Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 кешкі мектеп»



бет3/4
Дата12.06.2023
өлшемі25,29 Kb.
#100632
1   2   3   4
Байланысты:
«1 мамыр – Халықтар бірлігі күні» ашық тәрбие сағаты 8 сыныптар

ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 3 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

ІІ жүргізуші: Ортақ менен жер шары, 
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан – дей отырып бірінші кезеңіміз таныстыру кезеңін бастаймыз.

І жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы – дей келе оқушыларымызды ортаға шақырамыз
Достық, ынтымақ туралы даналық сөздер
1 - оқушы: Ынтымақ - достықтың бірлігі.
2 - оқушы: Ырыс алды - ынтымақ.
3 - оқушы: Достық күші - бірлікте.
4 - оқушы: Достық түбі - береке, береке түбі - мереке.
5 - оқушы: Ел бірлігі - ел теңдігі.
6 - оқушы: Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

ІІ жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы - дей отырып, үшінші кезеңімізді бастаймыз. Екінші кезеңде әр ұлт өз өнерін көрсетеді.

І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған! –дей отырып біз үшінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттардың сән үлгілерін тамашалаймыз.


ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде- дей отырып біз төртінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарды ортаға шақырамыз. Сіздерге тапсырма достық, бірлік, ынтымақ жайлы мақал-мәтел айту.

І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей отырып бесінші кезеңімізді бастаймыз. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын ұсынады. Ол тағамның аты, қалай жасалғандығын және қандай көкеністерден дайындалатынын айтып өту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет