Мұнай-газ кен орнына арналған


ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ



бет14/22
Дата07.01.2022
өлшемі18,43 Mb.
#18683
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
4. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
4.1 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
Өзен кен орынында ұңғыларды жер үсті қондырғыларын қамтамасыздандыру кезінде жұмысшылардың қатерге, яғни апатқа ұшырауы ұңғылар аузындағы, сепаратор және құбыр өткізгіштердегі қысымның (газ немесе мұнай ағындарының соққылары, құбыр өткізгіштердің жарылыстары кезіндегі қауіптерден) жағары болуынан болады.

Фонтанды ұңғыларды пайдалану кезеңдері кезінде ашық атқылауы мүмкін, соған сәйкес жарылыс, өрт болуы немесе газбен улану қауіпі зор. Ашық фонтандау ықтималды жоғары қысымды кен орындары немесе агрессивті ортадағы пайдаланылатын ұңғы жабдықтарына аталған қауіп түрлері туындалуы ықтимал.

Ұңғыларды толтырудың жұмыс көлемі және қауіпті операциялары, сонымен бірге саға арматурасын құрастыру және талқандау операциялары кезінде сонымен қатар штуцер, ағын жапқыларын ауыстыру, лубрикатор орнату және гидрат түзілуіне жол бермеу, болған жағдайда жою кезінде бір шама қауіп-катер төнеді.

Фонтанды ұңғыларды пайдалану қауіпсіздігінің бірі – олардың саңылаусыздандырудың сапалылығы болып табылады. Бұл саға арматурасының көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар ол ұңғылар жұмысын реттеуде немесе бақылау үшін де қолданылады

Фонтанды ұңғылардың саға жабдығына қойылатын шарттар болып мынадай талаптар қойылады:жабдықтар барлық жағынан төзімді болуы, фонтанды құбырлардың сақиналы кеңістігіндегі, пайдалану тізбегіндегі, қондырғының жеке бөлшектері арасындағы байланыстарының саңылаусыздығының сенімділігі жоғары болуы керек.

Арматураның негізгі жауапты бөлігі – түп қысымына сәйкес келетін, ұқсас қысымды қабылдайтын құбыр басы болып келеді. Фонтанды арматураны таңдағанда оның жұмыс қысымы мүмкін қысыммен тепе – тең болуына назар аудару керек.

Ұңғы сағасында қондырылатын фонтанды арматураны жинақтаудан кейін тексеру үшін, оның паспортындағы белгіленген қысымды сынап байқайды. Фонтанды арматураны қондырып болған соң, оның жоғарғы бөлігін, пайдалану тізбегін тығыздауға қажет қысымда сынақ жүргізеді.

Арматураны алдыру үшін техникалық шартта қаралған жолмен, тығыздағыштар жинақтары толық болған жағдайда ғана арматураны қарастыру жұмысын жүргізеді.

Фонтанды арматураны қарастыру кезінде ең жауапты, яғни ұңғының саңылаусыздануы, операциясы шешіледі.

Қарастырар алдында арматураның барлық бөлшектерін жеке түрде қарап, тексеріп алу шарт. Кішкене ақауы байқалған жағдайда бөлшектерді барлығын ауыстырып алу қажет. Сағадағы фонтанды арматураны қарастыру кезінде барлық назарды байланыстардың беріктігіне аудару қажет.

Фонтанды арматураға 3 жүрісті кранды манометрлер және винтельдермен жабдықталуын, олардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалап отыру керек. Бұл бөлшектер мынадай жұмыстар үшін арналған:

Бірінші манометр буфердегі жұмыс және статикалық қысымды өлшеу үшін құбыр басының кресті шығаруында орналасқан екінші манометр құбырүсті кеңістігіндегі қысымды өлшеу үшін арналған арналған.

Фонтанды шыршаны, белді жүйе механизмдерінің көмегімен құбыр басына қондырады. Шыршаны көтеру ілгішіне темір арқанмен іледі. Көтеру кезінде шырша бір жақтан екінші жаққа қарай теңселіп тұруы мүмкін. Арматураны қондыру және түсіру, ағыту жұмыстарын атқару кезінде қауіпсіздікті жақсарту үшін, ролик, темір арқан және қамыт жиынтықтарынан тұратын саймандар қолданылады. Бұларды сонымен қатар көтеріп-түсіру кезінде арқан сырғып кетіп, шырша төменге тез түсіп кету мүмкін.

Фонтанды арматураны мұнай - газ ағынының толассыз болып және оның айдалу қаупі болатын жағдайларда анкерлі болттармен және тартпалармен бекіту қажет. Болттарды техникалық немесе кондукторда немесе арматураның буферінде қондырылған қамыттардан өткізу қажет.

Арматураны бұндай бекіту желілердегі гидравликалық соққы кезіндегі соқтығулардан болатын дірілдерден құтқарады.

Фонтанды арматураның өнімді шығару желісінің астына белгілі биіктікте тұратын тіреулер орнтылады. Ол тіреу негізінде ағытып – жөндеу кезінде желінің құламауы үшін арналған.

Фонтанды ұңғыны қамтамасыз етудің ыңғайлы және қауіпсіз болуы саға қондырғысының, яғни фонтанды арматураның биіктігіне байланыстылығын ескерту керек.

Үштік арматураның биіктігі жоғары болуы, оның қондырылуы және қамтамасыздандыруы кезіндегі жұмыстар және оның жеке бөлшектерін (мысалы штуцердің) ауыстыру кезінде біршама қиындық туындатады.

Кресті фонтанды арматура үштік арматураға қарағанда биіктігі әлдеқайда төмен болып оның қаматмассыздандыру жұмыстары әлдеқайда жеңіл.

Фонтанды ұңғыларды парафин тығындары, гидраттар түзілген жағдайларда ұңғыға бу, ыстық мұнай немесе химиялық реагенттер айдаймыз.

Осындай жұмыстар кезінде мүмкін болатын кәсіби жарақаттанудың қауіпі зор болып келеді. Яғни бу айдау кезінде шлангілердің үзіліп кетуі, қысымының жоғарлығынан ысытылған мұнай немесе химиялық реагенттер айдаған кезде муфталық байланыстар әлсіздігінен қысым әсерімен айдалушы элементтердің шашырауы, құбырлардың ұшуы мүмкіндіктерінен де біршама қауіп туады.

Машина және механизмдердің қауіпті аймақ өлшемдерін анықтау

«Өндіріс объектілерінің арасындағы белгілі санитарлық, өрттен сақтандыру» межелері секілді «Арақашықтық сақтау» межелері де белгіленген.Объектілердегі қондырғылар, олардың қауіпсіз және ыңғайлы пайдалануға және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдай болатындай етіп орналастыру қажет.

Бөлшек механизмдермен дуалдың арақашықтығы 1 метрден, ал жұмыс өткелдерінің ені 0,75 м кем болмауы керек.

Жарылыс қаупі бар жерлерде телефон қондырғылары және белгі беру ескертетін қондырғылары әсер етпейтін жерлерде болуы керек. Яғни, «электроқондырғыларын орналастыру ережелеріне» сәйкес болуы қажет.

Жұмыс істеп немесе істемей тұрған ұңғылардың номерлері болуы керек.

Адмдар өтетін жерлердегі, яғни, жер бетінде ашық өткізілген құбырлар, каналдар, траншеялар үстінде ені 0,6 м, ал биіктігі 1 м кем болмайтын өткелдер орнатылуы қажет.

Апараттардың, құбырладың ыстық беттері, іштен жану қозғалтқыштарының шығару құбырлары адам денесі тиген кезде күйік пайда болатын болса, қоршаулар немесе жылу оқшаулаушы орамдармен оқшаулануы қажет.

Жер асты және жер үсті құбырлары автомобиль жолдарымен қиылысқан кезде, олардың кем дегенде өтуі үшін 4,25 м биіктікте тіреулер орнатылуы, ал үстінен өткен жағдайларда құбырлар 2,2 м тереңдікте көмілуі шартты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет