Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдер Көмірсутегі тотықтырғыш микроорганизмдер эколого-трофикалық микроорганизмдер топтарының ішіндегі ең маңыздыларының бірі, себебі әртүрлі биотоптарда толық тотықсызданған көмірсутегі молекулаларын зат алмасу процесіне қатыстырады. Дәлірек, олардың мұнай және мұнай өнімдерін ыдыратуда маңызды роль атқарады. Сондықтан, көмірсутектерді тотықтырғыш микроағзалар функционалды белсенділігінің интенсивтілігі биотоптарда маңызды практикалық мәнге ие және мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың қайта қалпына келуі тікелей байланысты.
Метанды тотықтыратын бактериялар пропанды қолдануға қабілетсіз және керісінше пропанды тотықтыратындар метанды ыдырата алмауы мүмкін . Кейбір көмірсутектер арнайы емес бактериялармен де ыдыратылады . Мысалы , Bact.fluorescens пентанды , гександы және бірқатар жағарғы парафиндерді тотықтырады . Жеңіл парафиндердің биологиялық тотығуы аз зерттелген . Оларды сіңіретін бактерияларға Pseudomonas және Nocardia туысының өкілдері жатады . Кейбір авторлар төмен қайнатылатын н - алкандар цитоплазмалық мембраналардың қабыршақтануын тудыратындығын көрсеткен
Кейбір микробиологиялық зерттеулердегі мәліметтер бойынша көмірсутектерді тотықтырғыш бактериялар ластанған топырақта бірінші жарты жылдық ішінде максималды мәнге дейін жетеді. Зерттеу кезінде ластанған сынамада 1 г топыраққа 1,89×105 түзілген колония бірлік мәні, яғни басқа сынамаларға қарағанда бір дәрежеге жоғары мән көрсетуі, ластану дәрежесінің жоғары екендігін және табиғи жағдайда КТ микроорганизмдерінің өзіндік тазарту процесін белсенді түрде бастап кеткенін көрсетеді Сонымен, мұнайдың табиғи ыдырауында КТ бактериялардың алатын орны өте зор. Соған байланысты топырақты тазарту шараларында метаболиттік белсенділігі жоғары, мұнай және мұнай өнімдерін жақсы ыдырата алатын сол топырақтың құрамындағы микроорганизмдер штамын бөліп алу шараларының практикалық маңызы зор
Мұнай көмірсутектерін қолданатын микроорганизмдер су және топырақ биоценозының негізгі компоненті болып табылады. Қазіргі таңда мұнай көмірсутектерін тотықтыру қабілеті бар 100-ден аса бактерия туыстары,ашытқылар,жіпшелі саңырауқұлақтар бөлініп алынған. Мысалы, Corynebacterium, Brevibacterium, Arthrobacter секілді деструктор-микроорганизмдер.Аляска және Жаңа Шотландия жағалауларынан бөлініп алынған.
Көптеген тәжірибелер нәтижесінде, мұнай тотықтырушы микроорганизмдердің рН 6,0-7,5 аралығында белсенді өсетіндігі дәлелденген.Зерттелген культуралардың 50 пайызын атап айтқанда, Pseudomonas liquefacins, P.liquida, Bacterium jophagum және т.б. Осы рН аралығында тәжірибеге алынған 200мг мұнайдың 177мг қолданған.Кейбір микрооргганизмдер түрлерінде (Bacterium aliphaticum, Bacterium aliphaticum liquefacins, Bacterium Formosum) мұнайды максимум қолдануы және максималды өсу әртүрлі рН аралығында болады.
Органикалық ластаушылардың ыдырап, қоршаған ортаға түсуі кезінде микроорганизмдер маңызды рөл атқарады. Біршама белсенді және кең тараған мұнай өнімдерін ыдыратушыларға Pseudomonas, Rhodococcus, Arthrobacter, Candida, Actinomyces, Bacillus және Acinetobacter туысының бактериялары жатады.
Сұрыпталған бактериялар табиғи оқшаулағыш, олардың токсикалық және патогенді әсері болмайды. Микроб дақылдары мұнай және мұнай өнімдерін, соның ішінде ауыр ажырайтын, мұнайдың ауыр фракцияларын утилиздейді. Бактериялардың төмен температурада мұнай көмірсутектерін декструксиялау қабілеттілігі оларды ластанған территорияларды суық климат жағдайындағы биоремедиациясын жүргізуге мүмкіндік береді.
Жаңадан ластанған топырақта топырақ мироорганизмдері көп кездеседі, оның ішінде Pseudomonas және Arthrobacter бактерия туысының түссіз колониялары өте көп таралған. Жоғарғы ферментативті белсенділікке ие Rhodococcus туысының пигментті колониясы бірен- саран ғана.
Жаңа ластанған топырақ мұнаймен ластанғаннан кейін топырақта олиготрофты топ микрофлорасы, олиганитрофильді және целлюлоза бұзушы микроорганизмдер массасы ұлғаяды. Негізгі басымдық көрсететін бактерияларға Rhodococcus және Pseudomonas түрінің өкілдері жатады, ал Arthrobacter, Flavobacterium, Agrobacterium туысы біркелкі жоғары.
Mucor, Penicillium және Trichoderma түрінің саңырауқұлақтары да мұнаймен ластанған топырақта кездеседі. Acinetobacter түріне жататын микроорганизмдерге қысқаша сипаттама Acinetobacter Gammaproteobacteria- ға жататын Грам-теріс бактерия Acinetobacter түріне жататын микроорганизмдер қатал түрде аэробты, грам теріс бактериялар.
Микроорганизмдерсоңы домаланған созылыңқы таяқшалар болып есептеледі. Acinetobacter штаммдары жиі қозғалады, метаболитикалық әмбебаптық қасиет көрсетеді, тұрақты болып келеді, ал кейбіреулері қазіргі заманғы молекулалық - генетикалық әрекеттерге және өндіріске қолдануға ыңғайлы жүйелерді пайдалануға мүмкіндік береді.