Мұнайлы ауданы «№4 жалпы білім беретін мектеп» кмм жоба тақырыбы


Зерттеудің жаңашылдығы мен дербестігі



бет4/11
Дата09.05.2022
өлшемі41,51 Kb.
#33546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жұмыс Мәшһүр (1)

Зерттеудің жаңашылдығы мен дербестігі: Ақынның өмірбаянын жазғаннан гөрі мен оның діни көзқарасын танытуды жөн көрдім. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрала-рындағы теологиялық және сопылық таным іздерін ашу арқылы ғұламаның Алла мен адам арақатынасына қатысты діни көзқарастарын талдау, дәстүрлі діни таным өзегінде мәнін ашу.

Зерттеудің қорытындысы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – терең ойлы, ұшқыр қиялы, өткір тілді, шешен сөзді, көріпкел ақын. Оның шығармаларынан терең тарихты, бай мұраны, ізгі салт – сананы , шынайылықты байқаймыз...Мәшһүр Жүсіптің Алланың ғылымын, хикметтерін, кемеңгерлік істерін, Құран қағидаттарын, шарттарын, түркілік-сопылық дәстүрлерін жетік, мүлтіксіз білетіндігін,ғаламды, адамзатты, мақұлықтар дүниесін қалай Алла мінсіз келістіріп жаратқанын білгірлікпен дәлелдеп түсіндіргенін білеміз.

Мәшһүр Жүсіп қазынасы - ұлттық игілігіміз. Өйткені, ол ұлт тарихы мен этногра-фиясына, философиясы мен фольклортануға, Қазақстанның саясы - құқықтық мәдениеті мен қазақ әдебиеті тарихына қатысты ұшан - теңіз шежірелік деректер, ағыл-тегіл мәліметтер өлшеусіз әдеби нұсқалар, асыл сөздер қалдырған.

Мәшһүр Жүсіп өлеңдері мен дастандарында халықты имандылыққа шақырып, адамгершілік рухында тәрбиелеуге тырысқан, діни бағыттың уығын қадасып, шаңырағын көтеріскен Мәшһүр Жүсіптің нәрлі сөздерінің терең мазмұны мен шалқар кеңдігін айтуымызға тура мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет