдағы жағдайын талдау

Өзен кен орны 1961 жылы ашылып, 1965 жылы жасалған кен орынды игеру бас жобасына сәйкес игеріле басталды. Кен орынды игерудің қазіргі жағдайына келсек, қазіргі кезге дейін кен орыннан барлық алынатын қордан шамамен 70-72 % мұнай алынды. Кен орынды игерудің төртінші сатысында игеріліп жатыр, игеру көрсеткіштері бойынша пайдалану ұңғымалар өнімі өте жоғары сулануда және өнімділігі түсуде. Кен орыннан мұнай негізінен механикалық тәсілмен өндіріледі, ол пайдалану ұңғылар қорының 90 %-і құрайды және де винтті штангілі-сорап қондырғысы, ортадан тепкіш электрлі-сорап қондырғылары қолданылуда. Қабат қысымын ұстау жүйесі 1967 жылы құрылды, су айдау басталды. Өзен кен орнында қабатқа су айдау 17 шоғырланған сораптық станциялар арқылы жүзеге асады, оның ішінде - 13 БКНС және 4 КНС, барлығы 78 сорап орнатылған. Мұнай өндіру көлемін ұлғайту мақсатында Өзен кен орнында әр түрлі тәсілдер қолданылады.



Механикалық әдіс көбіне қатты жыныстардан құралған қабаттарға, олардың жарықшақтығын ұлғайту үшін қолданады. Қабатты гидравликалық жару негізі, қабатқа жоғары қысыммен сұйық айдап жаңа жарықшақтар пайда болуға және жарықшақтарды кеңейтуге арналған. Пайда болған жарықшаққа ірі түйіршікті құмды айдайды, айдаудағы мақсаты - қысымды түсіргенде жарықшақ жабылып қалмау үшін. Пайда болған және үлкейген жарықшақтар ұңғыма түбіне мұнайдың жылжуын жақсартады және ұңғымадан алшақ жатқан қабаттың мұнайлы аймағымен байланыстырады[6,21бет].

Жылулық әдістер. Кәсіпшілікте ұңғыманың түп аймағына (ҰТА) жылумен әсер ету, құрамында жоғарғы парафинді-асфальтты-шайырлы заттары бар мұнай кен орындарын игеру кезінде ҰТА өткізгіштігі, осы заттардың тұнбалану салдарының және осы заттармен тау жыныстары қуыстылығының бітелуі, өткізгіштігінің төмендеуі кезінде қолданады. Су айдау ұңғымаларынан айдалатын салқын су ҰТА-ғы тау жыныстарының салқындауын тудырады. Ал ол мұнайдың құрамындағы компоненттерінің тұнба түзілуін жеңілдетіп, соның нәтижесінде қабаттың өткізгіштігі төмендейді. Жоғарыда аталған барлық себептер өндіру скважиналарының дебитін, ал су айдау сважиналарының қабылдау қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан скважина өнімі қалпына келтіру үшін яғни, ҰТА-ғы парафин тұнбасын ерітіп одан әрі мұнай мен жоғары көтеру үшін, жылулық өңдеулер қолданады. Өңдеудің келесі түрлері қолданылады: ыссы мұнаймен, бумен жылу қозғалтқыштарына әсер ету, жылу аккустикалық жер бетіне жоғарғы жиілікті электромагнитті аккустикалық әсер. ҰТА-ын бумен өңдеу дегеніміз қабатқа мезгіл-мезгіл қаныққан бу айдау, сол себепті өңдеудің бір әдісін циклді бу жылулық өңдеу деп аталады. Бұл әдісті келесі шартта қолдануға болады: өнім қабатының тереңдігі 1500 м қабат шартындағы мұнай тұтқырлығы 50 мПа*с-тан жоғары.

Физикалық әдіс негізі ұңғыманың түп аймағынан қалдық суды және қатты ұсақтүйіршікті бөлшектерді жоғалтуға арналған, нәтижесінде жыныстардың өткізгіштіктері жоғарылайды. Торпеданың жарылғыш заты, ұңғыманың диаметріне байланысты таңдалып алынады. Қатты жынысты қабаттарға жарылғыш затты көбірек, жұмсақ жынысты қабаттарға аз мөлшерде толтырылған торпеда қолданады. Жарылғыш зат өте улы болып ке леді және ағзаға түспеуі керек.

Химиялық әдіс айдау ұңғымасымен қатар пайдалану ұңғымасына да қолданылады. Сулы-көмірсутекті эмульсия (СКСЭ) және кешенді әсерлі эмульсиясы (КӘЭ) ұңғыманың түп аймағына әсер етіп және түп аймағына және жерасты жабдықтарды асфальтті-шайырлы-парафинді шөгінділерден тазартып, ұңғыманың өнімділігін арттырады. СКСЭ және КӘЭ парафин-тұз шөгінділердің жиналуының әсерінен өнімділігі түскен ұңғымаларға қолданады. Тұтқырлы-серпімді құрам (ТСҚ) қабаттың өткізгіштігі жоғары суланған аралықтарын айыру жұмыстарында, суланған қабатшалардың фильтрациялық қарсыласуын көбейту кезінде, қабатшалардың сіңірімділігін шектеу кезінде қолданады. Кешенді әсерлі эмульсиясы (КӘЭ) ұңғыманың түп аймағына әсер етіп және түп аймағына және жерасты жабдықтарды асфальтті-шайырлы-парафинді шөгінділерден тазартып, ұңғыманың өнімділігін арттырады. Осы әдістен кейін ұңғыма өнімділігі 20-25 %-ға көбейеді. Өзен кен орны бойынша 2015 жылы 362 пайдаланушы ұңғымаға КӘЭ өңдеу жүргізіліп, 186 ұңғымадан жақсы нәтиже алынды. Өңдеудің нәтижелілігі 51,4 % құрады. Өңдеудің арқасында 9277 т қосымша мұнай өндірілді.

Кесте 2.1.1



Өзен кен орны бойынша 2015 жылғы өңдеулер нәтижесі

Өңдеулер түрі

Ұңғымалар саны

Тиімді болғаны

Қосымша өндіру, тн.

Нәтижелі, %

Әсерінің ұзақтығы, күн

КӘЭ

362

186

9277,0

51,4

22

СКСЭ

380

219

17833,6

57,6

25

ТСҚ

383

175

16399,0

45,7

31

СҚӨ

8

3

647,1

37,5

47

Барлығы

1133

587

44156,7

51,6

26


Сурет 2.1.1 Әсерінің ұзақтығы,(тәулік)

Нәтижелі,%

Сурет 2.1.2. - Өзен кен орны бойынша 2013 жылы қышқылмен өңделген ұңғымалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет