Мұнай тотықтырушы микроорганиздер және олардың экологиялық маңызы


Мұнай тотықтырушы микроорганиздердің экологиялық маңызы



бет5/6
Дата29.12.2023
өлшемі0,85 Mb.
#144676
1   2   3   4   5   6
Мұнай тотықтырушы микроорганиздердің экологиялық маңызы
Табиғатта көмірсутекті ассимиляциялау тек микроорганизмдерге ғана тән емес, сонымен қатар жануарлар, өсімдіктерде де қолданылады. Бірақ микроорганизмдердің белсенді зат алмасуына байланысты, микробтардың көмірсутектерді энергия көзі ретінде қолдануы қызуғышылық туғызуда. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды микроорганизмдер көмегімен тазартудың үш жол бар:
1. топырақ немесе су микрофлорасының метаболиттік активтілігіне сәйкес, ортаның физико-химиялық жағдайларын өзгерту арқылы.
2. ластанған топырақ немесе суға арнайы таңдалынып алынған мұнай тотықтырушы микроорганизмдерді енгізу арқылы.
3. аралас микроорганизмдердің активті штамдарын және олардың өсуі үшін қажет активаторларды қосу арқылы.
Аталған соңғы екі әдіс, қазіргі таңда өте перспективті және тиімді болып отыр. Себебі белсенді мұнай тотықтырушы микроорганизмдер негізінде жасалған биопрепараттар көмегімен мұнаймен ластанған топырағы бар аумақтарды кең көлемде тазалауға мүмкіндік береді.
Табиғатта барлық мұнай тотықтырушы микроорганизмдер арасында кең таралғандары Pseudomonas туысының бактериялары. Олар әлемдік мұхиттың, су қоймаларының, топырақтың әдеттегі микрофлорасының бірі.
Бұл туыстың 50-ден астам түрлері қоршаған ортадағы мұнайды ыдырату процесіне белсенді қатысады. Олар: Pseudomonas aerugenoza, Ps. putida, Ps. fluorescens және т. б. Ps. fluorescens штамын топырақтан, су қоймаларынан бөлініп алынған. Ең қызықтысы, осы түрдің 66 штамының “Трускавецкая” минералды суынан бөлініп алынуы. Псевдомонадалардың аэробты және оттегінің аз жағдайында да жоғары көмірсутек тотықтырушы қабілетінің болуы мұнаймен ластанған топырақ және суларды тазалауда қолдануға көп мүмкіндік береді. Біздің зерттеулерімізде Атырау облысының Тереңөзек кен орыны аймағынан алынған, мұнаймен ластанған топырақ үлгілері және осы топырақтардан бөлініп алынған көмірсутек тотықтыратын микроорганизмдер пайдаланылды.
Көміртегі көздері ретінде мұнай және мұнай өнімдері: дизельді отын, бензин, мазут, толуол қолданылды.
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың өзіндік тазару және қайта қалпына келу процестері өте ұзақ, көптеген ғалымдардың айтуы бойынша шамамен 20-25 жыл уақыт аралылығында жүзеге асады екен. Мұнай өнімдерін топырақтан тазартудың әлемдік тәжірибеде қолданылатын әдістері экстракция, физикалық адсорбция, пиролиз, өртеу және т.б әдістер экономикалық және экологиялық жағынан тиімсіз болып келеді.
Сондықтан бұл проблемаға байланысты жүргізілген бірнеше зерттеулерге қарамастан, аймақтың табиғи жағдайларының ерекшеліктерін есепке ала отырып тазарту әдістерінің тиімді түрін қажет етеді. Қазіргі уақытта тазартудың тиімді тәсілінің бірі көмірсутектерді тотықтырушы бактериялар көмегімен тазарту болып болып табылады.
Микроорганизмдерді топыраққа еңгізу мұнайдың биодегродация процесін жылдамдатады. Микрооганизмдер бірлестігі өте күрделі құрылымды субстратты ыдырата алады. Сондықтан қазігі кезде алуан түрлі микроорганизмдерді және олардың қауымдастықтарын қоршаған ортаның мұнаймен ластанған аудандарына еңгізу туралы сауал өте өзекті болып отыр. Соған орай, деструктор-микроорганизмдерді бөліп алу, сұрыптау және оларды зерттеулер өте қажеттілікпен сұранысқа ие. Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға қолданылатын көмірсутек тотықтырушы бактериялардың негізгі қасиеттерін бағалау.
Қазіргі уақытта көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдердің таза және араластырылған дақылдарын қолдануға негізделген қоршаған ортаны мұнайдан тазалауға арналған микробиологиялық әдістері қарқынды дамуда және жиі қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі ортаның физика - химиялық жағдайына сәйкес жоғарылайды. Мұнаймен ластанған топырақты микробиологиялық тазалаудың басты шарттарының бірі – әртүрлі микроорганизм топтарының (бактериялар, актиномицеттер, ашытқы саңырауқұлақтары мен микромицеттер)бірлесіп ластанумен күресу қабілеті, сонымен қатар жоғары деңгейде инокулятивті тіршілік ету қабілетінің болуы.
Мұнаймен ластанған бірінші аптасында топырақта негізінде физикалық миграция және көмірсулардың ыдырау процесінде булану және сілтілену жүреді. Булану жылдамдығы орта қасиеттеріне, метеорологиялық жағдайларына сонымен қатар мұнай құрамына байланысты. Алдымен қайнау нүктесі 370°С-тан төмен фракциялар буланады.
Соңғы уақыттары шет елдерде комплексті микробиологиялық препараттар негізіндегі биоремедиациялық препараттар кең қолданылады.
Мұнай көмірсутектерінің ерітіндісінің биодеструкциясына мына бактерия туыстарының өкілдері қатысады:
Mycobacterium,
Mycococcus,
Micro-coccus,
Pseudomonas,
Brevibacterium,
Corynebacterium,
Flavobacterium,
Achromobacter,
Bacillus,
Acetobacter,
Alcalibacter.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет