2.3 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дін туралы
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дүниеге көзқарасы мен дүние түсінігіне, философиялық дүниетанымына сопылық поэзия, сопылық дәстүр, сопылар, сопылық философия ерекше ықпалын тигізді.
Ақынның діни тақырыпқа қалам тартқан шығармаларының жөні мүлдем басқа Онда қалаңыз, қаламаңыз діни термин сөздерден қашып құтыла алмайсыз. Ондағы мәжбүрлікпен қолданылған діни терминдік атауларға қарап, оны «кітаби ақындардың» қатарына оп-оңай қоса салу дұрыстыққа жатпайды. Оның үстінеМәшһүр Жүсіптің қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинауы да оның шығармаларының, тілінің тау суындай таза болуына өзінің ықпал-әсерін аз тигізбеген. Ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі ақынның шеберлік мектебі болған, оны «кітаби тіл» сарынына түсіп кетуден аман алып қалған. Бұл фактор, сөйтіп, суреткердің халық тілінің кәусар бұлағынан еркін сусындауынан арқау болған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларында, әсіресе, дастан, қиссаларында Құран, Інжіл (библия), Мұхаммед Пайғамбардың өмірге келуі, әлем жаратылысын, табиғат пен шариғатты жырлауынан ақынның Қытай, Араб, Орта Азия ақындарының еңбектерін терең білетіндігі, көне аңыздардан хабарының мол болғандығын аңғаруға болады. Ол еңбектерінің қатарында: « Жер мен көк», «Хаятбақшы», «Миғраж», «Пайғамбардың дүниеден өтуі» атты дастандары бар.
Мәшһүр еңбектерінде Ислам дінінің барша мұсылман, адамзатқа аса пайдалы бірден бір дін екендігін ашып айтқан, дәлелдеп те берген ғұламалардың бірі. Оның ислам діні хақындағы айтқан пікірлері, дініміздің ақиқаттығы, дін мен ғылымның егіз екендігі хақындағы ойлары бұл күнде дұрысқа шығып отыр. Мәселен, қазір өзге дін өкілдерінің мұсылман дініне деген құштарлықтары арта түсуде. Кезінде атақты боксшы К.Клей мұсылман болып, өз есімін өзгертіп Мұхамед Әли атанса, рок жұлдызы Майкл Джексон да мұсылман дініне кіріп, намаз оқыды. М.Джексон мешіт салдыру үшін 20
17
млн.доллар қаражат бөліпті. Американ ғылымы Майкл Харттың: «Адамзат тарихындағы ең беделді жүз адам» деген кітабында бірінші орынға Мұхаммед Пайғамбарды, ал үшінші орынға Ғайса пайғамбарды қоюы тегін емес.
Қожа Ахмет Йассауидың сопылық философиясы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани әлеміне әсер еткен.
Түрік әлемінде Ахмет Йассауидың ықпалы өте терең. Сондықтан түркі халықтарының мұсылмандығында сопылық дүниетанымының салмағы басым.
Философ Мәшһүр Жүсіп ойынша Хз. Мұхаммедтің өмірлік жолы-осы сұрақтардың жауабы. Мәшһүр Жүсіп ислам дінінде: «ең игі, ең пайдалы, Тәңірге тура бастайтын іс, яғни, ғибадат ол-адамға қызмет. Онда да мұқтаждарға, ғәріп, пақыр, жетімдерге қызмет».
Демек Көпеев адамды тура жолға шақырғаны: Аллаға сыйыну, шариғат жолына түсу, «...Иманды адам» болу, құран Кәрімді Алланың нұры деп түсіну, мұсылман парыздарын орындау.
Құран басынан ақырына дейін тек ақылмен іс-әрекет етуге үндейді, данышпандық сілтеулер береді. Есі дұрыс, кәмелетке жеткендерге сенім, ғибадат, жақсы мінез-құлық, мәдениетті болу секілді сипаттарды нық ұстауды талап етеді. «Өз нәпсісіне тұтқын болмасаң, оны дегеніңе көндіре аласың, ал керісінше шықса, тізгінді ұстап тұра алмайсың»- деген хадис бар. «Бір сахаба,өзінің бір жерге жиһад соғысымен барып жеңіске жеткенін, мол олжаға батқанын айтып тұрғанда Мұхаммед Пайғамбар келіп қалып, оған бұлай депті: - сенін жиһадтағы жеңісің кішкене ғана жеңіс. Соғыстың ұлысы өз ішіндегі нәпсімен соғысу. Сол ішкі соғыста жеңсең мақтауға лайық болар еді». Осы ойды ойшыл Мәшһүр – Жүсіпте шығармаларына айқын айтқан еді. Сөзімді дәлелдеу үшін мысал келтірейін:
18
Бір іске өкінбейін деп ойласаң ,
Нәпсіңнің достық айтқан алма тілін.
Нәпсінің кім құтылар хайласынан,
Залалы асып кетер пайдасынан.
Шайтанның щамаң келсе сындыр белін.
Жаудың басы өз нәпсің бермейді ерік,
Қосақталып лағып тұр оған серік.
Жалғанда бары – жоғы - бәрі бір бәс,
Нәпсінің, жүрген жанның айдауында.
Денемізге жан берді жарық нұрдан,
Нәпсіміздің жаратты күшті зордан.
Нәпсі залыл болар ма мұндай күшті,
Ерікке қоймай бізді отқа алып ұшты.
Көп күнә қаріп қылды талай ерді,
Шайтанның құрған торы нәпсіге ердіге.
Мәшһүр - Жүсіпке құлақ түрсек, бүкіл мәселе нәпсіге келіп тірілетін көрінеді. Еріксіз адам үшін ақиқат ұғымы да жоқ. Еріктімін деген сөз- бармын деп айта алу деген сөз. Болмыстың, өзіңнің «бар» екендігін сырына, мәніне жете білген адам ерікті адам.Сонымен бостандықтың негізгі нәпсінің тұтқынынан құтылу дегенге саяды. «Толық адам» болам десең, нәпсіңді, меншендікті жоқ ет, жалдап адасқандарды, күнәһарларды жолға сал- деген сияқты үгіт – насихат айтады.
Алладан нәсіп алғың келсе нәпсіңмен күрес, сонда ғана құтыласың. Өйткені, бақыт тура жолды тауып, сол жолда жүруді тоқтамай, жалғастырумен табылады. Алладан нәсіп алу істеген әр ісіңде Алланың
19
ризашылығы үшін істеу.
Мәшһүр Жүсіп:
Ораза, намаз - пенденің міндетті ісі,
Құтылар қарызынан қылған кісі.
Жалғанда артық сауап қайыр екен,
Қылуға қайыр, ықсаң жетсе күші.
М.Жүсіптің сонымен бірге дін тарихы, мәні, ерекшеліктері туралы жазғандары бір төбе. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Ғылымға берілгендік үлгілері» шығармасында:
Бір адам сексенге келгенде бір құлын азат қылыпты. Сонан соң құл ойлапты: «Құдая, сексенге келгенше пенденің пендесі болдым. Енді ғылым іздейін» - деп медресеге барыпты. Барса, бір – екі жас жігіттер отыр екен. Бұларға айтыпты:
- Қарағым, менің енді оқуға тілім келе ме? – депті. Сонда олар айтыпты:
- Мына екі аяғыңды жоғары қаратып, басыңды төмен қаратып, асып қойсақ, тілің келмек түгіл келеді, - депті.
- Ойбай, қарағым, өйткенде тілім келер болса, мені асып қойыңдар! – депті. Сонан соң ерігіп отырған шәкірттер асыпты да, қойыпты. Сол бетімен шығып кетіпті. Ертең келсе, кешегі байғұс әлі солай тұр екен:
Сонда айтып тұр дейді мына сөзді: «Кінту ғыбда хиыр әулие!» - деп «Ақырет кебірі» деген кітапты осы кісі айтқан екен. Бұл айта берген де, әркім жаза берген. Алла тағала бір күнде сондай қылған. Алла жаратқан...
Бұхарада бір шәкірт барып, бір ұстаға:
-Міфтах, - депті.
Онда ол ұста:
-Құп, тақсыр, - депті.
Бір – екі күннен соң келіп:
20
- Бітіріп қойдың ба? – дегенде, айтыпты:
- Сіздің не дегеніңізді білмедім.Әйтеуір: «Құп!» - деп едім, - депті.
Сонда ол шәкірт айтыпты:
-Надан бейшара осы күнгеше бір «міфтах» мағынасын білмейсің бе? – дегенде ,
-Енді не білесің не керек айта бер! – деп, сөгіпті.
Сонан соң ол ұста : «Өлмегенге қара жер» дегендей, терлеп – тепшіп, істеп беріпті. Сонан соң бұл ұста дүкенін, неше түрлі сайманын тастап, тәрік қылып: «Ғылым оқиын!» деп, медресеге барып, оқыған екен. Еш нәрсеге тілі келмепті: «Іздегенге жер көпті дүние – ай!» - деп медреседен қаңғып шығып кетіпті. Келе жатып, бір ағаштың түбіне отырса, қылжыңдап бір құмырысқа бір аяғы жоқ бір бидайды тістеп, бір ағашқа өрмелеп, алып шығамын деп, шыға алмай, жығылып қалады.Бидай бір жаққа, өзі бір жаққа, кетіпті дейді.Сөйтіп жүріп не керек, ақырында алып шығыпты. Ол байғұс мына құмырысқадан сабақ алып: «Бір аяғы жоқ құмырсқа житһады мынадай?!» - деп, қайта келіп, медресеге кіріп, ғалым болып, «Міфтах» - деген кітапты түсіріп алған екен.
М.Ж.Көпейұлының «Туысқан- бауырларыма бір насихат» шығармасында «Алыстан зілал -сұлтан Алланың көлеңкесі» деп айтылған. Құдай тағаланың көлеңкесі бар делінбейді, Кагбатолланы-Бәйталла деп атаған есепті. Бәйіт деуменен ол құдайға ой болып табылмайды. Тек шарапатты, құрметті басқа ойлардан артықтығын білдіру үшін айтыла-ды. Бұ да сол сықылды сұлтандардың шарапаты, құрметі басқалардан артық болғандығы үшін айтылады. Сұлтан деген сөздің мағынасы – не қыламын десе өзі ерікті, кісіден сұрап іс қылмайды, көңілі нені тілесе, соны қылуға шамасы келеді деген сөз. Ол сұлтан болушы-ның кім болмағанымен жұмысыңыз болмасын. Алла тағала оттағалакәләм хадимінде... бұйырды мағынасы... айтқыл, ей Мұхаммед, Мәліктердің мәлігі, алла тәбәрік оттағала кімді тілесе, өзінің мүлкіне соны ие қылады деп. Олай болса, құдіреті күшті
21
құдай өзі қалап бірсыпыра мүлкіне ие қылып қойған соң, біздер сол патша ағзам Хазіреттерінің қазған жолында, шашылған топырағында болып, кеше, күндіз дәулеттерінің артылмаға-нына дұғада болсақ керек.
Біз осы күнде ел аралайтын жаудан, ірге аралайтын даудан, аузы қанды бөріден, қолы қанды ұрыдан, аман-тыныш тұруымыз патша ағзам Хазіреттерінің жәмиясында болғандықтан.
Бар білгендерің: «Жұрт бұзылды!» - дейсіңдер, жұрттың бәрін аралап жүріп, ішек-қарнын ақтарып көріп қойдың ба?! Өзің бұзылған үшін айтасың. Қазақ мақалында да айтады: «Өзі ұры жұрттың бәрін ұры дейді, өзі қары жұрттың бәрін қары дейді» деп. Сен де өзіңді үйіңде отырып түзетші, ақжүрек, ақпейіл болып, шын ықыласың, көз жасыңмен халық жұрттың пайдасына, һәм жұрттың басқарушысы болып тұрған патша ағзам Хазіреттеріне – ғаділетті, мархабатты болуына тілектес болшы, заман да түзеледі, адам да түзеледі.
22
Достарыңызбен бөлісу: |