Мұнай-газ кен орнына арналған


Өзен кен орының геологиялық құрылымы



бет3/22
Дата07.01.2022
өлшемі18,43 Mb.
#18683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
1.2 Өзен кен орының геологиялық құрылымы

Стратиграфия

Өзен кен орны терең барлау арқылы ашқанда тұнба жыныстар қалыңдығы 3000 м-ге жеткен. Құрамында триас (Т), юра (J), бор (К), төртiк (Q) жүйелерi кiредi. Кен орнының мұнай газдылығы юра (J) және бор (К) қабатының кейбiр бөлшектерiмен байланысты болып келедi. Геологиялық тiлмеде кен орнының юра (J) және бор (К) жүйелерiнiң қабаттарын 26 горизонтқа бөлген. Жоғарыдан төмен қарай 1-12 горизонттары бор (К) жастылары, газдылы қабаттар болып келедi. 13-18-шi горизонттары жоғарғы және ортанғы юра (J3,J2) жастылары өзiне тән мұнай газдылы қабаттар басым болып келедi, бұл горизонтар кен орының негiзгi өнiмдi қабаты болып саналады. Жекелеген күмбездерде төменгi юра (J1) жасты 19-24 горизонттарында мұнай газ қабаттары белгiленген.

Триас жүйесi (Т)

Триас жүйесi (T) ритмдi кезектесiп келетiн құмтасты, аргиллитi жынысты қалыңдықтарынан тұрады. Құмтастар – сұр, ашық сұр, ұсақ түйiрлi, сазды, алевролиттi, тығыз, кварцты-далашпатты құрамнан тұрады. Аргиллиттер- қара сұрлы, алевриттi қабаттан және жарықшақты каолиниттен, гидраслюдалы хлориттерден тұрады. Триас жүйесiнiң (Т) жалпы қабат қалыңдығы шамамен 100-110 м болып келген.

Юра жүйесi (J)

Юра жүйесi (J) төменгi, ортанғы және жоғарғы бөлiмдерiнен (J1,J2,J3) тұрады. Юра жүйесi (J) триас жүйесiмен (Т) үйлесiмдi орналасқан. Негiзiнен бұл жүйе құмтастардан, алевролиттер, ұсақ түйiрлi саздардан құралған және де мұнда фауна, флора қалдықтары да кездеседi. Юра жүйесiнiң (J) жалпы қалыңдығы шамамен 850-1000 м аралығында.

Төменгi юра бөлiмi (J1)

Төменгi юра бөлiмi (J1) триас жүйесiнiң (Т) жекелеген жуылып ашылған горизонттарының үстiнде үйлесiмдi орналасып жатыр. Бөлiм негiзiнен алевролиттiң, құмтастардың қайта пайда болуынан, өсiмдiк қабаттары бар саз және iшiнара көмiр қабаттарынан құралған. Төменгi юра бөлiмi (J1) 26-25 горизонттарына бөлiнедi. Қабаттың қалыңдығы шамамен 120-130 м аралығын құрайды.

Ортанғы юра бөлiмi (J2)

Орта юра бөлiмi (J2) континенталды, теңiз, жағалық және ұсақ су фациялары барлығымен сипатталады. Бұл бөлiмi аален (J2al), байосс ( J2b) және бат (J2bt) ярустарынан тұрады. Бұл қабаттың жыныстық құрамы төменгi юра (J1) және триас (Т) тақталарымен араласып орналасқан. Қабаттың \жыныстық құрамы құмтастардан, гравелиттерден, конгламераттардан, алевролиттерден және ұсақ түйiрлi саздардан құралған. Орта юра бөлiмiнiң (J2) қабаттарының жалпы қалыңдығы 330-350 м-ге жетедi.

Байосс ярусы (J2b)

Бұл қабат негiзiнен континенталды және лагуна-континенталды фациялармен, тақталанған құмтас, алевролит және көмiрге айналған органикалық заттармен, өсiмдiк, көмiр линзалары мен қабатшалары араласқан сазтастардың барлығымен сипатталады. Байосс ярус жинақталуларында тiлiктерiнiң төменгi бөлiгiнде сазды және алевролитті-сазды жыныстардың пайда болуы байқалады. Байосс ярусы қабаттарының жалпы қалыңдығы шамамен 500-520 м-ге дейiн өзгерiп тұрады. Бұл ярус 2 подярусқа бөлiнедi: 1. 22-17 горизонттары алып жатқан төменгi байосс (J2b1), қалыңдығы 100-120 м .2. 16 ,15 ,14 горизонттарын алып жатқан жоғарғы байосс (J2b2) болып келедi[2,69бет].

Жоғарғы юра бөлiмi (J3)

Жоғарғы юра бөлiмi (J3) негiзiнен нашар сақталған теңiз фаунасының ұсақ қалдықтарымен түзелген. Қалыңдығы шамамен 250 м. Бұл бөлiм келловей және оксфорд (J3k , J3of) ярустарынан тұрады.

Келловей ярусы (J3k)

Бұл ярус негiзiнен кезектескен құмтас, алевролит және сазтастардан тұрады. Кейбiр жерлерiнде мергел және iзбестастардың белгiлерi кездеседi. Келловей ярусы (J3k) 13-14-шi горизонттарынан тұрады.

Оксфорд ярусы (J3of)

Оксфорд ярусы негiзiнен сазды және мергел қабаттарынан тұрады. Бұл ярустың астынғы бөлiгi көбiнесе сазды жыныстардан тұрады, ал жоғарғы бөлiгi мергелдерден құралған. Оксфорд ярусының қалыңдығы, төменгi бөлiгiнде 90-100 м арасында болып келсе, ал жоғарғы бөлiгiнiң қалыңдығы шамамен 50-55 м-ге дейiн барады.

Бор жүйесi (К)

Бор жүйесi (К) қабаты негiзiнен ашылған үстiнгi юраның (J) үстiне үйлесiмдi орналасқан. Құрамы негiзiнен теңiз қалдықтарынан тұрады. Литологиялық және генетикалық белгiлерi бойынша бор жүйесi (К) үшке бөлiнедi:

- төменгi- терригендi – карбонатты

- орта – терригендi – карбонатты (альб, сеноман)

- жоғарғы – карбонатты (туран, дат)

Бор жүйесiнiң (К) жалпы қалыңдығы шамамен 1000-1100 метрге жуық.

Төрттiк жүйесi (Q)

Кайнозой эрасының (KZ) барлық жүйелерi, олар негiзiнен палеоген, неоген және төрттiк бұларды бiрiктiрiп қарастыруға болады. Төрттiк жүйесi негiзiнен палеоген, неоген жыныстарынан тұрады.

Палеоген қабаты зоогендi мергелдер, iзбестастар жыныстарынан құралған. Қалыңдығы шамамен 150-170 м.

Неоген қабаты тортон, сармат ярустарынан тұрады. Тортон ярусының қалыңдығы 20-25 м. Сармат ярусының қалыңдығы 80-90 м шамасында.

Төрттiк қабаты суглинка, құм, саз, эллювиалды, деллювиалды пайда болған континенталды фациялардан тұрады. Жалпы қалыңдығы 5-10 м шамасында.

Юра жүйесi (J) түзілімдерінің литофациялық құрамы

Өзен кен орнының негізгі өнімді қабатының кездесетін, яғни мұнай газдылы қабатының геологиялық жасы юра жүйесі (J) болып есептеледі. Сондықтан да кен орнының юра жүйесі (J) жасты қабатының литофациялық құрамын анықтау, мұнай газ қабатының қалыптасуының басты факторы болып есептеледі.

Литологиялық- стратиграфиялық тілмеде көрсетіліп кеткеніндей юра жүйесі(J) бұл кен орнының басты өнімді қабаты болып саналады. Мұнда көрсетілгендей юра жүйесі (J) үш бөлімнен тұрады, олар төменгі, ортанғы және жоғарғы бөлімдер. Бұл бөлінген бөлімдердің әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар негізінен бұл бөлімдерінің әрқайсысындағы жыныстардың таралу, түзілу, қалыңдық және құрамдық өзгешеліктерінде жатқанын байқауға болады. Айта кететін бір жай, бұл юра жүйесінде (J) ең негізгі және ең басым горизонттар тараған. Бұл горизонттар өз кезегінде әр жасты, әр құрамды және әр қалыңдықта тарағандарын көруге болады. Сонымен бірге юра жүйесінде (J) көптеген фауна- флора организмдерінің таралғанын көреміз.

Литофациялық құрамы мен жаралу тегіне келсек, онда мында негізінен континенталдық, теңіздік және жағалық фацияларының басым екенін көруге болады. Фациялық талдау жағынан келсек Өзен кен орнынынң негізгі құрастырушы шөгінді жыныстары ретінде құмтастар, алевролиттер және де саздар болып келеді. Осы ерекшелігіне байланысты юра жүйесі (J) бөлімдерінің өздері ярустарға жіктеледі. Олар негізінен ортанғы (J2) және жоғарғы (J3) бөлімдерде байқалады. Сол себептен, осы ерекшеліктерге сүйене отырып, біз Өзен кен орнының өнімдік қабаттарының 60-70% - ін ортанғы және жоғарғы юра бөлімдерінде тарағанын байқаймыз.

Төменгі юра бөлімінің (J1) литофациялық құрамы

Бұл бөлімнің триас жүйесімен (Т) үйлесімді жатқанын еске ала отырып, олардың литофациялық құрамының айырмашылығын көруге болады. Мұндағы қабаттың литологиялық құрамы негізінен алевролиттер мен құмтастардан тұрағандығын біле отырып, қабаттың теңіздік литофациялық жаратылыстан пайда болғанын байқауға болады. Сонымен бірге бұл қабатта өсімдік қалдықтары бар саз және көмір қабаттарын байқауға болады.

Құмтастар сұр және қара – сұр, орта және ұсақ түйірлі келген . Алевролиттер ұсақ түйірлі, ақ – сұр түсті. Ал саздар қара және сұр түсті. Төменгі юра бөлімінің жалпы қалыңдығы шамамен 150 – 200 м-ді құрайды.

Ортанғы юра бөлімінің (J2) литофациялық құрамы.

19 – 24 – ші горизонттарының ортанғы юра бөлімінің аален – байосс ярустарының жинақталуы қалыңдығы кезектесіп келетін ырғақты терригенді жыныс, күрделі құмтаспен, алевролит және сазбен континенталды және жартылай континенталды генезис екенін көрсетеді. 19 – 22 – ші горизонттар жыныстары ортанғы юра бөлімінің байосс ярусына қатысты болып келеді. Литологиялық құрамы бойынша, олар негізінен континенталды түрде кезектесіп келетін құмтастардан және алевролиттерден бөлінген қабаттармен саз және көмірленген қабаттар, көмірмен оның линзасы арқылы өседі. Құмтас пен алевролиттің майдаланған құрамы полимиктілі болып келеді . Кварц құрамы 19,5 – 38 %, дала шпаты 21,5 – 40,2 % жыныс сынықтары 33 – 49,5%, эффузивтер 0,8 – 2,8 %, кремнийлі жыныс сынықтары 1,2 – 1,7 %, слюдалар 15% - ке дейінгі аралықта өзгереді.

Саздар – горизонт пачкаларымен қабат бөлігі болып табылады. Қара сұр, бірқалыпты емес алевритті слюдалы, тығыз қысыммен немесе ұсақ және ірі детритті , сидеритті және кальцитті . Саз текстурасы негізінен жолақты. 23 – 24 – ші горизонттары ортанғы юра бөлімінің аален ярусына қатысты қалыңдығы әр түрлі, ұсақ түйірлі құмтастардан, саздар, алевролиттер қабаттарына тәуелді және ұсақ конгломераттардан тұрады. Аален ярусының төменгі шекарасы құмтасты – гравелитті қабат арқылы өтеді, шағылысатын бастапқы жаңа седиментациялық циклі арқылы. Жоғарғы шекарасы өз кезегінде байосс ярусының құмтас – гравелитті қалыңдық, алевролитті сазды комплекс жыныстары арқылы және жұқа кальцилі комплекс арқылы өтеді [3,95бет].

23 – 24 – ші горизонттарының коллекторлық жыныстары негізінен құмтастармен, алевролиттермен көрсетіледі. Құмтастар сұр, қоңыр – сұр, ұсақ, орта ұсынылды, мұнда қысым 15 МПа-ға дейін және қабаттардың бірігу аймақтарында қысымды реттеу үшін салқын су айдалады. ТӨА және ЖӨА өңдеу бойынша жүйе қабаттарды жаулап алуды ығыстыру процесімен өсіріп, мұнай өндіруді және мұнайды қайта сақтауды жоғарылатады. 1984 ж. Өзен кен орнының ХІІІ горизонтындағы 5а блогын өндірістік өңдеудің технологиялық сызбанұсқасы қарастырылған.

Келесі сатыларда кен орнын өңдеудің негізгі құжаты “Өзен кен орын өңдеу жобасы” болды, бұл құжат МНП СССР өңдеу бойынша орталық комиссиямен бекітілген. Берілген жобалық құжатта оның реализациясы 1988ж. басталды, мұнда кен орынды өңдеу жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын дамыту үшін нұсқаулар : жобалық ұңғыларды орналастыру дәл бөлшектік қабаттар карталарын қолданумен жүзеге асады, төменөнімдік аймақтарда су басудың қарқынды жүйесін қолдану кеңейтілуі альтернативті ретінде БӘЗ қолданумен өңдеу нұсқаулары қарастырылады. Одан әрі жоба қайта қаралып кен орындағы жағдайға сәйкес реттелді. Қазіргі уақытта негізгі құжат ретінде “Өзен кен орын өңдеу жобасы” (ВНИИ) қолданылады, бұл құжат 1988ж өңдеу бойынша Орталық комиссиямен бекітіліп, мұнай алуды жоғарлату бойынша жаңа технологияларды енгізуді қарастырады. Жобаға сәйкес кен орынды өңдеуде экономикалық тиімді нұсқа қабаттардан мұнай алуды жоғарылатудың гидродинамикалық әдістері қарастырылады. Өзен кен орнын өңдеу уақытында жобалық шешім анализі қабат мұнай параметрлерінің өзгерісін айқындап, олар өз алдына жобалық мәнінен мұнайды өндіру көлемінен ауытқуға әсер етті.

Тектоника


Өзен қатпары Жетібай - Өзен зонасының біршама ірі құрылымы болып есептеледі. Келловей ярусының табаны бойынша, оның изогипс контуріндегісі 900 м, ұзындығы 45 км, осі бойынша 9 км, теңселу шегі 200 м.

Өзен қатпарының геоморфологиясы өзінше ерекше келген. Ол зоналарының өткір кескінделген ассиметриясымен және периклиналімен кескінделген. Иілістердің бірінде ұзын формалы Өзен және Төңірекшың ойпаттарының арасында биіктіктері ұштастырылған. Қатпардың солтүстік қанаты көлбеу, ойысты келген. Онда жазық тектес аудандар пайда болуына шөгінді жыныстар біркелкі емес әсер етеді. Әсіресе шығыс және солтүстік бөлігінде қанаттары мен бұрыштарында елеулі өзгеріс білінеді. Жалпы алғанда Өзен қатпарлы белдемі Солтүстік – Кавказ – Маңғышлақ мұнай газ правинциясы құрамына жатады. Солтүстік – Кавказ – Маңғышлақ провинциясы негізінен жас платформалар қатарына кіреді. Мұндағы жас платформаға тән бір қасиет, ондағы терең опаңдарда қатпарлы іргетастармен, қалқанды кешендермен байланыста болып келетін шөгінді - вулканды қабаттар кездеседі. Метоморфизм жағынан шөгінді – вулканды қабаттары палеозой жасты каледондық және төменгі герциндік жыныстарынан жаралып пайда болған болеп келеді. Олардың жалпы қалыңдықтары платформалық іргетас қалыңдықтарымен сәйкес келеді. Өз кезегінде Солтүстік – Кавказ – Маңғышлақ мұнай газ провинциясы Оңтүстік- Маңғышлақ мұнай газ обласынан тұрады. Оңтүстік – Маңғышлақ обласының пермь – триас қабатының қалыңдығы 4- 5 км – ді құрайды және де карбонатты – терригенді жыныстардан құралған. Геологиялық жағынан келгенде Оңтүстік – Маңғышлақ обласы Солтүстік – Кавказ – Маңғышлақ провинциясының шығыс бөлігінде эпигерцинді платформаның бір бөлігі болып есептеледі. Герцин жасты түзілімдердің қатпарлы іргетасының жалпы тереңдігі - 9-10 км құрайды.

Өзен қатпарының платформалық іргетасында үш құрылымдық кабат бөлінеді, олар: 1) J-ға дейінгі жасты. 2) J-P жасты. 3) N-Q жасты. Мұндағы шөгінді қабаттың қалыңдығы шамамен 8 – 9 км дейін. Бұл қабаттардағы РТ түзілімдері бізге негізінен мұнай газ түзілімдерін іздеу ретінде керек болып табылады. Бұл түзілімдер жер батіне Маңғышлақ таулары районынан шығады. Оңтүстік – Маңғышлақ обласының Өзен – Жетібай қатпарында бұл түзілімдер 4 – 5 км шамасында орналасқан. Бұл түзілімдер өз кезегінде J – T түзілімдерімен тік құлау бұрыштары арқылы үйлесімсіз орналасқан. Мұндағы J – T түзілімдері терригенді – карбонатты, қызыл, қызыл-қоңыр түсті алевролиттерден, аргиллиттерден және линзалы конгломераттардан тұрады. Өзен қатпарлы қабатының P – T жасты қабатының тереңдігі 2292 м шамасында. Структураның негізгі биіктігінен батысқа қарай жергілікті индуляциялық мінезді күмбез байқалады: Батыс және Шығыс Қарамандымас, Пасумурын, Шығыс Пасумурын, Солтүстік–Батыс, Ақсай және Хумурун күмбездері. Іс жүзінде өңдеуге оның үшеуі ғана қатысады. Парсумурун, Солтүстік–Батыс, Хумурун қарастырылып отырғандарының ең ірісі күмбезі батысында Өзен көтерілімінің орталық бөлігімен бірігеді және одан тектоникалық бұзылу 10-15 м амплитудалы субмеридианалды бағытта бөлінеді, көтерілім барлық структуралық карталарда жақсы байқалады, оның размері 10,8 * 4 км, амплитудасы 105 м.

Литологиялық–стратиграфиялық қатынасында батыс күмбездерінің 22 – 24 горизонттарында қабат Өзен кен орнының негізгі бөлігіндей, жасы бойынша J2 аален, байосс ярустарымен байланысты және терригенді жыныстардың кезектесіп келетін кезекті қалыңдығын көрсетеді. Күрделі құмтастар, алевролиттер, континенталды саздар және жартылай генезистерден тұрады. Коллектор жыныстары алевролиттік, полимиктілі және құмтастармен сипатталады. Бөлшек болып келетін сазды горизонттар пачка қабаттары арасында қара–қоңыр бірқалыпты емес, алевристік слюдалы, тығыз өсімдік детритінен құралған. Осының нәтижесінде Өзен қатпары көп қабатты, жарылым бұзылыстардан құралған, күрделі келген алып құрылымдық қабат болып табылады.


Мұнайгаздылығы


Өзен мұнай газ кен орнының ерекшелігі, олар құрамы үлкен парафиндер мен асфальттардан, смолалы заттардан тұрады. Бұл болжаудың ерекшелігі мұнай кен орнының шығу жері негізгі өнімділік қабаты парафинмен қаныққан. Бастапқы мерзімде өңдеу негізінде көп мөлшерде қабат температураларын зерттеу бойынша эксперименттік мәліметтері қабаттың парафинге қаныққандылығы және мұнайдың парафинге қанығу шегі бастапқы қабат жағдайында мұнайдың газдалуы дәлелденді.

Оңтүстік–Маңғышлақ мұнай газ обласының жалпы өнімді қабаттарының геологиялық жасы юра жүйесінің ортанғы бөлігі болып келеді. Осы заңдылықты ескере отырып Өзен кен орнының мұнай газдылы қабаттары көп горизинтты, өнімділігі мол екенін байқаймыз. Оңтүстік–Маңғышлақ мұнай газдылы обласының, соның ішінде Өзен кен орнының өнімдік қабаттарының 80 – 90 % пайызы, осы юра жүйесінің ортанғы бөлімінде шоғырланған болып келеді. Қазіргі кездегі өндіріліп жатқан өнімдердің дерлік 90 % пайызға жуығы осы горизонттардан игеріліп отыр.

Жалпы, осы мұнайгазды обласының өнімді қабаттары сонымен бірге жоғарғы палеозой жасты, олар таскөмір және перм жүйелері болып келеді. Сонымен қатар өнімді қабаттарының негізгі тараған жері болып, ол мезазой жасты жүйелермен байланысты келген. Бұл жүйелер негізінен триас, юра және бор болып келеді. Ал кайназой түзілімдеріне келсек, онда олар негізінен палеоген, неоген және төрттік жүйелері, қарастырылып отырған областа түгелімен дерлік горизонталды шөге орналасқан болып келеді.

Жоғарыда айтылып өткендей Оңтүстік–Маңғышлақ обласының, соның ішінде Өзен кен орнының мұнайгаздылы горизонттарының геологиялық жастары, негізінен мезазой эрасында шоғырланғандары келтірілген. Бұлар негізінен триас жүйесінің төменгі және ортанғы бөлімдерінен тұрады, олардағы мұнай газ қабаттары өзіндік қасиеттерімен ерекшеленіп келген. Мұндағы мұнай түзілімдері терригенді – карбонатты шөгінділерден қалыптасқан болып келеді.

Юра жүйесінің төменгі, ортанғы және жоғарғы бөлімдері, қарастырылып отырған мұнай газдылы областың, негізгі өнімді қабаттарының бірі болып есептеледі. Мұндағы юра жүйесінің шөгінді тысының құрастырушылары болып, карбонатты – терригенді түзілімдері болып есептеледі. Бұл қабаттардағы мұнай шоғырларының ерекшеліктерінің бірі, ол өнімді қабаттарының қалыңдықтарының молдығында болып келеді .

Газдың құрамының динамикасы Өзен кен орнының этапты өңдеуінің даму тарихын көрсетеді. Өзен кен орны 1961жылы геологиялық – геофизикалық зерттеулер барысында ашылған. Жоғарғы және төменгі бор, олар сеноман, альб, апт және неоком ярустарында өндірістік өнімді түзілімдері байқалады . Өнімді қабаттының биіктігі 1500 м-ге жетеді . Бор комплексті түзілімдерінде 12 газдылы горизонттары белгіленсе , ал юра түзілімдерінде 13 мұнайлы және мұнайгаздылы горизонттары белгіленген. Тұтқыш түрі негізінен қабатты шоғыр болып келеді. Юра түзілімдерінде қабатты, тектоникалық экрандалған өнімді шоғырлары кездеседі. Коллекторлары кеуекті, құмтастар және алевролиттерден түзілген болып келеді. Газды қабаттарының ашық кеуектілігі 26,8 – 30,6 % болса, өткізгіштігі шамамен 0,2 – 0,4 мкм құрайды. Юра түзілімдерінде кеуектілігі 26,5% және өткізгіштігі 0,523 мкм келловей ярусының 13 – ші горизонтында белгіленген. Бұл қабаттардың тұтқыштары ретінде, қалыңдығы 2 – 60 м жететін саздар болып есептеледі. Мұнай қаныққандық коэффициенті 0,53- 0,73, ал газ қаныққандық коэффициенті 0,5 – 0,6 шамасында. Бастапқы қабат қысымы 11,2 – 19,35 МПа жетсе, қабат температурасы 57 – 84ºС. Мұнай қабаттарының алғашқы өнімділігі шамамен 1 – 81 м3/сут., аралығында өзгерсе, газ қабаттының өнімділігі 47 – 275м3/т. Мұнай тығыздығы 884 – 874кг/м3 шамасында, ол негізінен күкірт 0,16-0,2%, парафин 16-22,6% , шайыр 8-20% құрамдас болып келеді. Бос газдар этан құрамдас, ауыр көмірсутектерден тұрады.

Газ негізінен метанды 90%, азот 8% және көмірқышқыл газ 2 % болып келген. Газ шоғырларының қабаттық қысымы 4,3 – 8 МПа, ал температурасы шамамен 30- 50ºС құрайды. Юра шоғырларының тәртібі суарынды және газарынды.

Жалпы алғанда Оңтүстік – Маңғышлақ мұнайгаздылы обласы қазіргі кезде жақсы зерттеліп, толығымен анықталған бір үлкен географиялық аймақ болып есептеледі. Ал осы областың құрамына жататын экономикалық, әлеуметтік маңызы зор, алып кен орындары Өзен, Жетібай, Жангүрші, Дұнға, Еспелісай, Ақтас және т . б., қазіргі кезде өндіріліп игеріліп отырған кешендер болып саналады. Бұл областың мұнайгаздылы түзілімдерін құрастырушы қысым карталарын құрып, блоктар мен горизонттар бойынша орташа өлшенген қабат қысымын анықтауды есептейді[4,64бет].

Кесте 1.2.1

Горизонт бойынша жұмыс істеп тұрған айдау ұңғымаларының саны



Жылдар

XIII

XIV

XV

XVI

XVII

XVIII

2012

250

323

139

95

37

12

2013

297

358

163

104

44

15

2014

323

381

174

120

48

18

2015

330

370

174

123

47

15

Өңдеудің рационалды жүйесін жүзеге асыру үшін қабат қысымы өзгерісінің динамикасын және қабат энергиясын қолдану мақсатында реттеу керек. 1.2.1 кестесінде мұнай, айдау, бақылау ұңғымаларының 2012 жылдың 2 жарты жылдық горизонттары бойынша қабат қысымын анықтауға сәйкес зерттеу саны берілген, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған мұнай ұңғымаларының жалпы қорына қатысты жаулап алу проценті берілген.

ОЭПУ-да зерттеу жұмыстарының нәтижесімен қабат қысымдары үшін беріктік жүйесі көрсетілген. Қабат қысымының динамикасы бойынша өңдеудің кейбір объектілерінде қабат қысымы бастапқы қабат қысымымен салыстырғанда төмендеуі байқалады:

Хумурун күмбезінің XXII және XIIIгоризонттарында;

Солтүстік – Батыс күмбезінің XIХ және XXI горизонттарында;

Парсымурун XIХ, XX, XXI және XXIV горизонттарында.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет