2.2 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дүниетанымы.
Екі ғасыр аралығындағы қазақ сөз өнерінің көрнекті тұлғаларының бірі М.Ж.Көпейұлының дүниетанымы өте күрделі.Оның өлеңі, әңгімелері мен мақалаларының арқауы – жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы одан туындайтын алуан түрлі мәселелер. Мәшһүр Жүсіп тәңірге табынып, құлшылық еткен, бес уақыт намазды қаза жібермеген тақуа, пірәдәр адам болған. Ол Бұхара, Самарқанд шаһарларында, дін оқуын тәмәмдап, оны толық меңгереді. Оның дүниетанымында діни наным – сенім айрықша орын алады.
Мәшһүр Жүсіптің көрсетуінше, «Айтушы Құдайдың өзі де, не сөйлесем, соның сөзі» дейді. Мәшһүр Жүсіптің діни - сопылық дүниетанымы мейлінше терең. « Ұшы жоқ ұзын түбі жоқ терең» таусылмайтын сөз бар. «Ақырет жабдығы» толғамында сөйлеуші мен тыңдарман арасындағы өз ара қарым-қатынасты Шайхы Әбілқасымның уағыз айту үстіндегі күйіне орай ойлар өрбітуі, яғни « жан ділімен, шын көңілмен» сөйленуі қажеттілігі айтылады.
Түркілік –сопылық мәдениетті жетік меңгерген Мәшһүр Жүсіптің: «Көңіл деген үй сықылды нәрсе. Оның ішіне кіретұғын иесі – Жаратушы Құдай һәм Құдайдың пікір-зікірі» деген байламында діл, ождан, рухани тазалықты байыпты бағамдайды. «Сөз деген көңіл қазынасында жауһар» дейтін пікірінде қаншама сырлар, мағыналық қырлар бар. «Көңіл» ұғымында қазыналы жүрек, қасиетті рух, нәзік сыр, кемел парасат, дұрыс ниет, шалқар пейіл, мырза мейір, иман бір-бірлерімен керемет үйлесім тапқан.
Сондықтан бірқатар ғалымдар М.Ж. Көпейұлын ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық ой – сананың, діни – мистикалық ағымының өкілі деп танып келді. Ал аталмыш ақынның
13
шығармаларын идеялық – эстетикалық мазмұн – мағынасына қарай қарастырып, тереңірек үңілсек, бұл пікірдің оғаштығына айқын көз жеткізер едік. Әрине бұған бертінге дейін үстемдік құрып келген сыңаржақ идеологияның шешуші ықпал етіп келгені талассыз.
Айтылған пікірдің ақиқатына жету үшін мысал келтірейік. Мәселен, Мәшһүрдің ел аузынан жинаған «Адам һәм оның ғұмыры» атты шығармасының («Әдеби мұра», Құрастырушы Ү., Сүбханбердина А. 1970) қысқаша мазмұны мынадай: «Бұл дүниені, жер мен көкті жаратушы ием адам мен басқа мақұлықтарға белгілі бір ғұмыр бермек болады. Хақ – тағала адамға 30 жыл, есекке 50 жыл, итке 40 жыл, ал маймылға 50 жыл ғұмыр белгілейді. Бірақ адамнан басқалары мехнаты көп ұзақ өмір сүргілері келмей, арыз қылады. Құдай басқа мақұлықтардың ғұмыр жасын азайтып, оларды өз сұрауы бойынша адамға береді.
Шығарманың мазмұны Шығыс елдеріне белгілі сюжет желісі болғанымен Мәшһүрдің осы оқиғаны таңдап алуы тегін болмаса керек. Егер шығарманың идеялық негізіне көз жүгіртіп, қарар болсақ, бәріміз мойынсынатын тәжрибеден алынған терең де мағыналы философиялық ой тұжырым жатқанын сезер едік!
М.Ж.Көпеев, сонымен қатар, дүние мен адамды жаратушы тәңірдің құдіретті күші туралы да жазады. Оның айтуынша, өзінен басқа тіршілік иесі жоқ кезде құдіретті Алла тағала екі түрлі кесектен, бірі – еркек, қасиетті «Кефті», екіншісі – ұрғашы қасиеті бар «Нонды» жаратқан. Осы екі кесектен – бүкіл тіршілік иесі тарағанға ұқсайды. Рас, құдіретті Алла – тағаланың адамзатты екі кесектен жаратқаны жайында құранда жазылмаған. Соған қарағанда, Мәшһүр Жүсіп бұл пікірді ескі араб не парсы жазбаларынан алғанға ұқсайды. Міне, осындай дінге қатысты ой – тұжырымдары Мәшһүрдің жалпы дүниетанымының, философиялық топшылауларының дұрыстығын айғақтайды.
Ел-жұртының тұрмыс –тіршілігіне көңілі толмаған келеңсіз
14
іс – қылықтарына күйінген, жаны жадау ақын көңіл - көніштер медет іздеді. Бала жастан алған тәлім-тәрбиенің әсерімен Мәшһүр бір ғана Хақтағалаға табынып, соның ғана мархабатына сенді, жан - жарасына содан шипа тапты. Ол дін адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейтін бірден бір құрал деп түсінді. Құдай жолы әділеттіліктің ақ жолы деп түсінген ол ислам дінін уағыздап, халқына осы бағытта жөн сілтеді. Құдайды, пайғамбар жолын дұрыс , бұлжымайтын қағида деп біліп, дін мен ғылымды ұштастыруға талаптанды. Өкінішке орай, коммунистік партия үстемдік құрып, өз диктатурасын жүргізген дәуірде көбіміз Мәшһүрдің дүниетанымына, философиялық ой-тұжырымдарының байыбына барып, тереңіне сүңги алмадық.
Ал, қазіргі кезеңде өткендегі олқылықтардың орнын толтырып, күйініштерді кемітуге мол мүмкіндік туып отыр. Әсіресе, тіл,дін мәселесіне ерекше ден қойылып, халықтық тұрғыдан қолдау тауып отырған жағдайда алаштың ардагер азаматтарының ұлттық идеяға негізделген таным-түсінігін зерттеудің мән-маңызы айрықша.
Осы орайда, толғақты бір мәселеге тоқтала кеткен жөн. Ол - қазақ әдебиетіндегі суфизм. Шынында суфизмнің әдебиетіміздің дамуына тигізген әсері қаншалықты, айтулы ақын-жазушылардың қай - қайсысында да оның бар жоғын атап –түстеп беру алдымыздағы асудың бірі. Жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беруде дін тағылымының атқаратын орны ерекше. Бұл ретте, Абай , Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді ірі тұлғалардың шығармаларындағы дүниетаным эволюциясын тілге тиек етеріміз рас.
Мәшһүр Жүсіптің Алланың ғылымын, хикметтерін, кемеңгерлік істерін, Құран қағидаттарын, шарттарын, түркілік-сопылық дәстүрлерін жетік, мүлтіксіз білетіндігін «Алла құдіреті» туындысынан көруге болады. Алланың құдіретіне, «оны тануға ақыл-ойым, зейін-пікірім жетпейді» дейді де ғаламды, адамзатты, мақұлықтар дүниесін қалай Алла мінсіз келістіріп
15
жаратқанын білгірлікпен дәлелдеп түсіндіреді. «Айдай әлемді, жанды-жансыз мақұлықтарды Құдай алты күнде түгел жасап шығарған. Соның өзгесі де бір бас, жеке адам да бір бас. Осы дүниені адам көркейтпек».
Құдайдың құдайылығын жұрт көзіне адам түсірмек. Ол алты күннен соң, Құдай жаратпақ еді, не болса да, сонда мүкі-тақы қалдырған дәнемесі жоқ.
16
Достарыңызбен бөлісу: |