Мұнайлы ауданы «№4 жалпы білім беретін мектеп» кмм жоба тақырыбы



бет10/11
Дата09.05.2022
өлшемі41,51 Kb.
#33546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жұмыс Мәшһүр (1)

ҚОРЫТЫНДЫ

Жоғарыда айтылған Мәшһүр - Жүсіптің көзқарасы туралы қорыта айтсақ: Адамды адам ретінде биіктете түсетін исламдағы амалдар мен ілімдер аса мол. Адамға көмек ретінде ислам діні берілген. «Ислам діні – бұл адамның ахуалын кемелдендіруге арналған дін» деген хадис бар.Адамның бұл жалғандағы өмірі құмар қууға емес, сауап істеуге арналғандығын Көпеев айтқан еді.

Ақын ислам құндылықтары туралы жазған өлеңдерінде Құран аяттарын тәпсірлеп, ғалам жаратылысы, пайғамбарлар тарихы, Алла алдындағы парыздар туралы терең талдап жазды. Әулие адам Жаратушысының өзіне дарытқан нығметтерін ерекше жағдайларда ғана көрсетеді. Сондықтан мен оны жай қызықты оқиға деп қабылдамаймын.

Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында көптеген ақын – жыраулардың өлең - қиссалары, дастандары болғандығын жоғарыда айттық. Бұхар жырау, Ақан сері, Шернияз, Шөже, Шортанбай секілді сөз зергерлерінің де біраз туындыларын, ел тарихына қатысты шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, күлдіргі сөздерді де хаттап, қағазға түсірген. Мәшһүр Жүсіп өркениетті елдер қатарынан орын алу үшін қазаққа қандай үлгі боларлық дерек болса, соны ел игілігіне айналдыру жолында еңбек еткен.

Мәшһүр Жүсіптің ойшылдық, ғұламалық зердесі, парасат дүниесі осынау афоризмдерінен жақын көрініс табады. Оның Аллаға ғашықтық, ақырет, жалған, дін, діл, тіл, иман, ата-ананы ардақтау, мінез-құлық, қанағат, пиғыл, нәпсі, ықылас, бақ-дәулет, махаббат, ақыл, ғылым, білім, ұрпақ, ұлт туралы даналық толғамдары ұлт руханиятына қосылған кәусар бұлақ десе де болғаны. Мәшһүр Жүсіп қазынасы - ұлттық игілігіміз. Өйткені, ол ұлт тарихы мен этнографиясына, философиясы мен фольклортануға, Қазақстанның саяси - құқықтық мәдениеті мен қазақ әдебиеті тарихына қатысты ұшаң - теңіз шежірелік деректер, ағыл-тегіл мәліметтер өлшеусіз әдеби нұсқалар, асыл сөздер қалдырды.

23

Сөйледім қадіри хал білгенімше,



Қылайық хаққа тәубә өлгенімше.

Тілеңіз жалғыз хақтан жарылқасын,

Көңілі жер қойнына кіргенімше - деп Мәшһүр Жүсіп өлеңдері мен дастандарында халықты имандылыққа шақырып, адамгершілік рухында тәрбиелеуге тырысқан. Мәшһүр Жүсіп: « ... Мен құдайды бір деп білемін, бар деп білемін, күшті деп білемін. Осы үшеуіне нанымым, сенімім күшті. Өзге нәрсеге «құлақпен естіген танық, көзбен көрген анық» дегендей, көзім көрмей нанбаймын».

Жастайынан діни білім алған Мәшһүр Жүсіп әр сөздің мағынасын тереңдікпен өлшейді. Ал тереңдік кедергіні бұзудан тұрады. Бабалардың ғақлиялы, қазыналы сөздерін жүрегінде сақтап өскен Мәшһүр Жүсіп рақымды тәңіріміздің мейірбан жаны. Мәшһүр Жүсіптің пайымдауынша күнә үш түрлі болмақ. Кешірілмейтін күнә, қалдырылмайтын күнә, кешірімді күнә.Алла тағаланың ісіне күмән келтірушілер мен құранда жоқ ғамалдарды істеушілердің күнәлары кешірілмейді.

Біреуге қиянат жасаған адамдардың күнәлары қалдырылмайды. Тіршілігінде сол қиянаты үшін кешірім сұрап, кісі ақысын жемеуге тырысқан жөн. Ал көркем мінезді азаматтардың күнәсі кешіріледі.

Еңсемізді тіктеп, ел болдық. Енді көкірегімізде ұлттық рух кернеуі керек. Ол үшін жас толқынға демеу боларлық даналық сөздер қажет. Сондықтан да діни бағыттың уығын қадасып, шаңырағын көтеріскен Мәшһүр Жүсіптің нәрлі сөздерінің терең мазмұны мен шалқар кеңдігін айтуымыз керек. Мәшһүр Жүсіп: «Намаз оқығанның қабірі жарық болады. Құранның әрпін таныған жан, періштенің сауалына жауап табады. Ораза ұстағандар қияметтің қиындығын жеңеді. Тірлігінде хикмат - хадис айтқан жан бейіштің көлеңкесінен сая табады», - дейді. Шамамыз келгенше осыларды орындауға тырысайық, ағайын.


24



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет